23-кесте – Бизнес- инкубаторлардың шағын кәсіпорындарға көрсететін қызметтері
№
|
Көрсетілген қызметтер сипаты
|
Қызметтер түрлері
|
1
|
Жеңілдік шарттары негізінде өндірістік және кеңселік үй-жайлар беру.
|
Өндірістік және шеберханалық алаңдарды, кеңселерді жалға беру: қоймаларды, гараждар, конференц-залдар, келіссөздер жүргізуге арналған бөлмелерді т.с.с. пайдалану.
|
2
|
Кеңселік заттар және қазіргі заманғы телекоммуникациялық құралдарды беру.
|
Ұжымның пайдалануына арналған құрал- жабдықтар беру;интернет. Видеоконференция, хатшылық қызметтер; ақпараттық қызметтер, жарнамалық, баспа және басқа да қызметтер т.б.
|
3
|
Кеңсе берушілік (консалтингтік) қызметтер.
|
Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген аспектілері бойынша мамандардың алғашқы және жүйелі кеңестері, маркетингтік стратегия, бизнес- жоспар әзірлеу;заңдық кеңестер; бухгалтерлік қызметтер; салықтық заңнамалар; кедендік рәсімдеу тәртібі т.б.
|
4
|
Оқыту бойынша қызметтер
|
Кәсіпкерлік іс-жүргізуді; менеджмент пен маркетингті оқыту; семинарлар мен «дөңгелек үстелдер» ұйымдастыру т.б.
|
5
|
Іскерлік қарым-қатынасты нығайту
|
Іскер әріптестер мен инвесторлар тарту; Сыртқы әріптестермен (шикізатты жеткізушілер, дистрибьюторлар) байланысты күшейту т.б.;
|
6
|
Сыртқы клиенттерге қызметтер
|
Жобаларды сараптау, талдау және қаржылық болашағын бағалау т.с.с.
|
Бизнес-инкубаторлардың шеңберінде кәсіпорындардың қызметі мынандай сатылардан өтеді:
Үміткерлер ішінен жаңа клиенттерді таңдау.Таңдаудың негізгі өлшемі идеяның жаңашылдығы және оны нақты жүзеге асыру мүмкіндігі.
Бизнес-инкубатор тарапынан белсенді қызметтер көрсету.Клиент қаржылық,техникалық,кеңес берушілік т.б көмектер алады.
Кәсіпорынның өсуі,жұмыскерлер санның өсуі.Бұл сатыда бизнес-инкубатор көрсететін қызметтер көлемін қысқарады.
Кәсіпорынның бизнес-инкубатордың шығуы және дербес шаруашылық жүргізу субьектісіне айналу.
Бизнес-инкубаторларды құру кезінде облыстық немесе қалалық әкімдіктер,корпорациялар,қауымдастықтар мен кәсіподақтар,университеттер мен ғылыми-зерттеу институттары,үкіметтік емес ұйымдар т.б маңызды рөл атқарады.Осы аталғандарды әлеуетті құрылтайшылар ретінде қарастыруға болады.
Бизнес-инкубаторлардың кәсіпкерлікті дамытудағы ықпалы кең ауқымды болып келеді.Әртүрлі елдердегі бизнес-инкубаторларды салыстыру кезінде халықаралық деңгейде қолданылатын және көптеген елдердің тәжірибесіне негізделген бірқатар көрсеткіштер бар.Олар мыналар:
Бизнестің құрылуы мен өмір сүруі;
Қызмет көрсетілетін нарықтар мен бизнестің өсуі;
Табысы төмен немесе аз адамнан құралған компаниялар;
Кластерлік даму;
Қаржылық көрсеткіштер;
Тауарлар мен қызметтер нарығының кеңеюі;
Клиенттің компаниясындағы инвестициялар;
Құрылған және сақталған жұмыс орындары т.с.с.
Бизнес-инкубатордағы есептелетін көрсеткіштер келесі кестеден (24-кесте) көруге болады:
Достарыңызбен бөлісу: |