Идентификация – қатынасатын субъектке арнайы идентификатор (қайталанбайтын) тағайындау және оны мүмкін болатын идентификатор тізімімен салыстыру операциясы.
Аутентификация
Аутентификация – қатынасатын субъект пен оның идентификаторының сәйкестігін тексеру әрі растау операциясы. Аутентификацияның әдістерін үлкен 4 топқа бөлуге болады:
Белгілі бір құпия ақпаратты білуге негізделген әдістер. Бұл әдістің бәрімізге таныс мысалы – парольдік қорғаныс. Қолданушы жүйеге кірер кезде пароль, яғни таңбалардың құпия тізбегін, енгізу керек болады. Аутентификацияның бұл әдісі ең кең таралған болып табылады.
Қайталанбайтын зат (нәрсе) қолдануға негізделген әдістер. Қайталанбайтын зат ретінде түрлі смарт карталар, токен, электрондық кілттерді айтуға болады.
Адамның биометриялық белгісіне негізделген әдістер. Іс жүзінде биометриялық белгілердің келесідей түрлері қолданылады: Саусақтың ізі, Көздің торлы қабықшасы не мөлдір қабықшасының суреті, Қолдың жылулық суреті, Беттің фотосуреті не жылулық суреті, Жазу (қолтаңба), Дауыс
Қолданушымен байланысты ақпаратқа негізделген әдістер. Мұндай әдістердің мысалы ретінде қолданушының GPS арқылы алынған координаттарын айтуға болады.
Аутентификацияның парольдік жүйелерінің ерекшеліктері:
Жүзеге асырудың салыстырмалы түрдегі жеңілдігі. Шынымен-ақ, парольдік қорғаныс механизмін ұйымдастыруға, көп жағдайда, ешқандай артық аппараттық құралдар керек емес.
Дәстүрлік. Парольдік қорғаныс механизмі қолданушылардың көпшілігіне таныс, сондықтан басқа құралдарға қарағанда (м: көздің мөлдір қабықшасының сканерлеу) психологиялық жатсыну тудырмайды.
Қауіпсіздіктің парольдік жүйелерінің негізгі қауіптеріне:
Адами факторлардың әлсіздігін пайдалану жолы. Бұл жерде пароль алу әдістері әр түрлі: пароль енгізу кезінде көріп алу, тыңдап алу, шантаж немесе біреудің тіркелгісін рұқсатпен пайдалану.
Теріп тауып алу. Бұл жерде келесідей әдістер пайдаланылады:
Барлық вариантты теріп, тауып алу. Бұл әдіс бойынша парольді енгізіп көру кезінде барлық мүмкін комбинация тексеріледі. Қаскүнемнің жүйеге кіру уақыты көп болу керек екендігі өз-өзінен-ақ түсінікті. Бұл әдіспен шыдамдығы кез-келген парольдер табылады.
Сөздік бойынша теріп, тауып алу. Іс жүзінде пайдаланылатын парольдер мағыналы сөз не сөз тіркесі болып табылады. Осындай көп пайдаланылатын парольдер тізімделіп, сөздік жасалады. Осы сөздіктің көмегімен парольді тез тауып алуға болады.
Қолданушы туралы мәлімет бойынша теріп, тауып алу. Бұл әдістің негізінде әр қолданушы өз паролін өздері ойлап табу фактісі жатыр. Көп жағдайда, адамдар пароль ойлап тапқан кезде, өздеріне байланысты мәлімет енгізеді.