Техносфера жарылыстары Жарылыс – белгілі бір қашықтықта адамдарды зақымдайтын, энергия бөлінуімен және сығылған газдың түзілуімен (соққы толқыны) жүретін төтенше жылдам химиялық реакция.
Табиғи ортада жарылыстар әрқашан туындап отырады: жер сілікінісі кезінде, жанартаулар атқылағанда, табиғи газдар жарылғанда. Негізгі орын алатыны, адамның өнертабысы нәтижесінде арнайы жарылғыш заттардың (ЖЗ) дүниеге келуімен болған жарылыстар.
Жарылғыш заттар – жылудың әсерінен химиялық өзгеріске түсетін, жоғары қысымды және жылдамдықты газға ие болатын химиялық қосылыс немесе қоспа.
Жарылыстың ерекше сипаты оның жылдам өтуі. Жарылыс уақыты секундтың бірнеше мың бөлігінен тұрады. Жарылыс кезіндегі ЖЗ-дың таралу жылдамдығы 1000-9000 м/с. Температура он мыңдаған градуықа жетеді. Жарылғыш газдар белгілі бір қашықтыққа дейін өзінің қиратушы әсерін сақтайды.
Жарылыс салдары жарылғыш құрылғының қуатына және жарылыс болатын ортаға тәуелді.
Жарылыс күшін бағалау үшін тротил баламасы қолданылады.
Жарылыстың қиратушы факторлары: ауа соққы толқыны, газ ағымы, ұшқындар, жалынның жоғары температурасы, жырқыл сәуле, кенеттен шыққын дыбыс.
Жауынгерлік оқ-дәрілердің жарылысы Соғыс операцияларын жүргізуде жарылыспен әсер ететін қарулар кеңінен қолданылады: миналар, фугастар, снарядтар, бомбалар, шашкалар, жарылғыш пакеттер және т.б. Оларды арнайы қолдануды, нұсқаулықтар және техника қауіпсіздігі талаптарына сәйкес мамандар жүргізеді. Жарылыс қауіпті заттар қарапайым тұрғындардың қолына жиі түсіп, жарылыстың туындау көзі болуда. Олар төтенше қауіпті және әрдайым нәтижесі қайғылы жарылыстарға әкеліп соғуда.
Тұрмыстық газ жарылысы және олардан сақтану шаралары Мұндай жарылыстардың негізгі себептері, газ приборларын іске қосудағы техника қауіпсіздігінің бұзылуы.
Газ приборларын іске қосу кезінде:
- техника қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықпен танысу және арнайы оқудан өтіп, газ приборларын іске қосу құқығына құжат алу керек;
- газ приборларын орнатуды, жөндеуді мамандарға тапсыру керек;
- тек ғана дұрыс жұмыс істейтін приборларды іске қосу керек;
- бөлмеге газдың шығуына жол бермеу керек;
- бөлмеде газ иісі шыққан жағдайда беріліс кранын бекітіңіз, ауа алмасу үшін есік, терезелерді ашыңыз, ашық отты қолданбаңыз, электр приборларын іске қоспаңыз;
- егер жағдай бақылаудан шықса газ, өрт немесе құтқарушылар қызметкерлерін шақырыңыз;
- қажат болған жағдайда пәтерден шығып, көршілерңізге ескертіңіз.
Бөлмедегі тұрмыстық газдың жарылуы нәтижесінде ғимарат немесе оның бір бөлігі қирауы мүмкін, өрт шығуы мүмкін, адамдар жарақат алып, қаза болуы мүмкін.