«Экономика және қаржы» кафедрасы «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнінен университеттің барлық мамандықтарының студенттері үшін


Кәсіпкерлік қызметінің тиімділігін бағалау қағидалары,әдістерімен тәсілдері



бет31/55
Дата05.04.2022
өлшемі361,63 Kb.
#29996
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   55
12.1 Кәсіпкерлік қызметінің тиімділігін бағалау қағидалары,әдістерімен тәсілдері

Нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерлік қызметінің негзгі мақсаты- табыс табу.әсіресе,қазіргі бәсекелік күрестің күшеюі мен экономикалық дамудың жаңа жағдайында тек табыс тауып қана қоймай,тиімділігін арттыру міселесіне көңіл бөлуді қажет етеді. Кәсіпкерлік қызметінің тиімділігін ғылыми-зерттеушілер әртүрлі көзқарас тұрғысынан қарастырады. Көбінесе өндіріс тиімділігімен байланысты қарастырылады. Яғни,өндірістің нақты нәтижелері шығындармен немесе қолданылған ресурстармен салыстырылады. Мұндай жағдайда тиімділіктің негізгі қағидасы-ең аз шығын жұмсай отырып,ең көп табыс табу.

Кәсіпкерлыік қызметтің тиімділігін бағалау-ол кәсіпорынның қаржы-экономикалық жағдайын интегралды (рейтингтік) бағалауды білдіреді. Кәсіпорынның қаржы-экономикалық жағдайын объективті бағалауға өндірістік-шаруашылық қызметке қатысушылардың барлығы мұқтаж.

Кәсәпорынның менеджерлері үшін олар қабылдайтын шешімдердің,сондай-ақ, материалдық,еңбек,қаржы ресурстары пайдалану тиімділігін және алынған сонғы қаржылық нәтижелерді бағалау үшін маңызды.

Меншік иелеріне (соның ішінде акционерлер) бизнеске салынған қаражаттың қайтымдылығы,кәсіпорынның рентабельділігі,сондай-ақ экономикалық тәуекелдің деңгейі және капиалды жоғалту ықтималдылығы қандай дәрежеде екендігін білу маңызды. Жеткізу-

шілер үшін олардың жеткізген материалдық ресурстары,орындаған жұмыстарымен көрсеткен қызметтері үшін төлем жасау мүмкіншілігін бағалау маңызды.

Кәсіпорын қызметінің осы аталған барлық аспектілері отандық және әлемдік тәжірибеден жинақталған әдістер (құралдар) көмегімен басқарылады. Кәсіпорын тиімділігін анықтауға арналған құралдар ретінде әртүрлі көрсеткіштер кеңінен қолданылады.

Кәсіпорынның басты мақсаты-ең көп пайда табу,бірақ жалпы бағыты пайданы жоғарлату болғандықтан,оған өзге де көптеген мақсаттар тән болып келеді:

1) Ең көп пайда табу мақсатының әртүрлі бағытта қалыптасу мүмкіншілігімен сипатталады. Ол төмендегілерді қамтамасыз етуді білдіреді:

- нарықтық конъюнктура мен кәсіпорын ресурстарына сәйкес келетін ең жоғары пайданы;

- қалыптастырылған пайда деңгейі мен қалыпты тәуекел дәрежесі арасындағы ұтымды қатынасты;

- компанияның меншік иелерінің инвестициялаған капиталына қажетті табыс деңгейі үшін төлемдерді;

- қалыптастырылатын пайданың сапалық деңгейінің жоғары болуын;

- даму міндеттеріне сәйкес пайда есебінен инвестициялаудың жеткілікті көлемін;

- қызметкердің пайданы бөлуге қатысу бағдарламасының тиімділігін.

2) Мақсаттың көптігі ең жоғары пайда табу мақсатына жету үрдісінің баламалылығында көрініс табады. Яғни, көптеген нұсқалардың ішінен тиімділік қағидаларына айтарлықтай жоғары дәрежеде сәйкес келеін ұтымды бір нұсқа таңдалады.

3) мақсаттардың көптігі оның құрамының бірнеше құрамдас бөліктен тұратындылығы-мен сипатталады. Кәсіпкерлік қызмет өзіне мынадай аспектілерді қамтиды: өндірістік, коммерциялық, қаржылық және консалингтік. Осы бағыттардың әрқайсысына тән озінің мақсаттары болады.

Тиімділік көрсеткіштерінің жүйесі мен мақсаттарды қалыптастыру кезінде олардың тиімділіктің жалпы қағидаларына сәйкестігін қамтамасыз ету керек. Осыған байланысты тиімділіктің мынадай қағидаларын бөліп көрсетуге болады:

1. Тиімділікті өлшеудің негізгі қағидасы-мақсаттар мен қызметтің соңғы нәтижесінің өзара байланысы. Кәсіпкерлік қызмет әрқашан белгілі бір мақсаттарға жетуге бағытталғанымен, оған әрқашан жете алмауы мүмкін.Бірақ міндетті түрде нәтиже шығады, тіпті, ол нәтиже жоспарланбауы немесе оң сипатқа ие болмауыда мүмкін. Егер соңғы нәтиже мақсаттарға сәйкес келсе, онда қызмет тиімді (ұтымды) болғаны, ал сәйкес келмесе қызмет тиімсіз (ұтымсыз) деп аталады.

2.Кәсіпкерліктің тиімділігін бағалаудың екінші қағидасы-оңтайлылықтың бірнеше өлшемдерін пайдалануға қол жетімділік. Мұндағы мәселе өлшемдердің қажеттілігі емес, оларды пайдалануға қолжетімділік жөнінде айтылып отырғанын ескеру керек. Бірыңғай неме жалпылама бағалауды қолдану үшін мүмкіндіктер болмаған жағдайда, өлшемдер жиынтығы қолданылады.

Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін бағалау кезінде сандық бағалауға басымдық беріледі, ол мақсаттарды сипаттау үшін де пайдалынады. Сандық бағалау бақылау кезеңінде нақты және негізделген нәтижелер береді,сондай-ақ жүргізу тәртібін анықтау үшін де қолданылады. Мұндай бағалау сенімді нәтижелер алуға мүмкіндік береді.

Кез келген сапалық категориялар балдардың немесе индекстердің көмегімен сандық бағалаулармен сипатталуы мүмкін. Бірақ мұндай бағалаудың әрқашан шартты элеметі болады (мысалы,сапартамалық әдістің барлық ережелері мен қағидаларын сақтау көмегімен), бірақ толықтай алып тастау мүмкін емес. Кәсіпкерлік қызмет нәтижелері көрсеткіштерінің таңдал-ған стратегия тәуелділігін төмендегі кестеден (15-кесте) көруге болады.

3. Кәсіпкерлікің тиімділігін бағалаудың үшінші қағидасы- мақсатты тұжырымдау кезінде кәсіпкердің нарықтық ұстамының тұрақтылығын сипаттайтын мақсаттарға басымдық беру. Мұндай тәсіл ең көп пайда табуға ұмтылуға қайшы келмейді, бірақ кәсіпорынның ұзақ мерзімді перспективада табысты жұмыс жасауына жағдай жасайды. Тиімділікті бағалау стартегиялық басымдылықтарды ескере отырып жүргізіледі,ал,көпшілігінде,бағалаушы көрсеткіштердің басым бөлігін таңдалған стратегиялық бағытта жұмсалатын күш-жігердің нәтижелілігін сипаттайтын көрсеткіштер құрайды.

4. Тиімділікті бағалаудың төртінші қағидасы бағалау мақсаттары мен көрсеткіштерінің өнімнің өмірлік циклімен өзара байланысты.



Өнімді әзірлеу және енгізу сатысында пайда болмайды (ол енгізу сатысының соңында ғана көрініс табады). Пайда мотивациялық сипатқа ие болады, яғги енгізу сатысының ұзақ-тығын қысқарту,әзірленетін және енгізілетін өнім сапасын жоғарлату, оның мақсатты сегменттің қажеттіліктеріне сәйкестігін қамтамасы ету, сондай-ақ өнімді зерттеу, оны сынақ-тан өткізу,нарыққа дайындау мен нарықтық ортаға шығару шығындарын қысқарту міндеттері шешіледі. Осыған байланысты кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін бағалайтын осы кезеңге тән өзгеше көрсеткіштер қажет болады.

Өсу сатысында, яғни өнімнің мақсатты сегменттің талаптарына сәйкестігі туралы нақты дәлелдер көрініс тапқан кезде, пайда көрсеткішін қолданған дұрыс. Сонымен қатар, осы кезеңде нарықтағы үлесті ұлғайту және жаңа нарықтарлы немесе сегменттерді жаулап алу міндеттері шешімін табу тиіс.

Кемелдену (жетілу) сатысында пайда көрсеткіші басымдыққа ие болады. Өнімді тұтынушылардың мойындауы, өнімнің (жұмыстың,қызметтің) өзіндік құнының төмендеу факторлары, сондай-ақ өндірістік циклді жетілдіру арқылы пайда өсімнің тұрақтылығы орын алады. Алайда,осы сатының соңында пайда корсеткішінің абсолютті төмендеуінің алғашқы белгілері байқалады,жаңа өнімдерді әзірлеу және бірқатар өнімдер ассортиментін жаңарту міндеттері қойылады. Осыған байланысты кәсіпкерлік қызмет нәтижелерін бағалау кезінде көрсеткіштердің үйлесу қағидасы қайтадан қолданылады,яғни пайда көрсеткіші кәсіпкерлік субъектісінің бәсекеләк ортадағы ұстанымын сипаттайтын көрсеткіштермен толықтырылады.

Өнімнің өмірлік циклінің соңғы кезеңі құлдырау сатысында мақсаттардың мынадай 2 түрі белгіленуі мүмкін: ескірген өнімнің нарықтан жылдам ығысуы және білсенді нарықтық іс-әрекеттен бас тарту. Бұл сатыда да кәсіпкерлік қызмет нәтижесі пайда көрсеткіші көмегімен бағалануы мүмкін. Алайда ол алға қойылған мақсаттарға байланысты толықтыруды қажет етеді.

Сонымен кәсіпкерлік қызметінің нәтижелілік көрсеткіштерінің өзгеруі өнімнің өмірлік циклінің сатыларына байланысты,сондай-ақ кәсіпкерліктің мақсаттары мен міндеттеріндегі құрылымдық өзгерістерге сәйкес,олардың комбинациялану мүмкіншілігімен сипатталады.

Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін бағалау мәселесі отандық және ресейлік ғалымдарлың (Дүйсембаев К.Ш.,Савицкая Г.В,.Шермет А.Д.,Ковалев В.В. т.б) еңбектерінде көптеген қарастырылған. Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін экономикалық тиімділікті бағалау және тиісті қаржы-экономикалық көрсеткіштерді есептеу арқылы қарастырады. Ал кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін талдаудың танымал шетелдік тұжырымдамаларының бірі-теңдестірілген көрсеткіштер жүйесі (Balanced Scorecard (BSC)) тұжырымдамасы болып табылды.

Теңдестірілген көрсеткіштер жүйесі (BSC)-кәсіпорын қызметінің (қаржылық,өндірістік,маркетингтік т.б) барлық маңызды акспектілері ескерілетін көрсеткіштер жиыны арқылы оның тиімділігін өлшеу және бағалау негізінде стратегиялық басқару жүйесі. Бұл жүйеге келесі көрсеткіштер кіреді:


  • кәсіпкерлік қызметтің барлық аспектілерін сипаттайтын көрсеткіштер;

  • уақыт бойынша манадай үш жағдай сипаттайтын көрсеткіштер:

1)кәсіпкерлік қызметтің дамуының бұрынғы жағдайын;

2) кәсіпкерлік қызметтің дамуының қазіргі жағдайын;

3) кәсіпкерлік қызметтің дамуының болашақтағы жағдайын.

BSC жүйесінің мынадай негізгі үш идеясын бөліп көрсетуге болады:

1. Даму жоспарлы түрде орын алған жағдайда ғана компания табыста жұмыс жасайды,яғни компания стратегиялық жоспарларды жасау және оны іске асыру арқылы өзінің мақсаттарына жетеді;

2.Компанияның бүкіл қызметі мақсаттарды қысқа мерзім іщінде және аз шығын жұмсай отырып іске асатындай түрде үйлестірілуі керек;

3.Өлшеуге болатынмен ғана басқаруға болады. Басқаша айтқанда,әрбір деңгейдегі менеджерге тиімділіктің негізгі көрсеткіштерінің (КРІ) жиыны болуы керек.

Кәсіпкерлік қызметтің тиімділік көрсеткіштерінің жүйесіне қойылатын мынадай талаптарды бөліп көрсетуге болады:



  • кешенділік,кәсіпкерлік субъектілерінің қызметінің барлық жағы мен құрамдас бөліктерін ескеретін көрсеткіштерді сипаттауға тиіс;

  • стратегиялық мақсаттармен байланыс, яғни көрсеткіштер жүйесі қазір де, болашақта да маңызды болатын кәсіпкерлік қызмет аспектілеріне шоғырлануы керек,сондай-ақ стратегиялық жоспарларды орындауға, жетістіктерге жетуге бағытталған негізгі бағыттарды анықтауы керек;

  • жүйелілік, көрсеткіштер екі мағыналы болуы керек;

  • икемділік және қарапайымдылық,көрсеткіштер есептеу үшін қолайлы, сондай-ақ есептеулерді автоматтандыруға мүмкіндік беретін және есптеулер жасауға қажетті мәліметтер базасы болуы қажет.

Теңдестірілген көрсеткіштер жүйесі мынадай төрт бағыттағы көрсеткіштерді пайдаланады:

1)салынған капиталдың қайтымдылығы көзқарасы тұрғысынан компания қызметінің тиімділігін қарастыратын қаржылық көрсеткіштер;

2) соңғы тұтынушылар көзқарасы тұрғысынан компанияның тауарлары мен қызметтері-нің пайдалылығын бағалау көрсеткіштері;

3) бизнес-үрдістерді ұйысдастыру тиімділігін бағалайтын ішкі өндірістік тиімділік көрсеткіштері;

4) инновациялар мен оқыту, яғни, компанияның жаңа идеяларды қабылдау қабілеті, оның икемділігі, тұрақты жетілдіругебағыттауы тиіс.

Кәсіпкерліік қызметті талдау деп оны жүзеге асыру нәтижесінде орын алған теріс (негативті) себептерді анықтай отырып,кәсіпкерлікті бағалау үшін жан-жақты зерттеулер жүргізуді айтамыз.Ол кәсіпкерліктің даму болашағы мен тиімділігін арттыру резервтерін анықтауға мүмкіндік береді. Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін талдаудың негігі мақсаты-оның ұйымдастырушылық,технологиялық және өзге де аспектілерін зерттеу арқылы даму болашағын қамтамасыз ету.

Анықталған мақсатты байланысты талдау әртүрлі дәрежеде жасалуы мүмкін, бірақ ол барлық бағыттар бойынша жүргізілуі керек. Кәсіпкерлік қызметті талдауда оның бірнеше тұүрі қолданылады. Олардың ішіне негізгілеріне жеде (оперативті) талдау,жылдық талдау, кешенді талдау және т.б жатқызылады.

Жедел талдау едәуір қысқа мерзімге ( ай,тоқсан) жасалады. Ол кәсіпкерлік қызметтің күшті және әлсіз жақтарын,болуы мүмкін тәуекелдер мен мүмкіндіктерді анықтауға бағытталған.

Жылдам талдау кәсіпкерлік қызметтің нақты нәижелерін бағалауға бағытталған. Ол ресурстарды басқарудың тиімді құралы ретінде қызмет етуді, сондай-ақ, шығындарды оңтайландыру мен табыстарды өсіруде, жоғары өнім сапасын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.

Кешенді тадау кезінде кәсіпкерлік қыхметтің барлық тұстары зерттеледі. Яғни, оның өндірістік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметіне талдау жасалады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет