Кәсіпкерлік тәуекелді бағалау әдістері.
Тәуекелді бағалау – туындаған тәуекелді жағдайдан немесе тәуекелді болдырмау бойынша шаралардың өз уақытында қабылданбауынан болатын белгілі бір зиянның мөлшерін немесе қосымша табыс табу мүмкіншілігін болжауға мүмкіндік беретінаналитикалық іс-шаралар жиынтығы.
Ықтимал жоғалтуларды мөлшеріне байланысты 3 топқа бөледі:
Жоғалтулар мөлшері есепті пайдадан аспайтын болса қалыпты деп атауға болады;
Жоғалтулар мөлшері есепті пайдадан асатын болса, сыни деп аталады;
Кәсіпкер өзінің мүлікінен асатын жоғалтуларға әкелуі мүмкін тәуекелге барса оны апатта деп атайды.
Сандық тәуекел – тәуекелдің нақты мөлшерін сандақ түрде көрсетуге, оларды талдау, сараптау және салыстыруға бағытталған. Оның ішінде едәуір кеңінен тарағандар:
Статистикалық әдіс;
Сараптамалық бағалау әдісі;
Талдамалық әдіс.
Сапалық талдау – тәуекелдің әлеуетті облысын және факторларын анықтауға, оның мүмкін болатын түрлерін анықтауға мүмкіндік береді.
Кәсіпкерлік субъектісінде бар ақпараттардың толықтығына байланысты келесі шарттарды ескере отырып тәуекелді бағалау әдістерін үш топқа біріктіруге болады:
Айқындылық, тәуекелді жағдай туралы ақпарат толықтай болған кезде, мысалы бугалтерлік баланс, табыстар мен шығыстар туралы есеп т.б.
Ішінара айқынсыздық,тәуекелді жағдай туралы ақпаратты толықтай жеткілікті болған кезде, табыстар мен шығыстар туралы есеп.
Толықтай айқынсыздық, тәуекелдік жағдай толық ақпарат ьолмаған жағдайда,бірақ айқынсыздықтың ішінара жоқ болуы жою үшін маманда мен сарапшыларды тарату мүмкіндігі болған кезде.
Тәуекелдің салыстырмалы мөлшерін анықтауға арналған база ретінде мыналар қолданылады:
Абсолюттік өлшем түріндегі көрсеткіштер тәуекелді оқиғалардың салдарынан былайша сипатталады:
Тікелей ақшалай немесе материалдық заттай көріністе;
Қаржы-шаруашылық қызмет нәтижелерін көрсететін баланыстық ара-қатынас құрамы: баланс өтімділігі, материалдық айналым құралдарын қалыптастыру үшінқажетті қаражат көздерінің жеткіліктілігі т.б.
Тәуекелдің салыстырмалы мөлшерін анықтауға арналған база ретінде мыналар қолданылады:
Негізгі және айналым қорларының құны;
Кәсіпкерлік қызметке жұмсалған шығындар жиынтығы;
Есепті табыс.
Тәуекелді басқару үрдісін 6 сатыға бөлуге болады:
Мақсатты анықтау;
Тәуекелді айқындау;
Тәуекелді бағалау;
Тәуекелді басқару әдістерін таңдау;
Таңдалған әдісті қолдану;
Нәтижелерді бағалау.
Сарапшылардың пікірі бойынша, тәуекел-менеджмент әрбір кәсіпорынның ажырамас бөлігі болуы керек және ол мыналарды қамтуы тиіс:
Тәуекелді идентификациялау, талдау және бағалау;
Тәуекелді жағдайлардың теріс салдарларын жою бойынша іс-шаралар әзірлеу;
Кәсіпкерлік қызметтің өміршеңдік механизмін жасау;
Шығындарды төмендету;
Кәсіпорынның табысты жұмыс жасауын қамтамасыз ету;
Сақтандыру жүйесін құрау;
Нарық конъюктурасының өзгеру мүмкіндіктерін ескере отырып даму болашағын болжау т.б.
Жоғарыда аталған ішкі жүйелерге сәйкес тәуелсіз-менеджменттің мынадай функцияларын бөліп көрсетуге болады:
Басқару объектісінің функциялары:
Тәуекелге бару;
Тәуекелді капитал салымдарын ұйымдастыру;
Тәуекел мөлшерін төмендету бойынша жұмыстар жүргізу;
Тәуекелдерді сақтандыру үрдісі;
Шаруашылық үрдістегі субъектілердің арасындағы байланыстар мен экономикалық қарым-қатынастарды қалыптастыру.
Басқару субъектілерінің функциялары:
Болжау;
Ұйымдастыру;
Реттеу;
Үйлестіру;
Ынталандыру;
Бақылау;
Кәсіпкерлік қызмет тәуекелсіз жүзеге асырылуы мүмкін емес. Сондықтан тәуекел дәрежесін төмендету және тәуекелді басқару әдістерін дұрыс қолдана білу керек. Мұндай әдістерді 4 топқа бөледі:
Тәуекелден бас тарту әдісі;
Тәуекелдерді оқшаулау әдісі;
Тәуекелдерді әртараптандыру әдісі;
Тәуекелдердің орнын толтыру әдісі;
Тәуекелді басқару әдістері
1.Бас тарту әдісі.
2.Тәуекелдерді оқшаулау әдісі.
3.Тәуекелдерді әртараптандыру.
4.Тәуекелдердің орнын толтыру.
Көрсетілген тәуекелді басқару әдістеріне қысқаша тоқталайық.
Тәуекелден бас тарту әдісі тәжірибеде кеңінен қолданылатын әдістердің бірі. Тәуекелден бас тарту әдісі деп сол немесе өзгеде қолайсыз оқиғалардың әсерінен ішінара немесе толақтай құтылуға мүмкіндік беретін іс-шаралардың жиынтығын айтамыз. Мұндай әдіс жоғары тәуекелділікпен сипатталатын іс-әрекеттер жасаудан немесе шешім қабылдаудан бас тартуды білдіреді. Оның мынадай түрлерін бөліп көрсетуге болады:
Сенімсіз әріптестерден бас тарту әдісі тәжірибеде кеңінен қолданылатын әдістердің бірі, яғни тексерілген әріптестермен ғана жұмыс жасауға ұмтылу, әріптестер тобын кеңейту;
Тәуекелді жоғары жобалардан бас тарту, яғни іске асырылуы немесе тиімділігі күмән тудыратын инвеститциялық және инновациялық жобалардан бас тарту.
Гаранттарды іздеу, яғни гаранттарды іздеудегі мақсат тәуекелдің бір бөлігін қандай да бір үшінші тұлғаға ауыстыру. Гарант функциясын әртүрлі субъектілер орындай алады;
Кәсіби біліктілік деңгейі мен құзіреттілігі төмен қызметкерлерді жұмыстан босату.
Тәуекелдерді оқшаулау әдісі. Бұл әдіс жиі қолданылмайды, көбінесе тәуекелдер мен олардың пайда болу кездерін анық белгілеу мүмкін болған кезде ғана қолданылады. Іске асырылатын қызметтердің экономикалық тұрғыдан айтарлықтай қауіпті кезеңдерін немесе бөліктерін анықтай отырып, оларды бақылау және тәуекел деңгейін төмендету мүмкіндігі туады. Оқшаулаудың мұндай әдістеріне мыналарды жатқызуға болады:
Венчурлік кәсіп орындар құру, яғни тәуекел деңгейі жоғары жобалар үшін дербес ешшілес кәсіпорындар құру. Жобаның тәуекел деңгейі айтарлықтай жоғары бөлімі осы ешшілес кәсіп орында іске асырылатын болады;
Тәуекелді жобаларды орындау үшін арнайы құрылымдық бөлімше құру;
Тәуекелді жобаларды іске асыру үшін бірлескен қызмет туралы келісімдер жасау.
Тәуекелдерді әртараптандыру әдісі. Бұл әдіс тәуекелдерді әртүрлі бағыттарда болмауымен байланысты болып келеді. Оның мынадай түрлерін көрсетуге болады:
Жобаға қатысушылар арасында жауапкершілік болу. Жауапкершілікті болу кезінде әрбір қатысушының жауапкершілігі мен қызмет сферасыын, сондай-ақ жұмыстар мен жауапкершіліктің бір қатысушыдан басқасына өту шарттары анық болып көрсетілуі қажет.
Қызмет түрлерін әртараптандыру. Ол өндірілетін өнім немесе көрсетілетін қызмет түрлерін кеңейтумен, тұтынушылардың әртүрлі әлеуметтік топтарына, түрлі аймақтардағы кәсіпорындарға бағытталумен сипатталады;
Жеткізу мен өткізу әртараптандыру. Яғни, бірмезгілде бірнеше нарықта жұмыс жасауды білдіреді. Бұл бір нарықтағы зиянды екінші нарықтағы пайда есебінен жабу мүмкіндігін білдіреді. Сонымен қатар, шикізаттар мен материалдарды сатып алуды да әртапартандыруға болады.
Тәуекелдердің орнын толтыру әдістері. Бұл әдіс қауіпті алдын-ала ескерту механизімін жасауға байланысьы. Тәуекелдердің орнын толтыру әдістерінің еңбек сыйымдылығы жоғары және оларды тиімді қолдану үшін алдын ала талдау жұмыстарын кеңейтілген түрде жүргізуді қажет етеді. Мұнда әдістерге мыналарды жатқызуға болады:
Іс-әрекетті стратегиялық жоспарлау. Егер стратегияны әзірлеу кәсіпорын қызметінің барлық сферасын қамтитын болса стратегиялық жоспарлау тәуекелдердің орнын толтыру әдісі ретінде оң әсер етеді.
Сыртқы жағдайды болжау, яғни әріптестердің және бәсекелестердің іс-әрекетін жалпы экономикалық болжау, жобаға қатысушылар үшін шаруашылық жүргізу ортасының болашақтағы жағдайын бағалау және дамыту нұсқауларын жүйелі түрде әзірлеу.
Әлеуметтік-экономикалық және нормативтік-құқықтық орталарға мониторинг жасау. Ол қалыптасқан жағдай туралы ағымдағы ақпараттарға ие болуға және тұрақты түрде қадағалауға мүмкіндік береді. Сондықтан нормативтік – анықтамалық ақпараттар жүйесін иелену және тұрақты түрде жаңарту, комерциялық ақпараттар желісіне қосылу, меншікті-болжамдық-аналитикалық, зерттеулер жүргізу.
Резервтер жүйесін құру. Бұл сақтандыруға ұқсайтын әдіс, бірақ кәсіп орын ішінде жасалады.
Жоғарыда аталғандарды негізге ала отырып тәуекел дәрежесін төмендету немесе тәуекелді басқарудың келесідей әдістері де қолданылатындығын атап өту қажет:
Әртараптандыру
Лимиттеу
Хеджирлеу
Сақтандыру
Өзін-өзі сақтандыру.
Әртараптандыру – инвестицияланатын қаражаттарды бір-бірімен өзара тікелей байланысты емес бірнеше тәуекелді байланыстар бойынша бөлуді білдіреді.
Лимиттеу – тәуекелді операцияларда пайдаланылатын ресурстардың мөлшеріне шектеу қоюды білдіреді.
Хеджирлерді әртүрлі аспектіде қарастыруға болады. Тауар нарығындағы хеджирлеу деп болашақтағы бағалар бойынша сатуға немесе сатып алуға тиіс тауарларға нарықтық бағалардың қолайсыз өзгерістеріне байланысты жоғалтулардан болатын тәуекелді төмендету.
Сақтандыру тәуекелдері төмендетудің негізгі әдістерінің бірі. Ол тәуекелге байланысты зиян шеккен жағдайда, жеке немесе заңды тұлғаның мүліктік мүдделерін қорғауды білдіреді.
Өзін-өзі сақтандыру деп тәуекелді операциялардан болуы мүмкін зияндарды жабу үшін кәсіпкерлер өздерінің меншікті резервті қорларын құруын айтамыз. Өзін-өзі сақтандыру мынадай жағдайларда қажет:
Тәуекелді төмендету әдістерінің басқа түрлерімен салыстырғанда, оны пайдаланудан болатын экономикалық пайда күмәнсіз болса;
Тәуекелді басқарудың басқа әдістерінің шеңберінде тәуекелдерді жабу немесе төмендетуді қамтамасыз ету мүмкін емес.
Достарыңызбен бөлісу: |