Экономикалыќ теорияныѕ пјні жјне јдіс-тјсілдері



бет77/124
Дата17.10.2023
өлшемі1,67 Mb.
#116932
түріСеминар
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   124
Байланысты:
3.МУ по практ общий предмет.Экосистема

W, млн. м3

B, м

H, м

v, м/с

R, км

1

140

108

50

5,8

25,50,100

2

152

113

50

6,1

25,50,100

3

165

121

60

6,9

50,100,150

4

104

103

40

5,4

25,50,100

5

173

127

50

7,1

50,100,150

6

160

117

60

6,5

25,50,100

7

183

132

60

7,3

100,150,200

8

210

135

60

7,50

100,150,200

9

146

119

50

6,2

50,100,150

10

169

114

40

6,3

25,50,100

11

138

106

40

5,8

25,50,100

12

158

121

50

6,4

50,100,150

13

194

130

60

6,9

50,100,150

14

240

138

60

7,0

100,150,200

15

224

126

50

6,4

25,50,100

16

236

131

60

7,1

50,100,150

17

193

118

60

6,5

50,100,150

18

168

107

60

6,7

25,50,100

19

128

105

40

5,7

25,50,100

20

264

129

60

7,2

50,100,150

4 Практикалық сабақ
Радиациялық қауіп. Жаппай қырып-жою қаруының жалпы сипаттамасы (OMP). Ядролық жарылыстың зақымдаушы факторлары. Иондаушы сәуле. Сыртқы және ішкі сәулелену. Олардың адам ағзасына әсері. Экспозициялық, сіңірілген, эквивалентті доза. Сәуле ауруы, басқа аурулар

3 ЕСЕП Соққы толқынының тікелей артықша қысымын, шағылған соққы толқынының артықша қысымын және соққы толқыны артындағы ауаның жылдамдық тегеурінін анықтау.


Берілгені: Жарылыс қуаты q=0,5 Мт жарылыс орталығынан R=5100 м ара қашықтықта орналасқан объектідегі соққы толқынының әсерін анықтау. Тапсырманы орындауға қажетті бастапқы мәліметтер №3 кестеде берілген
Шешімі:
Соққы толқынының тікелей артықша қысымын келесі өрнекпен анықтайды:
РФ=105 (5)
мұнда: qст - ядролық қарудың соққы толқынына жұмсалған тротил баламасы;
qст =0,5 • q = 0,5•0,5•10 9=0,25•10 9 кг
Онда:
РФ=105 кПа
РФ – ның мәні бойынша шағылған соққы толқынының артықша қысымын келесі өрнекпен есептейміз:
Рш = 2РФ + (6)
мұнда : Р0 атмосфералық қысым, Р0=101,3 кПа.
Сонда
Рш=2 • 21,855 + кПа
Соққы толқыны артындағы ауаның жылдамдық тегеурінін келесі өрнекпен анықтаймыз:
Ртег= , Па (7)
Ртег= кПа = 75 Па.

Қиратып жою құралдарының ішіндегі ең қуаттысы осы ядролық жарылыс. Ол тротил баламасымен өлшенеді, яғни тротилдің тонна (т), килотонна (Кт), мегатонна (Мт) салмағымен өлшенеді.


Ядролық жарылыс ауада, жер (су) бетінде, жер (су) астында болуы мүмкін. Оның қауіпті факторларына: соққы толқыны, жарықты сәуле бөлу, өткіш радиация, төңіректі радиоактивті ластау және электро-магниттік импульс жатады.
Біз ядролық жарылыстың қирату факторларының бірі соққы толқынына тоқталамыз.
Соққы толқыны ауаның бір мезетте қысылғанынан пайда болады және дыбыс жылдамдығынан жоғары жылдамдықпен тарайды. Соққы толқынының пайда болу көзі – жарылыстың ортасында өте жоғары қысымның пайда болуы. Соққы толқыны өзінің жойқын күшіне байланысты, жолындағылардың бәрін қирата талқандап өтеді. Соққы толқынының күші жарылыс ошағынан қашықтаған сайын бәсеңдей береді. Адамдар соққы толқынынан тек арнайы жер асты панаханаларына, шұңқырларға, т.с.с. таса жерлерге жасырынып сақтанады. Соққы толқыны күшін 4-ке бөлуге болады.
1. Алғашқы жарылыс болған ошағын толық қирау аймағы деп атаймыз.
2. Күшті қирау аймағы.
3. Орташа қирау аймағы.
4. Жеңіл қирау аймағы.
1) Толық қирау аймағы - Рш=50 кПа-мен (0,5 кгс/см2) шектеледі. Жер үстіндегі құрылыстардың барлық түрі жермен жексен болып, тек қана үйінділер қалады. Жер астындағы қорғаныс ғимараттар, панаханалары, коммуналдық жүйелері едәуір бүлінеді. Қорғанбаған адамдардың бәрі өліп, жер астында орналасқан паналаушылар әр-түрлі жарақат алады.
2) Күшті қирау аймағы - Рш=50-30 кПа арасында. Өнеркәсіп және тұрғын ғимараттардың көбісі толық қирап немесе қатты бұзылады, бірақ жер астындағы құрылыстар толық сақталуы мүмкін; жасырынбаған адамның көпшілігі қаза табады. Қорғаныс паналардағы адам арасында жарақат алғандар көп емес, жер беті радиобелсенді заттармен қатты ластанады.
3) Орташа қирау аймағы - Рш=30-20 кПа арасында. Көп қабатты ғимараттар, электр жүйелерінің бағандары орташа немесе бір шамада бүлінеді, қорғаныс паналар, жер төлелер толық сақталып қалады. Кейбір жерлерде үйінділер болуы мүмкін. Адамдарға көмір қышқыл газбен улану қауіпі төнеді. Осы үш зоналар ядролық зақымдану ошағының 1/3 бөлігін құрайды және бұл жерде құтқару жұмыстары күрделі түрде жүреді.
4) Жеңіл қирау аймағы - Рш=20-10 кПа арасында. Ғимараттардың тек терезе жақтаулары, есіктері, ішінара үй шатырлары бүлінеді. Ағаш үйлер бұзылады, жеңіл от алатын заттардың төгілуінен екінші қайтарма өрт пайда болуы мүмкін.
Ядролық жарылыс салдарынан өте қауіпті аймақта біздің объект орналасқан. Сондықтан жарылыс болған жерден адамдарды тез арада қауіпсіз аймаққа көшіру керек. Өйткені жарылыс болған кезде үйлер, ғимараттар, газ құбырлары, өсімдіктер, қорғаныс құрылыстары жермен теңеседі.
Кесте №3 Тапсырманы орындауға арналған бастапқы мәліметтер

Вар-т

№ 3 ЕСЕП

q, МТ

R, км

1.

1,5

8,5

2.

1,3

8,2

3.

1,2

8,0

4.

1,8

9,6

5.

2,0

13,0

6.

2,2

14,5

7.

2,4

15,1

8.

2,5

15,9

9.

3,0

16,3

10.

3,5

17,5

11.

3,5

10

12.

2,5

8

13.

1,5

16

14.

4

20

15.

4,5

10

16.

4,5

25

17.

5

10

18.

5

28

19.

5,5

50

20.

5,5

25



Бақылау сұрақтары
1. Ядролық жарылыстың қирату факторлары
2. Соққы толқынының күштері


5 Практикалық сабақ
Химиялық қауіпті объектілерді жіктеу. Химиялық қауіпті заттарды сақтаудың, тасымалдаудың негізгі тәсілдері.

Өмір сүру ортасындағы адам ағзасына кері әсер ететін факторлар:


Зиянды заттардың жалпы сипаттамасы. Қазіргі заманда адамзатқа белгілі 7 млн. астам химиялық заттар бар. Олардың 60 мыңнан астамы кең қолдану табуда, тамаққа қосу түрінде – 5500, дәрі-дәрмек – 4000, тұрмыс химиясында – 1500 пайдаланылады. Халықаралық нарықта жыл сайын 500-ден 1000-ға дейін жаңа химиялық қосындылар, өнімдер пайда болуда. Міне сондықтан адам өміріне қауіпті улы заттар дүниеге көптеп келіп жатыр.
Улы химиялық заттар, өзінің пайдалануына байланысты төмендегідей болып жіктеледі:
- өнеркәсіп уы – өндірісте қолданатын заттар;
-  улы химикаттар – ауыл шаруашылығында қолданылатын заттар;
- дәрі-дәрмектер;
- тұрмыс химикаты;
- өсімдіктер және жануарлар уы – өсімдіктерде, саңырауқұлақтарда, жануарларда, құрт-құмырсқаларда болатын заттар;
- әскери улаушы заттектер.
Адам организміне әсер ету сипаты бойынша улы заттар төмендегідей болып бөлінеді:
- жалпылама улыларорганизмді жалпы улайтын, жеке ағзаларды ауру етіп, істен шығаратын улы заттар;
- қоздырғыштар – тыныс жолдарының шырышты (слизистый) қабатын, көзді, өкпені, теріні ауру ететін заттар;
- аллергия тудыратын заттар;
- мутагендер – генетикалық кодты бұзатын заттар;
- канцерогендер – қауіпті ісіктер тудыратын заттар.
- бала жасау қызметін жоятындар – қорғасын, сынап, стирол, радиоактивті басқа да заттар.
Зиянды заттардың әсер етуі және ағзаға енудің жолдары. Зиянды заттар адам ағзасының тыныс алу жолдары, тері және ас қорыту жолдары арқылы енеді. Көп жағдайда (80-90 пайыз) кәсіпке байланысты аурулар және уланулар ағзаға улы газдардың, булардың, тұмандардың енуіне байланысты болады. Бұл жолмен ауруға шалдығу өте ауыр болуы мүмкін, себебі улы зат бірден қанмен араласып бүкіл денеге тарап кетеді.
Улы заттар ішкен тағаммен, сумен, темекімен, қолдың кірімен ас-қорыту жолдары арқылы ағзаға енеді. Улы заттар ауыз қуысында-ақ сіңіп, қанға өтіп кетуі мүмкін. Ондай заттарға фенол, цианид сияқты улар жатады. Асқазанның қышқылды ортасы улы қосындымен бірігіп, заттың улылығын одан ары арттыра түсуі мүмкін.
Улы заттар адам ағзасына тері арқылы енеді. Улы булар, сұйық заттар теріге еніп, сол арқылы қанға кетеді. Бұндай заттарға суда, майда жеңіл еритін көмірсутегі, ароматты аминдер, бензол, анилиндер және т.б. жатады. Егер теріде жара немесе сызат болса, ағзаға енуі жеңілдейді.
Бірінші кезеңде улы заттардың бөлінуі қан айналымының қарқындылығы байланысты болады. Улы заттардың жиналатын үш басты орны бар: клетканың сыртындағы сұйық, клетканың ішіндегі сұйық және майлы тін (ткань). Улы заттың тарауы үш негізгі физикалық-химиялық қасиетке байланысты болады: суда ергіштігі, майда ергіштігі, реакцияға енгіштігі. Кейбір металдар (күміс, мырыш, хром, ванадий, кадмий және басқалары) қаннан тез шығады, бірақ бауыр мен өкпеде жиналып қалады. Барий, бериллия, қорғасын қосындылары кальцимен, фосформен бірігіп өте мықты қосынды жасай алады және сүйекте жиналады.
Улы заттардың әсерінің салдары. Улы, зиянды заттармен жақындасқанда адам ағзасы тіннің жергілікті зақымдануына және жалпы улануға әкеледі.
Жалпы улану удың қанға енуінің нәтижесінде дами бастайды. Удың жергілікті әсері онымен жақындасқан жерінде зақымдану болуы мүмкін: терінің қызарып, қабынуы, күюі.
Улану екі түрде жүреді: өткір және созылмалы.
Уланудың өткір түрі – бұлай улану апат болғанда, қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзғанда болады әрі у тез арада әсер етеді және көп мөлшерде ағзаға енеді. Өткір уланудың екі фазасы болады: біріншісі – өзіне тән емес көрінуі (бас ауруы, әлсіреу, жүрегі айну және т.б.), екіншісі – өзіне тән, телімді көрінуі (өкпенің ісінуі т.с.с.).
Уланудың созылмалы түрі – уланудың бұл түрі жайлап, аз мөлшерде білінбей жүріп жатуы мүмкін. Ондай улану удың ағзаға жиналуының әсерінен болады. Мысалы, бензолмен өткір улану болғанда негізінен жүйке жүйесі зақымданады, ал осы затпен созылмалы түрде уланса, онда қан жасау жүйесі зақымданады.
Адам ағзасының улы заттарға қарсы күресінің жолдары. Зиянды заттар ағзаға түскен соң, әртүрлі химиялық өзгеріске ұшырайды: биотрансформация немесе метаболизм. Улы зат клеткалы мембранамен, ақ уыз құрылымымен және клетканың басқа да құрылымдарымен және тінаралық ортамен қарым-қатынасқа түсіп өзгереді – бұл удың әр жолмен өз күшін жоғалтуы.
Бірінші жол – удың химиялық құрылымының өзгеруі.
Екінші жол – улы затты уақытша бір органдарға бөліп қоюы (депонирование). Бұл жол – уақытша қанда айналып жүрген удың көлемін азайтады. Мысалы, ауыр металдар (қорғасын, кадмий) сүйекте, бауырда, бүйректе, кейбір улы заттар жүйке жүйесінде жиналады. Бұл процесс өте күрделі және уды жоюдың негізгі тиімді жолы болып саналмайды. Себебі у қан айналымына кез келген уақытта қайта түсуі мүмкін.
Үшінші жол – организмнен шығуы – бұл әртүрлі жолмен болады: тыныс алу жолдары арқылы, асқорыту, бүйрек, тері, темір. Мысалы, ауыр металдар ішек-қарын жолымен ағзадан шығады. Терлегенде термен де шығуы мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет