Экономика және оның қоғамдағы рөлі Экономика


Кәсіпкерлік құпияның мәні және қорғау жүйесі



бет40/47
Дата17.12.2022
өлшемі0,82 Mb.
#57857
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   47
46. Кәсіпкерлік құпияның мәні және қорғау жүйесі
Кәсіпкерлік құпия - бұл таралуы зиян келтіретін кәсіпорынның қызметі туралы мәліметтерді құпиялауға (мәліметтерді пайдалануға шектеу қою) кәсіпорынның, кәсіпкердің заңмен қорғалатын құқығы. Кәсіпорын мен кәсіпкерлер таралуы олардың нарықтағы позициясын әлсірететін және бәсекелестері үшін қызығушылық тудыратын, өз қызметінің барлық жақтары туралы ақпаратты құпияда ұстауға құқықтары бар.
Кәсіпкерлік құпия — бұл ең алдымен өндірістік құпия, ғылыми-зерттеушілік, жобалық-конструкторлық, технологиялық зерттеулердің, қосалқы міндеттердің жеке шешімдері және нақты өндіріс үрдісінде пайда болатын нәтижелер. Ол өндірістің техникасы мен технологиясы, жобаланып және өндіріске дайындалып жатқан өнімнің жаңа түрлері , олардың өзіндік құны мен болжамдық бағасы, өндірісті ұйымдастыру және т.б. туралы ақпарат болуы мүмкін. Сонымен қатар нақты өндірістік үрдістердің басқару әдістеріне қатысты ар-найы техникалық шешімдер де болуы мүмкін. Құпияның коммерциялық мәні мәмілеге қатысушыларыдың оны дай-ындауымен және жүзеге асыруымен тікелей байланысты. Коммерциялық құпия болып табылатын ақпаратты қорғау барысында кәсіпорын екі бірдей міндетті шешуі қажет. Бірінші, ол өз қызметі жайында тұтынушылар және жабдықтаушыларды жарнамалау және ақпараттық мәліметтермен қамтамасыз етуі қажет. Екінші, кәсіпорын қызметінің көптеген аспектілерін жар-намалау үшін, оның нақты ақпараттық мәліметтерін ашық пайдаланбау мүмкін емес. Бұл жағдайда кәсіпорынның коммерциялық қүлиясын ашу проблемасы туындайды
Құпияны қорғаудың барлық әдістеріне қарамастан, ақпараттың таралып кететін жағдайлары болады. Сондықтан да кәсіпорынның коммерциялық құпиясын қорғау бойынша заңнаманы бұзудағы кінәлілерге әсер етудің барлық құралдары болу керек (3-сурет).
ҚР Үкіметі шешімімен коммерциялық құпияны құрмайтын мәліметтер тізбегі анықталған. Ол:
кәсіпорынның құрылтай құжаттары, тіркеу куәліктері, патенттер, лицензиялар;
• бюджетке төлемдер мен салықтардың дұрыс есептелгенін тексеру үшін қажетті және есептіліктің орнатылған түрлері бой-ынша мәліметтер;
• төлем қабілеттілік туралы мәліметтер; қызметкерлердің саны, құрамы, олардың жалақысы мен еңбек жағдайлары туралы, сонымен қатар бос жұмыс орындары туралы мәліметтер;
• салықтар мен міндетті төлемдерді төлеу туралы құжаттар;
• қоршаған ортаның ластануы, монополияға қарсы заңнаманың бұзылуы немесе еңбек жағдайларының қауіпсіздігі, тұргындардың денсаулығына зиян тигізетін өнімді өткізу туралы және заңнамаларды бұзғаны туралы мәліметтер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет