Орындаған: Еділбек Ақәділ фк-301



Дата24.09.2023
өлшемі18,15 Kb.
#110055
Байланысты:
сөж мад.т мадениет семиотикасы

Орындаған:Еділбек Ақәділ фк-301



СӨЖ 2 Тақырыбы: Мәдениет семиотикасы.

1. Мәдениетті зерттеуде адамның ақпаратты өндіру, айырбастау және сақтау барлық іс-әрекеті белгілі-
бір тұтастыққа ие деген бастапқы алғышарт болып табылады. Жеке алынған таңбалық белгілер жүйелері 
имманентті ұйымдастырылған құрылымнан тұрады деп топшыланса да бір-біріне сүйене отырып, яғни 
бірлікте ғана жұмыс істейді.

1.1. Семиотикалық тұрпатнамалық сипаттағы зерттеулерде мәдениет түсінігі бастапқы ретінде 
қабылданады. Бұл жерде мәдениеттің өзіне өз тұрғысынан қарайтын көзқарасы мен оны бейнелейтін 
ғылыми метажүйесінің көзқарасынан қарауды айыра білу керек. Бірінші ұстанымнан қарағанда, мәдениет 
шектелген аймақ түрінде көрінеді, оған одан тысқары жатқан адамзат тарихының, тәжірибесінің немесе іс-
әрекетінің құбылыстары қарама-қарсы тұрады. Сонымен, мәдениет түсінігі оны “мәдениет емеске” 
қарама-қарсы қоюмен ажырағысыз байланыста. Оның қандай ұстаныммен іске асуы (нағыз дін – жалған 
дінге, ағартушылықтың – надандыққа, белгілі бір этникалық топқа кіру – оған кірмеу және т.с.с. антитезі), 
– берілген мәдениеттің тұрпатына жатады. Алайда тұйық орта аясына кіргізілгендік пен одан бөлек болу 
сияқты қарама-қарсылықтар мәдениет түсінігін оның “ішкі” көзқарас жағынан ұғынуының ерекше 
мәнділігін құрайды. Осы жағдайда қарама-қарсылықты абсолюттендіру сипаты жүреді: мәдениет өзінің 
“сыртқы” контрагентін қажет етпейді және имманентті түсінуге келмейтін секілді.

Мәдениеттің рәміздері мен архетиптері.

мәдени тұлғаның рухани-шығармашыл қазынасын қауымдық тылсым құрастырады. Осы көмескі сананың, тылсымның құрылымдық бөліктерін архетиптер деп атайды. Оларға адамның рухани өмірін априорлы (тәжірибеге дейін) қалыптастыратын және оның іс-әрекетін, мінез-құлық жүйесін жалпылама анықтайтын құндылықтар қисыны жатады. Осының негізінде адамда «мендік» сезім, этноста ортақ уақыттық кеңістіктік өріс пайда болады. Архетип ұғымының ең басты белгілеріне уақыт пен кеңістік жатады. Өйткені оның тікелей хронотоптық сипаты бар және ол — уақыт пен кеңістіктегі мәдени әлемді адамның игеруінің негізгі шарттарының бірі. Әрбір халық өз мәдениетін еркін дамытуға мүмкіндік алған кезде архетиптеріне жиі оралады. Мысалы, соңғы кездегі мәдениет пен өнердің әр саласындағы «ұлттық негіздерді жаңғырту» идеясы осымен ұқсас.

Қазақ мәдениетінің архетипіне көптеген зерттеушілердің пікірі бойынша орта ғасырларда қалыптасқан еуразиялық мәдени кеңістікті қамтыған түріктік халықтар мен тайпалардың негізінен көшпенді мәдениеті жатады. Архетиптік уақыт мифологиялық дүниетаным қойнауынан шыққанымен, оның өзіндік ерекшеліктері бар. Архетиптік уақыт жазусыз мәдениеттен алғашқы жазу-сызу мәдениетінің қалыптасуымен байланысты болған. Оның табиғи кванттары жадылық бітімнен код-текстерге көбірек негізделген. Мәдениет өз негізінде күрделі құндылықтар жүйесінен тұрады. Мәдениеттің кез келген элементі мен адамға қатысты дүние құндылық ретінде қарастырылуы мүмкін. біздің мәдениет аясындағы құндылықтарды түсіндірудегі ортақ ұғымымыз «мән-мағына» болып табылады екен. Мәдениет – құндылықтар мен мән-мағыналар әлемі. Ал, рәміздік үрдіс адамзат мәдениетінің мәнін, оның табиғи болмысы мен дамуының көкжиегін анықтайды. Рәміздер адамзаттың рухани жасампаздығы мен шығармашылығының барлық деңгейінен өтеді . Философиялық зерттеу үрдісінде рәміз барлық құбылысты түгел қамтитын жинақтауыш ұғым ретінде сипатталады. Бұл тұрғыдан алғанда, рәмізді табиғи болмыстың бейнесі және оның мәденимағыналық көрінісі деп толығымен айта аламыз. Жильберт Дюранд «рәміздер формалық жағымен зерделенбеуі керек, олар ойлау категориялары болғандықтан, көріністің өмірлік мағыналық күші болуы қажет» – деп сараптайды. Рәміздер әлеуметтік өмірде ақпараттық хабар беріп, бағытын көрсетуде адамзаттың сан ғасырлық мәдени-тарихи және рухани мұраларын, құндылықтарын бейнелеп, өз бойына мәдениет дәстүрін сақтайды. Рәміз ұғымының мәнін ашып көрсету мәдениет философиясының еншісіндегі өзекті міндеттердің бірі деп айтуға болады. Осы тұрғыда батыс ғалымы Энтони Смит тарихи жады, ұлттық аңыздар, рухани құндылықтар мен ұлттық рәміздер ұлттық бірегейліктің бітей қайнасқан бөліктері ретінде анықтайды. Поль Рикер рәміздің екі жақтылығын сипаттап біржағын архаикалық бейнелермен, екінші жағынан мүмкіндік категориясымен ұштастырады. 

Мәдениеттің семиотикалық концепциялары: Ф. Соссюр, Ю.Лотман, Э.Кассирер.


  • Белгілі француз ойшылы Леви-Стросстың «ХХІ ғасыр – гуманитарлық ғылымның ғасыры болады, әйтпесе ол мүлде болмайды» дегені бар. Ал Тарту-Мәскеу семиотикалық мектебінің негізін қалаушы Юрий Лотман болса, «Адамзаттың зияткерлік тарихы – адам жады үшін күрес» дей келе, бұл мәселеге одан да кеңірек қарайды.

  • Лотман мәдениет және тіл, мәдениет және мәтін, мә­де­ниет және тарих, мәдениет және ақпарат, мәдениет және мәтін функ­циясы, мәтін мен тарих, мәтін­нің тарихи заңдылықтары деген күрделі қарым-қатынастарды арнайы қарастырып, олардың түп негізін қозғайды.






Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет