Семинар сабағын жүргізу бойынша жалпы ережелер Оқу жүйесі студенттердің семинарлық жұмысын қарастырады, яғни студент оқытушысының басқаруымен аудиторияда және өздігінен орындайтын жұмыстарды ескереді.
Семинар сабағы – бұл оқу үрдісін ұйымдастырудың күрделі және жан-жақты көп еңбектенуді талап ететін нысаны. Себебі оның нәтижелі өткізілуі тек оқытушыларға ғана тәуелді емес, сонымен қатар көбінесе студенттердің сабақ-қа өз беттерінше дайындалу дәрежесі мен зор ынта қоюларына және де олардың белсенділік көрсетулерімен тығыз байланысты болады. Семинар сабақтарында оқытушы студенттермен өзара үнемі қарым-қатынаста болады, ал оның, өз кезегінде, өзара ғылыми және іс-тәжірибиелік тұрғыдан алғанда студенттерге тигізетін ықпалы мен беретін жемісі зор.
Семинарлық сабақ типтері мен әдістері Жоғарыда аталған принциптер семинарлық сабақтардың барлық типтеріне ортақ. Семинарлық сабақтардың үш типі болады:
Жүйелік - тақырыптық типті семинарлық сабақ көп тараған. Бұл лекциялық дәрістердің тақырыптарына сәйкес жүйелі курс бағдарламасының әрбір тақырыбы бойынша өткізілетін семинарлық сабақ болып табылады.
Мәселелік - тақырыптық типтегі семинарлық сабақ деп курстың белгілі - бір бөлімі бойынша бірнеше тақырыптар мен бөлімшелерден құралып өткізілетін семинарлық сабақты айтады. Мұндай семинарлық сабақтар студенттермен жұмыстарды ұйымдастырудың орта мезгілінде немесе соңғы уақытында өткізіледі.
Арнайы типті семинарлық сабақ деп әдістемелік сипаттағы мәселелерге немесе белгілі бір маңызды мәселеге арналып өткізілетін жүйелі семи-нарлық сабақты айтады.
Семинарлық сабақтардың бұл типтері әртүрлі әдістемелік әдістерді қолдану нәтижесінде семинарлық сабақта бір мезгілде пайдалануы мүмкін.
Семинарлық сабақты өткізуде ең көп таралған болып жоспар бойынша сұрақ-жауап алу әдісі табылады. Бұл жағдайда аталған әдебиет бойынша берілген сұрақтарға студенттердің барлығы дерлік дайындалады. Студенттер өз қалаулары бойынша немесе оқытушының шақыруымен жауап береді.
Семинарлық жұмыс маманның жаңа типін қалыптастыруға мақсатталған, яғни ол қажетті мәліметті пайдалануға, өңдеуге, талдауға үйреніп және оны қажетті кезеңде тиімді пайдалана білу.
Мақсатқа жетуде студенттердің семинарлық жұмысын тиімді ұйымдастыру қажетті болып табылады осыған байланысты студенттердің білім санасы және тереңдігі және жалпы оқытудың нәтижесі беріледі.
Ол төмендегі бөлімдерді қамту қажет:
Аудиторияда алған білімдерін кеңейтуге, бекітуге және тереңдетуге;
Жаңа білімдерді активті қалыптастыру
Қарастырылып отырған мәселелерді шешуде шығармашылық әдісті дамыту.
Студент индивидуалдылығын көрсетеді
Ситуациялық мәселелерді шешудегі тәжірибені қалыптастыру.
Семинарлық жұмыс студенттің бойында төмендегідей іс-әрекеттерді қалыптастырады: арнайы әдебиетпен, анықтамалық әдебиетпен, мерзімді басылымдармен, интернетпен жұмыс істей білу. Сонымен қатар қарастырылып отырған міндетті шешуде, ұйымдастырушылық, тәртіптілікті, активтілікті көздейді.
Семинарлық жұмыстың келесі формалары кеңінен қолданады:
Сұрақтарға, коллоквиумдарға дайындалу
Тестілеуге дайындалу, аудиториялық бақылау жұмысына дайындалу.
Үйге берілген бақылау жұмысына және тапсырмаларға дайындалу.