алатын күн алыс емес сияқты.
«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК-ның Жамбыл облысы бойынша
филиалының Тараз қалалық №2 бөлімінде «ЕGOV – ел игілігінде» атты акция өтті.
Акцияның негізгі мақсаты халыққа «Электрондық Үкімет» веб-порталын кеңінен
насихаттау жəне Электрондық Үкімет порталын қолданудағы пайдасы мен қазіргі
таңдағы ұтымды тұстарын көрсету.
Қазіргі таңда электронды құжат айналымы даму үстінде. Осыған орай халық өзіне
керекті мағлұматты жəне мемлекеттік қызметті алу үшін веб-порталға жүгінуге тура келеді.
Осы орайда ОҚКО «Сonnection point» яғни өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары ашылып,
ауқымды түрде қызмет көрсетуде. Веб-портал арқылы əрбір қазақстандық тəуліктің кез-
келген уақытында, əлемнің кез-келген нүктесінен өтініш беріп, анықтама алып, салық немесе
айыппұл төлей алады. Бұл еліміздің тұрғындарына жасалған үлкен көмек.
Г. ДЕМЕСИНОВА, «ХҚКО»
Тараз қалалық №2 бөлімінің басшысы
базарға орналастыру керектігін айтты.
анықталған.
деді Асхат Қамқабайұлы.
бірігіп шешуге шақырды.
5
28 тамыз,
№35 (463)
ОҚШАУ ОЙ
БАҚ материалдары арқылы дайындалды.
ДҮНИЕ
ДҮБІР
ИЕ
Д
.
Елде
Біздің мінбер
«ƏРБІР СƏТ ШАБЫТЫМА ШАБЫТ, АРМАНЫМА АРМАН ҚОСТЫ»
– «Ақындар ауылда туады, Алматыда
тұрады», – деген қағида болушы еді бұрын.
Алматы қазір де руханият пен өнердің
ордасы, жақсы-жайсаңдардың ортасы.
Жазушылар
одағымен
байланысыңыз
қандай, барып тұрасыз ба? Олар сізді
іздейді ме?
– Шындығын айту керек, кейінгі кезде
Одаққа съезд, үлкен жиындар болған кезде
ғана барып жүрміз. Ертеректе Алматыға
асығып тұрушы едік. Бұрын Жазушылар
Одағының іші де қазандай қайнап жататын.
Əр барғанда тұлғалы жазушыларға тап
болатынбыз. Бірде Тұманбай Молдағалиев
ақынның жайдарлы əңгімесін тыңдасақ, енді
бірде Ғафу Қайырбековпен сұхбаттасудың
сəті түсетін. Қазақтың айтулы қаламгерлерінің
біразы бұл күнде арамызда жоқ. Қадыр кетті,
Есенқұл кетті, Фариза Оңғарсынова өмірден
озды, кеше ғана Қалихан Ысқақ бақилық
болды. Сондықтан, бүгінгі Жазушылар одағы
маған қызығы тарқаған жаз секілді əсер етеді.
Жас жазушылар мен ақындар үшін ол жер
қазір де қазандай қайнап жатқан шығар, кім
біледі...
– «Əдебиет – ардың ісі», – дейді
Зейнолла Қабдолов. Поэзия əлеміне деген
қызығушылығыңыз қалай басталды?
– Əкем Жұмағұл əскери қызметкер болса
да өнерге, өлеңге өте жақын адам еді. Ауыл-
аймаққа, ауданға əйгілі жыршы-термеші
болатын. Батырлар жырын домбыраға қосып
жатқа айтқанда елді аузына қарататын.
Сөзшең, күлдіргі, əзілкеш кісі еді. Үнемі көңілді
жүретін жəне ол жүрген жердің жадырамауы
мүмкін
еместей
еді. «Лəйлі-Мəжнүн»,
«Алпамыс батыр», «Қобыланды батыр»
жырларын алдымен əкемнің айтуынан
естідім. Алғашқы рухани ұстазым əкем десем
қателесе қоймаспын. Анам Ханымкүл ақын,
биші, өнерпаз кісі еді.
Ақындыққа
деген
қызығушылығым
мектептің жоғары сыныптарында жүргенде
басталды. Мектеп өмірінің алуан қызықтары
көңілге əсер етіп, алғашқы балаң өлеңдерімді
жаза бастадым. Оныншы сыныпты мен Алматы
қаласындағы №12 орта мектепте оқыдым. Сол
кезде мектебімізге қазақтың аңыз жазушысы,
əдебиетіміздің заңғары Мұхтар Əуезов келді.
Кең маңдайы жарқырап, əйгілі жазушы мəжіліс
залының қақ төрінде таудай болып отырғанда
бар дүниеміз түгелденгендей сезіндік өзімізді.
Көпті көрген заңғар, адам жанының инженері
емес пе, Мұхтар Омарханұлы да əдебиетке
жақын ұл-қыздармен емен-жарқын сөйлесіп,
жадырап, еркін отыруымызға мүмкіндік
берді. «Ой, пəлі балалардың ынтасы жақсы
екен. Қане, кімнің жақсы өлеңі бар, кім өлең
оқиды?» – деп өзі біздерді жетелеп отырды.
Содан жапатармағай қол көтердік. Əйгілі
жазушының алдында өлең оқыдық. Ол кісіге
қалай əсер еткенін қайдам, өзіміз мəзбіз. Сол
рухани кештен өзім керемет əсер алып, үйге
үлкен қуанышпен қайтқаным əлі күнге есімде.
Ол да бір өміріміздің ең жарқын, қайталанбас
ғажайып сəттері екен.
1960 жылы Алматыда студент болып
жүрген кездерімізде əйгілі жазушы Сəбит
Мұқановты сыртынан көрдік. Жазушы көшені
бойлап, бір қалың ойдың ішінде кетіп бара
жатты. Асықпай, баппен жүреді. Ол кісілердей
аңыз адамды көргеннің өзі ғаламат екен.
Кейіннен Мұқаңның, Сəбеңнің шығармаларын
оқыған сайын қызығамыз, оқыған сайын сол
кісілерді көрген сəттеріміз көз алдымызға
келеді. Осындай-осындай сəтті кездесулер,
ұшырасулар
менің
ақындық
қасиетімді
өркендетті, шабытыма шабыт, арманыма
арман қосты, қанаттандырды деп айта
аламын.
– 2009 жылы «Аяулы қазақ қыздары»
атты жыр жинағыңыздың шыққанын
жақсы білеміз. Қазір өлең жазып жүрсіз бе?
– Аз жазамын. Өндіріп жазып жүрмін деп
айта алмаймын. Өзім əуелден аздау, сирек
жазушы едім өлеңді. Көңіл-күй өзгергенде,
шабыт келгенде. Шабытсыз дүние жақсы
шықпайды. Өзімді қинап өлең жазғанды ұната
қоймаймын. Есесіне қазіргі таңда ақындардың
жырларын көбірек оқимын. Қазақ əдебиетінде
Ақсұңқар Ақынбабақызы, Танакөз Толқынқызы
секілді ақын қыздар осы күні көзге түседі.
Қазіргі жас ақындардың ой-өрісі де, танымы
да біздің кездегіден бөлек. Ерекше жазады,
басқаша
ойлайды,
жаңашыл
ойлайды.
Өзіміздің жерлестерден Маралтай ғаламат
ақын болды. Ерлан Жүніс, Хамит Есамандар
да бөлекше арынды ақындар. Осыларды
əдебиетіміздің жарқын болашақтары деп айта
аламын. Олардың соңын ала бірнеше жас
толқындар еріп келе жатқан секілді. Бұл біздің
аймақтың үлкен жетістігі əрине.
– Жазушылар одағының облыстағы
филиалымен
байланысыңыз
қандай,
одақтың
облысымыздағы
мүшелері
жөнінде қандай пікірдесіз?
– Біздің облыстық филиал еліміз бойынша
өте беделді бөлімше деп білемін. Оны басқарып
отырған Несіпбек Дəутайұлының білімділігін,
əдебиетке деген адалдығын, шығармашылық
деңгейін өте жоғары бағалаймын. Несіпбекті
еліміздегі ең таңдаулы жазушылардың бірі
деп айта аламын. Сондықтан ол кісі басқарған
филиалмен байланысым жақсы. Кездесу,
жиындарға шақырса барып тұрамыз. Біздің
облыстағы Əлдихан Қалдыбаевтың деңгейіне
қазақ балалар əдебиетінің талай мықтылары
жеткен жоқ əлі. Елен Əлімжан бөлекше
жазады, асықпай ой толғайды. Көсемəлі
Сəттібайұлының əңгімелері əдемі, Болат
Бекжанов жан-жақты, Құландағы Қуандық
Шолақ, Меркідегі Шырын Мамасерікова
ауылда жүрсе де Алашқа ортақ, Алашқа
қажет ақындар. Қайырбек Асанов қайда
жүрсе де еңбекқорлығынан танбайтын ақын.
Баймаханбет
Ахметтің
шығармашылығы
өзінше бөлек, оқырманды өзіне баурайды.
Бір сөзбен айтқанда облысымызда əдебиеттің
дамуы жаман емес. Телғара Үсенбайұлын
жазады деп естимін. Бірақ, кітабы қолыма
түскен жоқ əзір.
– «Аяулы
қазақ
қыздары»
деп
толғандыңыз.
Облысымыздағы
ақын
қыздардың əпкесі болған жолыңыз бар.
Аймақтағы ақын жəне жазушы қыздардың
шығармашылығымен таныссыз ба?
– Қазір облысымыздағы ақын қыздардың
көш
басында
Мемлекеттік
сыйлықтың
лауреаты, ғажайып ақын Күлəш Ахметова
тұр. Күлəш ақының шабытсыз күні жазған бір
шумақ өлеңі бір тұлпардың құнына татиды.
Ол кісінің өзгеше орамдары таңғалдырады.
Шырын Мамасерікова батыр мінезді, үлкен
жүректі қаламгер. Ғайни Əлімбекқызы мен Үміт
Битенованың өзіндік мөлдір əлемі, тыңдаған
жұртқа қанат бітіретін сəтті жырлары бар.
«Аяулы қазақ қыздары» кітабымды жазғанда
бүкіл қазақтың ерке аруларын, сұлуларын,
ақын қыздарын өлеңіммен көркемдемек ойым
болған. Кітаптың алғысөзін ақын Жақсылық
Сəтібеков жазды. Əдемі жазды. Мен жиырма
жыл Жақсылық ақынның орнында облыстық
драма театрда əдебиет бөлімін басқардым.
Тұрар Дүйсебаев директор еді. Жалпы 42 жыл
еңбек еттім. Ал, жамбылдық ақын қыздардың
орыны мен үшін өте бөлек. Ақын қыздардың
əпкесі деп қалдың ғой. Күлəш пен Шырынмен
отбасымыз болып араласамыз. Ауызашар,
соғымбасы кезінде шақырысып, сырласып,
кеңінен отырып, сұхбаттасамыз. Бірақ кездесе
алмай жүретін кездеріміз де болады. Бүгінгі
таңда облысымызда екі беделді газетті менің
шығармашыл сіңлілерім басқарып отыр.
Гүлнұр Ембердиева мен Эльмира Мырза-
Ғали өздері де шығармашылық адамдары.
Сондықтан, газеттері жып-жинақы, сапалы
шығып жатыр. Ондағы материалдар қыздың
жиған жүгіндей əдемі деп ойлаймын.
– Соңғы кезде Тараздағы əдеби ортадан
сізді сирек көреміз. Себебі неде?
– Ол жағын дұрыс аңғарғансың. Осыдан
3-4 жыл бұрынғының өзінде институт,
колледждерде оқырмандарыммен кездесіп,
рухани кештерге себепкер болып жүруші едім.
Соңғы уақытта денсаулығыма байланысты
əдеби ортаға, оқырмандардың, студенттердің
ортасына сирек баратын болдық. Жақында
Оңтүстік Корея елінде болып, демалып əрі
емделіп қайттым.
– Сырт елдің əсері қандай? Бұған дейін
де өзге елдердің топырағына табаныңыз
тиген шығар?
– Оның алдында Тайландта жəне
Филиппин аралдарында болдым. Түркия
жеріне бірнеше рет жол түсті. «Мəрмəр
теңіз.Түрік елі», «Түнгі Стамбул» өлеңдері
сол сапарлардың жақсы əсерлерінен туған.
«Тайланд» деген өлеңім де бар. Мекке
жерінде екі рет болып, қажылық парызымды
өтеп қайттым.
Ал, Оңтүстік Корея халқы маған өте жақсы
əсер етті. Астанасы Сеулде (айналасындағы
ықшам аудандарды қосқанда) 20 млн. халық
бар. Бұл жалпы Оңтүстік Корея халқының
40 пайызын құрайды. Үлкен Хан-Ган өзені
Сеулді аралап ағып жатыр. Бұл өзеннің
көпірлері көп əрі сəнді. Осы өзенде кішірек
кемемен жүзіп, қаланы аралауға болады.
Мұндағы халық күріш өсіруге шебер екен.
Жергілікті адамдары түгелге жуық кəрістер.
Тек кəріс тілінде сөйлейді. Əлемдегі ортақ тіл
ағылшын тілі деген түсінік бұл елде жүрмейді.
Ағылшын тілін тəуір білетін баламды ертіп
барсам да, аудармашы жалдауға мəжбүр
болдық. Себебі, кəріс тілін білмеуші едік.
Сеул көшелері өте жинақы жəне жап-жасыл.
Қаланы айнала өсіп тұрған сан түрлі əсем
гүлдер. Сол биік өскен гүлдердің көптігінен
қаланың орталығы түгіл шеткі үйлерінің өзіне
шаң бармайды. Ең биік үйлер қала сыртында
тауға қарай орналасқан. Төңірегі түгел қалың
қарағайлы орман. Аурухана, қонақ үйлерінде
көп у-шу, артық дыбыс, артық қимыл жоқ.
Емі жақсы, қонаққа деген ықыластары үлкен.
Қабақтарын түймейді, жарқын сөйлеседі.
Онда жəй жүргеннің өзі демалыс. Тыныш.
Мазалайтындар аз. Демаласың! Əйелдері де,
қыздары да жинақы. Ол елде менің көңіліме
кері əсер еткен бір ғана жағдай болды.
Аптаның бір күнін шарап ішуге арнайды екен.
Сол күні үлкен-кіші демей, жас демей көпшілігі
ішеді. Бұл жақсы емес, əрине.
Бірақ,
Оңтүстік
Корея
халқы
жақсы
ықыласымен,
еңбекшілдігімен,
патриоттығымен есте қалды. Ол жақта
тексерілдім. Бірақ, мен отаны өзіміздің
Тараздағы
«Жүрек»
кардиологиялық
орталығына жасаттым. Ол орталықтың да
жаңаша қондырғылары шетелден кем емес
екен.
– Бауырыңыз Айымкүл Жұмағұлқызы
балалар ақыны еді. Бірақ бүгінде ол кісі
туралы көп айтылмайды...
–
Иə,
балалар
ақыны
Айымкүл
Жұмағұлқызы бірге туған əпкем болса
да күйеуінің тегімен Меңжанова болып
жазылатын. Өзі педагогика ғылымдарының
кандидаты. Алматы қыздар педагогикалық
институтының педагогика кафедрасының
ұзақ жыл меңгерушісі болды. Сазгерлігі де бар
еді. Осыдан он жыл бұрын бақилық болды.
Балаларға арнап өлеңді мөлдіретіп жазатын.
Өлеңдері марқұм Асқаржан Сəрсек ақынның
балаларға арнаған жырлары секілді сұлу да
мөлдір шығатын. Сол ғалым əпкеме арналып
жақында Тараз мемлекеттік педагогикалық
институтында арнайы кабинет ашылды.
Бұл ректор Дария Қожамжарова басқаратын
институт қызметкерлерінің поэзияға, ғылымға
үлкен құрметі деп білемін. Кабинеттің ашылу
салтанатына
əпкемнің
баласы
Данаш
пен Руслан Меңжановтар қатысты. Енді
қыркүйекте өмірден озғанына он жыл болуына
орай ҚазМҚПУ де Айымкүл Жұмағұлқызы
атындағы кабинет ашылады.
Айымгүл əпкемнен басқа бауырларым
бар. Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылында
Тұрғын, Тұрлыбек деген інілерім тұрады.
Үлкен інім Тұрғын əкеме тартқан, əзілкеш,
сөзшең. Өзі жүрген жерін күлкіге қарық қылып,
күлдіріп жүреді. Бұл да атадан дарыған
сөзшеңдік қасиеттің ұшқыны шығар.
Достарыңызбен бөлісу: