Экономикалық заңдар және экономикалық категориялар


Ерекше экономикалық заңдар



бет2/4
Дата22.06.2023
өлшемі20,25 Kb.
#102962
1   2   3   4
Байланысты:
c2dcf6f64efc605e2f1a185c5478f294

Топтар:

  • Ерекше экономикалық заңдар — бұл шаруашылықтың нақты тарихи формасының даму заңдары.
  • Жалпы экономикалық заңдар — бұл барлық тарихи дәуірле тән заңдар, олар барлық дәуірлерді біртұтас тарихи үйлесіп процесс етіп байланыстырады. Бұған қоғамдық еңбек бөлу заңы, т.б. заңдар жатады. Экономикалық заңдар өздері, өз алдына әрекет ете алмаған экономикалық прогресс өзімен-өзі, өз алдына жүріп отырмақ Бұл үшін адамдардың, олардың қажеттіктері мен мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған іс-әрекеті қажет.
  • Қажеттіктер — бұл қанағаттандыруды тілейтін, өмір сүру және организмді дамытуды қамтамасыз ететін, адамның жеке басын дамыту үшін қолданылатын объективтік керектік болып табылады.
  • Адамның қажеттіліктері көп түрлі болады. Американдық ғалым А.Маслоу бойынша, "төменгі сатыдағы" материалдық қажеттіктерді бастап, "жоғарғы сатыдағы" рухани қажеттіктер былай орнатылады:
  • физиологиялық қажеттіктер (тамаққа, ішімдікке, т.б.);
  • қауіпсіздік қажеттіктері (аурудан, жанжалдан, қорқыныштан, т.б.);
  • әлеуметтік байланыстарға деген қажеттіктер (сүйіспеншілік, кейбір топтардың мүшесі болуға, т.б.);
  • өзін-өзі сыйлап қадірлеуге (мақсатқа жетуге, өзін танытуға т.б.) қажеттіктер;
  • өзін-өзі мадақтауға (қабілеттерін жүзеге асыру жағдайында түсінуге, т.б.) қажеттіктер.

Қажеттіктердің бұл классификациясын олардың басқаша классификациясымен толықтыруға болады: материалдық пен рухани қажеттіктер, рационалдық пен иррационалдық, абсолюттік пен ақиқат, нақты, жете түсінілген мен жете түсінілмеген, қате түсінілген т.б. қажеттіктер. Жеке түсінілген қажеттіктер еңбекке деген ынта- жігер тудырады. Бұл жағдайда кажеттіктер өзінің нақты формасына, мүдделер формасына ие болады.

  • Қажеттіктердің бұл классификациясын олардың басқаша классификациясымен толықтыруға болады: материалдық пен рухани қажеттіктер, рационалдық пен иррационалдық, абсолюттік пен ақиқат, нақты, жете түсінілген мен жете түсінілмеген, қате түсінілген т.б. қажеттіктер. Жеке түсінілген қажеттіктер еңбекке деген ынта- жігер тудырады. Бұл жағдайда кажеттіктер өзінің нақты формасына, мүдделер формасына ие болады.
  • Экономикалық мүдделер — бұл экономикалық қажеттіктердің біліну-көрініс формасы. Экономикалық мүдделерді әр тұрғыдан классификациялауға болады: қоғамдық, ұжымдық, жеке мүдделік, ұлттық, интернационалдық (ұлтаралық), регионалдық және ведомстволық, топтық және отбасылық, таптық; әр түрлі әлеуметтік топтардың (жұмыс істейтіндердің, жастардың, зейнеткерлердің, т.б.) мүдделері. Мүдделердің ерекше топтары — күнделікті және перспективті, рационалдық және рационалдық емес, шын немесе қате түсінілген, қаржылық, еңбектік, адамгершілік-өнегелік, т.б. мүдделер.

Экономика

адамның шаруашылық қызметімен байланысты қалыптасатын қоғамдық қарым-қатынас.

әр түрлі аймақтардың, елдердің шаруашылық жүйесі болып табылады.

қоғамның шаруашылық өмірінің қандай да бір бөлігін зерттейтін ғылыми пән.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет