«Экономика және қаржы» кафедрасы «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнінен университеттің барлық мамандықтарының студенттері үшін



бет52/55
Дата05.04.2022
өлшемі361,63 Kb.
#29996
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55
Байланысты:
file-8557

14.2 Кәсіпкерлік ұйымдарды қайта

ұйымдастыру (қайта құру) мен сауықтыру

Кәсіпорынды қайта ұйымдастыру (қайта құру) бірқатар ішкі және сыртқы себептермен байланысты және ол оның қатысушыларының мүлікті шоғырландыру немесе бөлу,сондай-ақ ұйымдық-құқықтық нысанын өзгерту тәсілі ретінде кеңінен қолданылады. Кәсіпорынды қайта құру (қосу, біріктіру, бөлу, бөліп шығару,өзгерту) оның меншік иесінің, құрылтайшылардың (қатысушылардың), сондай-ақ заң құжаттарында көзделген жағдайларда сот органдарының шешімі бойынша жүргізеледі.

Қайта құру( ұйымдастыру)кәсіпорын қызметін тоқтату сондай-ақ жаңадан іске қосу тәсілі ретінде сипатталады.Қайта ұйымдастырудың келесідей нысандары бар: 1)Біріктіру –мұндай нысанада біріктірілетін кәсіпорын қызметін тоқтатады, ал соның негізінде жаңа заңды тұлға құрылады.Яғни,қосылатын кәсіпрынның қосылу туралы шартының негізінде және өткізу актісіне сәйкес бүкіл мүлкін,құқықтарын және міндеттерін беру арқылы жаңа кәсіпорынның пайда болуын бірігу деп айтамыз.Қайта ұйымдастыру бірігу туралы келісім негізінде меншік иесінің шешімі бойынша жүргізіледі.

2) Қосу-бұл нысанда бір кәсіпорын басқасына қосылады және өзінің өмір сүруін тоқтатады,ал басқа кәсіпорын өз қызметін жалғастыра береді. Яғни,қосылатын кәсіпорынның қосылу туралы шартының негізінде және өткізу актісіне сәйкес бүкіл мүлкін ,құқықтарын және міндеттерін беру арқылы жаңа кәсіпорынның пайда болуын бірігу деп айтамыз.Қайта ұйымдастыру бірігу туралы келісім негізінде меншік иелерінің шешімі бойынша іске асырылады.

3) Бөліну-бұл нысанда бір кәсіпорын өз қызметін тоқтатады,ал оның негізінде екі немесе одан да көп субьктілер құрылады.Яғни,бір кәсіпорынның жаңадан пайда болатын кәсіпорындарға өзінің бүкіл мүлкін,құқықтары мен міндеттерін бере отырып,өз қызметін тоқтатуын айтамыз.Қайта ұйымдастыру қосу туралы екі жақтың келісімі негізінде меншік иелерінің шешімі бойынша іске асырылады.

4) Бөлініп шығу-бұл нысанда бір заңды тұлғаның құрамынан бір немесе одан да көп заңды тұлғалар бөлініп шығады.Қайта ұйымдастырылатын кәсіпорынның қызметін тоқтатпай ,мүлкінің,құқықтары мен міндеттерінің бір бөлігін бөліну балансына сәйкес бір немесе бірнеше кәсіпорынға бере отырып,оларды құруы кәсіпорынның бөлініп шығуы деп танылады.Қайта ұйымдастыру меншік иесінің шешімі бойынша орындалады.

5) Қайта құру (өзгерту) - бұл нысанда кәсіпорын өз қызметін тоқтатпайды, тек өзінің ұйымдық-құқықтық нысанын басқасына алмастырады. Яғни, меншік иесінің шешімі бойынша кәсіпорын өзінің ұйымдық-құқықтық нысанын өзгерте отырып қайта құрылады. Қайта құрылатын кәсіпорынның барлық құқықтары мен міндеттері өткізу актісіне сәйкес оларға ауысады.

6) Қайта құру (ұйымдастыру-)ерікті немесе мәжбүрлі түрде жүргізілуі мүмкін. Ерікті қайта ұйымдастыру меншік иелерінің,ал мәжбүрлі қайта ұйымдастыру меншік иелерінің,ал мәжбүрлі қайта ұйымдастыру сот органдарының шешімі бойынша іске асырылады. Егер кәсіпорын сот органының шешімінде анықталған мерзімде қайта ұйымдастырылмаса ,сот кәсіпорынды басқарушыны тағайындайды. Осыдан кейін кәсіпорын ісін басқару бойынша барлық өкілеттіліктер басқарушыға өтеді. Басқарушы бөлу балансын дайындайды, және қайта ұйымдастыру нәтижесінде пайда болған кәсіпорынның құрылтай құжаттармен бірге сотқа өткізеді. Осы құжаттарды соттың бекітуі жаңадан құрылған кәсіпорынды мемлекеттік тіркеуге негіз болады. Жаңадан құрылған кәсіпорын мемлекеттік тіркелгеннен кейін ғана қайта ұйымдастырылды деп есептеледі.

Қайта ұйымдастыруды жүргізу кезінде қайта құру нысанын таңдауда келесілерді ескеру кежет:

а)толық және командитті(сенім) серіктестік жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік, акционерлік қоғам нысандарында қайта құрыла алады;

ә)акционерлік қоғам жауапкершілігі щектеулі серіктестік немесе өндірістік кооператив нысандарында қайта құрыла алады;

б)өндірістік кооператив шаруашылық серіктестіктің кезкелген нысанында қайта құрыла алады.

в)жауапкершілігі шектеулі серіктестік шаруашылық серіктестіктің басқа түрлерінде,өндірістік кооператив немесе акционерлік қоғам нысандарында қайта қайта құрылуына болады.

Санация борышкер-кәсіпорынды сауықтыруға бағытталған оңалту шарасы болып табылады.Санация кезінде борышкер мүлкінің иесі,кредиторлар немесе өзге тұлғалар дәрменсіз борышкерге қаржылық көмек көрсетеді,сондай-ақ борышкердің резервтерін жұмылдыру мен оның қаржы-шаруашылық жағдайын жақсару жөнінде өзге де шаралар кешені іске асырылады.Оңалту рәсімі сот тәртібімен тек коммерциялық ұйымдарға қатысты қолданылады.

Егер дәрменсіз борышкерді оңалту шаралары ретінде оңалту жоспарына санация енгізілсе,санацияға қатысушының борышкерге немесе кредиторларға оңалту жоспарына сәйкес сомасы мен мерзімін көрсете отырып,ақша аудару туралы жазбаша міндеттемесі жоспарға қоса берілуге тиіс.Борышкер-кәсіпорынның төлем қабілеттілігін қалпына келтірудің нақты мүмкіндігінің болуы санация жүргізу үшін негіз болып табылады.

Оңалту жоспарын борышкер оңалту рәсімін қолдану туралы шешім заңды күшіне енген күннен бастап үш ай ішінде кредиторлармен бірге әзірлеуге тиәс.Оңалту жоспарын іске асыру мерзімі бес жылдан асуға тиіс.

Оңалту шараларына санацияны,сауда-саттық жүргізу жолымен мүлікті (активтерді)сатуды,борышкедің талап ету құқықтарын басқаға ә,құқықтық және де өзгеде іс-шаралар кіруі мүмкін.

Қазақстан Республикасының «Банкроттық туралы»заңына сәйкес (14-1-бап), жеделтетілген оңалту рәсімін қолдану мүмкіншілігі қарастырылған. Борышкер мынадай шарттарға сәйкес келген кезде жеделдетілген оңалту рәсімі қолданылады:

1)борышкерге қатысты банкроттық туралы немесе оңалту туралы іс қозғалса;

2)борышкер коммерциялық ұйым болып табылса;

3)борышкер төлемге қабілетсіз немесе таяу он екі ай ішінде ақшалай міндеттемелерді орындау мерзімі басталған кезде ,оларды орындауға қабілетсіз болса;

Кәсіпорынды сауықтыру мынадай үш жағадайда жүргізіледі :

1)кредиторлар банкроттық туралы іс қозғағанға дейін жүргізіледі.

Мұндай жағдайда кәсіпорын дағдарысты жағдайдан шығуға талпына отырып өзінің бастамасымен сырттан көмек іздейді;

2) кәсіпорынның өзі арбритаждық сотқа банкроттық жөнінде өтініш жасай отырып санация жүргізуге ұсыныс білдіреді,

3) борышкер-кәсіпорын мен кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру үшін арбитраждық сот санация туралы шешім шығарған кезде;

Кәсіпорындағы дағдарыстың тереңдігі мен оған көрсетілетін сыртқы көмектің шарттарына байланысты кәсіпорынды сауықтырудың екі түрі бар:

1) қарызды қайта құруға бағытталған сауықтыру немесе оңалту шарасы(сауықтыру жүргізілетін кәсіпорынның мәртебесін өзгертпестен).Ол төлем қабілетсіздікті болдырмауға көмектесу үшін жүзеге асырылады және дағдарысты жағдай уақытша деп танылған кезде қарастырылады.

2) сауықтыру жүргізілетін кәсіпорынның мәртебесін өзгерте отырып оңалту шарасын қолдану.Ол қайта құру деп аталады және бірқатар қайта құру тәртібімен іске асырылады.

Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге арналған негізгі іс-шараларды 2 топқа бөлуге болады:

1)кәсіпорынның ішкі резервтерін жұмылдыру ;

2)қаржыландырудың сыртқы көздерін сақтау;

Кәсіпорынның ішкі резервтерін жұмылдыру;


  • дебиторлық берешекті қысқарту;

  • табыстылығы төмен қызмет түрлерін тоқтату;

  • бейіні басқа( профильдік емес ) активтерді сату;

  • капиталдың айналымдығын ұлғайту;

  • тұрақты және айнымалы шығындарды қысқарту ;

  • бағасы арзандау ресурстарды іздеу;

  • кәсіпорынның баға саясатын қайта құру;

  • өткізудің жаңа нарықтарын іздеу т.б.

  • Қаржыландырудың сыртқы көздері ретінде келесілерді қарастыруға болады:


14.3 Кәсіпкерлік ұйымдардың



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет