«Экономика және кәсіпкерлік негіздері» пәнінен дәріс жинағы


Қазіргі экономикадағы меншіктің түрлері мен нысандары



бет14/58
Дата29.03.2023
өлшемі0,49 Mb.
#77215
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   58
Байланысты:
ЭК-лекция 2

3.2.Қазіргі экономикадағы меншіктің түрлері мен нысандары.
Меншіктің түрлі тарихи қалыптасқан типтері бар, олардың бастылары- жалпы және жеке меншік. Жалпы меншік алғашқы кезде пайда болды, ол ортақ еңбек ету мен оның нәтижелерін бірлесе отырып иемденуге негізделеді. Кейінірек жеке меншік пайда болды. Ол екі түрге, яғни еңбекке негізделген жеке меншік және еңбекке негізделмеген жеке меншік болып бөлінеді.
Еңбекке негізделген жеке меншіктің субъектілеріне – жеке дара қызметпен айналысатын адамдар, шаруалар, фермерлер,қолөнершілер және өз еңбегімен өмір сүріп жатқан азаматтар жатады.
Жеке меншіктің екінші түріне – бөтеннің еңбегі есебінен дәулет жинайтындар жатады.
Сонымен бірге иемденудің үшінші түрі- аралас меншік пайда болды, оның мүлігі қатысушыларының ақша қаражаттарынан және басқалай жарналарынан құралады. Қазақстан Республикасында қабылданған Заңдарға сәйкес – жеке меншік, мемлекеттік меншік, муниципалды және басқа меншік формалары орнығуда.
Мемлекеттік меншік дегеніміз – меншік объектілерін басқару мен шешімдер қабылдауды үкіметтің өкілетті өкілдері жүзеге асыратын жағдайда қалыптасқан экономикалық қатынастар жүйесі болып табылады.
Мемлекеттік меншік – бүкіл халық шаруашылығы деңгейінде (республикалық), облыс деңгейінде (коммуналды), аудан мен қала деңгейінде (муниципалды- жергілікті басқару органдарына қатысты ) қалыптасады.
Ұжымдық меншік деп еңбек ұжымының өндіріс құрал-жабдықтары мен өнімдерді бірлесіп басқару, пайдалану және шешімдер қабылдау барысында қалыптасқан экономикалық қатынастар жүйесін айтады. Қазақстандағы ұжымдық меншіктің түрлеріне – коопиративтік және акционерлік меншік, еңбек ұжымдары мен қоғамдық ұйымдардың меншіктері жатады.
Мемлекет иелігінен алу- бұл мемлекеттік кәсіпорындарды тікелей әкімшіл- әміршілдік жүйеден нарықтық жйеге көшіру.
Жекешелендіру- жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік меншіктегі объектілерді сату немесе тегін беру.
Жекешелендіру — меншік қатынастарын реформалау арқылы мемлекеттік меншікті меншіктің басқа нысандарына айналдыру процесі. Ол бұрынғы социалисттік жүйеден нарықтық экономикаға көшудің өзекті шарты болып табылады, шаруашылық субъектілерінің іс белсенділігін күрт арттыру үшін, экономикалық бәсекелестікті жандандыру үшін жүргізіледі. Мемлекеттік өндіріс орындарын жекешелендіру — күрделі мәселе, ол әсіресе халықтың менталитетіне тура байланысты болғандықтан қысқа мерзімде өткізу қиын. Әсіресе, жерді, оның қазба байлықтарын жекешелендіру ұзақ уақытты талап етеді. Сол сияқты кейбір стратегиялық маңызды салаларда (қару-жарақ, ядролық заттар, тағы басқа өндірістер), не болмаса нарыққа көшіруге әлі толық негіз болмаған жағдайларда (іргелі ғылым, кейбір білім,мәдениет, өнер, тағы басқа орталықтар) жекешелендіру жүргізілмейді, олар мемлекет меншігінде қала береді. Қазақстан Республикасында мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру процесі шаруашылық серіктестіктер және акционерлік қоғамдар жөнінде заңдар жүйесімен, нормативтік актілер арқылы және мемлекеттік бағдарламалар негізінде жүргізілді
Сонымен қатар, ұлттандыру шаруашылықтың негізгі нысандарын жеке меншіктен мемлекет меншігіне көшірілуі. Денационализация- ұлттандырылған мүліктерді бұрынғы иелеріне қайтаруды білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет