8-дəріс. Тақырыбы: Бəсеке жəне монополия Қарастырылатын сұрақтар (дəріс жоспары):
1.Бəсекенің мəні, оның экономикадағы ролі.
2.Жетілген жəне жетілмеген бəсекенің теориясы.
3.Жетілмеген бəсеке нарығының үлгілері.
4.Монополия теориясы. Монополиялық тео-рияның маңыздылығы. ҚР-ғы
антимонополиялық заңдылықтар жəне антимонополиялық саясат.
Дəрістің қысқаша мазмұны: Нарық механизмінің негізгі элементтерінің бірі- бəсеке.
Бəсеке дегеніміз - тауар өндірушілер арасындағы жоғары пайда табу
барысында өз өнімдерін өткізудегі жарысы.
Нарық құрылымының көптүрлілігіне байланысты бəсекенің 2 түрі бар:
а) жетілген бəсеке;
ə) жетілмеген бəсеке.
Бəсекенің бөлінуіне əсер ететін факторлар: фирманың көлемі мен саны,
өнім түрлілігі, нарыққа кіріп-шығу шарттары, ақпарат алу мүмкіндігі, бағаға
бақылау жасау деңгейі.
Жетілген бəсеке дегеніміз - бірнеше мың сатушылардан құралатын
бəсеке. Жетілген бəсекеде фирма нарықтық бағаға əсер ете алмайды.
Сатылатын тауарға бағаны нарық белгілейді.
Жетілмеген бəсеке дегеніміз - таза бесекенің кем дегенде бір шарты
орындалмайтын бəсеке түрі.
Жетілген жіне жетілмеген бəсеке арасындағы айырмашылықты келесі
кестеден көруге болады:
Бəсеке формалары
Фирмалардың саны мен көлемі өнім түрлері
Нарыққа ену
шарттары
Ақпарат алу мүмкіндіктері
Жетілген
Көптеген кіші фирмалар Біртекті өнім
Ешқандай қиындық жоқ Қиындық
жоқ
Монополиялық Көптеген кіші фирмалар əртүрлі өнім
Қиындық жоқ Бірнеше қиындық
Олигополия
Бірнеше ірі фирмалар Біртекті өнім
Жекелеген қиындықтар бар
Бірнеше шектеулік
монополия
Жалғыз фирма Ең жоғары сападағы өнім
Кіруге мүмкіндік жоқ
шектеулі
Жетілмеген бəсекенің 3 түрі бар:
а) Монополиялық бəсеке- 10-100-ге дейінгі фирмалар арасындағы
бəсеке. Олар тауарлардың ішінде қз тауарының артық екеніне көндіргісі
келеді. Мұндай бəсекеге киім-кешек, сабын, кір жуатын ұнтақ сататын
нарықтар жатады. Бір-біріне ұқсас тауарлар өндіретін, бірақ
тұтынушылардың ойы боыынша əртүрлі тауарлар шығаратын фирмалар.
Олардың тауарлары бір-бірінен сыртқы көрінісі арқылы ерекшеленеді.
ə) Олигополия – 1-10-ға дейінгі бірнеше ірі фирмалардың арасындағы
бəсеке.
Олигополиялық нарыққа кірудің негізгі шарты- капитал деңгейі, жаңа
техника жəне технология өндірісіне бақылау жүргізу. Өндіретін өнім түріне
қарай олигополия 2-ге бөлінеді:
1.
Таза олигополия- бұл кəсіпорында бірдей стандартты өнім өндіру.
1
Ф КазНПУ 0703-03-18 (1). Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Екінші басылым.