«Экономика және қаржы» кафедрасы «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнінен университеттің барлық мамандықтарының студенттері үшін



бет45/55
Дата05.04.2022
өлшемі361,63 Kb.
#29996
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   55
Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету шарттары

  • Өндрістік (индустриялық) инфрақұрылымның дамуы жетпейтін инфрақұрылымды жақындатудан тұрады және өндірістерді жаңғырту мен кеңейтуге бағытталған жобалар үшін, сондай- ақ жекелеген жобалар үшін де әрі өнеркәсіп алаңдары ұйымдары шеңберінде де жүзеге асырылуы мүмкін.

  • Қаражат бөлуді тек мынадай инфрақұрылымды: жолдарды, су бұруды, газдандыруды, су тартқыштарды, бу құбырларын, жылумен жабдықтауды, өнеркәсіптік алаңқайларға арналған қазандықтарды, су құбырларын, темір жол тұйықтарын, телефондандыруды, кіші электр станцияларын, электр тарату желілерін, ұңғымаларды салуға және қайта жаңартуға бағыттауға болады.

  • Қаражат бөлу салуға немесе қайта жаңғартуға арналған техникалық-экономикалық негіздеме немесе бизнес-жоспар негізінде жүзеге асырылуы тиіс.

  • Жеткіліксіз инфрақұрылымды жеткізу бірнеше жобаларды қамтамасыз етуге баыттлуы мүмкін.

  • Инфрақұрылымды салу (қайта жаңарту) құны жеке жоба үшін инфрақұрылымды жақындатқан жағдайда жоба құнының 50%- ынан аспауы тиіс.

  • Өдірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту елді мекенді дамытудың бас жоспарына сәйкес келуі тиіс.

Бағдарламаны іске асырудың екінші бағыты қазіргі тұрақты жұмыс орындарын сақтап қалуға және жаңаларын құруға, сондай-ақ экономиканың шикізаттық емес секторының кәсіпорындарын сауықтыруға бағытталған.

Сауықтыру шеңберінде мынадай қолдаулар көрсетілуі мүмкін:



  • борышкерге банктердің бар несиелері бойынша (мақұлдау сәтінде) пайыздық ставканы және жобаны мақұлдағаннан кейін пайда болатын бір несиелік желі шеңберінде жаңа берешекті субсидиялау;

  • борышкерге бюджетке төленетін салық берешегін (төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығынан басқа) өтеу бойынша мерзімін ұзартуды Салық кодексінде белгіленген тәртіппен көзделетін өсімпұл есептемей беру мәселесін қарау;




  • қаржы-экономикалық сауықтыру жоспары шеңберінде кәсіпорындарды сауықтыру бойынша басқа да іс-шаралар.

Банктердің несиелері бойынша пайыздық ставкаларды субсидиялау шарттары

  • Пайыздық ставканы субсиядалауды жүзеге асыратын несиелердің сомасы бір борышкер үшін 4,5млрд.тгден асас алмайды.

  • Субсидиялау мерзімі 3жылдан аспайды;

  • Субсидиялау қызметтің негізгі түрімен байланысты емес коммерциялық жылжымайтын мүлікті алуға бағытталған несиелер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін емес.

  • Пайыздық ставканы субсидиялау банктер сыйакы ставкасын 12%-ға дейін төмендететін несиелер бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкін,оның ішінде 7%-ды борышкер төлейді,ал 5% мемлекет өтейді.

Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша мерзімін ұзартуды ұсыну шарттары

  • Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер(жеке табыс салығынан басқа)бойынша мерзімін ұзарту бағдарламаны іске асырудың екінші бағыты шеңберінде банктердің сыйақы ставкасын субсиядалау үшін мақұлданған борышкерлерге ғана берілуі мүмкін.

  • Мерзімін ұзарту 2008 жылғы 1 қаңтардан басталған кезеңде Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті қаулысы қабылданған сәтке дейін қалыптасқан,Салық кодексінде белгіленген тәртіппен көзделетін берешек бойынша берілуі мүмкін.

Кәсіпорынды сауықтыру бойынша мемлекеттік қолдаудың басқа шараларын ұсыну шарттары:

Кәсіпорынды сауықтыру бойынша мемлекеттік қолдаудың басқа шаралары жеке негізде Бағдарлама өлшемдеріне ,Мемлекеттік бағдарламалардың басымдықтарына сәйкестігін, өңірлер үшін олардың қызметінің жүйе құраушы сипатын негізге ала отырып,кәсіпорындарды іріктеуге жүзеге асыратын Мемлекеттік комиссия жанындағы арнайы жұмыс тобының ұсынымдарын ескере отырып жүзеге асырылады.

Үшінші бағыт: Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету

Бағдарламаның үшінші бағытына келесілер қатыса алады:


  • бағдарламаны үйлестірушіге сауалнама –өтініш берердің алдындағы алты айдағы ақшалай пайданың жалпы көлемінің кемінде 10% мөлшерінде валюталық пайдасы бар кәсіпкерлер;

  • қызметін экономиканың басым секторларында жүзеге асыратын кәсіпкерлер.

Банктердің/ Лизингтік компаниялардың несиелері бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау шарттары

  • Сыйақы ставкасын субсидиялау жүзеге асырылатын несиелердің / Қаржы лизингі шарттарының сомасы кәсіпкердің несиесі бойынша 1,5 млрд. теңгеден аспауы тиіс.

  • Субсидиялау мерзімі кейіннен 10 жылға дейін (Қаржы лизингі шарты бойынша 5 жылға дейін) ұзарту мүмкіндігімен 3 жылға дейін мерзімді құрайды.

  • Пайыздық ставканы субсидиялау 8% -ын мемлекет өтейтін 14%-дан аспайтын сыйақы ставкасы бар банктердің несиелері бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкін.

Төртінші бағыт: Кәсіпкердің әлеуетін күшейту

Төртінші бағыт өндірістерді жаңғырту және бизнесті басқарудың қазіргі заманғы модельдерін енгізу мақсатында кәсіпкерлік әлеуетті күшейтуге бағытталған шағын және орта бизнеске мемлекеттік қолдау көрсетуді көздейді.

Шағын және орта бизнеске мемлекеттік қолдау көрсету:


  • Ісін жаңа бастаған кәсіпкерліктерді қолдау (старт-ап жобалары);

  • Жұмыс істейтін бизнесті сервистік қолдау;

  • Шағын және орта бизнестің алдыңғы қатарлы кәсіпорындарын косультациялық жобаларды (BAS бағдарламасы) іске асыруда қолдау;

  • Шағын және орта бизнестің топ-менеджментін оқыту;

  • Шетелдік әріптестермен іскерлік байланыстар.

Экономиканың басым секторларындағы шағын және орта бизнестің әлеуетті және жұмыс істейтін кәсіпкерлері бағдарламаның қатысушылары бола алады. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы осы бағыт бойынша Бағдарламаның операторлары болып табылады.
Ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді қолдау (старт-ап жобалары) оператордың стандартталған қызметтер пакетін ұсынуын көздейді, ол мыналарды қамтиды:

  • кәсіпкерлік бастамасы бар халықты және жұмыс істейтін кәсіпкерлерді қысқа мерзімді оқыту («Бизнес-кеңесші» жобасы);



  • кәсіпкерге қажетті құжаттардың стандартты пакетін ұсыну;

  • ақпараттық-талдамалық қолдау және кәсіпкерлердің оператордың бизнес-порталына еркін қол жеткізуін ұйымдастыру;

  • экономиканың басым салаларында маркетингтік зерттеулердің нәтижелерін беру. 

Жұмыс істейтін бизнесті жүргізуді сервистік қолдау оның тиімділігін арттыру мақсатында кәсіпорынды басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған бизнес-үдерістерді қолдау бойынша мамандандырылған мынадай қызметтерді ұсынуда қамтиды:

  • бухгалтерлік және салықтық есепті жүргізуге, сондай-ақ статистикалық есептілікті жасауға байланысты қызметтер;

  • кедендік рәсімдер бойынша қызметтер;


  • менеджмент жүйесін енгізу бойынша барлық үдеріске кеңес беру және толық сүйемелдеу;

  • заң қызметтерін көрсету;

  • маркетинг мәселелері бойынша қызметтер;

  • ақпараттық технологияларға қызмет көрсету саласында кеңестер беру;

  • мемлекеттік сатып алулармен, ұлттық компаниялардың және жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларымен байланысты қызметтер.

Сервистік қолдау экономиканың барлық секторларында жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне көрсетіледі. Кәсіпкерлер үшін мамандандырылған қызмет жеке кеңестер түрінде тегін ұснылатын болады.

Шағын жіне орта бизнестің топ – менеджментің оқыту шарттары.

Экономиканың басым секторларында қызметтін жүзеге асыратын шағын жіне орта бизнес кәсіпорындарының жоғары және орта буын басшылары бағдарламаның қатысушысы бола алады.

Бағдарламаға қатысушылар окуға барып – келуін және тұратын орының дербес төлейді. Қатысушылардың оқу шығыстарын төлеу республикалық бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырылатын болады.

«Іскерлік байланыстар» жобасы халықаралық және шетелдік ұйымдардың қолдауымен шетелдік серіктестерімен іскерлік байланыстар орнату есебінен экономиканың басым секторлары шеңберінде жобаларға қолдау көрсетуге бағытталған.

Жоба екі кезеңнен тұратын болады:

Бірінші кезең Қазақстан аумағында жүзеге асырылады. Осы кезеңде бизнес жүргізудің осы заманғы әдістерін , маркетингті үйретуге, бизнес – әріптестерімен іскерлік байланыстар орнатуға және басқаларына бағытталған бизнес – тренингтер ұйымдастыру арқылы басшы қызметкерлер мен менеджерлердің біліктілігін арттыру жүргізілетін болады. Оқу процесінде жобаға қатысушылар шетелдік және отандық бизнес – жаттықтырушылардың басшылығымен өз кәсіпорының дамытудың бизнес – жоспарларын әзірлейді. Бизнес – тренингтер аяқталғаннан кейін жобаға қатысушылар алынған кеңестерге сәйкес бизнес – жоспарларын дербес пысықтайды және кейіннен жобаның екінші кезеңінде конкурстық іріктеуге қатыса алады.

Екінші кезең жобаға қатысушылар үшін шетелде тақырыптық бизнес – тағылымдаманы, оның ішінде шетелдік серіктестерімен іскерлік байланыс орнатуды көздейді және мыналарды қамтиды:



  • ұқсас бейіндегі шетелдік кәсіпорындарда тағылымдама;

  • технологиялар трансфертті және жабдықтар сатып алу; тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді өзара жеткізу; франшиза сатып алу; халықаралық және шетелдік ұйымдардан грантар алу; бірлескен кәсіпорындар құру мәселелері бойынша іскерлік байланыстар орнату. Қазақстанның кәсіпкерлік секторының қажеттілігін және қабылдаушы елдің салаларының даму деңгейін ескере отырып, кәсіпкерлер үшін шетелдік тағылымдаманы ұйымдастыруға халықаралық және шетелдік ұйымдар жәрдемдесетін болады. Кәсіпкерлерді дайарлау және оларды одан әрі шетелге тағылымдамадан өтуге жіберу өңірдің қажеттілігіне сол немесе басқа да мамандықтар бойынша, сондай-ақ өңірдің даму басымдықтарына сәйкес болуы қажет.

Жоба шеңберінде «Жергілікті жеткізуші» құрамдауышы іске асырылады, оның шеңберінде ірі инвесторларға (Ұлттық компаниялар, мұнай өңдіру кен металургия кешені және басқа да жүйе құрушы кәсіпорындар) өз тапсырыстарын жергілікті жеткізушілер арасында орналастыру ынтымақтастықтық тетігі ұсынылады. Ірі инвестирлар сатып алынатын тауарлар (жұмыстар мен қызметтер), осы тауарлардың (жұмыстар мен қызметтердің) спасына қойылатын талаптар бойынша ақпарат береді.

Экономиканың басым секторларында жүзнгн асыратын шағын және орта кәсіпкерлік субьектілері «Аға сеньорлар» құрамдауышына қатысушы бол алады. «Аға сеньорлар» құрамдауышын іске асыру жобанығ бірінші кезеңіндегі бизнес – тренингтер өткізу үрдісінде де, сол сияқты Бағдарламаға қатысушыларға кәсіпорындарда басқарудың жаңа әдістерін, өңдіріс технологияларын және жабдықты еңгізу, персоналды оқту бойынша да кеңестер беру үшін табысты жұмыс тәжірибесі бар шетелдік мамандарды тартуғв бағдарланған.

Шетел сарапшыларын тарту жөніңдегі шығыстарға ағы төлеу, сонын ішінде ұшып келіп-кету шығыстарына және қызметтеріне ақы төлеу республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады, ал көлік және тәуліктік шығыстар, сондай-ақ Қазақстан аумағында тұру тұру кәсіпкерлің өз қаражаты есебінен жүзеге асырылатын болады.

«Бизнес - Насихат» құрамдаушы бағдарламаны тиімдіні іске асыру, сондай-ақ кәсіпкерлік идеяларын танымал ету мақсатында шағын және орта бизнеске мемлкеттік қолдау шараларын халықтың қалың тобына түсіндіруге бағытталған мемлекеттік қолдау көрсетуді көздейді. Оның шеңберіңде шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мыналарды қамтиды:



  1. Бағдарлама бойынша ақпараттық – түсіндіру жұмысын жүргізу;

  2. Бағдарлама шеңберінде кәсіпкерліктің сәтті үлгілері мен сәтті жобаларын танымал ету;

  3. Кәсіпкерлік саласындағы заңнаманы және реттеуді түсіндіру;

  4. Кәсіпкерлік идеяларын насихаттау.

«Бизнес - Насихат» құрамдауышын қаржыландыру республикалық бюджет қаржаты есебінен асырылатын болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет