Экономикалық-әлеуметтік география халық пен шаруашылықтың орналасуы,яғни қоғам өмірінің аумақтық орналасуын зерттейді


Тамақ өнеркісібінің салалық құрамы



бет2/2
Дата06.01.2022
өлшемі318,02 Kb.
#13385
1   2
Тамақ өнеркісібінің салалық құрамы



  • Тақырып: Тамақ өнеркәсібі

Ет өнеркәсібі-тамақ өнеркәсібінің ірі саласы.

Ет комбинаттары Семей, Петропавл, Орал, Алматы, Қызылорда қалаларында орналасқан.

Макорон зауыттары Алматы, Қарағанды, Петропавл, Шымкент, Семей қалаларында орналасқан.

Ақтөбе макорон жасайтын фабрикасы Италияның технологиясымен жабдықталған.

Қант өнеркәсібі зауыттары: Боролдай, Тараз, Шу, Мерке, Қарабұлақта орналасқан.

Сүт өнеркәсібі зауыттары: Алматы, Қарағанды, Қостонай, Павлодар, Шымкент қалаларында орналасқан.

Күнбағыс майын шығаратын зауыттар Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында орналасқан.

Тамақ өнеркәсібінің орналасуына шешуші әсер ететін негізгі 2 фактор-шикізат және тұтыну.

1 т күнбағыс майын алуға 2-3 т күнбағыс дәні,май алуға 5,-5,5 т мақта дәні қажет.

Қант өнеркәсібі (Алматы,Жамбыл) облыстарында орналасқан.

Өсімдік майын алу күнбағыс өсірілетін (Өскемен), мақта мен мақсары өсіретін (Шымкент) аймақтарында орналасқан. Алматы мен Ақтөбенің зауыттары негізінен тасымалданып әкелінген майды шақпақтайды. Өскеменде өсімдік майын айыру халуа зауыты жұмыс істейді.

Балық өнеркәсібі өнімінің жартысына жуығын (Атырауға жақын) Балықшы селосында өңдейді.

Ең ірі кондитер өндірісі Алматыда Рахат, Қостанайдағы Баян Сұлу фабрикалары. Ең ірі контитер өндірісі-Алматы мен Қостанайда, шай-Алматыда, макарон өнімдері-Петропавлда орналасқан


  • Тақырып:Жеңіл өнеркәсіп

Мақта тазалау зауыттары Онтүстік Қазақстан, Мақтаарал елді мекенінде орналасқан.

Жүн жуу комбинаттары Семей, Таразда.

Тоқыма өнеркәсібінің ірі кәсіпорны Алматы мақта мата комбинаты.

Трикотаж бұйымдарын шығаратын фабрикалар Алматы, Қарағанды, Шымкент, Өскемен, Жезқазғанда.

Шұлық шығаратын зауыттар Семей, Қарағанды, Шымкентте.

Астана қаласында жүн иіретін комбинат бар.

Өскеменде жібек маталарын шығаратын комбинат бар.

Орал, Қызылорда, Тараз, Қостанай қалаларында былғары тері илеу зауыттары бар.

Аяқкиім зауыттары Алматы, Семей, Тараз, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай қалаларында.

Фарфор-фаянс Астана, Қапшағайда орналасқан.





Жеңіл өнеркәсіптің басты саласы-мата тоқу.

Мата шығару өңдеудің 4 сатысынан өтеді.

Бірінші сатысы-металлургиядағы кен байыту сияқты, мақтаны,жүнді өңдеу болып табылады. 1 т жуылған жүн алу үшін 2 т жуылмаған жүн,ал 1 т мақта талшығын алу үшін 3 т-дан астам мақта шикізаты қажет. Келесі сатылары жіп иіру,тоқыма немесе әрлеу фабрикалары.

Мақта –мата өнеркәсібі Оңтүстікте шоғырланған.

Жүн өнеркәсібінің бастапқы өңдеу фабрикалары Шымкентте,Таразда т.б. қалаларда, мата тоқитын фабрикалар Алматыда.

Тері илеу зауыттары-Петропавл,Рудный,Тараз қалаларында орналасқан.



  • Тақырып:Көлік кешені

Көлік төрт құрамас бөліктен тұрады. 1)Көлік құралдары (автомобильдер, ұшақтар,кемелер);2)жолдар(темір,автовиль жолдары,құбырлар,әуе,теңіз);3)ұйымдар(авиациялық,теңіздік,теміржол компаниялары);4).Тиеу-түсіру пунктері(теңіз және «әуе»порттары,теміржол стансалары.

Теміржолдар Қазақстанда ХIХ ғасырда пайда болды.

Қазақстанда мередиан бағытта үш магистриаль: Орынбор-Ташкент, Түркістан-Сібір, Трансқазақстан орналасқан.

Орынбор-Ташкент темір жолы- 1905-1907 жылдары салынған ескі жол. Еліміздің батыс және оңтүстік аудандарын байланыстырады.Қазақстанды Ресей, Украйна және Орта Азия елдерімен байланыстырады.

Түркістан-Сібір еліміздің солтүстік-шығысы мен оңтүстік-батысын байланыстырады. Бағыты: Семей-Алматы-Құлан-Тараз-Шымкент-Арыс.

Трансқазақстан-еліміздің солтүстік, орталық,оңтүстік аудандарын байланыстырады. Бағыты: Петропавл-Астана-Қарағанды-Мойынты-Шу.

Ендік бағытта өтетін магистральдар Оңтүстік-Сібір мен Орта-Сібір.

Оңтүстік-Сібір- солтүстік, орталық аудандандарды байланыстырады.Бұл темір жол: Павлодар-Екібастұз өндірісін дамытуға әсер етті. Бағыты: Қарталы-Астана-Павлодар.

Орта-Сібір теміржолы бағыты: Комсомол-Қостанай-Көкшетау.Бұл теміржол Қостанай-Тобыл-Лисаковск Қостанай темір кендерінің игерілуіне мүмкіндік берді.

Автомобиль жолдары көлік жүйесін байланыстыратын буын тәрізді.

Өзен көлігінен жетекші орында Ертіс, Жайық өзендері.

Қазақстанда әуе тасымалын 20-дан жоғары авиакомпаниялар («Скат»,Атырау әуе жолы»,»Көкшетау» және т.б.) орындайды. Олардың ішіндегі ең ірісі-»Эйр Астана»ұлттық «авиа тасымалдаушы»компаниясы.

Географиялық еңбек бөлінісі-жекелеген аудандардағы өнеркәсіп салаларының және ауыл шаруашылығының қалыптасу мүмкіншілігін анықтайды.

Экономикалық аудандыстыру- елді аумақтық екбек бөлінісі ортақ, өзара байланысты экономикалық ауданарға топтастыру.

Экономикалық аудан-аумақтық еңбек бөлінісі нәтижесңнде қалыптасып, бір-бірінен шаруашылық мамандануы және кешені дамуы жөнінен айырмашылық жасайтын елдің бір бөлігі.


  • Аумақтық еңбек бөлінісі-әрбір ауданның өзіндік өндіретін артық өнімдерін басқа аудандарға шығарып, өзіне қажетті өнімді алуы.

Орталық Қазақстан ауданы 428 мын км, халкы 1млн 358 мың адам, орташа тыгыздыгы 1 км-ге 3.2 адамнан келеді. Ауданның құрамы:Қарағанды облысы.

Климаты шұғыл континенталды,қысы суық,орташа температурасы -15С. Жазы ыстық,орташа температурасы +20.жЖылдык жауын-шашын мөлшері 250 мм. Вегетациялық кезеңінің ұзақтығы 160 күн.

Орталық Қазақстанда Қарағанды көмір алабы орналасқан.

Марганец кендері Атасу мен Жездіде, мыс кендері Жезқазған, Балқашта орналасқан.Вольфрам мен молибден кен орындары Қайрақтыда шоғырланған.







Оңтүстік Торғай мұнай-газ алабына: Құмкөл, (Оңтүстік Құмкөл, Майбұлақ) жатады.

Ірі өзендері: Нұра, Торғай, Сарысу.Көлдері: Балқаш, Қарасор, Қыпшақ. Орталық Қазақстанды сумен қамтамасыз ету мақсатында Ертіс-Қарағанды-Жезқазған су қоймалары мен канал салынған.

Орталық Қазақстанда өсетін ағаш түрлері-қарағай,қайың және көктерек. Оралық Қазақстанда Қарқаралы ұлттық паркі орналасқан.

Орталық Қазақстанда 115 ұлт өкілінен 1.млн 300 мын халык тұрады.

Орталық Қазақстандағы қазак халкынын улесі 37.6%,орыстар 49.6%, украйндер 5% ,немистер 3%, татарлар 2.8%, беларустар 1.9%, кәрістер 1.3%.

Орталық Қазақстанның урбандалу денгейі 78%.

Оралық Қазақстандағы жумыссыздық мөлшері 5.3%, экономикалык белсенди халык үлесі – 69%.

Орталық Қазақстанның аймақтық өнім шығарудағы үлесі 9%-ға жуық.

Қарағанды көмір алабында республикада өндіретін таскөмірдің 32%-ы өндіріледі. Көмірдің жалпы қоры 51 млрд тонна. Қарағынды алабының көкстелетін көмірін Орталық Қазақстан мен Ресейдің металлургиялық зауыттарында,энергетикалық көмір темір жол көлігінде,электр стансалары мен өндірістік кәсіпорындарында пайдаланылады.

Теміртауда толық циклді қара металлургия комбинаты орналасқан.

Ірі тау-кен металлургия комбинаты Жезқазған, Балқашта салынған. Бұл жерде өндіру,байыту және шақпақталған мысты алу дамыған.

Орталық Қазақстандағы Қарағанды МАЭС-і және Теміртау, Балқаш ЖЭО-ы ауданның кәсіпорындарын электр қуатымен қамтамасыз етеді.

Қарағанды тау-кен жабдығы машина жасау зауыты-металлургия кәсіпорындарына тау-кен шахта құрал жабдықтарын шығарады.

Азот тыңайтқышы Теміртауда шығарылады.

Күкірт қышқылын өндіру Жезқазған, Балқаштата дамыған.




Орталық Қазақстан аумағында Қарағанды-Теміртау АӨК және Балқаш-Жезқазған өнеркәсіп тораптары орналасқан.

Қарағанды-Теміртау АӨК-нің құрамына Абай,Сарань,Шахтинск қалалары,қала типтес Долинка,Шахан,Топар кентері кіреді.

Балқаш-Жезқазған өнеркәсіп тораптары,толық циклды мыс өнеркәсібінің дамуына байланысты қалыптасқан.

Орталық Қазақстанда астық тұқымдастардан жаздық бидай,арпа,тары,техникалық дақылдардан күнбағыс және бау-бақша картоп өседі. Мал шаруашылығынан ірі қара,жылқы,қой,шошқа өсіріледі.

Орталық Қазақстанда 11 қала, 10 кент, 421 ауыл бар.

Карагандыда қаласында 479 мың тұрғын бар. 1934 жылы іргесі қаланған. Қалада тігін және тоқыма өнеркәсібі, құрылыс материалдары өндірісі, ет, ұн, нан зауыты, кондитер фабрикасы бар.

Теміртау қаласында 181 мың тұрғын бар. Қалада кокс өндіретін зауыт,агломерациялық фабрика және электр стансасы, азот тыңайтқышын өндіретін зауыт бар. Тамақ өнеркәсібінен ет,ұн тарту комбинаттары жұмыс істейді.

Балқаш қаласында 77 мың тұрғын бар. 1937 жылы іргесі қаланған.Қалада мыс, күкірт қышқылын шығаратын, мырыш, кірпіш, механикалык жөндеу зауыттары, балық консерві комбинаттары жұмыс істейді.

Жезқазған қаласында 85 мың тұрғын бар. 1954 жылы қала статусын алды.Қалада мыс балқыту оралығы,тоқыма,тігін фабрикасы, ет комбинаттары жұмыс істейді.




Шығыс Казакстан облысы ауданы 283 мың км. Халкы 1млн 394 мың адам. Орташа тығыздыгы 4.9 адамнан келеді. Экономикалық ауданның құрамы Шығыс Қазақстан облысы.

Шығыс Қазақстан-республикамыздағы экономикалық аудандар арасында аумағы жағынан ең кішісі. Шығыс Қазақстан Қазақстанның шығысында,Ресей,Қытаймен шекарада орналасқан.

Жазық жерлерде жауын-шашын жазық 150 мм-ден басталса, тау етегінде 1500 мм. Қыста (қаңтардың орташа температурасы-20С) жазда +23С-қа дейін.




Полиметал Кенді Алтайда шоғырланган. Олар:қорғасын, мырыш (Малеев, Риддер, Зырян, Тишин, Грехов кен орындары) алтын, титан(Бақыршық, Болшевик),күміс, мыс (Николаев),Оңтүстік Алтай мен Қалба жотасында қалайы,вольфрам кендері кездеседі.

Шығыс Қазақстандағы көмір кен орны Қаражырада орналасқан.

Шығыс Қазақстанның негізгі су ресурстары бар өзендерге-Ертіс,оның салалары Бұқтырма,Күршім,Үлбі,Нарын өзендері жатады. Шығыс Қазақстанның ірі көлдері:Жайсан,Марқакөл,Алакөл және Сасықкөл. Шығыс Қазақстан су энергетика ресурстарына бай болып келеді. Республикамыздағы су қорының ⅔-і осы ауданда. Ертіс өзенінде Бұқтырма,Шүлбі,Өскемен су қоймалары салынған.

Тау беткейлерінде,әсіресе биік тауларда майқарағай,балқарағай,шырша,қарағай,самырсын өседі.Жалпы орманды алқаптың ауданы 3,6 млн га.

Ерекше қорғалатын аймақтарына Белуха(Мұзтау) тауы,Қатын өзенінің жағалауы,Қотанқарағай ұлттық саябағы,Бұқтырма су қоймасы,Рахман бұлағы.

Шығыс Қазақстанда Қазақстан халқының 8%-ы тұрады. Шығыс Қазақстанда 10 қала, 3 кент бар. Шығыс Қазақстанның урбандалу денгейі 59%.

Шығыс Қазақстандағы қазақтардың үлесі 56%-ды, орыстар 40%,сонымен қатар татарлар,украйндер,немістер,корейлер тұрады.

Шығыс Қазақстандағы экономикалық белсенді халық үлесі 67%-ды құрайды. Жұмыссызды үлесі 5.2%-ды құрайды. Экономикалық белсенді халықтың 31%-ы өнеркәсіпте жұмыс істейді.

Қазақстанда өндіретін қорғасын-мырыш кенінің76%-ын Шығыс Қазақстан береді. Қорғасын-мырыш өндіретін негізгі орталықтар Зырян,Риддер,Өскемен қалаларында орналасқан.Е

Ертіс өзенінің бойында салынған электр стансиялары Бұқтырма,Шүлбі,Өскемен.

Шығыс Қазақстандағы төрт өндіріс торабының:Өскемен,Риддер,Зырян (түсті металдар өндіруге маманданған) және Семей (тамақ және жеңіл өнеркәсібі,машина жасауға)маманданған.

Аулы шаруашылығының басты саласы-мал шаруашылығы. Ауыл шаруашылық өнімдерінің ⅔ бөлігін Мал шаруашылығы береді.

Мал шаруашылығының маманданған салаларыбиязы жүнді және қылшық жүнді қой,ірі қара,жылқы,марал және бал арасын өсіру шаруашылығы.




Қылшық жүнді қой шаруашылығыЕртіс сол жағалауында, Зайсан қазаншұңқырында, биязы жүнді қой шаруашылығы Оңтүстік Алтай тауының етегінде, Сауыр, Тарбағатай жоталарында дамыған. Алтау тауының етегінде және Сауыр,Тарбағатайдың оңтүстігінде бал арасы шаруашылығы дамыған.

Шығыс Қазақстанда бидай,қыша,арпа,күнбағыс және бау-бақша өсісдіктері өседі. Негізгі егіс алқабы Ертіс маңындағы далалық жерлер,Кенді Алтайдың тау алды және өзен аңғарлары,Қалба жотасы мен Тарбағатау тауының етектері. Республика бойынша Шығыс Қазақстан күнбағыс өсіруден бірінші орында немесе 50%-ы тиесілі.

Шығыс Қазақстанның ең қолайсыз қалаларына-Өскемен,Риддер,Зырян жатады.




Шығыс Қазақстанда 10 қала, 3 кент бар. Кенді Алтайда шоғырланған қалалар(Өскемен,Риддер,Зырян,Серебрянск)

Өскемен қаласында 310 мың тұрғын бар. Қаланың іргесі 1720 жылы Ертіс пен Улбі өзенінің түйіскен жерінде бекініс ретінде қаланған.Қалада конденсатор,қорғасын-мырыш зауыттары бар.Қалаға жақын жерде титан-магний комбинаты орналасқан. Комбинатта алтын,күміс,кадмий,тантал,беллур балқытылады.Сонымен бірге қалада тігін және жиһаз фабрикасы мен жібек матасын шығаратын комбинат жумыс істейді.

Семей қаласында 313 мың тұрғын бар. Қала Ертіс өзенінің екі жағында орналасқанІргесі 1718 жылы қаланған. Семей 1782 жылы қала статусын алды. Семей қаласы Монғолия,Қытай,Сібір және Орта Азиядан келетін сауда жолында орналасқан. Сібір мен Орта Азия арасындағы сауда жолының ¼ Семей арқылы өтеді.Қалада ет комбинаты,жүнді бастапқы өңдейтін кәсіпорындар,шұға комбинаты,жүн аяқ киім,тігін,тоқыма,шұлық фабрикалары бар. Машина жасау өнеркәсібінен станок жасау,электркабелі мен арматура шығаратын зауыттар және тамақ өнеркәсібіне қажетті құрал-жабдық шығаратын кәсіпрындар жұмыс істейді.

Риддер қаласында 55 мың тұрғынбар. Қала Үлбі өзенінің жоғары ағысында Иванов жотасында орналасқан.

Батыс Қазақстан ауданы 737 мың км, халкы 2млн 537 мың орташа тыгыздыгы 3.4 адам.

Батыс Қазақстан құрамына Ақтөбе,Батыс Қазақстан,Атырау,Маңғыстау облыстары кіреді.

Батыс аймақ Қазақстанның Солтүстік, Онтүстік, Орталық аудандармен және Ресейдің Орал, Еділ аудандарымен шектеседі. Сонымен бірге республикамыздағы теңіз көлік жолы бар жалғыз аудан. Теңіз арқылы Иран,Әзербайжан және Ресей елдерімен байланыс жасай алады.

Аймақ аумағының негізгі бөлігі жазық,тек қана солтүстік шығысында оңтүстік Оралдың сілемі Мұғалжар,оңтүстігінде Маңғыстау таулары бар

Батыс Қазақстанның жауын-шашын солтүстігінде 250-400 мм, онтүстігінде 100-150мм.




Батыс Қазақстанда мұнай,газ,хром және никельдің бай қоры шоғырланған. Батыс Қазақстанда құрылыс материалдарынан әктас,гипс,мергел,ұлутас кездеседі.

Ірі мұнай алаптарына-Орал,Ембі(Доссор,Мақат,Күлсары) және Маңғыстау алабына (Өзен,Жетібай,Теңге,Қаламқас,Қаражамбас) жатады.

Аймақта дүние жүзіндегі мұнай-газ конденсатының ірі кен орны-Қарашығанақ және алып мұнай*газ кен орны-Теңіз, Қашаған.

Ақтөбе облысында хром кенінің (Дөң кен орны)және Кемпірсай кенінде никельдің ауқымды қоры бар.Маңғыстауда жоғары сапалы ұлутас кездеседі.Жалпы Сырт қыратында жанғыш тақтатас кездеседі.

Жер ресурсы еліміздің жалпы аумағының 26% –ын құрайды,оның 19% –ы ауыл шаруашылық жерлері,95%- ы- жайылымдық жерлер,5%-ы егістік және шабындық жерлер. Солтүстік аудандарда топырағы құнарлы болып еелгендіктен жаздық бидай,тары,арпа дақылдары мен қант қызылшасы және күнбағыс егіледі.

Іріөзендері:Жайық,Ор,Ырғыз,Сағыз,Торғай,Ойыл,Жем. Өнеркәсіпті сумен қамтамасыз ету мақсатында Қарғалы,Киров,Бітік,Дөңгелек су қоймалары салынған.

Батыс Қазақстанның урбандалу денгей 58%, ЭБХ үлесі 73%, жумыссыздық үлесі 5.3%-ды құрайды.

Еліміздегі халықтың табиғи өсімі жағынан ең жоғары көрсеткіш Батыс Қазақстандағы Маңғыстау облысында байқалады.





Ауданның батысында Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты бар.Жаңаөзен қаласында этан шығаратын газ өңдеу зауыты орналасқан. және Ақтауда плпстмасса зауыты бар. Атырауда полиэтилен,полипропилен және пластмассадан жоғары температураға шыдамды заттар шығаратын зауыттар бар.Ақтөбеде хром қосылыстары және ферреқорытпа зауыты орналасқан.

Химия өнеркәсібі негізінен Ақтөбеде орналасқан. Онда лак-бояғыш зат шығаратын зауыт және күкірт-бор қышқылы мен минералды тыңайтқыш шығаратын Алға комбинаты бар.

Мұғалжарда Тараз қаласындағы тыңайтқыш өндірісіне шикізат болып саналатын фосфорит өндіріледі.

Аймақта еліміздегі жалғыз пластмасса зауыты жұмыс істейді (Ақтауда полистриол, Атырауда полиэтилен мен полипропилен,полиэтилен құбырлары шығарылады,Қазіргі Атырауда ірі пластмасса құбырын шығаратын зауыты жумыс жасайды.

Атырауда мұнай-газ өнеркәсібіне арналған құрал жабдықтар шығарады.Балықшы кентінде кеме жөндеу зауыты,Ақтобеде рентген құрал-жабдықтарын шығаратын зауыт бар.

Батыс Қазақстанның солтүстігінде жаздық бидай егіледі және ірі қара өсіріледі. Ауданның Оңтүстік аймақтарында түйе мен қой өсіріледі. Дәнді дақылдардан жаздық бидай,тары,қарабидай,техникалық дақылдардан-күнбағыс,жүгері және қыша егіледі.



  • Тамақ өнеркәсібіне балық аулау және өңдеу салалары (Атырау қаласындағы балық өңдеу комбинаты, Балықшы балық консервілеу зауыты) ерекше орын алады.



Тамақ өнеркәсібінде балық аулау және өңдеу салалары (Атырау қаласындағы балық өңдеу комбинаты, Балықшы балық консервілеу зауыты) ерекше орын алады.

Аймақ арқылы өтетін құбыр жолдары:Ақтау-Атырау-Самара(Ресей),орта Азия-Орталық,Бұхара-Орал(Ресей),Атырау-Ор)(Ресей),Қарашығанақ-Орынбор(Ресей) және Жаңаөзен-Атырау-Самара(Ресей).

Батыс Қазақстанда құрлық көліктері арасындағығы маңыздысы-теміржол.

1)Атырау-Ембі өнеркәсіп торабы өнеркәсіптің мұнай және балық өңдеу салаларына маманданған.АӨК құрмына енетін өндірістер:Атырау қаласында мұнай өңдеу зауыты,республикамыздағы ең ірі балық өңдеу комбинаты мен машина жасау зауыттары және Балықшы кентінде кеме жөндеу зауыты мен балық консервілеу комбинаты.

2)Маңғыстау өнеркәсіп торабы (құрамына Ақтау,Жаңаөзен,Форт-Шевченко қалалары мен бірнеше кенттер бар) негізі маманданған саласы-мұнай-газ.АӨК құрамында:газ өңдеу зауыты Жаңаөзен қаласы, пласстамасса зауыты(Ақтау қаласы) балық консервілеу комбинаты (Баутино кенті), балық зауыты мен тоқыма фабрикасы (Ералиев кенті) бар.

3)Ақтөбе өнеркәсіп торабы никель,хром өндірісіне маманданған,хромды өндіретін және байытатын кәсіпорны Хромтау қаласында орналасқан. Сонымен бірге маманданған салаларына ферроқорытпа,минералды тыңайтқыштар,суперфосфат,мұнай құрал-жабдықтары мен рентген жабдықтары өндірісі жатады.

4)Орал өнеркәсіп торабы ауыл шаруашылық, тамақ және жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өңдеуге маманданған. Өнеркісіп торабының құрамы:механикалық жөндеу,аспап жасау зауыттары,құрылыс монтаж құралдарын дайындайтын зауыт,кеме жөндеу кәсіпорны,металл бұйымдары зауыты,байпақ-киіз фабрикасы,ет конервілеу және ұн тарту-жарма комбинаты,мия зауыты.

Батыс Қазақстанда 15 қала, 6 кент бар.

Атырау қаласында 213 мың тұрғын бар. Қала Жайык өзенінің жағалауында орналасқан. Атырауда- тұңғыш салынған мұнай өңдеу зауыты салынған.Қалада мұнай құралдарын шығаратын,механикалық және кеме жөндеу зауыты,балық консервісі,ет,сүт,және нан комбинаттары бар.

Ақтөбе қаласында 372 мың тұрғын тұрады. 1869 жылы Ақтөбе бекінісінің орнына салынған. Ақтөбе Ресейдің Орынбор және Батыс,Солтүстік,Оңтүстік,Орталық экономикалық аудандарымен шектеседі.Қалада ферроқорытпа зауыты,мұнай құрал-жабдықтарын және ауыл шаруашылық машиналарына қажетті бөлшектер шығаратын зауыттар мен хром қосылыстары зауыты жұмыс істейді.

Орал қаласында 266 мың тұрғын тұрады. Ет консервілеу комбинаты негізінде жұмыс істейді. ұн-жарма және мия зауыты жергілікті шикізат Қалада мия зауыты формацевтика, кондитер, химия кәсіпорындарына мия экстрактын дайындайтынды. Еліміздегі ірі кәсіпорындардың бірі Орал былғары және байпак киіз зауыты.

Ақтауда 181 мың тұрғын тұрады. Іргесі 1960 жылы қаланған.Қалада респкбликамыздағы жалғыз атом электр стансасы бар.

Солтүстік Қазақстан ауданы 566 мың км, халкы 3 млн 720 мың адам, орташа тыгыздыгы 6.6 адам.

Құрамына: Ақмола,Солтүстік Қазақстан,Қостанай,Павлодар облыстары кіреді.

Солтүстік Қазақстан экономикалық-географиялық жағдалыстырмалы түрде қолайлы,республиканың шеткі ресеймен шекаралас ауданы.

Солтүстік Қазақстан Ресейдің Орал, Батыс Сібір ауданымен шектеседі.

Солтүстік Қазақстан-аумағы арқылы ірі теміржол магистралы өтеді.

Жер бедері жазық болып келеді. Мұнда торғай үстірті,Қазақтың ұсақ шоқысы және Солтүстік Қазақстан жазығы орналасқан.

Климаты континенталды-жазы қоңыржай ыстық,қысы суық болып келеді.Жауын-шашын мөлшері солтүстігінде 300-430 мм,оңтүстігінде 200-300 мм.Жауын-шашынның 70%-ы жылдың жылы кезінде түседі. Қар қалыңдығы солтүстігінде 40 см,оңтүстігінде 20 см.

Көмір-Екібастұз, Майкүбі, Обаған алаптарында,темір кенінің 83%ы Қостанай мен Лисаковск алаптарында шоғырланған.Ірі алтын кен орындарына Васильков, Жолымбет, Бестөбе, Ақбейіт (Ақмола облысы)Майқайың алтын кені (Павлодар облысы)жатады.Боксит-Аменгелді мен Қызыл Октябрь кен орындарында,мыс-Бозшакөлде, асбест-Жітіқарада, ас тұзы Коряков, Тобылжан, Қалқаман кенінде, Солтүстік Қазақстан облысында Обуховские елді мекенінде титан кені зерттелуде..

Жер ресурсының 90% ауыл шаруашылығына жарамды, онын 61%-ы жайылым: 37%-ы егіншілікке қолданылады.

Ең ірі су қоймалары Солтүстік Қазақстан облысындағы Сергеев су қоймасы(Есіл өзені,ауданы 117 км)және Қостанай облысындағы жоғары Тобыл су қоймасы (Тобыл өзені ауданы 87,4 км). Солтүстік Қазақстанда Шортанды-Бурабай курорттық зонасы Қорғалжын және Наурызым қорықтары,Баянауыл және Көкшетау ұлттық саябақтары орналасқан.

ЭБХ үлесі 73%, жумыссыздык үлесі 5.4%.,Урбандалу денгейі63%-ды құрады.

Солтүстік Қазақстандағы қазактар үлесі 42%-ды құрайды,басқа халықтардан орыстар,украйндер,беларусьтар,татарлар,

немістер,мордавалықтар,поляктар,еврейлер тұрады.

Қара металлургия кен орындары-Соколов-Сарыбай,Лисаковск КБК.

Ақсу ферроқорытпа зауыты темірдің кремниймен, марганецпен, хроммен қорытпасын өндіруден республикада 1-орын алады.

Түсті металлургия саласында боксит өндіру Арқалықтатв дамыған. Аллюминий тотығын өндіретін зауыт Павлодарда орналасқан.

Мұнай өнімдерін өңдейтін зауыт Павлодарда орналасқан.

Машина жасау орталықтары-Астана, Қостанай, Петропавл қалаларында.

Астанада («Астанаауылмаш», «Қазақауылмаш») шөп шабатын, шөп жинайтын машиналар шығарады.

Солтүстік Қазақстанда қуатты электр станциялары МАЭС-1 куаты 4 млн кВт, МАЭС-2 қуаты 1млн кВт, Аксу МАЭС-і қуаты 2.4 млн к.Вт.

Астана мен Қостанай қалаларында кірпіш,темір-бетон конструкцияларын шығаратын зауыт орналасқан. Құрылыста пайдаланатын тастарды Атбасар мен Шучинс карьерлерінен алынады.

Солтүстік Қазақстан-еліміздің ең үлкен астыұты ауданы. Нгеізгі маманданған саласы жаздық бидай өсіру. Дәнді дақыл егістіктері Солтүстік Қазақстан,Қостанай және Ақмола облыстарында орналасқан. Ауыл шаруашылыгы данди, техникалық дақылдар. Бұдан басқа сұлы,күздік бидай және қарақұмық өсіріледі.

Техникалық дақылдардан күнбағыс,зығыр,қыша өсіріледі. Қала маңдары мен өзен аңғарларында көкөніс,картоп және бақша дақылдары өсіріледі.

Солтүстік Қазақстанда сүтті,еті-сүтті бағыттағы ірі қара,қой,жылқы,құс және шошқа шаруашылығы дамыған.

Солтүстік Қазақстан май шайқау салалары сары май,ірімшік,құрғақ сүт өндіруге маманданған. Аймақтағы тасымалданатын жүктің 20%-дан астамы автомовиль көлігінің үлесіне тиеді.

1)Павлодар-Екібастұз АӨК (Павлодар,Ақсу,Екібастұз) өнеркәсіп торабында көмір,электр қуаты,ферроқорытпа және алюминий тотығын өндіретін кәсіпорындар орналасқан.Трактор және ауыл шаруашылығы машиналарын жасау химия және мұнай өңдеу кәсіпорындары дамыған.

2)Астаналық өнеркәсіп торабы құрылыс материалдарын өндіру,ауыл шаруашылық материалдарын жасау,тамақ және жеңіл қнеркәсіп салалары дамыған.

3)Қостанай өнеркәсіп торабына темір кендерін өндіру мен бйыту кәсіпорндары жұмыс істейтін Қостанай мен Рудный кіреді. Аймақта жеңіл және тамақ өнеркәсібі дамыған.

4)Көкшетау өнеркәсіп торабында оттегімен дем алдыратын аппаратуралар,әр түрлі салмақ өлшейтін құралдар шығарылады. Арқалықта-боксит өндіріледі.

Петропавл өнеркәсіп торабы көлік қозғалтқыштары,тамақ және жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өндіреді.

Солтүстік Қазақстанда 23 қала мен 12 кент бар.

Ақмола облысының құрамында облыстық дәрежедегі 2 қала бар,олар-Көкшетау мен Стерногорск.

Астана қаласында 778 мың тұрғын бар.

Ақмола облысының орталығы Кокшетау каласында 141 мың тұрғын тұрады. Қалада радиозауыт , оттегімен демалатын апаратура, Ваильков кен байыту комбинаты орналасқан.Қалада орыс драма театры,әдебиет және өнер мұражайы жұмыс істейді.

Павлодар қаласында 334 мың тұрғын тұрады. Павлодар қаласында Ермак МАЭС-інің,ферроқорытпа,алюминий және трактор зауыттары бар. Павлодарда 1950- жылдары силикатты кірпіш,бетон,кішігірім қабырға блоктарын шығаратын зауыттар,темір-бетон бұйымдарын шығаратын төрт комбинат,ағаш өңдеу комбинаты мен металконструкциялық зауыт іске қосылды.

Костанай қаласында 219 мың тұрғын тұрады. Қаланың әргесі 1897 жылы қаланған. Қалада Соколов-Саравай темір комбинаты мен асбест (Жітіқара) кен орны орналасқан. Қостанайда ет консервілеу комбинаты,кондитер фабрикасы,мауыты (машинамен түтілген) шұға кәсіпорны,аяқ-киім және тігін фабрикалары жұмыс істейді.

Петропавл қаласында 205 мың тұрғын бар. Петропавлды «Республиканың солтүстік қақпасы»деп атайды. 1752 жылы бекініс ретінде салынған.Қала Петропавл атауын 1807 жылы алған. Петропавл Транссібір және Трансқазақстан теміржолдарының қиылысында орналасқан. Қалада мұнай-газ өнеркәсібі,отын-энергетика,көлік және сонымен қатар агроөнеркәсіп кешендері үшін (трактор тіркемелері,ауыл шаруашылық құралдарына қосалқы бөлшек)құрал-жабдық шығаруға маманданған машина жасау кәсіпорындары мен ет комбинаты бар.

Оңтүстік Қазақстан құрамына Жамбыл,Қызылорда,Оңтүстік Қазақстан,Алматы облыстары және Алматы қаласы. Ауданы 711 мың км км. Халкы 7млн 898 мын адам, орташа тығыздыгы 1км-ге 11.1 адамнан келеді.

Оңтүстік Қазақстан Аралдан шығыстағы шекараға дейін 2000 км-ге,Балқаш көлімен,Бетпақдаладан оңтүстік шекараға дейін 700 км-ге созылып жатыр. Топырағы сұр-қоңыр және сұр топырақ. Жауын-шашын 700-1100 мм-ге дейін түседі.

.Қаратау жотасында фосфориттің, Мойынқұмда (Амангелді) табиғи газ қоры барланған.Минералдық тұздар (ас тұзы), әктас Сазтөбеде, гипс Таразда кездеседі.

Ірі өзендері-Сырдария,Іле,Шу,Талас,Қаратал,Ақсу.

Э.Б.Х.үлесі 73%-ды құрайды.Жумыссыздык үлесі 5.5%-ды құрайды.

Рекрецилық ресурстары-Үлкен Алматы көлі,Медеу мұз айдыны,Шымбұлақ және Алма-Арасан.




Оңтүстік Қазақстанда Қазақстан халқының 47%-ы орналасқан. Халықтың көбі Алматы қаласы мен Алматы облысында (43%),Оңтүстік Қазақстанда (34%) тұрады. Алматы облысында 10 қала бар.Республикамыздағы ең ірі агломерация-Алматыда орналасқан. Оңтүстік Қазақстанның урбандалу дңгейі 36%-дан сәл асады. Ең жоғары урбандалу Қызылорда облысында 60%.

Аудан халықтың тығыздығы жөнінен республикада 1-ші орын алады,орташа тығыздығы 1 км-ге 8,5 адамнан келеді. Халықтың негізгі бөлігі Тянь-Шань,Жетісу Алатауы және Қаратау тау алды аңғарларында шоғырланған.

Оңтүстік Қазақстан облысында 1 км-ге 22 адамнан,Алматы облысы 8,5,Жамбыл облысы 7,3%,Қызылорда облысы 3,1 адамнан келеді.

Ауданда қазақтардың үлесі 78%-ды құрайды. Ең саны көп диаспора-өзбектер (98%) және ұйғырлар 80%-дан астам.

Қазақстанда кәрістердің 70%-ы осы аймақта тұрады

Ауданда республикада шығарылатын өнімнің 21%-ға жуығын өндіретін 4 мыңдай кәсіпорын бар.

Түсті металлургия салалары Қаратау (Шалқия мен Ашысай кен орны) мен Жетісу Алатауында (Тұйық) полиметал кен орындарында орналасқан.Қаратаудағы фосфорит химия өнеркәсібі үшін маңызды.Таразда минералды тыңайтқыштар өндіретін суперфосфат зауыты орналасқан.Оңтүстік Қазақстан лак пен бояғыш заттар өндіреді.

Су жүйесін жабдықтайтын полиэтиленді құбыр (Алматы,Оңтүстік Қазақстан облысында) шығарады.

Ең үлкен «Химфарм» (Шымкент)-барлық елде шығарылатын дәрі-дәрмектің 3∕5 бөлігін береді. Алматы мен Қаскелеңдеде дәрі-дәрмек өндіріледі. Алматы облысында кір жуатын машиналар мен аккумулятор шығаратын өндіріс орналасқан.

Шымкет пен Сазтөбеде цемент зауыттары, Алматыда темір-бетон бұйымдарын шығаратын зауыттар орналасқан.

Ауданда Жамбыл МАЭС-і, Қапшағай,Шардара СЭС-тері орналасқан. Оңтүстік Қазақстан облысы мұнайдың 19%-ын (Қызылорда) және газдың 4%-ын береді.

Оңтүстік Қазақстан мақта өсірудің басты орталығы.

Оңтүстік Қазақстанда өсірілетін техникалық дақылдар мақта,қант қызылшасы, темекі.

Суармалы жерлерде дәнді дақылдардан күріш өсіріледі(Сырдария мен Іле өзендерінде). Егістік жерлерінде бидай,арпа,жүгері мен соя өсіріледі.

Ауыл шарашылық өнімдерін өңдеумен қант,көкөніс,жеміс-консервілеу,май шайқау,мақта тазалау,мақта-мата және тоқыма салалары айналысады.

Оңтүстік Қазақстандағы мал шаруашылығының жетекші салалары-қой және ірі қара өсіру.

Аудан қой, ешкі,мүйізді ірі қара өсіруден республикада 1-орын алады,ал шошқа өсіруден Солтүстік Қазақстаннан кейінгі 2-ші орында.

Оңтүстік Қазақстанның тамақ өнеркәсібі қант өндіретін (Жамбыл,Алматы облыстары), өсімдік майын шығаратын зауыттармен (Шымкент), жеміс-консерві комбинаттарымен (Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстары) айналысады. Сонымен қатар мұнда нан пісіретін,шай және кондитер өнімдерін (Алматыдағы «Рахат») шығаратын кәсіпорындар бар.

Жеңіл өнеркәсіптің дамыған салалары мақта-мата,жүн маталарын шығару,аяқ-киім тігу.

Оңтүстік Қазақстан арқылы үш ірі теміржол магистралі:Орынбор-Ташкент,Трансқазақстан және Түркісіб өтеді.

Оңтүстік Қазақстандағы ірі өндіріс тораптары Алматы,Шымкент-Кентау,Талдықорған,Қызылорда және Қаратау-Тараз АӨК-тері.

1)Алматы мен қала маңы торабы ірі кәсіпорындары-мақта-мата және шұға комбинаттары, тоқыма, тері және тігін фабрикалары, қант және сыра қайнату зауыттары, жеміс-консерві комбинаты.

Қаратау-Тараз АӨК-ні Тараз, Тараз,Жаңатас қалалары мен бірнеше кенттерді біріктіреді. Қаратау фосфориттің негізінде қалыптасқан кен-химия өнеркәсібінің орталығы болып табылады(фосфор шикізатын өндіру мен өңдеу,минералды тыңайтқыштар шығару).Тамақ және жеңіл өнеркәсіпте(жүн жуу,қант, тері аяқ киім салалары) дамыған.

Шымкент-Кентау өнеркәсіп торабы қорғасын өндіру мен балқытуда цемент, фармацевтикалық бұйымдар, пресс-автоматтар шығарады.

Экологиялық проблемалары бар ірі қалалар Шымкент,Алматы,Қызылорда қалалары.

Оңтүстік экономикалық ауданда 27 қала бар.

Іле Алатауының етегінде,теңіз деңгейінен 700-900 м биіктікте,Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің аңғарында Алматы қаласы орналасқан (1476 мың адам) 1929 жылдан 1997 жылға дейін Қазақстанның ресми астанасы болды.

Алматы республикада ЖІӨ шығарудан 1-ші орында. Мұнда 1500-дей кәсіпорын орналасқан. Негізгі салалар-машина жасау мен тамақ өнеркәсібі. Қалада Алматыда ауыр машина жасау зауыты, тракторларға қосалқы бөлшектер шығаратын «Поршень» зауыты, теледидар т.б.-да зауыттар орналасқан.

Тамақ өнеркәсібінің ірі салаларына «Алтын нан»,нан-тоқаш комбинаты,»рахат» кондитер фабрикасы,маргарин зауыты мен «Сеймар»құс фабрикасы .

Талдықорған қаласы (133 мың адам). Қала 2001 жылдан бері Алматы облысының орталығы. Қалада жеміс консерві комбинаты, қант зауыты мен «Ажар тігін фабрикасы» жұмыс істейді. Талдықорғанда ТМД бойынша жалғыз ккумулятор зауыты орналасқан. Құрылыс материалдарын шығаоатын комбинат,темір-бетон, асфальт, кабель зауыттары бар.

Тараз қаласында(332 мың адам) тұрады. Қалада ірі фосфат, былғары аяқ киім, шақпақ қант және ет өнімдерін шығаратын зауыттар бар.

Шымкент қаласында (662 мын адам) тұрғын тұрады. Шымкенте химия фармацевтика зауыты («Химфарм» АҚ), мақта-мата өнеркәсібінің ауыл шаруашылық техникасының кәсіпорындары, мұнай өңдеу және цемент зауыттары бар.

Түркістан қаласында (154 мың адам) бар. Қалада Қожа Ахмет Йассауи кесенесі орналасқан.

Қызылорда қаласында (233 мың адам) бар. Қалада жеңіл және тамақ өнеркәсіптері дамыған. Ірі кәсіпорындардан күріш тазалау зауыты, ет және сүт комбинаттары бар.

Байқоңыр қаласында (38 мың адам) бар. Қала 1955 жылы сынақ ретінде берілетін Байқоңыр космодромының құрылысы негізінде қаланған.

1991 жылы 22 желтоқсанда Алматы қаласында 11 шнт ел президенттерінің кездесуімен ТМД құрылды. Оның құрамына Қазақстан,Әзербайжан,Армения,Беларус,Қырғыстан,Молдава,Ресей,Тәжікістан,Түрікменстан,Өзбекстан және Грузия қосылды. 1993 жылдан 2008 жылға дейін Достастық құрамында Грузия болды.

Ресей,Қазақстан,Беларусь,Қырғыстан және Тәжікстан Еуразиялық Экономикалық Қауымдастық немесе ЕурАзЭҚ құрды(2002ж) Қазақстан,Ресей,Беларусь еледері Кедендік одақ құрды.

Халықаралық ұйымдар саны 3000-ға таяу. БҰҰ-ның штаб пәтері Нью-Йоркте орналасқан. БҰҰ-ға 194 егеменді елдің 193-і мүше.

ШЫҰ-ы 1996 жылы 26 сәуірде құрылған. Ұйымға мүше елдер Ресей,Қытай,Қазақстан,Қырғыстан және Тәжікстан. Ұйымға Өзбекстан,Моңғолия,Үндістан,Пәкістан,Иран және Ауғанстан бақылаушы роль атқарады.

Қазақстан 2010 жылы ЕҚЫҰ-ын басқарды.

Қазақстанның геосаяси жағдайына баға беру.

Біріншіден минералды ресурстар байлығы.

Екіншіден-Жер көлемінің ауқымды болуы немесе аумағы мен тұрғын халық арасындағы сәйкессіздік.

Қазақстанның ГСЖ-ың негізгі ерекшеліктері.

Біріншісі-құрлықішілік жағдайы (ашық теңізге шығу жолының болмауы).

Екінші ерекшелігі-әр түрлі мәдениеттердің,атап айтқанда ислам,орыс және қытай мәдениеттерінің түйіскен жерінде орналасуы.

Үшінші ерекшелігі-Еуропа мен Азияның арасында орналасуы.

Төртінші ерекшелігі-екі ірі державаның-Қытай мен Ресейдің арасында орналасуы.

Бесінші ерекшелік-Қазақстан шекара аймақтарында шиеленісу ошақтарының пайда болуы. Олардың ішіндегі ең қауіптісі Ауғанстан(халықаралық террор,есірткі саудасы). Тәжікстан мен Қырғыстандағы ішкі қақығыстар,Өзбекстандағы Өзбекстандағы (террор мен экстремистік сипат)

Алтыншы ерекшелігі-Каспий теңіз көлігінің статусы туралы жасалмаған Каспий бойы аймағындағы жағдай.

Төртінші ерекшелігі-екі ірі державаның-Қытай мен Ресейдің арасында орналасуы.

Бесінші ерекшелік-Қазақстан шекара аймақтарында шиеленісу ошақтарының пайда болуы. Олардың ішіндегі ең қауіптісі Ауғанстан(халықаралық террор,есірткі саудасы). Тәжікстан мен Қырғыстандағы ішкі қақығыстар,Өзбекстандағы Өзбекстандағы (террор мен экстремистік сипат)

Алтыншы ерекшелігі-Каспий теңіз көлігінің статусы туралы жасалмаған Каспий бойы аймағындағы жағдай

Сыртқы тауар саудасына сыртқа шығару «экспорт) және сырттан әкелу (импорт) жатады.

Елдер арасында заттық,тетіктік және технологтялық мамандану қалыптасқан.

1)Заттық мамандану-өңдеу өнеркәсібінің дайын өнім шығаруын қамтиды. Қазақстан трактор,ауылшаруашылық машиианаларын,экскаваторлар,конденсаторлар,рентген жабдықтарын,минералды тыңайтқыштар шығаруға маманданған. Олардың көбі Ресей мен Қытайға сатылады.

2)Технологиялық мамандануға біртұтас өндірістік тізбек-»шикізат-жартылай фабрикат-дайын өнім» жатады. Оның жеке бөліктері-технологиялық фроцес стадиялары-әр елде орналасқан. Оған мысалы АЭС үшін отын өндіруде Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығы жатады.

3)Халықаралық маманданудың ең күрделі түрі-тетіктік мамандану. Ол өндірісті коперациялау түрінде сипатталады. Бұған Ульяновск қаласындағы «Авиасатр» зауытында ТУ-204 жаңа Ресей ұшақтарын шығаруға Қазақстан кәсіпорындарының қатысуы мысал болады.

Қазақстан сыртқа 300-ден жоғары өнім түрін шығарады. Қазақстан экспортының ¾ бөлігін 5-ақ тауар түрі мұнай,қара металдар прокаты,тазартылған мыс,бидай және ферроқорытпалар құрайды. Елдің негізгі экспорттық тауары-шикі мұнай(барлық экспорттың 3/5 бөлігі).

Қазақстан импроттайтын негізгі тауарлар-машиналар мен құрал-жабдықтар,жеңіл автокөліктер,құрыш құбырлары,мұнай өнімдері мен газ.

Қазақстан саудасының үлесі ТМД елдерімен `26%),Еуропалық Одақпен 40%,Кедендік Одақпен 18%,Қытаймен 18%-ды құрайды.

Халықаралық қаржы қатынастары әр алуан түрде жүзеге асырылады.

Бірінші шет ел валютасын сатып алу және сату.

Екіншіден несие беру немесе несие алу.

Үшіншіден ұзақ мерзімге капитал салу (инвестиция) немесе шет елдің инвестиция салуы.

Капитал дегеніміз-ақша қаражаты,шикізат қоры және құрал жабдықта болып табылады.

Қазақстан экспортқа капитал шығаратын елдер-АҚШ,Ұлыбритания,Оңтүстік Корея,Қытай және Түркия. АҚШ-тың инвестициясымен-Теңіз кен орны,Ұлыбритания инвестициясымен-Қарашығанақ,Қытаймен-Жаңажол,Құмкөл кәсіпорындары игерілуде. Оңтүстік Кореяның ақша салымы мыс өнеркәсібіне жұмсалады.

Білім беру саласында 40-тай жақын және алыс шет елдер Қазақстанның серіктестері болып келеді. 23 мыңнан астам жас қазақстандықтар әлемнің 35 елінде оқып жатыр. Жылына 3000-нан астам қазақстандықтар Қазақстан Президентінің халықаралық «Болашақ» степендиясымен шет елдік универстерде білім алуда. Білім «дамытудағы»еліміздің негізгі серіктестері:Ресей,АҚШ,Германия,Ұлыбритания,сонымен бірге БҰҰ-ның Балалар қоры (ЮНИСЕФ).

Қазақстанда әлемдік ресурстар бойынша алғанда уранның1 /4, хромның 1/7,қорғасын мен мырыштың 1/10 бөлігі шоғырланған.

Қазақстан халық саны бойынша дүние жүзінде 62-орын,ТМД аумағында 4-ші және Орталық Азияда 2-орын алады.



Қазақстанда дамыған химия салалары сары фосфор мен хром қосылыстары.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет