«Экономика және кәсіпкерлік негіздері» пәнінен дәріс жинағы



бет18/58
Дата22.11.2022
өлшемі318,07 Kb.
#51737
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   58
Байланысты:
ЭБ лекция (1)

Өркениетті көзқарастар - өркениеттің (цивилизацияның) сатылап алмасуына негізделген адамзат тарихын біртұтас алып зерттейді.
"Цивилизация" – латын сөзі civillis- "азаматтық", "қоғамдық" деген мағына береді. Бұл термин мәдениеттің дәрежесі мен ауқымын (мысалы, ежелгі, азиаттық, еуропалық) анықтау үшін пайдаланылады.
Өркениетті көзқарастар жалпы адамзат проблемаларының өзара байланысы мен тәуелсіздігінің күшейе түсу фактілеріне, бүкіл адамзаттың ортақ мұраларына, яғни оларды – ұлттық, таптық мүдделерден жоғары бағалауға негізделеді.
Ауылшаруашылығында алғашқы рет өркениет революциясы болды (ол 6 – 8 мың жыл бұрын болған). Бұдан кейін өнеркәсіпте болды (ол 20 ғ.ортасынан басталады). Ол халықты адам қажеттіктеріне қызмет көрсететін сфераларға (сауда, қызмет көрсету, транспорт, білім беру, ғылым, мәдениет, басқару және т.б) ауыстырады.
Экономикалық мүдделер- өндірісті дамытудың, бүкіл экономикалық жүйенің қозғаушы күші. Экономикалық мүдделердің маңызды сипаты – оның объективтілігі. Ол экономикалық қатынас арқылы қалыптасады. Әр қоғамның экономикалық қатынастары ең алдымен мүдделер ретінде көрініс алады.
Қазіргі қоғамның экономикалық мүдделер жүйесі мемлекеттің, ұжымның және жеке адам мүдделерін қамтиды. Олай болса мүдделерді нақты білдіруші – қоғам, әлеуметтік топтар, таптар, ұлттар, аймақтар, өндірістік ұымдар, қоғам мүшелері.


Тақырып бойынша қосымша сұрақтар

  1. Меншікке деген құқықтарды атап олардың әрқайсысына сипаттама беріңдер.

  2. Жеке және заңды тұлғалар арасында айырмашылық бар ма?

  3. Мемлекетсіздендіру дегеніміз не?

  4. Жекешелендірудің артықшылықтары мен кемшіліктерін сипаттаңдар?

  5. Қазақстан экономикасының дамуының болашағы?

Қоғамдық өндірістің нысандары. Ақша.
Дәріс 4. Ақпараттық дәріс.

  1. Натуралды шаруашылық: мәні және эволюциясы.

  2. Тауарлы шаруашылығы: мәні және негізгі белгілері.

  3. Тауар және оның қасиеттері. Құн теориялары.

  4. Ақша. Ақшаның қызметтері. Ақшаның қасиетттері.

Дәрістің мақсаты: қоғамдық шаруашылық формаларын анықтап, тауарлық шаруашылықтың мәнің ашу, тауар қасиеттерімен танысу, ақшаның айналым заңын ұғу.


Негізгі ақша жүйелері. Қазіргі заманғы ақша жүйесіндегі ақша эволюциясы. Баға құнның ақшалай көрінісі ретінде. Экономикадағы тенге: әлеуметтік-экономикалық салдары және болашағы.


Негізгі ұғымдар: өндіріс, тұтыну, айырбастау, бөлу, тауар, құн, құн заңы, ақша, айналым заңы, т.б





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет