Экономиканы қалыптастыру болды


–  Ақынсыз.  Немере  сүйген  əже



Pdf көрінісі
бет5/12
Дата04.02.2017
өлшемі16,28 Mb.
#3404
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

–  Ақынсыз.  Немере  сүйген  əже 

болдыңыз.  Қазіргі  келіндерге  көңіліңіз 

тола ма?

– Баршасына баға бере алмаймын. Бірақ, 

көпшілік келіндер негізінен жалқаулау. Себебі, 

бұрынғыдай  емес,  қазіргі  таңда  бəрі  дайын.  

Мен  алғаш  келін  болған  жылдары  Нұржігіт 

жолдасым Алматыда екі жыл күндізгі бөлімде 

оқыды.  Кейіннен  Талас  ауданы,  Шолақтауда 

өрт  сөндіру  бөлімшесінің  басшысы  болды. 

Жолдасым  студент  болып  жүрген  кезде 

ауылда 


ата-енемнің 

қолында 


тұрдым. 

Қаланың  ақсаусақ  қызы  болсам  да  сиыр 

сауып,  от  жақтым.  Əуелі  сиырды  жанынан 

емес,  артынан  сауып  қайындарыма  күлкі 

болғанмын  сол  кезде.  Бірақ,  кейін  ешкімнен 

кем  саумайтын  болдым.  Қазіргі  келіндерде 

талпыныс жоқ.  

–  Балаларыңыз  жөнінде  де  айта 

кетсеңіз...

– Жолдасым Нұржігіт екеуміз Алла берген  

перзенттерді  тəрбиелеп,  немерелер  сүйіп 

отырмыз.  Үлкен  қызымыздың  есімі-Айжан-

Сара. Əуелі екі перзентіміз жастай шетінеген 

соң, жолдасым екі адамға татысын деп солай 

қойған.  Айжан-Сара-суретші.  Үлкен  ұлымыз-

Айдар  кəсіпкер.  Ортаншымыз  Айдос – Əли 

де кəсіпкер. Кенжеміз – Айбек əнші. Оны қазір 

əнсүйер жұрт «Бүркіт» деп атап кетті. Құдайға 

шүкір  деп,  балалардың,  ұрпақтардың  тілеуін 

тілеп жүріп жатырмыз. 



– Əңгімеңізге рахмет.

 

Сұхбаттасқан Есет ДОСАЛЫ.

Елде


Елде

БАҚ материалдары арқылы дайындалды.

Украина Радасы 

Украина Радасы 

тарап кетті

тарап кетті

Айша КӨПЖАСАРОВА, ақын, Қазақстан Жазушылар 

одағының мүшесі

ҚР  Президенті  жанындағы  Орталық  коммуникациялар  қызметінде 

өткен  брифинг  барысында  ҚР  Білім  жəне  ғылым  министрі  Аслан 

Сəрінжіпов  жаңа  оқу  жылына  дайындық  туралы  айтып  келіп,  білім 

саласындағы бірқатар өзекті мəселелерге тоқталды. 

«Тамыз  айының  соңғы  күндері  біз  үшін  жауапты  əрі  маңызды, 

өйткені жаңа оқу жылына дайындық жүргізіледі, атқарылған жұмыстың 

нəтижелері  жария  болады.  Бүгінде  оқу  жылына  толық  дайынбыз», – 

дейді Аслан Сəрінжіпов.

Министр  мектеп  формасы  жəне  оқулықтармен  қамтамасыз  ету 

тақырыптарына тоқталды. Министр біркелкі мектеп формасын енгізудің 

де  жағымды  жақтарын  атап  өтті.  Оның  пікірінше,  бұл  оқушылардың 

тəртiбiн  қамтамасыз  етедi  жəне  бiр  сыныпта  оқитын  балалардың 

барлығын  бiр-бiрiмен  теңестiредi. «Мектептер  форманың  сапасы  мен 

бағасының сəйкестігін бақылануы тиіс», – дейді ол.

Семей  полигонында  бас-аяғы 500-ге  жуық  жарылыс  жасалған. 

Сынақ алаңдарының зардабын халқымыз əлі тартып жатыр. 1991 жылы 

29  тамыз  күні  Қазақстан  Президентінің  Жарлығымен  Семей  полигоны 

жабылған  болатын.  БҰҰ-ның  Бас  Ассамблеясының 64-ші  сессиясында 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысы бойынша, 29 тамыз – ядролық 

сынақтарға  қарсы  Халықаралық  күн  болып  бекітілді.  Ертең, 29 тамыз – 

Семей  полигонындағы  сынақтардың  басталған  күні  жəне  полигонның 

жабылған күні. Екі оқиғаның арасында 42 жыл өтті.

Өнімнің  авторы – Илия  Джакометти. «Caviar Kazakistan» 

телефонының сыртында еліміздің ұлттық белгілері мен Астананың көрікті 

орындары – Бейбітшілік жəне келісім сарайы мен Бəйтерек бедерленген. 

Сырты  қымбат  металл  жəне  тері  жабынмен  қапталған CAVIAR iPhone 

5S-тің  бар-жоғы 5-ақ  данасы  шығарылыпты.  Бағасы 809 мың  теңге. 

Бір  қызығы,  телефон  қорабының  сыртына «Kazakhstan» деп  емес, 

«Kazakistan» деп жазған.

Айта  кетейік,  бұған  дейін  мұндай  қымбат  телефонды  Владимир 

Путин мен Стив Джобс суреттерімен нарыққа шығарған болатын.

Украина  президенті  Петр  Порошенко  жетінші  шақырылымның 

Жоғарғы Рада өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатып, таратып жіберді.

«Бұл  шешімді  мен  Украина  Конституциясының 90-бабына  сəйкес 

қабылдадым.  Жаңа  парламенттің  сайлауы 2014 жылдың 26 қазанында 

өтеді», – деп мəлімдеді Порошенко. 

«Қоғамның  өзгергені  соншалық,  депутаттар  халықтың  тарихи 

қадамына  ілесе  алмай  келе  жатыр.  Сондықтан  мен  осындай  шешім 

қабылдадым», – дейді президент. 

Оның  айтуынша,  жүргізілген  сауалнама  нəтижесі  азаматтардың 80 

пайызының кезектен тыс сайлау өткізу қажеттігін қолдайтынын көрсеткен.

Соңғы  кездері  əлемдік  бұқаралық  ақпарат  құралдары  мен 

əлеуметтік  желілерді  шулатқан McDonald’s компаниясы  жұрттың 

жағасын  тағы  ұстатты.  Оған  себеп,  бастапқы  тексеру  жұмыстарының 

нəтижесінде  аталған  компания  өздерінің  тағамдарына  қоспа  ретінде 

құрт-құмырсқаны пайдаланатыны анықталса, кейін ет комбинаттары мен 

мейрамханаларының 90 пайызынан адам еті табылған. Адам етінен тамақ 

дайындап келген каннибал компанияны қазір құзырлы органдар тексеріп 

жатыр.  Сорақысы  сол,  тамаққа  пайдаланылған  еттің  балалардыкі  екені 

анықталған.

Қазақстанға арналған 

Қазақстанға арналған 

«iPhone 5S» шығарылды

«iPhone 5S» шығарылды

ҮЙІМІЗДЕГІ «ҚЫТАЙ ҚОҢЫЗЫНАН» ҚАЛАЙ ҚҰТЫЛАМЫЗ?

Алло, «АРАЙ» тыңдап тұр!

–  Тамыз  аяғы  аяқталуға  жақын. 

Осы  бір  мезгілде  үйімізден  белгісіз 

жəндік 

шықты. 

Түр-тұрпаты 

кəдуілгі  қара  қоңызға  да  ұқсайды. 

Енді  бір  қарасаң,  тура  тарақан 

секілді.  Арқасында  тасбақанікіндей 

дөңгелене 

жабылған 

қатқыл 

қабаты  бар.  Ұшқан  кезде  сол  қатты 

қабаты  жайылып,  астынан  қанаты 

шығады.  Бетіне  үңіле  қарасаң, 

қатып  тұра  қалады.  Сəл  ғана  басқа 

жаққа 

бұрылсаң 

лезде 

көзден 

ғайып  болады.  Біз  жер  үйлерден 

ғана  шықты  ма  десек,  көп  қабатты 

үйлердің 

шатырының 

астынан 

да  үймелеген  ұясы  табылыпты. 

Жуынатын,  ас  бөлмелердің  ауа 

кіретін  терезешесінен  үйдің  ішіне 

кіреді  екен.  Ел  ішінен  естідік,  бұл 

Қытайдан  келіп  жатқан  көрінеді. 

Шет 

елдерден 

тасымалданатын 

жиһаздардың ішіне жұмыртқаларын 

салып жібереді дейді. Сол рас па?

Біз одан құтылу үшін жəндіктерге 

қарсы 

қолданатын 

дəрілермен 

залалсыздандырып  көрдік.  Дəріні 

сепкеннен  соң  екі  күнге  дейін 

жоғалып  кетеді  де  қайта  қаптап 

шығады.  Бұл  өзі  қандай  жəндік? 

Оның  адамға  залалы  жоқ  па?  Одан 

қалай құтылуға болады?

Шынар МЕРКІБАЙҚЫЗЫ, 

Тараз қаласының тұрғыны.

– 

Мұндай 



жəндіктер 

шыққан 


жерлерді 

тегін 


залалсыздандырып  беруге 

мемлекеттен 

қаржы 

бөлінбеген.  Тек  маса,  кене 



жəне  маскитті  жəндіктер 

ғана 


ауру 

тарататын 

қауіпті  болып  саналады. 

Осындай 


зиянкестер 

топтап  шыққан  жағдайда, 

онда  да  тек  балабақша, 

мектеп,  аурухана  секілді 

қоғамдық  орындарға  ғана 

тегін 


залалсыздандыру 

жұмыстары 

жүргізіледі. 

Ал, 


тұрғын 

үйлерді 


з а л а л с ы з д а н д ы р у 

үшін 


тұрғындар 

өздері 


қаржы 

жинап, 


ақылы 

залалсыздандыруларына 

болады. 

Қазір 


Тараз 

қаласында 

«Денсаулық 

орталығы» (байланыс 

телефоны: 7-92-60) жəне 

«Гарант» (тел.: 45-32-33) деп 

аталатын залалсыздандыру 

орталықтары жұмыс істейді. 



Бисекүл 

РУСТАМБЕКОВА,

облыстық 

санитарлық-

эпидемиологиялық 

Қадағалау 

департаментінің 

энтомолог маманы.  

–  Бұл  ешқандай  да  қауіпті  жəндік 

емес.  Кəдуілгі  қоңыз.  Одан  қорқатын 

ештеңе  жоқ.  Қазір  күннің  əбден  ысыған 

уақыты. Ауа райы қатты ысығанда, түкпір-

түкпірдегі жəндіктер тіріліп шығады. Бізге 

осыған  дейін  де  бірқатар  тұрғындар 

қарақұртқа ұқсайды деп үлкен өрмекшіні 

де  əкелген.  Енді  біреулер  қандай  қауіпті 

жəндік  екенін  білмекке  ақ-қара  аралас, 

ала, аса үлкен өрмекшіні де алып келді. 

Біз  оларды  зерттедік,  ешқандай  да 

қарақұрт, қауіпті жəндік емес. Сол секілді 

бұл да жай ғана қоңыз.



Бакир ГАЗИЕВ, 

облыстық санитарлық-

эпидемиологиялық 

қадағалау департаментінің зоолог 

маманы.

Ыстамбұлда  Сұлтанахмет  мешітінің  мұнарасынан  асып  кеткен 

ғимараттар  сүрілетін  болды.  Яғни,  əсем  мешіттің  көркін  бұзып,  мешіт 

мұнараларымен  таласқан  Зейтүнбұрны  ауданындағы 85 метрлік  үш 

ғимарат 45 метрге  дейін  қырқылады.  Түркияның  мемлекеттік  кеңесі 

осындай  шешім  шығарды.  Бұл  тұрғын  үй  кешендерінің  құрылысы 2011 

жылы басталған еді. Ал осы жылдың қазан айында Ыстамбұл қаласының 

əкімдігі қаланың тарихи түбегіндегі ғимараттың биіктігіне шектеу қойған 

болатын. Міне, бұл шектеуден шамамен екі есе асып кеткен ғимараттар 

енді бел ортадан сүрілетін болды.

Мектептер оқу жылына 

Мектептер оқу жылына 

толық дайын

толық дайын

Семей ядролық полигонының 

Семей ядролық полигонының 

жабылғанына – 23 жыл

жабылғанына – 23 жыл

Мешіттен биік 

Мешіттен биік 

ғимараттар бұзылады

ғимараттар бұзылады

Макдональдс адам етінен 

Макдональдс адам етінен 

тамақ дайындапты

тамақ дайындапты

.

Шет елде


Шет елде

6

28 тамыз,

№35 (463)

ЕЛ МЕН ЕЛБАСЫ

ҰЛЫТАУ ТӨРІНДЕГІ ТОЛҒАНЫС

ҰЛЫТАУ ТӨРІНДЕГІ ТОЛҒАНЫС

Жақында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Жезқазған өңірінде болғаны 

газет  оқырмандарына  жақсы  мəлім.  Сапар  барысында  Президент  арнайы  сұхбат  берді.  Бүгін 

жұртшылық  назарына  Елбасының  Ұлытау  төріндегі  ұлт  туралы  толғаныстарын  ұсынып 

отырмыз. Əңгіме қазіргі экономика мəселелері, ел тарихы, тіл тағдыры, дін ахуалы төңірегінде 

өрбіді.

Сұхбатты «Хабар» агенттігінің тілшісі Ринат Думанұлы жүргізді. 

–  Құрметті  Нұрсұлтан  Əбішұлы,  бүгін  Жезқазған 

өңіріне  келіп,  тек  аймақ  үшін  ғана  емес,  жалпы  еліміз 

үшін  стратегиялық  тұрғыдан  аса  маңызды  «Жезқазған 

–  Бейнеу»  жəне  «Арқалық – Шұбаркөл»  теміржол 

магистральдарының  тұсауын  кестіңіз.  Бұл – біздің 

ел  үшін  шын  мəніндегі  тарихи  оқиға.  Енді  осы  сапар 

ауқымында Қазақ елінің рухани орталықтарының бірі – 

қасиетті Ұлытау жеріне арнайы ат басын бұрып отырсыз. 

Кезінде ақын Қадыр Мырза Əлі айтқандай, біздің елдің 

«тарихы  қалың».  Ендеше,  сол  тарихымыздан,  əсіресе, 

қазір  біз  əңгімелесіп  отырған  Ұлытауға  байланысты 

тарихымыздан халқымыз қандай тағылым алуы керек?

–  Біріншіден,  Жезқазған  жерінде  үлкен  тарихи  оқиға 

болды  деп  санаймын.  Бұл – Жезқазған  өңірінен  ғұлама 

ғалым  Қаныш  Сəтбаевтың  мыс  кенін  табуымен  жəне 

Жезқазған  қаласының  орнығуымен  сабақтас  нəрсе.  Қазір 

арада 50-60 жыл  өтті,  қаншама  кен  шығарылды,  мыс 

алынды.  Жер  қойнауындағы  байлықтың  таусылатын  кезі 

болады. Жезқазғанның төңірегіндегі мыс кені де таусылып, 

қаланың  жағдайы  нашарлай  бастады.  Бұл – табиғи  жайт. 

Кеңес Одағы тұсында əрбір кен орны, əрбір электр стансасы 

төңірегіне  ауыл  салынатын  еді  ғой.  Ал  енді  мына  жердегі 

жұмыс  ауқымы  біткеннен  кейін  халық  не  істерін  білмей 

қалды. Жезқазғанның теміржол тұйығында тұрғаны бəрімізді 

əр  уақытта  қинайтын  еді.  Екіншіден,  Кеңес  Одағы  кезінде 

барлық  теміржол  Ресейге  қарай  салынды.  Ал  көлденең 

жүретін,  елді  бір-бірімен  қатыстыратын  жол  салынған  жоқ. 

Ол Кеңес Одағының да, Ресейдің де ешқандай жоспарына 

кірмеді. Қазақстанды ешкім ойламады. Енді, міне, еліміздің 

экономикасы ілгерілеп, 500 миллиард теңге ақша бөлінетін 

жағдайға  жеткеннен  кейін  осындай 1200 шақырымдық 

теміржол  салынып  отыр.  Бұл – айта  салғанға  өте  оңай. 

Ал маңызына келсек, алдағы 50-100 жылда пайдаланатын 

игілігіміз.  Жаңа  тікұшақпен  ұшып  келе  жатқанда  өзің 

көрдің,  тақыр  даланың  торғай  қонатын  бұтасы  жоқ.  Сол 

тақыр  далада  ел  тұрмайды.  Себебі,  оған  жұмыс  та  жоқ, 

шаруашылық  та  жоқ.  Ал  теміржол  төрт  облыстың  бірнеше 

ауданына  тіршілік  нəрін  береді.  Теміржолдың  бойынан 

жұмыс  табылады.  Жұмыс  болғаннан  кейін  кенттер  бой 

көтереді.  Халық  қоңданады,  даламызды  ел  жайлайды. 

Экономикалық жағы өз алдына бір мəселе.

Комбинаттың  жұмысын  ұзарту  үшін  былай  істейді. 

Жердің  астында  қалған  «целиктер»  болады.  Шахтаның 

төбесін  ұстап  тұру  үшін  жер  қойнауына  үлкен-үлкен  кенді 

қалдырып  қояды.  Сол  кеннің  ішінде  мыстың  бай  қоры 

жатыр.  Оны  алайын  десең,  үстінде  тұрған  ауылдар  бар. 

Ол  ауылдарды  көшірмесе, «целикті»  алған  кезде  ойдым-

ойдым  жермен  бірге  төмен  түсіп  кету  қаупі  төнеді.  Сол 

үшін  мемлекет 250 миллион  қаржы  шығарып,  жұпыны 

үйлерде  тұратын 6 мың  халықты  жақсы  үйлерге  көшіріп, 

астындағы  кенді  алады.  Кеннің  өзінің 200 миллион  тонна 

рудасы болса, содан 2 миллион тонна мыс шақса, комбинат 

үшін 20-30 жылға  жұмыс  табылады  деген  сөз.  Одан  кейін 

барлау жұмыстары жүрер болса, жұмыс орны көбейе береді. 

Сондықтан мұның маңызы өте үлкен.

Мына  өзіміз  келіп  отырған  Ұлытау – өте  қасиетті  жер. 

Ұлытау  деп  аталуының  өзінің  тарихи  мəні  бар.  Қазақтың 

ен  даласының  қай  шетіне  барсаң  да,  осындай  қасиетті 

жерлер  табылады.  Шығысқа  барсаң – Берел  қорғаны  бар, 

Орталыққа  келсең – қалмақтармен  соғысқан  Аңырақай 

шайқасы өткен жер бар. Батысқа барсаң – Алтын Орданың 

хандары  тұрған  Сарайшық  сияқты  қасиетті  мекен  бар, 

Оңтүстікке  барсаң – Түркістан  тұр.  Қазақстанда  осындай 

қасиетті жерлер көп. Дегенмен Ұлытаудың орны бір басқа. 

Біздің жастарымыз оны біле бермейді. Біз өз тарихымызды 

жаңадан игеріп, біліп жатқан елміз. Қазақтың тарихы өте бай. 

Оны білуіміз керек, қолға алып та жүрміз. Тарих жылы деген 

жылды  жарияладық.  Дүние  жүзінен – Қытайдан,  Ираннан 

қазақ тарихының жазба жəдігерлерін жинадық. Қазақтың көп 

дүниелері атадан балаға ауызекі түрде беріліп келген.

Біздің  елдігіміз,  қазақ  жұртының  арғы  түбі  ғұндардан 

басталады. Ғұндардан кейін көк түріктерге жалғасады. Одан 

кейін Алтын Орда орнығады. Сөйтіп, хандық дəуірге ұласып, 

кейін  біртіндеп  Тəуелсіздікке  келіп  тіреледі.  Осындай 

үлкен  тарихымыз  бар.  Жастарымыз  мұны  білуі  керек.  Біз 

кеше ғана пайда бола қалған халық емеспіз. Бұл – жаңағы 

айтқан  ғұндардың  да,  көк  түріктердің  де,  Алтын  Орданың 

да орталығы болған жер. Өзінің тұрған жері – Қазақстанның 

кіндік  ортасы.  Мұнда  тұрған  тау – аумағы 200 шақырым 

қырат-қырат таулар. Ең биігі – Əулиеата деп аталады. 1100 

метр. Одан ағып жатқан, мына біз маңында отырған бұлақ 

Əулиебұлақ деп аталады. Осының бəрін ата-бабамыз бекер 

атамаған ғой. Жаздың күні осы жерді жайлаған қазақ малын 

Ұлытаудың етегіне айдап келеді. Батыстан да, Оңтүстіктен 

де,  Солтүстіктен  де,  Шығыстан  да  ағылады.  Мына  таудан 

бұлақ  ағады,  төңірегі  жайылымға  қолайлы.  Мыңдаған, 

миллиондаған мал жатса да көрінбейтін шүйгін дала болған. 

Бар қазақ жан-жақтан келген соң киіз үй тігеді, ат шаптырып, 

той жасайды. Осы жерде қыз ұзатады, баласын үйлендіреді. 

Бір-бірімен құда болып тарасады. Мына елдің қызы былай 

кетеді,  ана  елдің  жігіті  мына  жақтан  қыз  алады.  Еліміз 

осылай араласады. Қазақтың кең даласында диалект сөздің 

жоқтығы содан деп ойлаймын. Батыс Қазақстанды, Атырау 

облысы мен Шығыс Қазақстанды, Оңтүстікті алып қарасақ, 

барлық  əдет-ғұрпымыз,  баланың  тууы,  қыз  ұзату,  үйлену 

тойы,  сүндет  тойы,  өлгендерді  жерлеу  салты  бір-бірімен 

үндес. Мысалы, Қытайдың солтүстігі мен оңтүстігінің, батысы 

мен шығысының арасы біздегі сияқты 3 мың шақырым болса 

да, Пекиннің адамы оңтүстіктің тілін түсінбейді. Бізде олай 

емес.

Ұлытаудың  қасиеті  осындай.  Кең  байтақ  жерде 



қазіргідей  ұшақ,  теміржол,  автокөлік  жоқ.  Бір-біріне  барып 

көмектескенше  не  заман?  Əрқайсысы  өзін  өзі  сақтап  қалу 

керек болды. Сондай замандар өткен. Мысалы, Отан деген 

үлкен  ұғым.  Отанды  қорғау  дегенде,  əрине,  адам  баласы 

алдымен  өзінің  шаңырағын  ойлайды.  Əкеңді,  шешеңді, 

бауырларыңды,  балаларыңды,  немерелеріңді  ойлайсың. 

Сол жүрекпен, сол тілекпен Отаныңды қорғайсың. Сондықтан 

тарихыңды  білген  жөн  болады.  Тарихын  білмеген  ұлттың 

болашағы  да  бұлыңғыр  болуы  мүмкін.  Мысалы,  керемет 

үлкен  еменнің  тамыры  терең  болмаса,  ол  дауылға  шыдап 

тұра алмайды. Сондықтан тарихымызды таныту үшін қазір 

көп  нəрсе  жасап  жатырмыз.  Сондай  тарихтың  куəгері – 

Ұлытау. Оны білуіміз керек.

Кезінде  мен  астана  болатын  жер  іздегенде  Ұлытауды 

көрейін  деп  əдейі  келдім.  Қазақ  жерінің  нағыз  орта  тұсы 

екені рас. Бірақ қазіргі заман талабымен қарасақ, бұл жерде 

не жол, не су, не əуежай жоқ – ешнəрсе де жоқ. Бұл жерге 

қыруар  қаражат  керек  болар  еді.  Бəрібір  елдің  ордасына 

лайықты жер емес-ті. Бірақ қасиетті мекен ретінде бағалана 

береді.  Міне,  теміржол,  басқа  да  жолдар  салынып  жатыр. 

Келешекте  туризм  орталығы  болып,  халқымыз  келіп  тəу 

ететін қастерлі жер болып қала береді. Мұнда Жошы ханның 

ордасы болған деп те айтады. Жошының қазасын естірткен 

кезде  «Ақсақ  құлан»  деген  күй  шыққан.  Бұл  мекеннің 

осындай кереметтерін тани білуіміз керек.

–  Сіз  айтып  өткендей,  қасиетті  Ұлытау  жеріндегі 

ерекше  аура,  ерекше  жағдай,  шынын  айтқанда,  маған 

да  сезіліп  тұр.  Тəуелсіздік  жылдарында  біз  рухани 

құндылықтарымызбен  қайта  қауыштық.  Өзіңіздің 

руханият, мəдениетке деген ерекше қамқорлығыңыздың 

арқасында халқымыз туған тілімен, дінімен дəстүрімен 

қайта  табысты.  Алайда  жастар  арасында  ата  дінді 

дұрыс  түсінбей,  бұрмалап,  оны  əртүрлі  мағынада 

ұғатындар  жеткілікті.  Осы  ретте  еліміздің  болашақ 

дамуында діннің алар маңызы қандай болуы керек деп 

ойлайсыз?

–  Біз,  жалпы,  діннен  де,  тілден  де  айырыла  жаздаған 

елміз.  Кеңес  Одағы  кезінде  тікелей  орыстандыру  саясаты 

жүргізілді.  Қазақтың  тілі  бір  шоғыр  қазақтардың  тілі  болып 

қалды.  Ол  қайда  шығады?  Кімге  керек  болады?  Қазақтың 

шекарасынан асып шықсаң, бұл тілдің керегі бар ма, жоқ па? 

Бір жағынан алып қарағанда оның жөні бар. Біз еліміз үшін, 

жұртымыз  үшін  тарихымызды,  мəдениетімізді,  санамызды, 

ғұрпымызды  өзіміздің  тіліміз  арқылы  ғана  жеткізе  аламыз. 

Қазақтың  кейбір  сөз  оралымдарын,  Абайдың  сөз  өрнегін 

басқа  тілге,  мəселен,  орысшаға,  ағылшыншаға  аударып 

көрші.  Ол  мүмкін  емес.  Себебі  тілдің  өз  қасиеті  бар. 

Сондықтан  тіл  жоғалатын  болса,  сол  қасиет  те  жоғалады. 

Сол  сияқты  біз  тəуелсіздік  жылдарында  дінімізге  қайта 

оралып  жатырмыз.  Қарап  отырсаң,  қазақ  ешқашан  дінінен 

айрылып көрген емес. Ешқандай уақыт үзілісі болмағандай, 

дінімен  қайта  қауышты  да,  əрі  қарай  жалғастырып  жүре 

берді.  Бұрынғыдай  қорықпай,  жасқанбай,  дінге  бас  иіп, 

Құдайға құлшылық етіп, мешіттер салып жатырмыз. Қаншама 

азаматтарды – білімді,  дінді  насихаттайтын  молдаларды 

дайындап келеміз. Осының барлығы дұрыс қой, дініміз де, 

дəстүріміз  де  қазаққа  керек,  əрине.  Дегенмен,  тек  біздің 

дініміз ғана дұрыс екен деп жүрген басқа елдердің жағдайы 

мүшкіл болды. Мысалы, бір мұсылманның ішінен сүннит пен 

шиит болып бөлініп, қан төгіп жатқан халықтар қаншама? Бір 

діннің ішінде өзара ұғыспай, ағымдармен келіспей, соғысып 

жатқан  католиктер  қаншама?  Сондықтан  біз  абайлауымыз 

керек.  Біздің  дініміз  керемет,  басқа  діндердің  керегі  жоқ 

демеген жөн. Біздің дініміз – өзіміздің дініміз. Бірақ басқаны 

да  үйренуіміз,  білуіміз,  сыйлауымыз,  құрметтеуіміз  қажет. 

Сонда  мұсылманның  діні  де  құрметтелетін  болады.  Дінге 

бас ұрып жүріп, біз оның теріс жағына түсіп кетпеуіміз керек. 

Бізге зиян келтіретін дін ағымдары бар. Қан төгіп, соғыспен, 

дінмен  мемлекет  орнатып,  мемлекеттік  дін  жасаймыз 

деп  жүргендер  бар.  Баяғы  Мұхаммед  пайғамбардың 

сахабалары  тұсындағы,  Əбубəкір,  Омар,  Осман,  Əлидің 

кезіндегі  халифатты  қайтадан  орнатамыз  деген  ұмтылыс 

жаулап алу ниетінен туған болатын. Біз бұдан ажырап, дінді 

шынайы  имандылыққа  жақындатып,  оның  жақсы  жағын 

алуымыз  керек.  Құранның  қасиетті  үкімдерін  орындау 

үшін  кемтарларға  көмектесу,  бір-бірімізге  жанымыз  ашу, 

бауырмал  болу,  үлкенді  сыйлау,  баланы  тəрбиелеп 

өсіру,  Отанды,  елді  қорғау,  бірлікке  шақыру  арқылы  дінді 

өркендеткен  жөн.  Сонда  діннің  мемлекетке  зор  пайдасы, 

үлкен қамқорлығы болады. Ол елдің басын біріктіреді. Міне, 

осындай исламды құрметтеуіміз керек.

Екінші  жағынан,  елдің  барлығы  мешітке  барады  екен 

деп,  оларға  топырлап  көп  адам  ілеседі.  Менің  мəліметім 

бойынша,  Қазақстан  халқының 60 пайызға  жуығы  ислам 

дінін  қолдайды.  Соның  ішінде  нағыз  дін  ұстанып  жүрген 

халықтың  мөлшері 20-25 пайыздан  аспайды.  Тобырмен 

жүргендер  де  бар  ішінде.  Бұл  да  жақсы,  барып  үйрене 

берсін. Дегенмен, мешітке барған, қажылық жасаған дұрыс 

екен  деп  құр  əншейін  сəн  көріп  жүрмесе  болды.  Осы  күні 

қалтасында ақшасы болса, ұшаққа отырып, қажылық жасап 

қайтатындар  көбейді.  Заманның  ағымына  байланысты  ол 

да  дұрыс  шығар.  Бірақ  қажылықтың  қасиеті  басқада.  Оған 

жолдың  азабын  көріп,  бірнеше  ай  жүріп  баратын  болған. 

«Абай жолы» романынан Құнанбайдың жасаған қажылығы 

жөнінде  оқыдыңдар  ғой.  Ойлап  қараңдар,  ол  кезде  ат 

арбамен  қаншама  ай  жүріп,  жол  қиындығын  тартып,  əзер 

жететін.  Сондықтан  дінге  бас  иетіндер  шын  жүрекпен, 

əділеттілік  үшін,  имандылық  үшін  барса  деп  ойлаймын. 

Құдайға шүкір, дініміз өзіміздікі, қолымызға тиді. Қазір бізге 

ешкім  одан  алшақта  деп  айтпайды.  Əркімнің  өз  еркі  бар. 

Бірақ осыны дұрыс жолмен жүргізуіміз керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет