«Экономикалық, әлеуметтік және саяси географияға кіріспе» пәні бойынша БӨЖ тақырыптары



бет21/28
Дата03.05.2023
өлшемі483 Kb.
#89596
түріҚұрамы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   28
Халықаралық ұйымдар дегеніміз – халықаралық келісімдер (жарғы, статут немесе басқа құжаттар) негізінде құрылған, тұрақты түрде жұмыс істейтін үкімет аралық және үкіметтік емес ұйымдар. Олар өзінің қызметін жарғылық құжаттарына сай, көп жақты келіссөздер мен проблемаларды талқылау, дауыс беру арқылы немесе консенсус негізінде шешім қабылдауға құрады.
1919 жылы құрылған Ұлттар Лигасы деп аталатын халықаралық ұйым 1939 жылы өз жұмысын тоқтатты. Екінші дүниежүзілік соғыстан соң, 1945 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) құрылды. Штаб-пәтері Нью-Йорк қаласында (АҚШ) орналасқан. Ұйымға 191 мемлекет (2007 ж) мүше.
Бұл ұйымның алға қойған негізгі мақсаттары оның Жарғысында көрініс тапқан. Олардың қатарына әлемдегі бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, бейбір өмірге төнген қауіптің алдын алу немесе бетін қайтару, халықаралық даулы мәселелер мен шиеленістерді реттеу жатады. Бұл Жарғыда мемлекеттердің бейбіт қатар өмір сүруі мен ынтымақтастығының басты принциптері, оның барлық мүшелерінің теңдігі, халықаралық көлемдегі ынтымақтастық пен өзге мемлекеттердің ішкі істеріне араласпау принциптері бекітілген.
Кейбір жағдайда БҰҰ халықаралық саяси жанжалдарды реттеудің бейбіт құралдарынан басқа, әскери жолын да пайдалануына тура келеді. БҰҰ қарамағындағы әскери күштер мен қаржы оған мүше елдердің жарнасы есебінен түзіледі.
БҰҰ-ның басты органдары – Бас Ассамблея мен Қауіпсіздік Кеңесі, Экономикалық және әлеуметтік кеңес, Халықаралық сот, Қамқорлық жөніндегі кеңес, Хатшылық. БҰҰ-ның Бас хатшысын Бас Ассамблея 5 жыл мерзімге тағайындайды. Сондай ақ, БҰҰ-ның халықаралық деңгейдегі қызметін ұйымдастыруда оның құрамындағы Атом энергетикасы жөніндегі агеттік (МАГАТЭ), Білім беру, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымның (ЮНЕСКО, штаб-пәтері Парижде орналасқан), Халықаралық еңбек ұйымының, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының, Азық-түлік пен ауыл шаруашылық жөніндегі ұйымның (ФАО), Сауда және даму жөніндегі конференциясының (ЮНКТАД) маңызы зор.

Халықаралық ұйымдар





Ұйымның аты

Құрылған жылы

Штаб-пәтері орналасқан жер

Мүше елдер

Мақсаты мен міндеттері

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ)

1945

Нью-Йорк

188 ел енеді

Әлемдегі бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, бейбір өмірге төнген қауіптің алдын алу немесе бетін қайтару, халықаралық даулы мәселелер мен шиеленістерді реттеу

МАГАТЭ,
Атом энергети-касы жөніндегі Халықаралық агенттік
(БҰҰ-ның шешімімен құрылған ұйым)

1987

Вена

120-ға жуық ел енеді

Дүние жүзі елдерінің атом энергиясын бейбіт мақсатта және ядролық қауіпсіздік талаптарына сай неғұрлым кең пайдалануына қол жеткізу.

ФАО,
БҰҰ-ның азық-түлік және ауыл шаруашылығы жөніндегі арнайы ұйымы

1945

Рим

160-ға жуық ел енеді

Әлемдегі аштықпен күрес, адамдардың тамақтануын жақ-сарту мен өмір сүру деңгейін көтеруге ықпал жасау, ауыл шаруашылығының, балық және орман шаруашылығының өнімділігін арттыру, азық-түлік-пен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру

ЮНЕСКО, БҰҰ-ның білім беру, ғылым және мәдениет жөніндегі арнайы ұйымы

1946

Париж

183 ел енеді

Білім беру, ғылым және мәде-ниет саласында халықаралық ынтымақтастықты қолдау

ЮНКТАД, БҰҰ-ның сауда және даму жөніндегі конференциясы

1964

Швейцария

168 ел енеді

Экономикалық және әлеуметтік даму деңгейі әртүрлі мемлекеттер арасындағы халықаралық сауда қатынастарын қолдау

Солтүстік Атланттық келісім ұйымы (НАТО)

1949

Брюссель

АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Италия, Бельгия, Дания, Исландия, Канада, Люксембург, Нидерланд, Норвегия, Португалия, Грекия, Түркия, ГФР, Чехия, Венгрия, Польша

Біртұтас қорғаныс жүйесін құрайтын әскери-саяси одақ

Еуропалық Одақ (ЕО),
1993 ж дейін Ортақ нарық

1957

Брюссель

Франция, ГФР, Италия, Бельгия, Нидерланд, Португалия, Люксембург, Ұлыбритания, Дания, Ирландия, Грекия, Испания, Швеция, Финляндия, Австрия.

Біртұтас экономикалық одақ құру арқылы елдер арасындағы тауар, қаржы, жұмыс күшінің еркін айналымына жағдай жасау

Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің ассоциациясы (АСЕАН)

1967

Джакарта

Индонезия, Малайзия, Сингапур, Таиланд, Филиппин, Бруней, Вьетнам, Лаос, Мьянма

Оңтүстік-Шығыс Азиядағы бейбітшілік пен тұрақты-лықты орнату, экономи-калық-әлеуметтік және мәдени өрлеуді жеделдету

Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы (ОПЕК)

1960

Вена

Алжир, Біріккен Араб Әмірліктері, Венесуэла, Габон, Индонезия, Ирак, Иран, Катар, Кувейт, Ливия, Нигерия, Сауд Арабиясы, Эквадор.

Мұнай өнімдерінің әлемдік нарықтағы бағасын тағайындау және оның өндірілуі мен сатылуына бақылау жасау

1 СОӨЖ




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет