Экономиканы қалыптастыру болды



Pdf көрінісі
бет3/12
Дата04.02.2017
өлшемі16,28 Mb.
#3404
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Хамит ЕРБОЛАТҰЛЫ.

1-бетте


Дегенмен, 

мұғалімдердің 

еңбектері 

мен  оқушылардың  орта  мектептен  алған 

білімдерін 

сынға 


салып 

саралайтын 

Ұлттық 

бірыңғай 



тестілеудің 

нəтижесі 

бұл  жолы  қуантпады.  Əсіресе,  Қордай, 

Байзақ,  Т.Рысқұлов  аудандарының  мектеп 

бітірушілерінің айтулы сында көрсеткен білім 

деңгейлері қынжылтады. 

– 2014 жылы  республикалық  бюджеттен 

бір  де  бір  облысқа  балабақша  құрылысына 

қаржы бөлінбеген. Кəрім Нəсбекұлы, өзіңіздің 

тікелей  атсалысуыңызбен  республикалық 

бюджетті  нақтылау  барысында 4 балабақша 

мен  апатты  жағдайдағы 1 мектептің 

құрылысына  арнайы  қаржы  бөлінді.  Меркі 

ауданына  жұмыс  сапарыңыз  барысында 

аудан  көлемінде  бірнеше  рет  көтеріліп, 

шешілмей  келе  жатқан  №9  Савва  атындағы 

орта мектепке 600 орындық жаңа құрылыстың 

жобалық 


сметалық 

құжаттамасы 

мен 

мемлекеттік  сараптамадан  өтуі  үшін  қаржы 



бөлдіртіп,  бастауыш  сыныптар  оқитын 

ғимаратын  күрделі  жөндеуден  өткізуге 198 

миллион  теңге  бөлінуін  қатаң  бақылауда 

ұстадыңыз.

Орта  білім  беретін  мектептердің  «Үздік 

ұйым»  байқауының  бас  жүлдегеріне  биылғы 

жылы  өзіңіздің  тікелей  қолдауыңыздың 

арқасында  тұңғыш  рет 15 973 000 теңге 

көлемінде  грант  бөлініп  отыр.  Сондай-ақ, 

жетім  жəне  ата-ана  қамқорлығынсыз  қалған 

балаларды  отбасы  жағдайында  тəрбиелеп 

отырған  отбасы  үлгісіндегі 2 балалар  үйіне 

жаңа  автокөліктерді  сыйға  тарттыңыз.  Білім 

саласындағы түйткілді мəселелерді талқылау 

мақсатында  барлық  білім  бөлімдерінің 

басшыларымен  кездесу  өткіздіңіз.  Тиісті 

тапсырмалар  бердіңіз.  Тараз  қаласы  мен 

аудандардағы  іс  сапарлар  барысында 

міндетті  түрде  мəселелі  білім  нысандарын 

аралап, көкейкесті мəселелерді жедел шешуге 

ықпал  еттіңіз, – деп  облыс  басшысының 

білім  беру  саласына  ерекше  көңіл  аударып 

отырғанын  баса  айтты.  Осыншама  қаржы 

бөлініп, билік басындағылардың назары ауып 

отырса  да  өңіріміздің  оқушылары  өткен  ҰБТ-

да  неге  сенімді  ақтай  алмады?  Төмен  балл 

жинағандармен  қатар,  тіпті «0» деген  баға 

алған  мектептер  де  бірқатар  аудандарда 

кездескен. Бұл расында айтарлықтай сұрауы 

бар мəселе. Облыс əкімі Кəрім Көкірекбаев ҰБТ 

қорытындысында  облыс  бойынша  ең  төмен 

деңгейден  көрінген  Т.Рысқұлов  ауданы  білім 

беру бөлімінің басшысы Лəззəт Өтеулиевадан 

мектеп  бітірушілердің  білім  көрсеткішінің 

осыншама  құлдырауының  себебін  дүйім 

жұрттың  алдында  сұрады.  Мұны  аудандық 

бөлім  басшысы  мектеп  директорлары  мен 

пəн  мұғалімдерінің  оқушылардың  біліміне 

бақылауды төмендеткенінен көріп отыр. 

Ал, 


халықаралық, 

республикалық 

олимпиадаларға  жəне  ғылыми  жарыстарға 

қатысқан  өңіріміздің  дарынды  балалары 

жеңістерімен, зор табыстарымен қуантты. 

– 2013-2014 оқу 

жылдарында 

дарынды 


оқушыларымыз 

халықаралық 

əлем 

деңгейіндегі 



олимпиадалар 

мен 


ғылыми  жарыстардан  алған  жүлде  саны 

бойынша  республикада  ең  алдыңғы  орынға 

шықты.  Əлемдік  деңгейде  өткен  білім 

додаларында  жеңіске  жеткен  оқушылар 

саны  алдыңғы  жылдарға  қарағанда 23-

ке  артты.  Республикалық,  халықаралық 

түрлі  интеллектуалдық  байқаулар  мен 

ойындарға облыстың барлық оқушыларының 

12,3  пайызы  қамтылды.  Республикалық, 

халықаралық,  дүниежүзілік  олимпиадалар 

мен 

ғылыми 


жарыстарға 

қатысқан 

өңіріміздің 248 оқушысының 152-сі,  яғни 

61,3  пайызы  жеңімпаз  атанды.  Əсіресе, 

əлем  олимпиадаларының  жүлдегерлерін 

дайындаған 

облыстың 

дарынды 


ер 

балаларға  арналған  Қазақ-Түрік  мектеп 

интернатының химия пəнінің мұғалімі Тунжай 

Генчерді,  биология  пəнінің  мұғалімі  Оскан 

Элпенді,  физика  пəнінің  мұғалімі  Əмірхан 

Сəулембековты,  математика  пəнінің  мұғалімі 

Арыстан  Əлжанды,  информатика  пəнінің 

мұғалімі  Нұрлан  Тілеукинді  ерекше  атап 

өткен  жөн.  Ұстаздардың  біліктілігін  арттыру, 

əдістемелік  көмек  көрсету  мақсатында  өткен 

оқу  жылында 244 түрлі  іс-шаралар  өткізілді. 

Оған  облысымыздың  барлық  мұғалімдерінің 

69,1  пайызы  қамтылды.  Республикалық, 

халықаралық 

деңгейде 

өткізілген 

олимпиадалар  мен  байқауларға 97 мұғалім 

қатысып,  оның 75-і  жеңімпаз  атанды.  Бес 

мұғалім республика көлемінде «Үздік педагог» 

атанып, əрқайсысына 1 731 мың теңге сыйақы 

берілді.  Техникалық  жəне  кəсіптік  білімнің 

жүйесінде  оқытудың  озық  технологияларын 

батыл  енгізіп  жүрген  Жамбыл  Қазақ-Түрік 

есеп-экономикалық  колледжінің  оқытушысы 

Бейбіт Жүнісовті, «Үздік педагог» халықаралық 

байқауының  бас  жүлдегері,  Абай  атындағы 

Жамбыл  гуманитарлық  колледжінің  мұғалімі 

Шарапат  Сүйімқұлды,  ІХ  Республикалық 

педагогикалық  олимпиаданың  жүлдегері, 

аталған  колледждің  оқытушысы  Ұлдана 

Мелдибекованы, «Жылдың  үздік  əдіскері» 

республикалық байқауының жүлдегері, Құлан 

ауылшаруашылық 

колледжінің 

əдіскері 

Гүлмира Махамбетованы айрықша атап өтуге 

болады.  Колледж  білімгерлері  республика 

көлемінде  өткізілген  «Үздік  бизнес  жоба», 

«Жас  интеллектуал», «Жас  өнертапқыш», 

«Үздік 


автомеханик» 

сияқты 7 түрлі 

байқауларда жүлделі орындарға ие болды, – 

деген  Сұлушаш  Сəтбекқызы  жетістіктерді  де 

саралап шықты. 

Білім  беру  саласының  өткен  жылдағы 

жұмыстарын 

талқылап, 

келер 

жылға 


бағдар  белгілейтін  педагогтардың  айтулы 

конференциясында  министрліктен  келген 

Білім  жəне  Ғылым  саласындағы  бақылау 

комитеті төрағасының орынбасары Темірғали 

Əбілмəжінов:

–  Білім  беру  ісінде  Жамбыл  облысының 

жетістіктері  аз  емес.  Əулиеаталық  дарынды 

оқушылар  тек  облыс  абыройын  емес, 

əлемдік  жарыстарда  бүкіл  қазақ  елінің 

атын  аспандатып  жүргені – бəріміздің 

мақтанышымыз. Бұл жетістікте мұғалімдердің, 

ата-аналардың  де  еңбектері  бар.  Осы 

облыстағы  Қазақ-Түрік  лицейін  тəмамдаған 

46  баланың 22-сі  Назарбаев  университетіне 

оқуға түсіпті. Осындай мерейлеріңізді асырар 

жемісті жұмыстарыңыз жалғаса берсін, – деп 

тілегін білдірді. 

Облыс  əкімі  Кəрім  Көкірекбаев  өңір 

мұғалімдерінің  кеңесінде  сөйлеген  сөзінде 

білім мекемелерін қаржыландыруға биыл 75,3 

млрд. теңге бөлінгенін айтты.

–  Өткен  жылдың 1 қыркүйегінен  бүгінге 

дейін 9 мектеп салынып, апатты жағдайдағы 

7  мектептің,  үш  ауысымдағы 1 мектептің, 

оқушы орынынан тапшылығы бар 1 мектептің 

мəселесі оң шешімін тапты. Білім мекемелерін 

жаңа 

модификациялы 



кабинеттермен 

жабдықтау, 

оқулықтармен 

қамтамасыз 

ету,  жөндеу  жұмыстарына  бөлінетін  қаржы 

көлемі  де  жыл  сайын  өсіп  отыр.  Жұмсалған 

қаржының  бəрі  бүгінгі  шəкірттеріміздің 

терең  білім,  жан-жақты  тəрбие  алуларына 

бағытталған.  Үстіміздегі  жылдың  наурыз 

айында білім қызметкерлерінің еңбекақысына 

қосымша 2 млрд. 456 млн.  теңге, 3 деңгейлі 

курстардан өткен мұғалімдердің еңбекақысын 

жоғарылатуға 309 млн.  теңге  бөлінді. 

Республикалық  олимпиадалар  нəтижесінде 

облысымыздың 

командасы 3-ші 

жыл 

қатарынан  «Ең  үздік  команда»  атағын  жеңіп 



алғаны  бəріміз  үшін  зор  мақтаныш, – деген 

облыс  басшысы 6-шы  жыл  қатарынан  «Ең 

үздік олимпиада мектебі» атағын жеңіп алған 

облысымыздағы  дарынды  ер  балаларға 

арналған  Қазақ-түрік  мектеп-интернатына 15 

973 000 теңге білім грантының сертификатын 

табыс етті. 

Сондай-ақ,  облыс  басшысы  бірқатар 

жас  ұрпақты  тəрбиелеу  мекемелерінің 

басшыларына 

басқарушылық 

мəдениеті 

жетіспейтінін де ашына айтып:

– 

Облыстағы 221 балабақша 



меңгерушілерінің 10-ның 

қойылатын 

талаптарға  сəйкес  тиісті  жұмыс  өтілі  жоқ. 

Меркі,  Қордай,  Т.Рысқұлов  аудандарындағы 

кейбір  балабақша  меңгерушілері  кадр 

іріктеуде  заң  бұзушылықтарға  жол  берген. 

Яғни, мамандығы сəйкес емес қызметкерлерді 

жұмысқа  қабылдаған.  Мойынқұм  ауданының 

мектептерінде 

нормативтік-құқықтық 

актілерді  білмеу  салдарынан  аз  қамтылған 

отбасынан 

шыққан 

балаларды 



ыстық 

тамақпен  қамту  барысында  талап  етілетін 

құжаттар  толық  жинақталмаған.  ҰБТ–ге 

дайындықты зерделеу барысында 96 мектеп 

директоры  өзінің  лауазымдық  міндеттеріне 

сəйкес  басшылық  пен  бақылауды  дұрыс 

жүргізбеген.  Осы  жылдың  сəуір  айында 607 

білім мекемесі басшысына өткізілген тренинг 

тестілеу  қорытындысы  да  қуантарлық  емес. 

Бірқатар  білім  мекемелерінің  басшылары 

мемлекеттік 

бағдарламалармен 

білім 

беру 


стандарттарының 

талаптарын,  

типтік  ережелерді  жетік  білмейтіндіктерін 

көрсетті.  Сондықтан,  облыс  əкімдігінің 

білім  басқармасына    алдағы  оқу  жылында 

білім 


беру 

ұйымдарының 

басшылары 

арасында кемі 2 рет тренинг-тестілеу өткізуді 

тапсырамын.  Облыстық  білім  басқармасы 

мектептерге,  мектеп директорлары мен білім 

бөлімдері  басшыларының  қызметтерінің 

деңгейін    айқындайтын  рейтинг  жасап,  жыл 

қорытындысы  бойынша  маған  баяндасын! 

Рейтинг  қорытындысы  бойынша  төмен 

нəтиже  көрсеткен  басшылар  орындарын 

босатулары  керек.  Қызметін  тиісті  деңгейде 

атқара  алмайтын,  өресі  тар  басшылардан 

құтылатын  уақыт  жетті.  Аудандар  мен 

Тараз  қаласы  əкімдері,  білім  бөлімдерінің 

басшылары оқу жылы ішінде нəтижесі төмен 

мектептерді  үздіксіз  тексеріп,  қатаң  шара 

қолданулары керек. Ал, алдағы оқу жылының 

соңында 

жоғары 


жетістіктерге 

жеткен 


мектептер  мен  олардың  басшыларын,  үздік 

нəтиже  көрсеткен  ұстаздарға  автокөліктер 

сыйлау,  шетелге  оқуға  жіберу,  үкімет 

наградасына  ұсыну  секілді  материалдық 

қолдау шараларын қолға алуды тапсырамын. 

Облыс 


орталығындағы 

жоғары 


оқу 

орындары  ауыл  мектептерін  қамқорлыққа 

алып,  айына  кемінде 1-2 рет  барып,  дəріс 

оқып,  балалардың  ҰБТ-ге  дайындығына 

көмек  көрсеткендері  жөн.  Осы  игі  дəстүр 

жалғасын  тапса,  бірқатар  алға  жылжулар 

болады, -деді.  Жəне  де  алда  келе  жатқан 

қыстың  қамын,  оқушыларды  тасымалдау 

мəселесін  де  баса  айтты.  Байзақ,  Жамбыл, 

Жуалы,  Т.Рысқұлов  аудандары  əкімдеріне 

оқушыларды тасымалдайтын тозығы жеткен 

автокөліктерді жаңасына ауыстыруды жедел 

шешулерін  тапсырды.  Ал,  облыстық  білім 

беру  басқармасынгың  бастығы  Сұлушаш 

Құрманбекованың 

қызметінің, 

мойнына 

жүктелген  міндеттің  аса  жауаптылығын, 

қиындығын айта келіп, оған «Егер келер оқу 

жылының аяғындағы ҰБТ қорытындысы тағы 

да  осындай  төмен  деңгейден  көрінсе,  қатаң 

түрде жауап талап етемін» деп ықтияттады.

Кеңес  соңында  өспірім  тұлғаларды 

біліммен қамтып, өнерге баулып, тəрбиелеуде 

үлгілі  іс  атқарып  жүрген  ұстаздар  «ҚР 

Білім  беру  ісінің  үздігі»  атағымен  жəне 

Ы.Алтынсарин  төсбелгісімен,  тағы  басқа  да 

құрметті сый-сыяпаттармен марапатталды.



САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУ – ҰСТАЗДАРДЫҢ БАСТЫ МАҚСАТЫ

САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУ – ҰСТАЗДАРДЫҢ БАСТЫ МАҚСАТЫ

Қорқынышты  түс  көрсең,  не  бір  жантүршігерлік  жағдайға  куə  болсаң,  соның 

əсерінен  ұзақ  уақытқа  дейін  арыла  алмай  жүретінің  бар.  Сол  секілді  жақсы  көру, 

оған  Құдайдай  сену  сезімі  де  талай  уақытқа  бойыңнан  суымайды.  Осы  бір-біріне 

кереғар сезімдер бəрібір адам санасына өзіндік таңбасын қалдырады. Шыны керек, 

бодандықтың қамытын ғасырлап киген біз секілді ұлы халықтың кейбір ұрпағының 

əлі күнге дейін көп жағдайға үрке қарайтынын сезіп, байқап қаламыз кейде. Өткен 

өмір  өтті,  зардабын  Сталин  емес,  халық  тартты.  Шын  мəнінде  Иосиф  Сталиннің 

қатыгездігі  қалмақтың  ханы  Қалдан-Сереннен  де  өткен  болатын.  Қайта  Қалдан-

Серен біздің ұлы Абылайға қорыққанынан болса да өзінің жүрекжарды сөзін айтқан. 

«Сен кеш туғансың, əйтпесе ұлы хан болар едің», – деген. Ал Сталин ұлы Əлихан 

Бөкейхан мен Ахмет Байтұрсынұлына, басқа да Алаш арыстарына жақсы сөз айтты 

ма екен? Қорқау ғана бірінші қол жұмсайды, Сталин де сөйткен. Атты, асты, айдады. 

Құлдық ғұмырдың зардабы қазақтың көңілінде таңбаланып қалды.

28 тамыз,

№35(463)

4

Мұратхан ƏЛІМХАН

АЙНА

Тиімді тірлік табысқа жетелейді



КҮН КОЛЛЕКТОРЛАРЫН

КҮН КОЛЛЕКТОРЛАРЫН  

ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗЕТІН КҮН ЖАҚЫН

ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗЕТІН КҮН ЖАҚЫН

Саятхан САТЫЛҒАНОВ

Әлеуеті артқан Әулиеата

Аталмыш нысанның құрылысы өткен жылдың қараша 

айында басталған болатын. Қазіргі таңда құрылыстың 70 

пайызы аяқталған. Жобалық құны 1 млрд. 166 млн. теңге 

тұратын өндіріс орнының құрылысын «Əулие-Ата Феникс» 

ЖШС  жүргізіп  жатыр.  Болашақта  бройлерлік  құс  етін 

шығаратын да осы серіктестік болады. Мекеме директоры 

Фарида  Жүнісованың  айтуынша,  аймақта  баламасы  жоқ 

бұл  кəсіпорынның  бүкіл  облысты  толықтай  құс  етімен 

қамтуға қауқары жетеді екен.

–  Бұл  фабрика  етті  сапалы  өңдейтін  жоғары 

технологиялы  өндіріс  орны  болады.  Құрал-жабдықтарды 

негізгі  жеткізуші  ретінде  біз  Нидерланды  мемлекетін 

таңдадық.  Қазір  құрылыстың  дені  аяқталған.  Ал,  жөндеу 

жұмыстары толықтай бітіп, құрылығыларды іске қосқанда 

жергілікті  нарықты  құс  етімен 100 пайыз  қамти  аламыз. 

Яғни  жылына 3000 тонна  ет  өндіретін  боламыз, – дейді 

серіктестік директоры.

Иə,  құрылыстың  қарқыны  жақсы.  Нысан  басында 

100-ден  аса  адам  жұмыс  жасауда.  Оннан  аса  техника 

жұмылдырылған.  Жиырмаға  жуық  жұмыскерлер  құс 

сақтайтын баздарды  сырлау, əктеу  жұмыстарын жүргізіп 

жатыр. 


– 

Мұндағы  жұмыстың  жартысынан  көбі  бітті. 

Жиырма  жұмысшы  баздарды  құрылғы  орнатуға  əзірлеп 

жатыр. Жұмыс аяқталғаннан кейін ауланы көгеріштендіру 

жұмыстарына  кірісеміз.  Оғанда  қажетті  материалдар 

дайын тұр, – дейді жұмысшы Айдана Сəрсенова. 

Мұндағы 

жұмысшылардың 

барлығы 

жергілікті 

тұрғындар  екен.  Айдана  да  қаладағы  жұмысын  тастап, 

туған жерінде еңбек етуге келіпті. Ал,  құрылыс біткеннен 

кейін  фабрикаға  құс  күтуші  ретінде  жұмысқа  тұруды 

жоспарлап  отыр.  Тағы  бір  айта  кетерлігі  құрылысқа 

пайдаланып  жатқан  материалдың  барлығы  да  өз 

өңіріміздің  өнімдері.  Серіктестік  директоры  сырттан 

күмəнді материалдар алдырғаннан гөрі, қолда бар сапалы 

дүниелерді пайдаланғанды жөн деп шешіпті.

 Ал, тауық өсіруге қажетті құрылғылар шет мемлекеттен 

тапсырыс  арқылы  алынып  жатыр.  Қондырғылардың 

барлығы  орнатылып  болғаннан  кейін  балапан  өсіру,  оны 

тамақтандыру  сынды  жұмыстардың  барлығы  компьютер 

арқылы  автоматтандырылған  жүйемен  жүргізілетін 

болады.  Жəне  баздың  ішіндегі  температураны  бір 

деңгейде  ұстау  үшін  желдеткіштер  орнатылмақ.  Сондай-

ақ,  жарықтандыру    өз  деңгейінде  жолға    қойылған.  Бұл 

мақсатта 584 млн.  теңге  қаржы  бөлініп,  инфрақұрылым 

тартылған.  Қазір  жарық  пен  су    құсханаларға  толықтай 

келіп  тұрса,  алдағы  уақытта  газ  тарту  жұмыстары  қолға 

алынбақ.  Сонымен  қатар,  аула  ішіне  асфальт  жабынды 

төсеу жұмыстары жүргізіледі. 

Негізі  кеңестік  кезеңде  үндік  өсірумен  айналысқан  

бұл  нысан    тауық  ұстауға  да    қолайлы  екен.  Өйткені, 

тауықханалары  кең  əрі  бордақылау,  жем  дайындау, 

балапан шығару орындары бір-біріне жақын орналасқан. 

Ал,  жем-шөпті  нысан  ішіндегі    диірменнен  дайындауға 

мүмкіндік бар.  

Мұндағы 


мамандар 

инкубатордан 

шыққан 

балапандарды  үш  ай  сайын    өсіріп,  одан  кейін  құс  етін 



нарыққа  шығаруды  жоспарлауда.  Осылайша    олар  бір 

айналымда 750 тонна ет өндірмекші. 

Сөз жоқ,  мұндай көлемдегі өнім нарық бағасын ұстап 

тұруға  өз септігін тигізері анық. Оған қоса,  өз өңірімізде 

шыққан  құс  етінің    сапасы  да  арта  түсетіні  айқын.  Ал, 

кəсіпорын  толықтай  қуаттылығын  алғанда    мұнда 500 

адамға жаңа жұмыс орны ашылмақ.  

Иə, бұл халықтың игілігі үшін жасалып жатқан дүние.  

Байзақ  ауданында  ірі  көлемде  жұмыртқа  өндіретін 

кəсіпорны барын  бұрыннан білетінбіз. Енді міне  «Əулие-

Ата  Құс»  фабрикасы  да  құс  тауарларын  өндіруде  жаңа 

серпін жасап тұр. Ең бастысы  тұрғындар, шеттен келетін 

құс етіне тəуелді болмайтын болды.

ЕНДІ СЫРТТАН КЕЛЕТІН ҚҰС ЕТІНЕ ТƏУЕЛДІ БОЛМАЙМЫЗ

БҮГІНДЕ  ӨҢІР  ЭКОНОМИКАСЫНА  СЕРПІН  БЕРЕТІН  ӨНДІРІС  ОРЫНДАРЫ  БІРІНЕН  КЕЙІН  БІРІ 

АШЫЛУДА.  БҰДАН  БІРНЕШЕ  ЖЫЛ  БҰРЫН  ЖАМБЫЛДЫҚТАР  КҮНДЕЛІКТІ  ТҰРМЫСҚА  ҚАЖЕТТІ 

ТАУАРЛАРДЫ КӨРШІЛЕС ЕЛДЕР МЕН ІРГЕЛЕС ЖАТҚАН ОБЛЫСТАРДАН  ТАСЫСА, ЕНДІ ӨЗ ӨНІМІМІЗДІ 

НАРЫҚҚА ШЫҒАРАТЫН МҮМКІНДІК ТУУДА. СОНДАЙ ІРІ ӨНДІРІС ОРНЫНЫҢ БІРІ – «ƏУЛИЕ-АТА ҚҰС» 

ФАБРИКАСЫ БАЙЗАҚ АУДАНЫ, МЫРЗАТАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ  БОЙ КӨТЕРУДЕ.

Əлемдік  энергетикадағы  кез  келген  жағдайдың  Қазақстанға  əсер  етпей  қоймасы 

белгілі. Себебі, еліміздің отын ресурсы қанша жерден жақсы қордаланғанымен дамып 

келе жатқан экономика қуат көздерін одан сайын қажет ете бермек. Ал, ол үшін дəстүрлі 

энергетиканың ұзақ жылдарға шамасы келе бермейтіні соңғы кездері басы ашық əңгіме 

бола бастады. Сондықтан, Қазақстан өркениетті елдер қатарлы баламалы қуат көздерін 

өндіру мəселесін соңғы төрт-бес жылда толығымен қолға алды. 

Осы  мақсатта 2009 жылы  Парламент 

Қазақстан 

Республикасының 

«Жаңартылған 

энергия  көздерін  пайдалануды  қолдау  туралы» 

Заңын  қабылдады.  Əрине,  бұл  Заң  қуат  көздерін 

өндіретін шағын ғана құрылығылардан бастап, ірі 

станциялардың  жұмысына  мемлекеттік  қолдау 

көрсетуді  қамтамасыз  етеді.  Ал,  заңның 1-бабы, 

9-тармағында  жеке  тұтынушыларға  атаулы 

көмек, яғни, жеке тұтынушылардың қазақстандық 

өндірушілерден 

жаңартылатын 

энергия 

көздерін  пайдалану  қондырғыларын  сатып 

алуға  жұмсалатын  шығындарының  бір  бөлігін 

мемлекеттің өтеуі қарастырылған. 

Алайда,  облысымыз  баламалы  қуат  көздерін 

өндіруді  станциялық  деңгейде  қолға  алып 

жатқанымен  əзірге  үй  жағдайындағы  кішігірім 

қондырғыларды  қолданысқа  енгізу  кешеуілдеп 

келе жатыр. Негізінен жел, күн жəне су энергиясын 

пайдалану  арқылы  қуат  өндіру  ісі  қазір  облыста 

қарқын алып келеді. Оларға жеке-жеке тоқталмай-

ақ  қояйық,  ең  бастысы  Əулиеата  өңірі  бұл 

баламалы  қуат  индустриясында  елімізде  көш 

бастап тұр. 

Бізді осы қуат өндіруші шағын қондырғылардың 

ішінен  күн  сəулесін  қабылдау  су  жылытатын 

коллекторлардың  артықшылықтары  қызықтырды. 

Шыны  керек  облыс  орталығындағы  бірлі-

жарым  қымбат  жеке  үйлердің  шатырынан 

көріп  қалғанымыз  болмаса,  жаппай  мұндай  су 

жылытқыштарды  шатырына  шығарып  жатқан 

жұртты  көрмедік.  Мұндай  коллекторлар  Еуропа 

елдерінде кең қолданысқа енгізілген екен. 

Əрине, біріншіден əзірге елімізге таңсық болып 

отырған бұл дүниелердің халық əлі сырын білмейді, 

екіншіден оның бағасы да өндірістік қуатына қарай 

шарықтай береді. Сондықтан, бұл жердегі барлық 

мəселе облыстың энергетиктері мен коммуналдық 

шаруашылық  мамандарына  тіреліп  тұр.  Себебі, 

олардың  тұрғындарға  қолжетімді  болуы  үшін, 

бұл  салада  мамандар  тарапынан  түсіндірілетін 

насихат  жұмыстары  мен  экономикалық  сараптау, 

негіздеу жұмыстары кезегін күтіп тұр. Оның үстіне 

өткен  аптада  облыс  əкімдігіндегі  аппарттық 

кеңесінде облыс əкімі Кəрім Көкірекбаев Түркияда 

күн сəулесі арқылы су жылытатын коллекторларды 

көргенін жəне олардың пайдасының мол екендігіне 

көз  жеткізгенін  əңгімелеп,  энергетика  жəне 

коммуналдық  шаруашылық  басқармасының 

басшысы Мұхтар Төлеулиевке коллекторларды 

қолданысқа енгізу мақсатындағы жұмыстарды 

зерделеуді тапсырған болатын. 

Əкім  тапсырмасынан  кейін  басқарма 

тарапынан  қаншалықты  қозғау  болғанын 

білу мақсатында басқармамен хабарласып 

көрдік. 


– 

Бүгінде  «Жұмыспен  қамту 

жол  картасы – 2050» бағдарламасы 

бойынша 


Тұрар 

Рысқұлов 

ауданындағы сегіз шаруа қожалығына 

күн  батареялары  қосылған.  Оны  астаналық  бір 

компания орнатып берді. Тиісінше ол компанияға 

Заңда  көрсетілгендей  кеткен  шығынның 50 

пайызы  мемлекет  тарапынан  берілді.  Ал,  енді 

жылулық-сəулелік  қондырғыларды,  оның  ішінде 

коллекторларды  орнатқан  жекелеген  үйлер 

болмаса,  əзірге  мемлекеттік  құрылымдар  жоқ. 

Алдағы  күндері  болатын  шығар.  Өйткені,  біз 

облыс  əкімінің  тапсырмасынан  кейін  алғашқы 

жұмыстарды  қолға  алдық.  Əзірге  ақпарат 

жинастырып, 

бұл 

бағыттағы 



жұмыстарды 

зерделеп,  зерттеп  көруіміз  керек.  Сол  бойынша 

аудан  əкімдіктеріне  орталықтандырылған  қуат 

көздерінен  тым  қашықтағы  елді  мекендердің 

тізімін алып жатырмыз. Яғни, алдымен 3-4, немесе 

5-6  үйден  ғана  тұратын  қыстау,  қашарларды 

баламалы  қуат  көздерімен  қамтамасыз  етпекпіз. 

Одан  бөлек,  осындай  қондырғыларды  орнатумен 

айналысатын компанияларға да бағаларын сұрап, 

сұраныс  жіберіп  жатырмыз.  Əзірге  екеуінен  ғана 

жауап  келді, – дейді  облыс  əкімдігі  энергетика 

жəне  коммуналдық  шаруашылық  басқармасының 

қызметкері Құдайберген Қорғанбаев. 

Басқарма қызметкері де күн коллекторларының 

пайдасы барын айтып өтті. Ол қазіргі қолданыстағы 

су  жылытқыштар  сияқты  суды  жылдам  ысытып 

бермесе  де,  күн  көзімен  тегін  жұмыс  істейді.  Ал, 

оның  арнайы  ыдысында  шамамен +50-60 ºС  

температурадағы  су  жиналып  тұрады.  Ал,  ыстық 

суды қолданған кезде автоматты түрде суық су өзі 

құйылып отырады екен. 

Мұндай  коллекторлар  бюджет  қаржысына 

қарап  отырған  мектеп,  бала  бақша,  аурухана, 

балалар  үйі  жəне  тағы  да  сол  сияқты  əлеуметтік 

нысандар үшін өте тиімді екенін тəжірибе көрсетіп 

отыр.  Себебі,  ондай  нысандарда  санитарлық 

тазалық талаптары қатаң сақталуы тиіс. Ол үшін, 

жылы судың ауадай қажеттілігі жəне бар. Ендеше, 

күн  коллекторлары  шатырларымыздан  орын 

алатын күн алыс емес сияқты.   

Акция

«EGOV» ЕЛ ИГІЛІГІ ҮШІН



«EGOV» ЕЛ ИГІЛІГІ ҮШІН



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет