Экономикалыќ теорияныѕ пјні жјне јдіс-тјсілдері


Химиялық зақымдалу ауданының шекарасын, өлшемін және зақымдалу аймағының ауданын анықтау



бет79/124
Дата17.10.2023
өлшемі1,67 Mb.
#116932
түріСеминар
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   124
Байланысты:
3.МУ по практ общий предмет.Экосистема

Химиялық зақымдалу ауданының шекарасын, өлшемін және зақымдалу аймағының ауданын анықтау
Химиялық зақымдалу ауданының шекаралары барлаушылардың көмегімен анықталады және схемаға түсіріледі. Барлауға есепті қою үшін алдын ала есептеу тәсілімен химиялық зақымдалу ауданының өлшемдері және ауданы анықталады.
Химиялық зақымдалу аймағының өлшемі зақымдау концентрациясы бар ҚӘУЗ зақымдалған ауа бұлтының таралу тереңдігі және оның енімен анықталады.
ҚӘУЗ зақымдалған ауаның бұлтының ашық жердегі тарау тереңдігі №30 кесте бойынша, жабық жерде №3 кесте бойынша анықталады.
Химиялық зақымдалу аймағының ені ауаның тік тұрақтылығының дәрежесіне байланысты және ол келесі теңдіктермен анықталады:
Ш=0,03 Г – инверсия кезінде
Ш=0,15 Г – изотермия кезінде
Ш=0,8Г – конвекция кезінде
Мұндағы Г зақымдау концентрациясы бар зақымдалған ауа бұлтының таралу тереңдігі, км.
Ауаның тік тұрақтылық дәрежесін анықтау үшін №1, 2 сызбаларды қолданады.
Ауаның тік тұрақтылығының өте дәл дәрежесін биіктегі (1м және температура градиенті бойынша) желдің жылдамдық сызбасы көмегімен анықтауға болады, мұнда:
50 – 50 см биіктегі ауаның температурасы
200 – 50 см жер бетінен 200 см биікте
- 0,1 инверсия
+ 0,1 - 0,1 изотермия
+ 0,1 кезінде – конвекция, мұндағы қатынастан 1м биіктегі желдің жылдамдылығы.

4 ЕСЕП


Берілгені:
Химиялық зауытта өндірістік апаттардың нәтижесінде 10т хлор бар созыңқы тәрізді зат қирады. Зауыт қалалық құрлыстар жерінде орналасқан қала сыртында орман орналасқан. Химиялық зақымдалу аймағының өлшемдерін және ауданын анықтаймыз. Метеошарттар: 50 және 200 м биіктіктегі ауа температурасы - 210С, желдің жылдамдығы – 3 м/сек. Тапсырманы орындауға арналған бастапқы мәліметтер №3 кестеде берілген.
Шешімі:
4 кестеден 10 т хлор үшін 1 м/сек жел кезіндегі зақымдалған ауаның таралу тереңдігін табамыз. Ол 14 км-ге тең. № 3 кестеден 3 м/сек жел жылдамдылығы үшін тұзету коэффициентін анықтаймыз, ол 0,45-ке тең. Зақымдалған ауа бұлтының тарау тереңдігі 14·0,45=6,3 км.
Есептің шарты бойынша затымыз оралған. № 3 кестеден 2 ескертпеге сәйкес зақымдалған ауаның таралған тереңдігін 1,5 есе азайтамыз, яғни бұдан ізделінген тереңдік мынаған тең:
Г=6,3 / 1,5=4,2 км
Химиялық зақымдалу аймағының енін анықтаймыз:
Ш = 0,03 Г = 0,03·4,2 = 0,126 км
Зақымдалу аймағының ауданы анықталады: 4,2 км тереңдігі кезіндегі аудан:
S = 4,2 км · 0,126 км = 0,53 км2 болады.
Осылай КӘУЗ зақымданған аудандар изотермия және конвекция үшін есептеледі.
7 Практикалық сабақ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет