Экономиканы қалыптастыру болды



Pdf көрінісі
бет8/12
Дата04.02.2017
өлшемі16,28 Mb.
#3404
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Бекжан ƏШІРБАЕВ, ақын

Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының 

иегері.

1 қыркүйек – Білім күні

ПӘН МЕН МӘН 

Өңіріміздегі  барлық  мектептер  оқушыларын 

жазғы  демалысқа  шығарып,  ағымдағы  жылы 

күрделі жөндеуден өтті. Апатты жағдайдағылары 

қайта  салынды  немесе  басқа  мектепке 

көшірілді.  Енді  бір  аймақтарда  жаңадан 

мектеп  тұрғызылды.  Биыл  жыл  басынан  бері 

облысымызда 30 білім  нысанының  құрылысы 

жүргізілді.  Күні  бүгінге  дейін 2 мектеп  пен 1 

балабақша білім ізденушілердің игілігіне берілді. 

Ал,  қалған 27 ғимараттың  құрылысы  əлі  де 

жалғасуда.  Бұлардың 15-і  жыл  аяғына  дейін 

балаларды  қабылдауға  дайын  болады  деп 

күтілуде. 

Өткен  жылғы 1 қыркүйектен  бері 9 мектеп 

жаңадан бой көтерген екен. Ал, ағымдағы жылы 

7  балабақша  пайдалануға  берілмекші.  Оның 

бесеуі республикалық, ал екеуі жергілікті бюджет 

есебінен  салынған.  Жалпы,  жыл  аяғына  дейін 

13  балабақша, 2 шағын  орталық  əулиеаталық 

əулеттердің  бүлдіршіндері  үшін  жұмысын 

бастайтын болады. 

Өңірімізде  осы  қыркүйекте 27 289 бала 

1-сыныпқа барады. Осынша балаң тағдырлардың 

жаңа  парақтары  ашылады.  Яғни,  осынша 

шаңырақта  сəбилердің  тілашар  қуаныштары 

тойланады.  Бұл  тек  сол  отбасылардың  ғана 

емес,  бүкіл  еліміздің  зор  қуанышы,  жаңалығы 

болмақ. 

Тағы  да  бір  көңілді  марқайтар  жағдай – 

өңірімізде  жыл  сайын  балабақшалар  саны 

жаңадан  қосылып  жатқандары  мен  кезекте 

тұрған сəбилердің саны əлі де ұлғайып отырғаны. 

Яғни,  ертеңгі  күні  халық  игілігіне  қызмет  ететін, 

ел абыройын асқақтататын тұлғалардың туылуы 

деп  қуанамыз.  Бүгінгі  əрбір  сəбиіміз  Үміттерді 

ақтарлықтай  азамат  болып  өсулері  үшін  де 

тəрбие  мен  білімнің  бастауы  болар  балабақша, 

мектептердің,  тəрбиеші  мен  ұстаздардың  заман 

талабына сай, сапалы да білікті болғаны қажет-

ақ.  Мұны  ескерген  Елбасы,  ел  Үкіметі  білім 

саласын назардан тыс қалдырған емес. Қажетті 

қаржы да бөлінуде. Жас ұрпақты тəрбиелеушілер  

болып  табылатын  оқытушылардың  біліктілігін 

арттыруға, 

жаңа 


заманға 

лайық 


қайта 

даярлануына  игі  шаралар  жүзеге  асырылып  та 

жатыр. Тек күтеріміз – бүгін мектеп қабырғасында 

жүрген  өспірімдер  ертең  ел  тұтқасын  ұстар  биік 

өрелі азамат болып шықса дейміз. 

 «Мектепке жол» 



ҚАМҚОРЛЫҚ ЖАСАУ – ҚАЙЫРЫМДЫ ҚОҒАМНЫҢ ҚАҒИДАСЫ

Өткен  нөмірлерімізде  тұрмыстық  жағдайы  аз 

қамтылған  отбасыларынан  шыққан  жəне  ата-ана 

қамқорлығынан  айырылған  балаларға  арналған 

«Мектепке 

жол» 

акциясының 

басталғанын 

хабарлаған  болатынбыз. 30 қыркүйекке  дейін 

жалғасатын бұл акция «Алғашқы қоңырау» күніне 

дейін біраз балаларды қуанышқа кенелтіп үлгерді. 

Облыстық  білім  басқармасының  мəліметінше 

өткен  жылы  облысымызда 22 мыңнан  аса  бала 

көмекті  қажет  ететін  отбасынан  шыққан  болса,  биыл 

21мың  бала  аталмыш  акция  аясында  жəрдем  алуға 

ұсынылған.  Бірақ,  бала  саны  күн  сайын  өзгеріп 

отырады. Себебі, мектепке баруға қажетті киім-кешек, 

құралдарды  алуға  жағдайы  келмейтін  баланы  осы 

акцияға ұсыну үшін ұйымдастырушылардың телефон 

нөмірлері жарияланған. 

Акцияға 

қатысқан 

демеушілер 

негізінен 

кəсіпкерлер жəне мекеме қызметкерлері болғанымен, 

бұдан  бөлек  өз  бетінше  қайырымдылық  жасауға 

құлықты азаматтар да өз тарапынан көмек көрсетеді. 

«Біреуді  қуантқың  келсе,  баланы  қуант!  Себебі, 

балалар  қуанса,  шын  ниетімен  қуанады»  деген  сөз 

бар.  Мұның  астары  мына  мысалдан  шықса  керек. 

Бірде Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарымыз тай жарысын 

өткізіп  жатқандардың  қасынан  өтіп  бара  жатып,  бір 

шетте жылап отырған баланы көріпті. Қасына барып, 

неге  жылағанын  сұраса,  бала  бірге  ойнап  жүрген 

достарының  тай  жарыстырғанына  қызыққанын,  бірақ 

орталарына  қосылуға  тайы  жоғын  айтады.  Сонда 

пайғамбарымыз  ойланбастан  жерге  төрт  табандап 

жата қалып, балаға «Мен сенің тайың боламын» депті. 

Бала қуанғаннан шаттана күліп, əбден ойнапты. 

«Мектепке  жол»  акциясы  да 1 қыркүйек  күні  ақ 

көйлек киіп, қолдарына алқызыл гүл шоқтарын алып, 

мектепке топ-топ болып бара жатқан қатарластарына 

қызыға  қарап,  өзінің  жеткіліксіз  жағдайымен  мұндай 

думаннан  қалыс  қалған  бүлдіршіндерді  жұбатқаны 

болар. Ал, осы акцияға қатысқан əр демеуші шынайы 

риза  болып,  шаттана  қуанған  періште  жүректерге 

жебеу  болғандары  үшін  де  мол  сауапқа  кенелер, 

бəлкім.


Жекелеген  азаматтардан,  мекемелерден  бөлек 

бұл акцияға «Президенттік қор» да өз үлесін қосыпты. 

Бұл  қор  өңіріміздегі  шағын  қалалары  бар  Талас  пен 

Сарысу  аудандарының  оқушыларына  көмектескен. 

Яғни, 

əрқайсысының 150 баласына, 



жалпы 

əулиеаталық 300 оқушыға оқу құралдарын əперіпті. 

Ал,  Байзақ  ауданында  өткен  жылы 572 аз 

қамтамасыз  етілген,  көп  балалы  отбасынан  шыққан, 

жетім  жəне  қамқоршылықтағы  балаларға 2 миллион 

39  мың  теңгеге  спорттық  киім  алынған.  Бұл  жалпыға 

міндетті қордан бөлінген. Ал, демеушілер тарапынан 

2  миллион 670 мың  теңгеге 534 бала  мектепке 

керектілерімен  қамтылған.  Енді  биыл  бұл  ауданда 

«Мектепке  жол»  акциясымен  өспірім  жастарға 

көмек  көрсеткендердің  көшін  аудандық  экономика 

жəне  бюджеттік  жоспарлау  бөлімі  мен  спорт  бөлімі 

бастапты. Игі істің ізін өзгелер де жалғастырып жатыр. 

Т.  Рысқұлов  ауданы,  Луговой  ауылының 

тұрғыны Фарида Баетова:

–  Менің  қызым  Луговой  ауылындағы  Т.Əубəкіров 

атындағы  негізгі  мектепте 7-сыныпта  оқиды.  Шынын 

айтқанда қаншалықты бала үшін еңбектеніп, аянбасақ 

та  мына  нарық  заманында  барлық  керектілерді 

əперуге  тұрмыстық  жағдайымыз  қиындық  туғызды. 

Мектеп  əкімшілігі  жағдайымызды  түсініп,  қызымның 

қатарынан қалмай, мектепте оқуына көмектесетіндерін 

айтқан  болатын.  Міне,  биылғы  жаңа  оқу  жылына 

қарсы  қызымның  керектілерін  Луговой  ауылының 

əкімі əперді. Аналық жүрегіммен осындай қайырымды 

іс ұйымдастырғандарға, ауылымыздың əкіміне, мектеп 

басшылығына зор алғысымды айтамын. Бұл мектепте 

тек  біз  ғана  емес,  осындай  қамқорлықты  көріп, 

марқайып  қалған  басқа  адамдар  да  бар.  Солардың 

бəрінің  атынан  алғысымды  айтамын, -дейді  акция 

аясында қамқорлық көрген Арай Мұхитованың анасы.

Тараз  қалалық  №50  орта  мектептің 7-сынып 

оқушысы Абылай Тұратбек:

–  Маған  біраз  оқу  құралдары  керек  болған 

еді.  Өзіміз  бəрін  түгел  алуға  шамамыз  келмеген. 

Мұғалімдеріме, барлық аға-əпкелерге рахмет! Өзімнің 

қалаған заттарыма қол жеткіздім, - десе, осы мектепте 

тағы  бір  акция  аясында  керек-жарағын  түгендеген 

оқушының анасы Назгүл Құрбанова:

–  Несін  жасырайық,  өмірде  түрлі  жағдайлар 

болады.  Балаңнан  ештеңеңді  аяғың  келмейді,  бірақ 

қолдың  қысқалығы  бəріне  бірдей  жеткізе  бермейді. 

Балама  қажеттіні  алуға  септескен  «Мектепке  жол» 

акциясын  ұйымдастырғандарға  шексіз  ризалығымды 

білдіріп,  қайырымды  жандарға  сауап  мол  төгілуін 

тілеймін. Баламның қуанышы – менің бақытым, – деп 

көрген көмегіне разылығын білдірді. 

Сірə, бұл акцияға риза көңілдер көп болар. Елдің 

елдігі біреудің басындағы қиындықты 

бірлесе көтергенде білінетіні рас. 

Акция əлі де жалғасуда, сауапты 

істен құр қалмаңыз, оқырман!



Бетті дайындаған Қамар ҚАРАСАЕВА.



ң 

в 

н 

қ 



і 

.

ң 



н

ы 

п 



елдігі біреудің басындағы қиындықты

бірлесе көтергенде білінетіні рас. 

Акция əлі де жалғасуда, сауапты 

істен құр қалмаңыз, оқырман!

БАС ПАРТИЯНЫҢ БАЛАЛАРҒА КӨМЕГІ 

Игі іс


«Нұр  Отан»  партиясының  «Бақытты 

балалық   шақ» жобасы аясында «Мектепке 

жол» 

акциясы 


ұйымдастырылуда.  

Акцияның  негізгі  мақсаты-аз  қамтылған 

көп балалы жəне ата-ана қамқорлығынсыз  

қалған 


балаларға 

қолдау 


көрсету 

жəне  оларға  толықтай  білім  алуға 

жағдай  жасау.  Күні  кеше  облыстық 

партия  филиалы    тарапынан  № 19–шы 

мектептің 5 оқушысына  оқу  құралдары, 

мектеп  формалары  табыс  етілді.  «Нұр 

Отан»  партиясы  облыстық  филиалы 

төрағасының 

орынбасары 

Шəбден 


Тілеумұрат    «Көмекке  зəру  əр  баланы 

мектепке  дайындауға  қолдау  көрсетеміз.  

Бастысы,  біздің  бүлдіршіндеріміз  жақсы 

оқып,  ата-анасының,  елінің  үмітін  ақтап 

шықса  болғаны», – деп  атап  өтті.  Өз 

кезегінде ата-аналар партия филиалының 

ұжымына  алғысын білдірді.

МӘН


1 ҚЫРКҮЙЕК  ТАЛАЙЛАРДЫҢ ЖҮРЕГІН АЛҒА ЖЕТЕЛЕГЕН ҮМІТПЕН ТОЛҚЫТАТЫН ЖƏНЕ МЕКТЕП 

ТАБАЛДЫРЫҒЫН  АЛҒАШ  АТТАЙТЫН  БҮЛДІРШІНДЕРДІ  ҚУАНТАТЫН  КҮН.  АҚ  БАНТИК  ТАҚҚАН 

ОҚУШЫ ҚЫЗДАР МЕН АҚ КӨЙЛЕКТІ БОЗБАЛАЛАРДЫҢ МЕКТЕПКЕ ҚАРАЙ БАСҚАН ҚАДАМДАРЫ 

ЕРЕСЕКТЕРДІҢ ЕСІНЕ ӨТКЕНІН САЛЫП, КӨҢІЛДЕРДІ ҚУАНЫШ ПЕН САҒЫНЫШ КЕРНЕЙДІ. КҮЛЛІ 

ƏЛЕМДЕ  САТЫЛМАЙТЫН,  САРҚЫЛМАЙТЫН  БАЙЛЫҚ – БІЛІМГЕ  ҚАДАМ  БАСАТЫН  КҮЗДІҢ 

АЛҒАШҚЫ  КҮНІ  ЖАМБЫЛДЫҚ  ҰСТАЗДАР  МЕН  ОҚУШЫЛАРДЫ  БИЫЛ  НЕСІМЕН  ҚУАНТПАҚ?  БҰЛ 

ЖЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ИГІЛІГІНЕ ӨҢІРІМІЗДЕ ЖАҢАДАН ҚАНША БІЛІМ МЕКЕМЕЛЕРІ САЛЫНДЫ? 

МІНЕ, ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ ҚУАНЫШТЫ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ ОСЫЛАР БОЛМАҚ.

9

28 тамыз,

№35(463)

ТАРИХ ТЕГЕРШІГІ

ТАРИХ ТЕГЕРШІГІ

«ТҮРКІСТАН СОЛАЙ ТУҒАН»

(МҰХТАР ӘУЕЗОВТІҢ ОЧЕРКІНІҢ ІЗІМЕН)

  МҰРАҒАТ  ҚҰЖАТТАРЫМЕН ӨРІЛГЕН 

ШЫНДЫҚ

Елімізде  тың  игеру  науқаны  Ұлы  Отан  соғысы 

аяқталғаннан  кейін-ақ    бастау  алғанымен, 1953 

жылдан  нақты  жүзеге  асырыла  бастады.  КОКП 

Орталық Комитетінің осы жылғы июнь пленумынан 

кейін  КСРО  Министрлер  Кеңесі  өзінің  №1570 

қаулысына  сəйкес  елімізде  тың  игерудің  жаңа 

шараларын қолға ала бастады   [ЖОММ, 399-қор, 

1-тізімдеме, 713-іс]. 

1954  жылдың 19 шілдесінде  Қазақстан 

Компартиясы  Орталық  Комитеті  мен  Казақ  КСР 

Министрлер  Кеңесі  «Республикада 1956 жылдың 

егініне арнап, тың жəне тыңайған жерлерді іріктеу 

туралы»  шешім қабылдады.  

1954  жылғы 19  қазанда  Қазақ  КСР 

Министрлер  Кеңесі  «Жамбыл  облысында  жаңа 

астық  совхоздарын  ұйымдастыру  жайлы»  шешім 

қабылдады        [ЖОММ, 399-қор,1-тізімдеме, 713-

іс].  Осы  қаулыға  сəйкес  Жамбыл  облысында  

жер  көлемі 249 мың  гектар,  оның  ішінде,  астық 

егуге  жарамды 126 мың  гектар  алқапта    жаңадан 

ұйымдастырылатын 8 совхозды  орналастыру 

белгіленді.  Олар    Талас  ауданында  «Қаратау», 

Сарысу ауданында «Түркістан», Қордай ауданында 

«Қордай»,  Луговой  ауданында  «Подгорный», 

«Қорағаты»,  Красногор  ауданында  «Красногор», 

Шу  ауданында        «Шоқпар»  жəне  «Далақайнар» 

елді мекендері еді.

«Бүкілодақтық  тың  игеру»  екпінді  құрылысы 

жарияланып, Жамбыл облысы   шаруашылықтарына 

Ресейден,  Украинадан,  Армениядан,  Кавказдан, 

Өзбекстаннан т.б. жан-жақтан тың игерушілер келе 

бастады. 

КСРО  Министрлер  Кеңесінің 1954 жылғы  14 

қазанда «Запасқа  шығатын əскери қызметкерлерді 

ауылшаруашылықтарында  пайдалану  жайлы» 

арнайы  қаулысы  шығып,  Түркістан  əскери 

округі  Сарысу  ауданының  жаңа  құрылып  жатқан  

«Түркістан» совхозын  шефтік  қамқорлығына алып, 

бір жазда жаңа  көшенің бойында 2 пəтерлік 6 үй, 4 

пəтерлік 12 ағаш үй тұрғызды. 

Жаңа    совхоз 

осы  əскери  округтың  атымен  «Түркістан»  совхозы 

аталды. 


ҰЛЫ ЖАЗУШЫНЫҢ «ТҮРКІСТАН» СОВХОЗЫНА 

САПАРЫ

Бүкіл  елімізде  жүріп  жатқан    ұланғайыр  ұлы 

дүрмекті  оқиға – тың  игеру  науқаны  туралы,  Ұлы 

Отан соғысынан кейінгі  бейбіт  дəуірдегі қарапайым 

шаруа мен  жұмысшының, жалпы кеңесі  адамының 

жасампаздық  образын  сомдап,  көркем  шығарма 

тудыру – ұлы жазушының көптен ойға алған арман-

мақсаттарының  бірі  еді.  Осындай  алдына  ұлы 

мақсаттарды міндет тұтып, ғұлама жазушы атының 

басын Қазақстанның  оңтүстігіне  қарай «Түркістан» 

атына ие болған тың игеруші совхозға бұрған.

Жамбыл  облысының  мемлекеттік  мұрағатында  

сақтауда тұрған, облыстық «Сталиндік  жол», Сарысу 

аудандық  «Социалистік  шаруа»  газеттерінің 1955 

жылғы тігінділерін ақтарып,  сол жылдары Сарысу 

ауданын басқарып, Мұхаңның қасында бірге болған 

ардагер  ақсақал  Аман  Алпысбаев  ағамызбен 

жолықтық. 

Сосын, «Түркістан» 

совхозының  

алғашқы  тыңгерлерінің  бірі  Ермекбай  Ақылбеков 

ақсақалды  іздеп  барып,  жазған  естелігінен, 

сонымен  бірге  «Қазақ  əдебиеті»  газетінің 2014 

жылғы 7-санында  жарияланған  дəрігер-қаламгер, 

профессор  Сағындық  Ордабековтің  «Түркістан 

солай  туған»  əңгімесін оқып, ұлы жазушы Мұхтар 

Əуезовтің  Сарысу  ауданына  1955 жылдың  шілде 

айында келгенін білдік. Ол кісінің қасында облысты 

аралатуға Жамбыл облыстық кеңесі атқару комитеті 

төрағасының  орынбасары  Ғарипжан  Досымбеков, 

облыстық  газеттің  редакторы  Ғайса  Сармұрзин  

жүрді.  Құрметті  қонақты  Сарысу  ауданының  

басшылары  аудандық  партия  комитетінің  бірінші 

хатшысы  Шаймардан  Қалдыбаев,  аудандық  кеңес 

атқару  комитетінің  төрағасы  Аман  Алпысбаев, 

аудандық  комсомол  комитетінің  бірінші  хатшысы 

Иген  Нұрмаханов,  аудан  прокуроры  Оспан 

Сауранбаев    мөлдір  сулы  көгілдір  көл    Көлменің  

тұсында    қарсы  алып,  біраз  күн    елді    аралатқан.  

«Түркістанның»  егін  алқабында  Мұхаң  ел-жұртпен 

əңгімелесіп,  елдің  жай-күйімен  танысқан.  Сол  

сапарында  өзімен  бірге 5-6 жасар  жиен-немересі 

Ернар  Қонаевты  ерте  келіп,  оған  ауыл  тіршілігін 

көрсетіп, Көлмеге шомылдырып, ауылдың қымызын 

ішкізіп, балқаймағын жалатқан.

Осы  сапарында  жүріп,  облыстық  газеттің 

редакциясына 

келіп, 


очеркті 

диктовкамен 

жаздырып,  оны  сол  жылы  «Əдебиет  жəне 

искусство»  журналының  он  екінші  номерінде  

жариялады.

                  



КЕЙІПКЕРЛЕР ӨМІРДЕ  БОЛҒАН

Сонымен  Мұхаңның  ізімен  сол  «Түркістанға» 

қайта оаралайық. Сөз етіп отырған очерктің ішінде 

аталған тұлғалардың көбінің аты-жөндері өзгертіліп 

алынған.  Мəселен,  совхоз  директоры  Григорий 

Алексеевич  Струков – Алексей  Иванович  Строгов  

болып,  аудандық  партия  комитетінің  хатшысы 

Шаймардан Қалдыбаев  Мардан Сандыбаев болып, 

механизаторлар  Новиков,  Ткаченко  ағайынды 

Флиглер,  комсомолдар,  танкист  Целигородцев, 

Кокарев,  Попов,  Поправко  Анатолий    өмірдегі  өз 

аты-жөндерімен  аталған. 

Сол  сияқты  Струковтар  жолда  қар  астынан 

тауып  алып,  тірілтіп  алатын  «Садаға»  аталған 

апаның өмірдегі шын аты да Сақыш – Сақыпжамал. 

Вася – Василий  Захарович  Матайбаев  та,  Əбіш 

шофер – Əбіш  Тайкешов – Сарысу  ауданындағы 

алғашқы  шоферлардың  ұстазы,  өнертапқыш-

механик  болған.    Сол  сияқты  аудандық  кеңес 

атқару  комитетінің  төрағасы  болған,  шығарма 

кейіпкері – Алпысбаевтың  өмірдегі  шын  аты-жөні 

Аман Алпысбаев. Бұл кісі ұзақ жылдар ірі қызметтер 

атқарып,  қазіргі  кезде  жасы  тоқсаннан  асқан  абыз 

ақсақал,  Тараз қаласында тұрады. 

Енді  біз  осы  очеркте  өрілген  оқиғаларды 

шынайы өмірдегі көріністен іздеп көрейік. 

«Шығарманың  бас  кейіпкері  Строгов  былай 

дейді: «Рас, биыл отыз  жылдан бері  болмаған ауыр 

қыс болды»,  деді маған  облыс қызметкерлері».  

Тағы  сол  очерктен  үзінді: «Трактор  жиыны 

екі  жүз  метрдей  жерде  көрінген  жаңағы  жалғыз 

селдір  бұтаға    соншалық    жай  жылжып,  қиналып, 

шықырлап,  байбайын  сала,  бар  лағнет-қарғысын 

айта  зорға  жетті.  Тікен  түбіне  директор  ұмтыла 

жүгіріп  бұрын  жетіп  еді.  Қалың  қардың  ойылған 

құдықша  түбінде  бүк  түсіп  жатқан  кішкене  дене 

көрінді.  Адам....  Қазақ  киімді.  Басында  шүберек, 

үстінде  шапан.  Əйел!..».  Бұл  үзінді  жоғарыда 

айтылған  Сақыш  апаны  Струковтың  өлімнен 

құтқарып қалатын жері.

Шындығында, 1954-1955 жылдың қысында Жон 

өлкесінде  ерекше    қыс    болды.  Біздің      үйіміз  сол 

кездерде Талдыбұлақ ауылдық кеңесінің орталығы 

Көлме  деген  жерде  болатын,  бұл  ауылдың    қазір 

орны    да  жоқ,  тың  игеру  жылдарының  құрбаны 

болды.  Шолақтаудан  Көксуға  қатынайтын  үлкен 

тас  жол  дəл  біздің  үйдің  жанынан  өтетін.  Тың 

игерушілердің  вагонын  сүйреген  трактор  дəл  осы  

жолмен өтті ғой.  Менің  əкем  Досымбек  Сембеков 

сол  жылдары  осы  ауылдық  кеңесінің    төрағасы 

еді.  Біздің  үйіміз  осы  үлкен  жолдың  бойында 

болғандықтан,  совхоздың    директоры  Струков, 

рабкооп  бастығы  Аббас  Жантөреев,  совхоздың 

қойма  меңгерушісі  болған  Əлайдар  Түсіпбеков 

т.б.  кісілер  Шолақтауға  қарай  өтіп  бара  жатып  та, 

қайтар жолдарында да біздің үйге соғып, түстеніп, 

қымыз ішіп өтетін.

Шығармадан  үзінді: «Строгов: «Жданов», 

Үшбас,  Ақтоғай  колхоздарын  да  жеткізуді  арман 

етемін». [М.Ə. 65-бет].  Струков  елге  берген 

уəдесінде  тұрды,  сол 1955-56 жылдары  аталған 

колхоздар  «Түркістан»  совхозының  зор  көмегімен 

Ақтоғай,  Құрттыбұлақ  ауылдарына  қоныстанып, 

үлкен ауылдар болып шыға келді. Осы ауылдардан 

өсіп  шыққан  жастар  «Түркістан»  совхозына  

жұмысқа орналасты. 

Шынын  айту  керек,  тың  игеру    саясатының 

халыққа 


тигізген 

зор 


пайдасы, 

жаңашыл 


жақсылығы,  малмен  айналысқан  қазақ  халқының 

атакəсібімен  қатар  жаңа  диханшылық  кəсіпке 

көшуіне  тура  келді.  Диханшылықтың  қыр-сырын 

жақсы  білмейтін  малшы  қазаққа  бұл  тірлік    онша 

қолайлы бола қоймады. 

Жазушы 


шығармасында 

көрсетілгендей» 

Райком секретары Сандыбаев: «..Өздерің қысыла, 

қымтырыла отыруға шыдадыңдар. Ақ қар, көк мұзда 

қысылып келген, тоңып келген, толып жатқан жаңа 

жұртқа  өз  мекен-жайларыңды  бердің.Сендерге 

мың да бір рахмет!» – дейді. (М.Ə.45-бет) 

Осы үзіндіде көрсетілгендей, жергілікті қазақтар 

қыс ішінде өздерінің жылы үйлерін, мал қораларына 

дейін  босатып  беріп,  тыңгерлерді  орналастырып, 

өздері  киіз  үйлері  мен  қостарын  тігіп,  көшіп 

шығады.  Олар  мыналар  еді:  Жданов  колхозының  

Андреев  елді  мекеніндегі  колхозшылары  Айтбек, 

Ақмағанбет,  Ескел,  Салғара,  Таңқай,  Рахымжан, 

Бегұлы,  Күлайша,  Жамал,  Аманжол,  Мұхан, 

Байболат,  Мүрсəлім,  Исатай,  Сары,  Бақберген 

сияқты кісілер (ЖОММ, 671-қор,1-тізбе,16-бума, 17 

-іс).


Біздің  ауылдар  енді  бұрынғыдай  Жонға, 

жайлауға еркін шыға алмай қалды, мал жайылымы 

тарылды.  Жон  төсінің  барлық  шұрайлы  жерлері 

астық егілетін алқапқа айналып, жерлер жыртылып 

тасталды.  Қыстан  қысылып  шыққан  ел,  жаз  шыға 

Жонға  шығып,  той-томалақтарын  сонда  өткізіп, 

ат  шаптырып,  көкпар  беріп,  бір  жасап  қалушы 

еді.  Мұның  бəрі  бірте-бірте  азайып,  бəйге  шауып, 

көкпар тартатын жер де  қалмады.

Алайда,  майталман  жазушы  шығармасында 

бұл  жайды  тігісін  жатыстырып  шебер  өрнектеген. 

« ...Шіркін,  мынау  өнерлі  қолмен  жерге  еңбек 

еткенде  осылай  етсін!  Біз  айырсақ  жердің  шымы 

мен  топырағы  қойтас-қойтас  боп  тамырланып 

қала  беретін.  Мыналар  топырақты  күлдей  етіп, 

ұнтақтай майдалайды екен ғой... Ұлтарақтай да ала 

қалдырмайтынын қайтерсің!» (М.Ə. 45-бет).

    Оның  үстіне  сол  кездегі  ауылдарда  тұратын 

əр отбасына ет салығы салынатын. Мал басын бір 

үйге 1 қара, 10 қойдан ғана ұстауға болатын шектік 

норманы  белгілеген  КОКП  Орталық  Комитеті  мен 

КСРО  Министрлер  Кеңесінің  1955 жылғы  қаңтар 

айындағы қаулысын басшылыққа алып, Қазақстан 

Компартиясының Орталық Комитеті 1955 жылғы 3 

мамырда «Мал шаруашылығы өнімдерін дайындау 

мен  сатып  алудың  қанағаттанғысыз  жүргізілуі 

жайлы»  қаулы  қабылдады (7-қор,  1-тізімдеме, 

40- бума, 932-іс). Осы қаулыны орындау жолында 

Қазақстанда екінші қайтара «Кіші Қазан төңкерісі» 

жасалды  деуге  болады.  Бұрын  елдің  малын 

колхозға-ортаққа  алдық  деп  сыпырса,  енді  əрбір 

отбасына  қойылатын  шектік  нормадан  артық 

малының  ерікті-еріксіз  ет  жоспарына  алынуы, 

онымен қатар, əр үйге сүт, май, жүн, тері, жұмыртқа 

сияқты  өнімдер  тапсыру  міндеттері  белгіленді.  Ел 

арасында  сол  кезде  тараған  «Маленков  берген 

байталды Хрущев келіп қайта алды» деген қанатты 

сөз  Хрущев  өкіметінің  əпербақандық  саясатына 

берілген үлкен саяси баға еді.

Н.С.Хрущев  басқарып  тұрған  тұста  бүкіл 

елдерде  жүгері  егу  науқаны  қоса  жүргізілді,  бұл 

шара  да  сол  кездегі  үкіметтің  жоғарыда  аталған 

қаулылары бойынша жүргізілді. 

1955  жылдың 3 мамырында  Қазақстан 

Компартиясының  Орталық  Комитеті  «Оңтүстік 

Қазақстан,  Жамбыл  жəне  Алматы  облыстарында  

жүгері егудің қанағаттанғысыз жағдайда  жүргізілуі 

туралы» мəселе қарап, Жамбыл облыстық партия 

комитетінің бірінші хатшысы  Шолақ  Артығалиевке 

жəне  Оңтүстік  Қазақстан  облыстық  атқару 

комитетінің  төрағасы  Керімбаевқа  сөгіс  берген (7-

Қор, 1-тізімдеме,  40-бума, 932-іс) 

Осы  қаулының  төртінші  бабында  Жамбыл 

облысының  «Билікөл»  совхозының  директоры 

Пашковты  «КОКП  Орталық  Комитетінің  пленумы 

шешімдерін  мойындамай,  жүгері  егу  жұмысына 

шаршы-ұялы  əдісті  қолданбай,  өз  дегеніне 

салғаны  үшін»  қызметінен  босатып,  партиялық 

жауапкершілігін  қарауды    Жамбыл  облыстық 

партия комитетіне тапсырды . 

Тың игеру жұмысына  Бүкілодақтық социалистік 

жарыс  жарияланып,  қайткен  күнде  де  жоспарды 

артық  орындап,  мемлекетке  астық  тапсырудың 

рекордын жасауға жаппай ұмтылыс  жүріп жатты. 

«Түркістан»  совхозы    еңбеккерлері  алғашқы 

жылдың  егін  орағының  өзінде 1200 тонна  астық 

жинап, 33 адам еңбек озаты болып шыққан, олардың 

қатарында  комсомол  мүшелері  Целигородцев,  

Безродный,  Геворкян,  Ашот  Погосян,  Грачик, 

Поправко  Анатолий,  Кокарев  Иван  т.б.  болған. 

Бұлар өз жоспарларын 140-150 пайызға орындаған 

(671-қор, 1- тізімдеме, 17- бума,195- іс).

Осы 

механизаторлардың 



бəрі 

де 


ұлы 

жазушының  очеркіне  енген,  олардың  аттары  сол 

1955 жылдың өзінде-ақ бүкіл одақ көлеміне əйгілі 

болды. Оның себебі, бұл очерк сол уақыттағы да, 

одан кейінгі кездердегі де көркем əдебиеттегі жаңа 

заман тақырыбы – тың жайлы жазылған өте озық 

шығарма  болғандықтан, орыс жəне басқа тілдерге 

аударылып, одақ көлеміне, тіпті шет елдерге дейін 

кең  тарап  жатты.  Ұлы  жазушының 1960 жылдың 

ақпан,  наурыз  айларында  Америкаға  барып,  сол 

жылы жазған «Америка əсерлері»  атты очеркінде 

өз  шығармаларының  Америкаға  дейін  кең 

таралғанын өз көзімен көргендігін жазған екен.

«Түркістан»  совхозы  құрыла    басталысымен 

бірінші  еңбек  адамының  жағдайына  баса  көңіл 

бөлінді.  Сол  себепті  де  тұрғын  үйлермен  қатар 

наубайхана,  асхана,  монша,  аурухана,  мектеп, 

клуб,  кітапхана  сияқты  мəдени  орындарға 

үлкен  мəн  берілді.  Халыққа  пайдаланатын  ауыз 

суды  тереңнен  тартып,  су  құбырлары  əр  үйге 

жеткізіліп  берілді.  Үшбас,  Қаратас,  Арыстанды 

елді  мекендерінде  де  бұрынғы  балшықтан 

тұрғызылған  қазақы  «қоржын  там»  аталатын 

үйлердің  орындарына  заманауи  ақшаңқан  үйлер 

бой көтерді.

Бір сөзбен айтқанда, еліміз үшін шаруашылық 

жүргізудің 

жаңа 


формасы – совхоздар 

ауылшаруашылығын  өркендетудің  үлкен  бір 

белесіне айналды. Бұрын малдың айналасындағы 

тірлікпен  күн  кешіп  келген  еліміз  енді  əлемдік 

өркениеттің  бірі – ауылшаруашылығын  жаңаша 

ұйымдастыруда үлкен жетістіктерге жетті. 

Енді  осы  жүргізілген  үлкен  тірліктің  саяси 

жағына  да  көңіл  аударсақ,  тың  игерудің  басынан 

бастап 

оның 


барлық 

уақытында 

Кеңестік 

интернационализм  мен  патриотизм  ұранының 

астарында жымысқы саясат жатқан еді. Тың игеру 

ісі бүкіл Одақ көлемінде жүргізілгенімен, игерілуге 

тиісті барлық жердің 50 пайызы тек Қазақстан жері 

еді. 


Ал,  Қазақстанға  жан-жақтан  совхоздарды 

ұйымдастыруға,  оған  басшылық  жасауға  келген  

адамдардың  ішінде  барлық  жерге  бірдей  адал 

ниетті,  жергілікті  қазақ  халқын  сыйлайтын, 

олармен  достасып,  еңбек  етуді  арман  ететін 

азаматтар келді деп анық айта алмаймыз.

Мұндай  кейіпкерлер  Мұхаңның  очеркінде  де 

аталады.  Олар:  арызқой  Ашрафян,  Ағабеков, 

Мотов, Дивов, Пыжов сияқты сұмдар ел ішіне іріткі 

салады. 


Осыған      мысал,  Жамбыл    облыстық  

мұрағатында 

КОКП 

мүшесі 


Александр 

Григорьевич  Кравченконың  жеке  ісі  туралы  іс 

құжаты  сақталған.  Мұнда  ол  өзі    «Түркістан» 

совхозының  бас    бухгалтері  əрі  партком  мүшесі 

бола  жүріп,  коммунистке  жат  қылықтар  көрсетіп, 

совхоз  жұмысын  кері  кетіруге  тырысып,  құрылыс 

жұмыстарының  қаражатын  уақытылы  төлемей, 

жиналған 1200 тонна  астықты  қар  астында 

қалдырып,  жұмысшылардың  айлығын  уақытылы 

төлемей, олардың совхозды тастап қашып кетуіне 

себепші  болғаны  үшін  жұмысынан  босатылып, 

партиялық  қатаң  жаза  алған (7-қор, 1-тізімдеме, 

40-бума,  948-іс). 

«Түркістан»  совхозында  сырттан  келген 

механизаторлардың 

басым 


бөлігі 

адал 


еңбектерімен  жақсы  жұмыс  істеп,  кейбіреулері 

«Түркістанда»  тұрып  қалды.  Десек  те  олардың 

еңбегі  бір  бөлек  те,  сол  жерді  өмір  бойы  көздің 

қарашығындай  сақтап,  күтіп  баптап,  егінін  егіп,  

шөбін шауып, еселі еңбек етіп келе жатқан тұрғын 

халықтың қажырлы еңбегін ерекше атап айтуымыз 

керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет