14 кесте: Ксіпорынның бәсекеге қабілеттілігі түсінігі туралы анықтамалар
№
|
Зерттеуші ұйымдар мен ғалымдар
|
Берілген анықтамалар
|
1
|
«Басқару проблемалары жөніндегі Еуропалық форум» ғылыми зерттеу ұйымы
|
Фирмалардың өздеріне жасалып отырған жағдайларда, олардың бәсекелестерінің өнімдерімен салыстырғанда бағасы және бағадан тыс сипаттамалары бойынша тұтынушылар үшін тартымдырақ болатын өнімдер өндіру мен өткізудің нақты және әлеуетті мүмкіндігі.
|
2
|
Э.Б.Фигурнов,
Ю.Ю.Донец
|
Ксіпорынның бәсеке қабілеттілігің оның өндірістік әлеуетін пайдалану тиімділігі ретінде қарастыруды ұсынады.Яғни, өндірілетін өнімнің бәсекеге қабілетін бәсекелестер әлеуетіне қарағанда айтарлықтай тез қарқынмен өсіру мүмкіндігі.
|
3
|
Т.Коно
|
Ксіпорынның бәсеке қабілеттілігі оның нарықтағы үлесі, өндіру, өткізу және дамыту қабілеттілігі, басшылықтың алға қойған мақсатты жүзеге асыру қабілеттілігі сияқты сипаттамалар жиынтығында көрініс табады.
|
4
|
Н.О.Ермолов
|
Өндірушінің басқа бәсекелес өндірушіден өндірістік қызметтің тиімділігі бойынша, сондай ақ өзінің тауарларымен және қызметтерімен нақты қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру дәрежесі бойынша айырмашылығын көрсететін салыстырмалы сипаттама.
|
5
|
Н.С.Яшин
|
Фирманың бәсеке қабілеттілігі –бұл оның нарықтық бәсеке жағдайына бейімделу мүмкіндігі мен динамикасы.
|
6
|
Р.А.Фатхутдинов
|
Бәсекелік нарық жағдайында меншікті және қарыздық ресурстарды тиімді басқару мүмкіндігі. Бәсекеге қабілетті тауарлар өндіру мен сату фирманыі бәсеке қабілеттілігінің міндетті шарты болып табылады.
|
Ксіпорынның бәсеке қабілеттілігі – компанияны басқару проблемасының барлық спектрі бойынша оның бәсекелік артықшылық нәтижесі. Сонымен, кәсіпорынның белгілі –бір нарықта бәсекелесу мүмкіндігі өнімнің бәсекеге қабілеттілігіне, бәсекелестік күресте кәсіпоырн қызметінің нәтижелеріне нақты әсер ететін әдістер мен әлеуметтік–экономикалық және ұйымдастырушылық факторларға тікелей байланысты болады.
Кәсіпорының нарықтағы ұстанымын талдау кезінде оның күшті және әлсіз жақтарын ғана емес, сондай –ақ әсер етеін нақты факторларды анықтау қажет. Фактор – экономикалық, өндірістік қызмет ететін үрдістерді қозғаушы күш.Басқаша айтқанда, өндіріс тиімділігін анықтауға және әсер етуге мүмкігдік беретін барлық жағдайлар.
Факторлардың болуы бәсеке қабілеттілікті қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз, сондықтан осы факторлар негізінде бәсекелік артықшылыққа ие болу және олар қаншалықты тиімді пайдаланылатындығына байланысты болады.
Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігі мынандай бірқатар факторларға байланысты:
кәсіпорын өнімдерінің сыртқы және ішкі нарықта бәсекеге қабілеттілігі;
өндірілетін өнімдердің түрлері;
нарықтың сыйымдылығы ( жыл сайынғы сату мөлшері);
нарыққа кіру жеңілдігі;
осы нарықта жұмыс істеп жатқан кәсіпорындардың бәсекелік ұстанымдары;
саланың бәсекеге қабілеттілігі;
аймақтың және елдің бәсекеге қабілеттілігі;
Ресейлік ғалымдардың бірі (Фатхутдинов Р., Ермолов.М) негізгі факторларға келесілерді жатқызады:
кәсіпорынның қаржылық жағдайы;
кәсіпорынның өзінің ғылыми –зерттеу және тәжірибе –конструкторлық әзірмелеріне арналған базасының дамуы және оларға жұмсалатын шығындар деңгейі;
өткізу тараптарының болуы;
техникалық қызмет көрсету жағдайы;
өткізуді ынталандыру құралдары мен жарнаманың ықпалдылығы;
негізгі сатып алушылардың төлем қабілеттілігі, ақпаратпен қамтамасыз етілуі.
Тағы бір ғалым (В.Петров) кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі мынадай негізгі үш фактордан қалыптасады деп есептейді:
ресурстық,яғни жайын өнім бірлігіне жұмсалған ресурстар,(қаржы, материал, еңбек) шығындары. Кәсіпорынның бәсекеге қаббілеттілік өсімін қамтамасыз ету үшін ресурстық факторды бақылауға мүмкіншілігі бар. Яғни, өндіріс тиімділігін, капитал қайтымдылығын, еңбек өнімділігін арттыру өте маңызды.
бағалық,яғни, дайын өнімдер мен пайдаланылатын барлық ресурстарға баға деңгейі мен динамикасы. Бұл фактор кәсіпорын тарапынан аз бақыланады, өйткені елдегі баға деңгейі мемлекеттің экономикалық саясатына байланысты болады.
« орталар факторы» бұл факторға елдегі экономикалық (салық саясаты,банктік жүйенің сенімділігі, инфляция деңгейі және т.б) және саяси жағдайлар, нарықтық контр –агенттерге мемлекеттің әсер ету дәрежесі кіреді.
М.Портер бәсекеге қабілеттілік факторларын өндіріс факторларымен тікелей байланыстыра қарастырады:
адам ресурстары (жұмыс күштерінің саны, біліктілігі және құны;)
физикалық ресурстар –кәсіпорын орналасқан елдің географиялық және климаттық жағдайлары;
білім ресурстары –мемлекеттік салалық ҒЗИ,университеттер, жеке лабароториядағы нарықты зерттеулер туралы мәліметтер базасының, сондай –ақ өнімдер мен қызметтердің бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететін ғылыми, техникалық және нарықтық ақпараттар жиынтығы;
ақшалай ресурстар –өнеркәсіпті және жекелеген кәсіпорындарды қаржыландыруға пайдаланылатын капитал құны мен көлемі;
инфрақұрылым –қалыптасқан инфрақұрылымның сапасы. Яғни, елдің көлік, байланыс жүйелері, почталық қызметтер және т.б.
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететін факторларды ішкі және сыртқы факторлар деп бөлуге болады.
Ішкі факторлар –өзінің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету бойынша кәсіпорын мүмкіндігін анықтайтын объективті өлшемдер.
Сыртқы факторлар- кәсіпорынға бағалық және бағадан тыс сипаттамалары бойынша айтарлықтай тартымды өнімдер өндіруге мүмкіндік беретін әлеуметтік –экономикалық және ұйымдастырушылық қатынастар.
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселесін зерттеу кезінде әрбір кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілік деңгейін бағалаудың маңыздылығы жоғары. Бұл жөнінде бірыңғай көрсеткіштер жүйесі жоқ. Дегенмен зерттеулер негізінде кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін анықтаудың әртүрлі өлшемдері бойынша ғалымдар бірқатар көрсеткіштер негізінде бағалауды ұсынады.
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің өлшемдері мен көрсеткіштер жүйесін әзірлеу және пайдалану қажеттілігі экономикалық үрдістерді басқаруға талпынумен, өндіріс тиімділігін арттыру бойынша мақсатты бағытталған жұмыстар жүргізумен, ресурстарды басым бағыттарға шоғырлаумен байланысты қарастырылады.
Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз етудің 3 деңгейін бөліп көрсетуге болады :
оперативті (жедел) деңгей;
тактикалық деңгей;
стратегиялық деңгей;
Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігінқамтамасыз етудің осы аталған әрбір деңгейінде өздеріне тән өлшемдері анықталған:
Оперативті деңгейде кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілік өлшеміне өнімнің бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші жатқызылады;
Тактикалық деңгейде бәсекеге қабілеттілік өлшемі ретінде кәсіпорын жағдайының кешенді көрсеткіші ұсынылған;
Кәсіпорын құнының өсімі кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігінің стратегиялық деңгейдегі өлшемі болып табылады.
Талдаудың нақты мақсаттарына байланысты әртүрлі көрсеткіштер пайдаланылады. И.Н.Герчикованың пікірінше, кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін бағалау мынадай көрсеткіштерге негізделу керек:
қазіргі кездегі (іс жүзіндегі) және болашақтағы, сондай –ақ жекелеген өнім түрлері бойынша капитал салымына қажжеттілік;
бәсекеге қабілетті өнімдер ассортименті, оның көлемі мен құны (өнім дифференциясы);
әрбір өнім үшін нарықтар немесе олардың сегменттерінің жиынтығы (нарық дифференциясы);
өткізуді ынталандыру және сұранысты қалыптастыруға арналған қаражаттарға қажеттілік;
кәсіпорынның нарықта өзіне артықшылықты қамтамасыз ете алатындай шаралар мен тәсілдер тізімі, яғни, сатып алушыларда фирма туралы оң пікірдің қалыптасуы, жоғары сапалы өнімдер шығару, өнімдерді тұрақты түрде жаңарту, тауарлар мен қызметтерді жеткізу мерзіміне қатысты мәмілелер бойынша міндеттемелерді анық орындау және т.б.
Гребнев Е.Т кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін бағалау үшін келесі көрсеткіштерді пайдалануды ұсынады:
сатудың жалпы құнының сатылмаған өнімдер құнына қатынасы;
пайданың (табыстың) сатудың жалпы құнына қатынасы;
сатылған өнім құнының ағымдағы кезең ішіндегі оның санына (көлеміне) қатынасы;
сату сомасының дебиторлық берешек сомасына қатынасы;
өткізу шығындары көлемінің пайданың жалпы сомасына қатынасы;
Бірінші көрсеткіштің мәнінің азаюы кәсіпорын өніміне деген сұраныстың төмендеуі және дайын өнімдердің өткізілу деңгейінің төмендегенін көрсетеді. Екінші көрсеткіштің артуы кәсіпорының бәсекеге қабілеттілігі артқанын білдіреді. Үшінші көрсеткіш сату көлемі қандай фактордың есебінен артып отырғанын анықтайды (бағаның өсімі есебінен немесе сату көлемінің артуы есебінен).
Төртінші көрсеткіш сатылған өнімнің қандай бөлігі қолма –қолсыз ақшаға (дебиторлық) сатылғанын көрсетеді. Бесінші көрсеткіш тауар қозғалысының өдірушіден тұтынушыға дейінгі барлық тізбек бойынша өндірістік емес шығындарды анықтауға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |