Экономикалыќ теорияныѕ пјні жјне јдіс-тјсілдері



бет91/124
Дата17.10.2023
өлшемі1,67 Mb.
#116932
түріСеминар
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   124
Байланысты:
3.МУ по практ общий предмет.Экосистема

Бақылау сұрақтары:
1. Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар
2. Алғашқы медициналық көмек

13 Практикалық сабақ


Әлеуметтік қауіпсіздік

Бүгінгі таңда, қоғамның өмірінде маңызды орын алатыны әлеуметтік сипаттағы ТЖ: соғыстар, лаңкестік әрекеттер, адамдарды кепілдікке алу, ұрлық, тонау, алаяқтық, азарттық ойындар, зорлау-зомбылау, бопсалау, зиянды және қауіпті әдеттер, адамдардың топырлап жиналуы, өзге жинақты бірлестіктер. Олардың жалпы саны, көптүрлілігі, салдарының масштабтары әр уақытта артуда. Әлеуметтік сипаттағы ТЖ-дың спецификалық ерекшелігі, адамдардың өзара қарым-қатынасында туындайды және адамдардың өзіне ғана тәуелді. Әлеуметтік сипаттағы ТЖ адамдармен саналы түрде жоспарланады, дайындалады, жасалады. Бұл адамдар әлеуметтік сипаттағы ТЖ-дың көмегімен өздерінің саяси, ұлттық, діни-нанымдық, кримналдық, қаржылық, жеке мәселелерін шешуге тырысады. Бұл мақсатта түрлі жауыздық әдістер қолданады: қорқыту, бопсалау, зомбылық көрсету, алдау, арбау, кепілге алу, тонау, өлтіру және т.б. Көпшілік жағдайда бейбіт халықтың әлеуметтік сипаттағы ТЖ-дың құрбандары болатыны, оны ұйымдастырушыларға, тапсырыс берушілерге және орындаушыларға бөгет бола алмайды.


Әлеуметтік сипаттағы ТЖ-дың жіктелуі 5 суретте көрсетілген.

Сурет 5. Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлардың жіктелуі

Өткен ғасырдың соңғы он жылдығында БҰҰ мәлімдеуі бойынша, шиеленіскен жағдайлардың нәтижесінде: 2 миллион жасөспірім қаза тапқан; 6 миллионы жарақат алып, мүгедек болған; 10 миллионнан астамы осы уақытқа дейін психологиялық зардап шегуде.


Әлеуметтік сипаттағы ТЖ-мен күресу үшін әлемдік қоғамдардың, мемлекеттердің, арнайы қызмет орындарының әрекеттері бағытталған. Жалпы қоғамдық жүйеде орын алатын тұрғындарға, тіпті әр қайсысымызға, әлеуметтік сипаттағы ТЖ-дың кері әсері тиері һақ. Өзіміздің білімімізбен, танымымызбен, дұрыс және уақтылы әрекеттерімізбен көптеген әлеуметтік сипаттағы ТЖ-дың алдын алып, ауыртпалық зардаптарын болдырмауға болады.
Адамзат өзінің тіршілік әрекетінде, яғни өмір сүруі мен дамуы үшін жағдай жасауда қауіптермен қақтығысады. Адамның кез-келген іс-әрекеті қоршаған табиғи ортамен және әлеуметтік ортамен байланысты және де потенциалды қауіпті. Потенциалды қауіп жасырын сипатқа ие және белгілі бір болжамсыз шарттармен туындайды.
Қауіптер түрлі сипатқа ие және олардың көпшілігінің негізінде қоғамдық ара-қатынастағы шиеленістермен байланысты әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар жатыр. Соңғы уақыттардағы төтенше жағдайларды талдау нәтижелері көрсеткендей, төтенше жағдайлардың 75-80%-ның туындау себептері адамзат әрекетімен байланысты және әлеуметтік сипаттағы себептермен шартталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет