бəлкім.
аясында қамқорлық көрген Арай Мұхитованың анасы.
.
жағдай жасау. Күні кеше облыстық
мектеп формалары табыс етілді. «Нұр
ұжымына алғысын білдірді.
9
28 тамыз,
№35(463)
ТАРИХ ТЕГЕРШІГІ
ТАРИХ ТЕГЕРШІГІ
«ТҮРКІСТАН СОЛАЙ ТУҒАН»
(МҰХТАР ӘУЕЗОВТІҢ ОЧЕРКІНІҢ ІЗІМЕН)
МҰРАҒАТ ҚҰЖАТТАРЫМЕН ӨРІЛГЕН
ШЫНДЫҚ
Елімізде тың игеру науқаны Ұлы Отан соғысы
аяқталғаннан кейін-ақ бастау алғанымен, 1953
жылдан нақты жүзеге асырыла бастады. КОКП
Орталық Комитетінің осы жылғы июнь пленумынан
кейін КСРО Министрлер Кеңесі өзінің №1570
қаулысына сəйкес елімізде тың игерудің жаңа
шараларын қолға ала бастады [ЖОММ, 399-қор,
1-тізімдеме, 713-іс].
1954 жылдың 19 шілдесінде Қазақстан
Компартиясы Орталық Комитеті мен Казақ КСР
Министрлер Кеңесі «Республикада 1956 жылдың
егініне арнап, тың жəне тыңайған жерлерді іріктеу
туралы» шешім қабылдады.
1954 жылғы 19 қазанда Қазақ КСР
Министрлер Кеңесі «Жамбыл облысында жаңа
астық совхоздарын ұйымдастыру жайлы» шешім
қабылдады [ЖОММ, 399-қор,1-тізімдеме, 713-
іс]. Осы қаулыға сəйкес Жамбыл облысында
жер көлемі 249 мың гектар, оның ішінде, астық
егуге жарамды 126 мың гектар алқапта жаңадан
ұйымдастырылатын 8 совхозды орналастыру
белгіленді. Олар Талас ауданында «Қаратау»,
Сарысу ауданында «Түркістан», Қордай ауданында
«Қордай», Луговой ауданында «Подгорный»,
«Қорағаты», Красногор ауданында «Красногор»,
Шу ауданында «Шоқпар» жəне «Далақайнар»
елді мекендері еді.
«Бүкілодақтық тың игеру» екпінді құрылысы
жарияланып, Жамбыл облысы шаруашылықтарына
Ресейден, Украинадан, Армениядан, Кавказдан,
Өзбекстаннан т.б. жан-жақтан тың игерушілер келе
бастады.
КСРО Министрлер Кеңесінің 1954 жылғы 14
қазанда «Запасқа шығатын əскери қызметкерлерді
ауылшаруашылықтарында пайдалану жайлы»
арнайы қаулысы шығып, Түркістан əскери
округі Сарысу ауданының жаңа құрылып жатқан
«Түркістан» совхозын шефтік қамқорлығына алып,
бір жазда жаңа көшенің бойында 2 пəтерлік 6 үй, 4
пəтерлік 12 ағаш үй тұрғызды.
Жаңа совхоз
осы əскери округтың атымен «Түркістан» совхозы
аталды.
ҰЛЫ ЖАЗУШЫНЫҢ «ТҮРКІСТАН» СОВХОЗЫНА
САПАРЫ
Бүкіл елімізде жүріп жатқан ұланғайыр ұлы
дүрмекті оқиға – тың игеру науқаны туралы, Ұлы
Отан соғысынан кейінгі бейбіт дəуірдегі қарапайым
шаруа мен жұмысшының, жалпы кеңесі адамының
жасампаздық образын сомдап, көркем шығарма
тудыру – ұлы жазушының көптен ойға алған арман-
мақсаттарының бірі еді. Осындай алдына ұлы
мақсаттарды міндет тұтып, ғұлама жазушы атының
басын Қазақстанның оңтүстігіне қарай «Түркістан»
атына ие болған тың игеруші совхозға бұрған.
Жамбыл облысының мемлекеттік мұрағатында
сақтауда тұрған, облыстық «Сталиндік жол», Сарысу
аудандық «Социалистік шаруа» газеттерінің 1955
жылғы тігінділерін ақтарып, сол жылдары Сарысу
ауданын басқарып, Мұхаңның қасында бірге болған
ардагер ақсақал Аман Алпысбаев ағамызбен
жолықтық.
Сосын, «Түркістан»
совхозының
алғашқы тыңгерлерінің бірі Ермекбай Ақылбеков
ақсақалды іздеп барып, жазған естелігінен,
сонымен бірге «Қазақ əдебиеті» газетінің 2014
жылғы 7-санында жарияланған дəрігер-қаламгер,
профессор Сағындық Ордабековтің «Түркістан
солай туған» əңгімесін оқып, ұлы жазушы Мұхтар
Əуезовтің Сарысу ауданына 1955 жылдың шілде
айында келгенін білдік. Ол кісінің қасында облысты
аралатуға Жамбыл облыстық кеңесі атқару комитеті
төрағасының орынбасары Ғарипжан Досымбеков,
облыстық газеттің редакторы Ғайса Сармұрзин
жүрді. Құрметті қонақты Сарысу ауданының
басшылары аудандық партия комитетінің бірінші
хатшысы Шаймардан Қалдыбаев, аудандық кеңес
атқару комитетінің төрағасы Аман Алпысбаев,
аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы
Иген Нұрмаханов, аудан прокуроры Оспан
Сауранбаев мөлдір сулы көгілдір көл Көлменің
тұсында қарсы алып, біраз күн елді аралатқан.
«Түркістанның» егін алқабында Мұхаң ел-жұртпен
əңгімелесіп, елдің жай-күйімен танысқан. Сол
сапарында өзімен бірге 5-6 жасар жиен-немересі
Ернар Қонаевты ерте келіп, оған ауыл тіршілігін
көрсетіп, Көлмеге шомылдырып, ауылдың қымызын
ішкізіп, балқаймағын жалатқан.
Осы сапарында жүріп, облыстық газеттің
редакциясына
келіп,
очеркті
диктовкамен
жаздырып, оны сол жылы «Əдебиет жəне
искусство» журналының он екінші номерінде
жариялады.
КЕЙІПКЕРЛЕР ӨМІРДЕ БОЛҒАН
Сонымен Мұхаңның ізімен сол «Түркістанға»
қайта оаралайық. Сөз етіп отырған очерктің ішінде
аталған тұлғалардың көбінің аты-жөндері өзгертіліп
алынған. Мəселен, совхоз директоры Григорий
Алексеевич Струков – Алексей Иванович Строгов
болып, аудандық партия комитетінің хатшысы
Шаймардан Қалдыбаев Мардан Сандыбаев болып,
механизаторлар Новиков, Ткаченко ағайынды
Флиглер, комсомолдар, танкист Целигородцев,
Кокарев, Попов, Поправко Анатолий өмірдегі өз
аты-жөндерімен аталған.
Сол сияқты Струковтар жолда қар астынан
тауып алып, тірілтіп алатын «Садаға» аталған
апаның өмірдегі шын аты да Сақыш – Сақыпжамал.
Вася – Василий Захарович Матайбаев та, Əбіш
шофер – Əбіш Тайкешов – Сарысу ауданындағы
алғашқы шоферлардың ұстазы, өнертапқыш-
механик болған. Сол сияқты аудандық кеңес
атқару комитетінің төрағасы болған, шығарма
кейіпкері – Алпысбаевтың өмірдегі шын аты-жөні
Аман Алпысбаев. Бұл кісі ұзақ жылдар ірі қызметтер
атқарып, қазіргі кезде жасы тоқсаннан асқан абыз
ақсақал, Тараз қаласында тұрады.
Енді біз осы очеркте өрілген оқиғаларды
шынайы өмірдегі көріністен іздеп көрейік.
«Шығарманың бас кейіпкері Строгов былай
дейді: «Рас, биыл отыз жылдан бері болмаған ауыр
қыс болды», деді маған облыс қызметкерлері».
Тағы сол очерктен үзінді: «Трактор жиыны
екі жүз метрдей жерде көрінген жаңағы жалғыз
селдір бұтаға соншалық жай жылжып, қиналып,
шықырлап, байбайын сала, бар лағнет-қарғысын
айта зорға жетті. Тікен түбіне директор ұмтыла
жүгіріп бұрын жетіп еді. Қалың қардың ойылған
құдықша түбінде бүк түсіп жатқан кішкене дене
көрінді. Адам.... Қазақ киімді. Басында шүберек,
үстінде шапан. Əйел!..». Бұл үзінді жоғарыда
айтылған Сақыш апаны Струковтың өлімнен
құтқарып қалатын жері.
Шындығында, 1954-1955 жылдың қысында Жон
өлкесінде ерекше қыс болды. Біздің үйіміз сол
кездерде Талдыбұлақ ауылдық кеңесінің орталығы
Көлме деген жерде болатын, бұл ауылдың қазір
орны да жоқ, тың игеру жылдарының құрбаны
болды. Шолақтаудан Көксуға қатынайтын үлкен
тас жол дəл біздің үйдің жанынан өтетін. Тың
игерушілердің вагонын сүйреген трактор дəл осы
жолмен өтті ғой. Менің əкем Досымбек Сембеков
сол жылдары осы ауылдық кеңесінің төрағасы
еді. Біздің үйіміз осы үлкен жолдың бойында
болғандықтан, совхоздың директоры Струков,
рабкооп бастығы Аббас Жантөреев, совхоздың
қойма меңгерушісі болған Əлайдар Түсіпбеков
т.б. кісілер Шолақтауға қарай өтіп бара жатып та,
қайтар жолдарында да біздің үйге соғып, түстеніп,
қымыз ішіп өтетін.
Шығармадан үзінді: «Строгов: «Жданов»,
Үшбас, Ақтоғай колхоздарын да жеткізуді арман
етемін». [М.Ə. 65-бет]. Струков елге берген
уəдесінде тұрды, сол 1955-56 жылдары аталған
колхоздар «Түркістан» совхозының зор көмегімен
Ақтоғай, Құрттыбұлақ ауылдарына қоныстанып,
үлкен ауылдар болып шыға келді. Осы ауылдардан
өсіп шыққан жастар «Түркістан» совхозына
жұмысқа орналасты.
Шынын айту керек, тың игеру саясатының
халыққа
тигізген
зор
пайдасы,
жаңашыл
жақсылығы, малмен айналысқан қазақ халқының
атакəсібімен қатар жаңа диханшылық кəсіпке
көшуіне тура келді. Диханшылықтың қыр-сырын
жақсы білмейтін малшы қазаққа бұл тірлік онша
қолайлы бола қоймады.
Жазушы
шығармасында
көрсетілгендей»
Райком секретары Сандыбаев: «..Өздерің қысыла,
қымтырыла отыруға шыдадыңдар. Ақ қар, көк мұзда
қысылып келген, тоңып келген, толып жатқан жаңа
жұртқа өз мекен-жайларыңды бердің.Сендерге
мың да бір рахмет!» – дейді. (М.Ə.45-бет)
Осы үзіндіде көрсетілгендей, жергілікті қазақтар
қыс ішінде өздерінің жылы үйлерін, мал қораларына
дейін босатып беріп, тыңгерлерді орналастырып,
өздері киіз үйлері мен қостарын тігіп, көшіп
шығады. Олар мыналар еді: Жданов колхозының
Андреев елді мекеніндегі колхозшылары Айтбек,
Ақмағанбет, Ескел, Салғара, Таңқай, Рахымжан,
Бегұлы, Күлайша, Жамал, Аманжол, Мұхан,
Байболат, Мүрсəлім, Исатай, Сары, Бақберген
сияқты кісілер (ЖОММ, 671-қор,1-тізбе,16-бума, 17
-іс).
Біздің ауылдар енді бұрынғыдай Жонға,
жайлауға еркін шыға алмай қалды, мал жайылымы
тарылды. Жон төсінің барлық шұрайлы жерлері
астық егілетін алқапқа айналып, жерлер жыртылып
тасталды. Қыстан қысылып шыққан ел, жаз шыға
Жонға шығып, той-томалақтарын сонда өткізіп,
ат шаптырып, көкпар беріп, бір жасап қалушы
еді. Мұның бəрі бірте-бірте азайып, бəйге шауып,
көкпар тартатын жер де қалмады.
Алайда, майталман жазушы шығармасында
бұл жайды тігісін жатыстырып шебер өрнектеген.
« ...Шіркін, мынау өнерлі қолмен жерге еңбек
еткенде осылай етсін! Біз айырсақ жердің шымы
мен топырағы қойтас-қойтас боп тамырланып
қала беретін. Мыналар топырақты күлдей етіп,
ұнтақтай майдалайды екен ғой... Ұлтарақтай да ала
қалдырмайтынын қайтерсің!» (М.Ə. 45-бет).
Оның үстіне сол кездегі ауылдарда тұратын
əр отбасына ет салығы салынатын. Мал басын бір
үйге 1 қара, 10 қойдан ғана ұстауға болатын шектік
норманы белгілеген КОКП Орталық Комитеті мен
КСРО Министрлер Кеңесінің 1955 жылғы қаңтар
айындағы қаулысын басшылыққа алып, Қазақстан
Компартиясының Орталық Комитеті 1955 жылғы 3
мамырда «Мал шаруашылығы өнімдерін дайындау
мен сатып алудың қанағаттанғысыз жүргізілуі
жайлы» қаулы қабылдады (7-қор, 1-тізімдеме,
40- бума, 932-іс). Осы қаулыны орындау жолында
Қазақстанда екінші қайтара «Кіші Қазан төңкерісі»
жасалды деуге болады. Бұрын елдің малын
колхозға-ортаққа алдық деп сыпырса, енді əрбір
отбасына қойылатын шектік нормадан артық
малының ерікті-еріксіз ет жоспарына алынуы,
онымен қатар, əр үйге сүт, май, жүн, тері, жұмыртқа
сияқты өнімдер тапсыру міндеттері белгіленді. Ел
арасында сол кезде тараған «Маленков берген
байталды Хрущев келіп қайта алды» деген қанатты
сөз Хрущев өкіметінің əпербақандық саясатына
берілген үлкен саяси баға еді.
Н.С.Хрущев басқарып тұрған тұста бүкіл
елдерде жүгері егу науқаны қоса жүргізілді, бұл
шара да сол кездегі үкіметтің жоғарыда аталған
қаулылары бойынша жүргізілді.
1955 жылдың 3 мамырында Қазақстан
Компартиясының Орталық Комитеті «Оңтүстік
Қазақстан, Жамбыл жəне Алматы облыстарында
жүгері егудің қанағаттанғысыз жағдайда жүргізілуі
туралы» мəселе қарап, Жамбыл облыстық партия
комитетінің бірінші хатшысы Шолақ Артығалиевке
жəне Оңтүстік Қазақстан облыстық атқару
комитетінің төрағасы Керімбаевқа сөгіс берген (7-
Қор, 1-тізімдеме, 40-бума, 932-іс)
Осы қаулының төртінші бабында Жамбыл
облысының «Билікөл» совхозының директоры
Пашковты «КОКП Орталық Комитетінің пленумы
шешімдерін мойындамай, жүгері егу жұмысына
шаршы-ұялы əдісті қолданбай, өз дегеніне
салғаны үшін» қызметінен босатып, партиялық
жауапкершілігін қарауды Жамбыл облыстық
партия комитетіне тапсырды .
Тың игеру жұмысына Бүкілодақтық социалистік
жарыс жарияланып, қайткен күнде де жоспарды
артық орындап, мемлекетке астық тапсырудың
рекордын жасауға жаппай ұмтылыс жүріп жатты.
«Түркістан» совхозы еңбеккерлері алғашқы
жылдың егін орағының өзінде 1200 тонна астық
жинап, 33 адам еңбек озаты болып шыққан, олардың
қатарында комсомол мүшелері Целигородцев,
Безродный, Геворкян, Ашот Погосян, Грачик,
Поправко Анатолий, Кокарев Иван т.б. болған.
Бұлар өз жоспарларын 140-150 пайызға орындаған
(671-қор, 1- тізімдеме, 17- бума,195- іс).
Осы
механизаторлардың
бəрі
де
ұлы
жазушының очеркіне енген, олардың аттары сол
1955 жылдың өзінде-ақ бүкіл одақ көлеміне əйгілі
болды. Оның себебі, бұл очерк сол уақыттағы да,
одан кейінгі кездердегі де көркем əдебиеттегі жаңа
заман тақырыбы – тың жайлы жазылған өте озық
шығарма болғандықтан, орыс жəне басқа тілдерге
аударылып, одақ көлеміне, тіпті шет елдерге дейін
кең тарап жатты. Ұлы жазушының 1960 жылдың
ақпан, наурыз айларында Америкаға барып, сол
жылы жазған «Америка əсерлері» атты очеркінде
өз шығармаларының Америкаға дейін кең
таралғанын өз көзімен көргендігін жазған екен.
«Түркістан» совхозы құрыла басталысымен
бірінші еңбек адамының жағдайына баса көңіл
бөлінді. Сол себепті де тұрғын үйлермен қатар
наубайхана, асхана, монша, аурухана, мектеп,
клуб, кітапхана сияқты мəдени орындарға
үлкен мəн берілді. Халыққа пайдаланатын ауыз
суды тереңнен тартып, су құбырлары əр үйге
жеткізіліп берілді. Үшбас, Қаратас, Арыстанды
елді мекендерінде де бұрынғы балшықтан
тұрғызылған қазақы «қоржын там» аталатын
үйлердің орындарына заманауи ақшаңқан үйлер
бой көтерді.
Бір сөзбен айтқанда, еліміз үшін шаруашылық
жүргізудің
жаңа
формасы – совхоздар
ауылшаруашылығын өркендетудің үлкен бір
белесіне айналды. Бұрын малдың айналасындағы
тірлікпен күн кешіп келген еліміз енді əлемдік
өркениеттің бірі – ауылшаруашылығын жаңаша
ұйымдастыруда үлкен жетістіктерге жетті.
Енді осы жүргізілген үлкен тірліктің саяси
жағына да көңіл аударсақ, тың игерудің басынан
бастап
оның
барлық
уақытында
Кеңестік
интернационализм мен патриотизм ұранының
астарында жымысқы саясат жатқан еді. Тың игеру
ісі бүкіл Одақ көлемінде жүргізілгенімен, игерілуге
тиісті барлық жердің 50 пайызы тек Қазақстан жері
еді.
Ал, Қазақстанға жан-жақтан совхоздарды
ұйымдастыруға, оған басшылық жасауға келген
адамдардың ішінде барлық жерге бірдей адал
ниетті, жергілікті қазақ халқын сыйлайтын,
олармен достасып, еңбек етуді арман ететін
азаматтар келді деп анық айта алмаймыз.
Мұндай кейіпкерлер Мұхаңның очеркінде де
аталады. Олар: арызқой Ашрафян, Ағабеков,
Мотов, Дивов, Пыжов сияқты сұмдар ел ішіне іріткі
салады.
Осыған мысал, Жамбыл облыстық
мұрағатында
КОКП
мүшесі
Александр
Григорьевич Кравченконың жеке ісі туралы іс
құжаты сақталған. Мұнда ол өзі «Түркістан»
совхозының бас бухгалтері əрі партком мүшесі
бола жүріп, коммунистке жат қылықтар көрсетіп,
совхоз жұмысын кері кетіруге тырысып, құрылыс
жұмыстарының қаражатын уақытылы төлемей,
жиналған 1200 тонна астықты қар астында
қалдырып, жұмысшылардың айлығын уақытылы
төлемей, олардың совхозды тастап қашып кетуіне
себепші болғаны үшін жұмысынан босатылып,
партиялық қатаң жаза алған (7-қор, 1-тізімдеме,
40-бума, 948-іс).
«Түркістан» совхозында сырттан келген
механизаторлардың
басым
бөлігі
адал
еңбектерімен жақсы жұмыс істеп, кейбіреулері
«Түркістанда» тұрып қалды. Десек те олардың
еңбегі бір бөлек те, сол жерді өмір бойы көздің
қарашығындай сақтап, күтіп баптап, егінін егіп,
шөбін шауып, еселі еңбек етіп келе жатқан тұрғын
халықтың қажырлы еңбегін ерекше атап айтуымыз
керек.
Достарыңызбен бөлісу: