Экономика және кәсіпкерлік негіздерінен Дәрістер қаз 2022-2023 Жазылбек


-дəріс. Тақырыбы: Халықаралық экономикалық қатынастар. Сыртқы



Pdf көрінісі
бет15/15
Дата15.02.2023
өлшемі410,98 Kb.
#68171
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Экономика дәріс

15-дəріс. ТақырыбыХалықаралық экономикалық қатынастар. Сыртқы 
экономикалық қызметті реттеу. 
Қарастырылатын сұрақтар (дəріс жоспары): 
1.Халықаралық еңбек бөлінісі жəне елдің бəсекелестік қабілеттілігі. 
2.Салыстырмалы артықшылықтар теориясы.
3.Халықаралық еңбек бөлінісіндегі Қазақстанның орны. Жаһанданудың 
қазіргі тенденциялары.
4.Сыртқы экономикалық қызметті реттеудің мақсаттары мен құралдары. 
5.Əлемдік интеграциялық процестер мен халықаралық экономикалық 
ұйымдарға Қазақстанның қатысуы. 
Дəрістің қысқаша мазмұны: 
Əлемдік экономика немесе дүниежүзілік шаруашылық дегеніміз - 
ұлттық шаруашылықтардың жиынтығы. Ол үздіксіз қозғалыста жəне өсу 
үстінде болады. 
Дүниежүзілік шаруашылық өзара байланысты 2 жүйеден - ұлттық 
шаруашылықтардың жиынтығы мен халықаралық экономикалық 
б а й л а н ы с т а рд а н т ұ р а д ы . О н ы ң д ү н и е ж ү з і л і к ш а руа ш ы л ы қ т ы 
байланыстыратын бірнеше элементтері бар. Мысалы, егер бұл категорияға 
техникалық-экономикалық тұрғыдан қарайтын болсақ, дүниежүзілік 
шаруашылықтың дамуы жалпы бір заңдылыққа бағынады. Сондай-ақ
қоғамдық құрылымның сипаты мен жекелеген елдердің ұлттық 
шаруашылығы, əр мемлекеттің ішкі жəне сыртқы саясаты - оның басқа 
елдермен экономикалық байланыстарының бағытын, дүниежүзілік 
шаруашылықтың əлеуметтік-экономикалық сипатын көрсетеді. 
Əлемдік экономика- экономикадағы жалпы заңдылықтармен бірге, 
нақтылы болып жатқан құбылыстарды да зерттейді.
Ұлттықэкономиканың дүниежүзілік шаруашылықпен қосылуының 
өзіндік ерекшеліктері бар. Кез келген мемлекеттің сыртқы экономикалық 
байланыс жүйесіндегі ең сезімтал тұсы- оның экономикалық саясаттағы, 
яғни халықаралық байланыстар жүйесінде атқарып отырған қызметінде.
Қазіргі кезде кез келген мемлекеттің сыртқы экономикалық 
байланысы, оның көлемі, құрылымы, ол байланыстардың бейнесі барлығы- 
ұлттық шаруашылықтың дүниежүзілік байланыстағы деңгейін көрсетеді. 
Əлемдік шаруашылық жəне оның бір бөлігі болып халықаралық 
экономикалық қатынастар саналады. 
ХЭҚ-тың негізгі формаларына жататындар: халықаралық сауда; 
капитал қозғалысы; жұмысшы күші миграциясы; халықаралық жұмысшы 
күші миграциясы; халықаралық өндірісті кооперациялау; ғылыми-
техникалық айырбас; валюта-несие айырбасы. 
Дүниежүзілік шаруашылықтың құрылымы жəне əлемдік экономикалық 
қатынастар – елдер арасындағы өндірістік күш пен өндірістік қатынастардың 
деңгейімен анықталады. Əлем əртүрлі əлеуметтік-экономикалық жүйеге 
бөлінген. Олар халықаралық топтарға бірігеді.
Халықаралық тəжірибеде елдерді топтастырғанда негізгі үш топқа 
бөлеміз: 1) нарық экономикасы дамыған елдер; 2) экономикасы-нарық 
жүйесіне өту барысындағы елдер; 3) дамушы елдер. 
1
Ф КазНПУ 0703-03-18 (1). Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Екінші басылым. 


Ф КазНПУ 0703-03-18 (1). Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Екінші басылым. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет