Экономикалық заңдар және экономикалық категориялар



бет4/4
Дата22.06.2023
өлшемі20,25 Kb.
#102962
1   2   3   4
Байланысты:
c2dcf6f64efc605e2f1a185c5478f294

Экономикалық теория

  • Адамдар мен әртүрлі әлеуметтік топтар арасында игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну процестері барысында қалыптасатын экономикалық қатынастар. Нобель сыйлығының лауреаты П. Самуэльсон экономикалық теория пәнін өзінің «Экономика» атты еңбегінде тұтыну және өндіруді жүзеге асыру, адамдар арасындағы айырбаспен, ақшалай келісім-шартпен байланысты қызмет түрлері деп түсіндірген. П. Самуэльсон көптеген мысалдар келтіріп, экономикалық теория пәні тек осы және ол өзгермейді, ол нақты деп айту қиын деген. Ол экономикалық теорияның бірнеше анықтамаларын берді.Олар:
  • 1) адамдар арасында ақшалай келісім-шарттар мен айырбасқа байланысты қызмет түрін зерттейтін ғылым;
  • 2) әртүрлі тауарды өндіру үшін және оларды қоғам мүшелері арасында бөлу үшін қажетті шектеулі ресурстарды пайдалану туралы ғылым;
  • 3) адамның күнделікті өмірде тұтыну мен өндіріс саласындағы міндеттерін жүзеге асыруды қарастыратын ғылым;
  • 4) байлық туралы ғылым.

Экономиялық саясат

  • Қазақстан тәуелсіздік алған сәттен бастап экономикалық саясатты жүргізіп келеді, оның негізгі басымдықтары мыналар болып табылады: макроэкономикалық тұрақтылықты, әлеуметтік қолайлылық пен ел экономикасын жаңғыртуды қамтамасыз ету. Ел экономикасын дамытудың заманауи үрдістері оң құрылымдық және институционалдық өзгерістермен сипатталады.
  • 2008-2010 жылдардағы әлемдік қаржы дағдарысы Қазақстандағы экономиканың өсу қарқынын баяулатты, алайда қабылданған дағдарысқа қарсы шешімдердің нәтижесінде елде макроэкономикалық және әлеуметтік тұрақтылық сақталуда.
  • "Әлемдік қаржы-экономикалық дағдарысы экономиканың өсу қарқынына ықпал етті, бірақ біздің дамуымызды тоқтатқан жоқ. Жинақталған экономикалық әлеует соңғы үш жылдың аса қиын дағдарыстық шайқасында бізге тұрлаулылықты қамтамасыз етті". "Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері" Мемлекет басшысының 2010 жылғы халыққа Жолдауы
  • Өзгеріп отырған әлемде экономикалық саясатты жүргізу кезінде оза қимылдайтын, стандартты емес және жедел шаралар қабылдау қажет. Бұл үшін елдің ішіндегі сияқты әлемдегі ағымдағы экономикалық жағдайға тұрақты түрде мониторинг және талдау жүргізу керек. 
  • Орталық экономикалық саясаттың түрлі аспектілері бойынша талдамалық зерттеулер жүргізу бойынша өз қызметтерін ұсынады, олардың арасында мыналар бар: экономикалық өсу факторларын талдау және салалар мен өңірлердің макроэкономикалық болжамдары, талдау және даму үрдістері, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті проблемаларын зерттеу, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты талдау, елдің бәсекеге қабілеттілігін көтеру бойынша ұсынымдар әзірлеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет