«Экономикалық, әлеуметтік және саяси географияға кіріспе» пәні бойынша БӨЖ тақырыптары



бет26/28
Дата03.05.2023
өлшемі483 Kb.
#89596
түріҚұрамы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Бақылау формасы: Студенттердің сабаққа белсенді араласуын қадағалап, СӨЖ берілген тапсырмаларды қадағалау.
7 СОӨЖ


САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: Дүние жүзінің ғаламдық проблемалары


САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: Ғаламдану және аймақтық ынтымақтастық жайлы білімдерін толықтыру


САБАҚҚА КЕРЕКТІ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР:
1.Дүние жүзінің саяси картасы
2.жеке таратылатын дүние жүзінің картасы
3.дүние жүзінің атластар мен жаратылыстану-математика бағытындағы оқу құралдары
4. Статистикалық мәліметтер
ТАПСЫРМА:

  • ғаламдық демографиялық проблемалар;

  • азық-түлік проблемасы;

  • энергетика және шикізат проблемалары;

  • дамушы елдердің артта қалушылығын жою проблемасы;

  • Дүние жүзілік мұхитты пайдалану проблемасы;

  • Ғарышты бейбіт мақсатта игеру тақырыптарына пікір-талас өткізу.



Бақылау формасы: Студенттердің сабаққа белсенді араласуын қадағалап, СӨЖ берілген тапсырмаларды қадағалау.


3.2. Емтиханға дайындалуға арналған сұрақтар



  1. Қазіргі дүние елдерін мемлекет құрылымы бойынша қандай топтарға бөледі?

  2. Анклав деген не?

  3. Тәуелді аумақтар қандай түрлерге бөлінеді?

  4. Халықаралық және аймақтық ұйымдарға мысал келтір, олардың ерекшеліктерін ата

  5. Қандай мемлекеттерде тәуелсіздік жарияланғанымен, егемендік халықаралық деңгейде танылмаған?

  6. Дүние жүзі елдерін жерінің ауданына қарай қандай топтарға бөледі?

  7. Экстремум елдер дегеніміз не?

  8. Дүние жүзі елдерін жерінің пішіні, теңізге қатынасына қарай қандай топтарға бөледі?

  9. Әлем елдері экономикалық даму деңгейіне қарай қалай жіктеледі?

  10. Экономикалық даму деңгейін сипаттайтын көрсеткіштерді ата

  11. Жиынтық ішкі өнімнің жалпы көлемі дегеніміз не?

  12. Қандай елдер ЖІӨ көлемі бойынша әлемде алдыңғы орындарда, оның себебі неде?

  13. Қандай елдердің ЖІӨ көлемі өте аз, себебін түсіндір

  14. ЖІӨ құрылымы мен ел экономикасы типінің және даму деңгейінің арасында байланыс бар ма?

  15. «Постиндустриялық» елдерге тән қандай белгілерді білесің?

  16. Жоғары дамыған елдерге тән белгілерді ата

  17. Шағын капиталистік елдердің ерекшеліктері қандай?

  18. «Қоныс аударған капитализм елдері» ұғымын түсіндір, бұл топтамаға қандай елдер жатады?

  19. Өтпелі экономика қандай елдерге тән, оның ерекшеліктері қандай?

  20. Жетекші дамушы елдер топтамасына енетін елдерді ата, олардың басты ерекшеліктері қандай?

  21. «Жаңа индустриялық елдер» ұғымын түсіндір, оған қандай елдерді жатқызуға болады?

  22. «Мұнай экспорттаушы елдер» топтамасына тән басты белгілерді ата, оған қандай елдер жатады?

  23. «Мешеу елдер» топтамасын қандай елдер құрайды, оларға тән белгілер қандай?

  24. Ғаламдық экологиялық проблемалар қалай пайда болады, олардың қатарына қандай мәселелерді жатқызуға болады?

  25. Елдердің экологиялық-экономикалық типтері дегеніміз не?

  26. Дамушы елдер мен дамыған елдердегі демографиялық проблемалар мен демографиялық саясаттың айырмашылықтары қандай?

  27. Дүниежүзілік мұхит ресурстарын игеру проблемасының ғаламдық сипат алуы немен байланысты?

  28. Бейбітшілікті сақтау проблемасының адамзат дамуы үшін маңызын ата

  29. Дамушы елдер мен дамыған елдердегі азық-түлік проблемасының ерекшеліктерін ата

  30. Шикізатпен қамтамасыз ету проблемасының елдер бойынша ерекшеліктері қандай?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет