Экономика және оның қоғамдағы рөлі Экономика



бет41/47
Дата17.12.2022
өлшемі0,82 Mb.
#57857
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   47
49. Кәсіпкерлік мәдениеті
Кәсіпкерлік мәдениет - бұл құндылықтар туралы түсінік пен нақты сенімді үйлестіре отырып жүзеге асыру жүйесі. Бұл тұргыда қүндылықтар туралы түсінік кәсіпорын үшін не маңызды екендігін, ал сенім - кәсіпорын қалай қызмег ету керек және оны қалай басқару қажет екендігін анықтауга мүмкіндік береді. Кәсіпкерлік мәдениет - белгілі бір уақыт аралығында субъектілерді кәсіпкерлік аяда экономикалық белсенділіктің қандай да бір түрлеріне бағыттайтын, кәсіпкерліктің тұрақты дамуына септігін тигізетін, жинақталған тәжірибені беруді қамтамасыз ететін мінез-қүлық үлгілерінің, құндылықтар жүйесінің, әлеуметтік нормалардың, іргелі қағидалар мен қоғамдық институттардың жиынтыгы болып табылады. Кәсіпкерлік мәдениеттің қалыптасуы бірнеше факторлармен анықталады, соның ішінде бірінші орын алатыны жақанданған кәсіпкерліктің сыртқы ортасы; қоғамдық және мемлекеттік менталитет; кәсіпкерлердің құқықтарын, міндеттерін, жауапкершілігін реттейтін нақты жұмыс жасайтын құқықтық нормалар, соның ішінде әрине кәсіпкердің өзі және корпоративтік мәдениет. Мәдениет қызметтің әр түрлі нысандарында және әлеуметтік жүйелердің әр түрлі деңгейлерінде танылады. Мәдениеттің екі жағын бөліп көрсетеді: рухани және материалдық. Материалдық мәдениеттің қүрамына нысандары мен типтері бойынша алуан түрлі материалдық-өндірістік база, оның ішінде шикізат және энергетикалық ресурстар, еңбек қүралдары және материалдық өндірістің басқа да өнімдері, адамдардың материалдық- заттық, тәжірибелік қызметі, өндіру, айырбастау және түтыну барысындағы материалдық-заттық қатынастар, материалдық құндылықтар жатқызылады. Кәсіпкерлік мәдениеттің негізгі элементтеріне мыналар жатқызылады: 1) Кәсіпкерлік қызметтің заңдылығы; 2) Міндеттер мен міндеттемелерді мінсіз орындау; 3) Кәсіпкерлік субъектілерінің өз бизнесін адал жүргізуі, адамдармен, тұтынушылармен, әріптестермен, мемлекетпен адал қарымқатынаста болу; 4) Кәсіпкердің жалпы этикалық нормаларды сақтауы; 5) Кәсіпкерлік қызметтің қажеттілікті қанағаттандыруға бағытталуы; 6) Кәсіпкерлік іс- әрекетті болжау мүмкіншілігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет