Экономика және кәсіпкерлік негіздерінен Дәрістер қаз 2022-2023 Жазылбек


-дəріс. Тақырыбы: Экономикалық жүйелердің негізгі типтері мен



Pdf көрінісі
бет4/15
Дата15.02.2023
өлшемі410,98 Kb.
#68171
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Экономика дәріс

4-дəріс. Тақырыбы: Экономикалық жүйелердің негізгі типтері мен 
олардың даму заңдылықтары 
Қарастырылатын сұрақтар (дəріс жоспары): 
1.Экономиканы жүйелі тұрғыда қарастыру қоғамның экономикалық жəне 
оның əлеуметтік-экономикалық дамуы кезеңдерінің негізгі заңдылықтары. 
2.Өндірістің бес тəсілі.
3.Экономикалық жүйе жəне оның элементтері. Экономикалық жүйелерді 
жіктеп анықтау.
4.Өтпелі экономика жəне оның негізгі сипаттық белгілері.
5.Əкімшіл-əміршіл экономикалық жүйенің нарықтық экономика ретінде 
өзгеруі.
Дəрістің қысқаша мазмұны: 
Экономикалық жүйе қоғамның ерекше құрылымы белгілі елдің нақты 
жағдайындағы шаруашылық практикасынан туындайды. Кез келген елдің 
экономикасы үлкен, дербес жүйе ретінде қызмет етеді, онда шаруашылық 
əдістері, салты, орын алған құндылықтары, өзіндік өмірді түсінулері 
бейнеленеді. 
Меншіктің əр түрлі формалары мен түрлерінің мəңдік қасиетгері 
экономикалық жүйелерде байқалады. Экономикалық жүйе халықтың 
шаруашылық практикасының накты жағдайында пайда болатын, қоғамның 
ерекше күрылымын бейнелеп көрсетеді. Бүнда халықтың шаруашылық 
дағдысы, дэстүр-салты, рухани қал-жағдайы, оның құрметгеп бағалайтын 
жəйттары жəне өмірге, дүниеге деген ерекшелік көзқарастары қамтылады. 
Міне осындай жағдайлардың өзі, жүйелердің біркелкі болуын мүмкін 
етпейді, олар қашан болмасын нақты болады, өздері бейнелейтін модениетке 
сай келеді. 
Экономикалық жүйенің ерекше қасиеттері болады, экономи-каны 
реформалағанда солармен есептесу керек. Бір жақтан, экономикалық жүйе 
сыртқы ортамен зат жəне куат айырбастасып отыратын ашык, жүйе болады, 
əлемдік тəжірибе айырбасына кедергі жасамайды, өзінің элементгерін 
жаңаландырып отырады, т.б. Екінші жақтан, нақты өркениеттің мəдени 
қүбылысының бір көрінісі ретінде, экономикалық жүйе, алдымен өркениеттің 
осы типін үдайы өндіріуге максатталады. Сондықтан ол қатал, түйық жүйе 
болып əрекет етеді: бір экономикалық жүйеде пайда болған үлгінің, басқа 
экономикалық жүйелерде қолданылу мүмкіндігі томен, шектелген болады. 
Бұл экономикалық жүйенің этникалық байла-ныстарын жəне оның 
өркениеттік түтастығын бүзбай сақтауға көмек береді. Табиғи шек қоюшы 
тетіктер рөлін, осы қоғамның тұрақтылығын жəне оның өзін-өзі үдайы 
өндіру қабілетін сақ-тауға ат салысатын, экономикалық жүйенің əдет-
ғүрыптары, салты т.б. атқарады. 
Қоғамдық өндірістің дамуы, экономикалық жүйелердің сыртқы 
ортамен тұрақты байланысқа ашықтығы, осы жүйенің жаңа-шыл 
жағдайлармен толықтырылып жетіле беруіне кемектеседі. Бұл ішкіжүйелік 
өзгерістердің жүруі арқылы жүзеге асырылады. Осының нəтижесінде 
экономиканың жаңарған үлгісі жарыққа келуі мүмкін. Экономикалық
ғылымда «экономикалық үлгі» деген түсінік қолданылады. Бұл нақты 
1
Ф КазНПУ 0703-03-18 (1). Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Екінші басылым. 


5апта
№ 5 
дəріс


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет