«Экономикалық, әлеуметтік және саяси географияға кіріспе» пәні бойынша БӨЖ тақырыптары


Жоғары дамыған елдердің өзін 3 негізгі топшаға жіктейді



бет18/28
Дата03.05.2023
өлшемі483 Kb.
#89596
түріҚұрамы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   28
Байланысты:
«Экономикалы , леуметтік ж не саяси география а кіріспе» п ні б

Жоғары дамыған елдердің өзін 3 негізгі топшаға жіктейді:


  1. Басты капиталистік елдер – “Үлкен Жетілік” деп аталатын жоғары деңгейде дамыған жеті ел (АҚШ, Канада, Жапония, Германия, Франция, Ұлыбритания, Италия), Бұл елдерде жан басына шаққандағы жиынтық ішкі өнім (ЖІӨ) көрсеткіші 25 мың доллар шамасында, экономикасының ауқымы өте үлкен және құрылымы күрделі. Бұл топтағы елдерді “өркениет локомотивтері” деп те атайды. Әлемдегі “500-дің клубы” аталған аса ірі 500 ұлтаралық бірлестіктің 400-ден астамы осы елдерде орналасқан, олардың үлесіне жалпы жылдық сату көлемінің 90%-ы тиесілі болады.

  2. Батыс Еуропаның шағын капиталистік елдері: Бельгия, Нидерланд, Австрия, Швейцария, Норвегия, Швеция, Дания, Финляндия.ЖІӨ көрсеткіші 20-25 мың доллар. Бұл елдер әлемдік экономикада елеулі орын алады, маманданған салалары бар: Халықаралық географиялық еңбек бөлінісінде Бельгия мен Нидерланд порт шаруашылығымен (Роттердам, Антверпен), электр техникасы өндірісімен; Норвегия халықаралық теңіз тасымалына мамандануымен; Швейцария қаржы орталықтарымен және станок, сағат өндірісімен; Финляндия целлюлоза-қағаз өндірісімен; Швеция машина жасау және металлургия өнеркәсібімен ерекшеленеді. Бұл елдердің халықаралық деңгейде мамандануын мына мысалдардан көруге болады: кішігірім Швейцарияда 620 банк бар, ал Нидерланд гүл өсірушілері әлемдік гүл нарығының жартысынан астамын “жаулап алған”.

Қазіргі кезде дүние жүзілік саясатта да шағын елдердің ролі артып отыр. Бірқатар халықаралық ұйымдардың штаб-пәтерлері осы елдерде орналасуы – осының дәлелі. Мысалы, Брюссель қаласында НАТО мен Еуропалық Одақтың, ал Венада МАГАТЭ (Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік), және ОПЕК (сыртқа мұнай шығаратын елдер ұйымы) сияқты ұйымдардың штаб-пәтерлері орналасқан. Бейтарап саясат ұстанатын Швейцарияда Біріккен Ұлттар Ұйымының құрамына енетін Бүкіл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының, Халықаралық еңбек ұйымының, Дүниежүзілік Метеорологиялық ұйымның және Халықаралық пошта одағының штаб-пәтерлері шоғырланған.

  1. Қоныс аударған капитализм” елдері. Дамыған капиталистік елдердегі капиталистік қатынастардың (өндірісті ұйымдастырудың технологиясы, нарықтық шаруашылық үлгісі, өмір салты және т.б.) “дайын” үлгісінің бұрын капиталистік жүйе тән болмаған елдерге енгізілуін ғалымдар “капитализмнің қоныс аударуы” деп атайды. Осыған сәйкес, әлемде “қоныс аударған капитализм елдері” деген айрықша елдер тобы ажыратылады. Мұндай елдер тобына бұрын Ұлыбританияның отары болған Аустралия Одағы, Израиль, Жаңа Зеландия және Оңтүстік Африка Республикасы жатады. Экономикасының даму ерекшелігіне байланысты бұл топқа “үлкен жетілікке” енетін Канада да жақын келеді. Аталған елдердің экономикасында әлемдік деңгейдегі экономика алпауыттары жетекші роль атқарады. Басқа дамыған елдерге қарағанда бұл елдерде тау-кен өнеркәсібінің үлесі жоғары, экспортында шикізат пен ауыл шаруашылық өнімдері басым.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет