Айналым қаражаттарының құрамы дегеніміз айналыстық өндірістік қорлар мен айналым қорларын құрайтын элементтердің жиынтығы болады. Айналым қаражаттарының элементтері болып мыналар табылады: шикізат, негізгі материалдар мен сатып алынатын жартылай фабрикаттар, қосымша материалдар, жағармай, жөндеу жұмыстарына арналған құралдар, құрал-саймандар, шаруашылық инвентарь және тағы басқа аз құнды және тез тозатын нәрселер, аяқталмаған өндіріс және өздері дайындаған жартылай фабрикаттар, алдағы кезеңдегі шығыстар, дайын өнім, жеткізілген тауарлар, ақшалай қаражаттар, дебиторлар, және тағы басқасы. Айналым қаражаттарының құрылымы деп айналым қаражаттарының жалпы соммасындағы элементтердің арасындағы қатынасты атайды./2/
Айналым қаражаттарының құрылымы мен құрамы экономиканың әр түрлі салаларында бірдей емес. Олар өндірістік, экономикалық және ұйымдастырушылық тәртібіндегі көптеген факторлармен анықталады.
Сондықтан өнеркәсіптік кәсіпорындарға қатысты негізгі ерекшелік олардың айналым қаражаттарында тауарлы-материалдық құндылықтар қорлары мен дебиторлық қарыздың көн бөлікті алатыны болады./5/
Айналым қаражаттарын ұйымдастырудың негізгі қағидаларының бірі болып нормалау табылады. Бұл қағиданы жүзеге асыру меншікті айналым қаражаттарының қажетті көлемін экономикалық дәлдікпен анықтауға және соның арқасында өндірістік және төлем-есептік қызметтерді табысты орындау үшін қолайлы жағдайды туғызуға мүмкіндік береді. Айналым қаражаттарын нормалаудан бас тарту болып табылатын жағымсыз қате тәжірибе – төлем – есептік тәртіптің дағдарыстық жағдайының себептерінің бірі.
Айналым қаражаттарын дұрыс ұйымдастырудың маңызды қағидасы оларды қатаң мақсатты бағыттылығы бойынша қолдану болып табылады. Шығындарды, шаруашылықсыз негіздегі шығыстарды жабу, ссудалар бойынша жоғарғы банктік пайыздарды төлеу, салық төлемдерін бюджетке аудару үшін өндірістік айналыстан авансталған айналым қаражаттарын бөліп алу арқылы бұл қағиданың бұзылуы төлем-есептік тәртіптің дағдарысына, бюджетке салық төлемдері бойынша, еңбек ақы бойынша жұмысшылар мен қызметкерлер алдындағы, жеткізілетін дайын өнім мен шикізат үшін жабдықтаушылар алдыңдағы қарыздардың өсуіне әкелді.
Айналым қаражаттарын ұйымдастырудың негізгі қағидасы олардың сақталуын қамтамасыз ету, рационалды пайдалану мен айналымдылығын жылдамдату болып табылады. Кәсіпорынның айналым қаражаттарын ұйымдастыру статистикалық мәліметтер, жедел және бухгалтерлік есеп негізіндегі зерттеулер мен ревизия арқылы қолдану тиімділігі мен сақталуына жүйелі бақылауды қамтиды.
Көптеген кәсіпорындардағы айналым қаражаттарына деген жеткіліксіздік себептерінің бірі шикізат келіп түсуінің тұрақты болмауы болып табылады. Бұл шикізатты тұтынудың тәуліктік нормасынан кейде 30-50 есе көп сатып алуына әкеп соғады. Яғни көптеп төлеу орын алады, сондықтан, көп айналым қаражаттар қажет./6/
Кәсіпорын айналым қаражаттарын талдау жүйесінде негізгі орынды олардың ағымдық жағдайын және пайдалану интенсивтілігі мен экстенсивтілік көрсеткіштерін зерттеу болып табылады.