Экономиканы қалыптастыру болды


–  Біздің  халқымыздың  руханиятында  діннің  орны



Pdf көрінісі
бет6/12
Дата04.02.2017
өлшемі16,28 Mb.
#3404
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

–  Біздің  халқымыздың  руханиятында  діннің  орны 

қандай маңызды болса, тіл де сондай маңызға ие. Сіздің 

қазақ  тілінің  қолданыс  аясын  кеңейтуге  байланысты 

ойларыңызды біле отырсақ.

– Мемлекеттік тілдің қолданылуы, оның өркендеуі үшін 

барлық  жағдай  жасалды.  Конституцияға  «Мемлекеттік 

тіл – қазақ  тілі»  деп  тайға  таңба  басқандай  етіп  жазылды. 

Солай  ғой?  Ешкімге  қазақ  тілінде  сөйлеме  деп,  кедергі 

жасап  отырған  бір  адам  жоқ.  Өзіміз  қазақша  сөйлеуіміз 

керек. Қандай мінбеден қазақша сөйлесең де, ешкім «тəйт, 

былай тұр» деп айтпайды. Қанша адам отырса да, соларға 

арналған аудармасын беріп, қазақ тілінде сөйлеуге болады. 

Біз тілімізді құрметтей білуіміз керек. Ешкімге анау сөйтпеді 

деп уəж айтудың жөні жоқ.

Мен  бəрін  білемін,  біздің  жазушыларымыз,  мəдениет 

өкілдері  «Біздің  тіліміз  жетімдік  көріп  келеді,  тəуелсіздіктің 

жиырма  жылы  ішінде  байғұс  тіліміз  жетімдіктен  шықпай 

жүр» деп айта береді. «Бақытсызбын» деген адам бақытсыз 

болады. «Бақыттымын» деп жүрсе, бақытты болады. «Тіліміз 

бар» деп жүрсе, тіліміз бар болады, «тіліміз жоқ» деп жүрсе, 

тіліміз  жоқ  болады.  Қай-қайдағыны,  ақырзаманды  басқа 

орнатпай,  Тіл  туралы  заңды  қолданып,  өзімізбен  өзіміз 

қазақша сөйлесуіміз керек. Тілді қолданып, батыл сөйлеуіміз 

керек.  Тілдің  майын  тамызып  сөйлеп,  басқа  жұртқа  үлгі 

көрсетуіміз  керек.  Əйтпесе,  жыл  сайын 100 мыңнан  астам 

бала мектеп бітіреді, соның 80 пайызға жуығы қазақ тілінде 

оқыған.  Қазір  орыстыкі  болсын,  басқаныкі  болсын,  барлық 

мектептерде  қазақ  тілін  оқыту  міндетті  болып  саналады. 

Қай  мектепке  барсаңыз  да, 6-7 сыныптағы  қай  баланы 

кездестірсеңіз де, ол қазақша, орысша, ағылшынша сөйлеп 

тұрады. Міне, біздің тілге деген қамқорлығымыз осы. Мүмкін, 

жұрт  «біздің  Президентіміз  неге  қазақша  сайрамайды, 

ылғи да біраз сөйлеп келіп, орысшаға ауысып кетеді» деп 

ойлайтын шығар. Мен мұның бəрін білемін.

Біз  тəуелсіздік  жариялағанда  Қазақстандағы  қазақтың 

саны 40 пайыз  болатын. 40 пайыз!  Басқалар  «Сендер 

азсыңдар мына мемлекетте, қайдағы тəуелсіздік сендерге?» 

деп айтпайтын ба еді? Дегенмен елге соның бəрін түсіндіріп, 

күресе  жүріп,  біз  тəуелсіздік  жарияладық.  Қазір,  міне, 

қазақтың саны 65 пайызға жетті. Қазақстан халқының саны 

сол кездегіден азайып, біразы көшіп кетті ғой. Ресейге көшті, 

еврейлер көшті, немістер көшті, анау көшті, мынау көшті… 

Осы  тұста  халық 13-14 миллионға  жуық  болған  еді.  Қазір 

4 миллиондай халық қосылып, 17 миллионнан астық. Тіпті 

Кеңес  Одағы  кезіндегіден  де  көбейіп  барамыз.  Құдайға 

шүкір, жыл сайын халқымыздың саны артуда. Оның ішінде 

қазақтың саны көбеюде.

Ал  жарайды,  бəрін  тыйып,  қазақ  тілінен  басқа 

тілді  заңмен  жауып  тастап,  ауыздарыңды  ашпаңдар, 

сөйлемеңдер  десек,  онда  Украина  сияқты  боламыз.  Қазір 

қазақтың  бəрі  мұны  түсінген  шығар.  Солай  етіп,  жұрттың 

басынан соғып отырып, қазақ тіліне əкеліп, қантөгіс қылып, 

тəуелсіздіктен  айырылу  керек  пе,  əлде  ептеп-ептеп  амал 

қолданып,  мəселемізді  шешу  керек  пе?  Əңгіме  сонда.  Ал 

таңдайық, қайсысын аламыз?

Сондықтан  мен  бұл  жерде  де  сабырлылық  керек  деп 

ойлаймын. Болашақ біздің қолымызда. Болашақ бізге бетін 

бұрып  тұр.  Қазақтың  саны  көбейіп,  тілдің  ауқымы  кеңейіп 

келеді.  Көп  облыстарда  барлық  іс  қағаздары  қазақ  тілінде 

жүргізіледі.  Оған  ешкім  кедергі  жасамайды.  Қазағы  көп 

аудандар  қазақша  жүргізеді.  Оның  ішінде  қазір  қазақша 

сөйлейтін  басқа  ұлттың  азаматтары  қаншама?  Көріп 

отырсыздар,  барлық  жерде  бар.  Оларды  теледидардан 

көріп  жүрсіздер.  Журналистер  арасында  да,  қарапайым 

адамдар арасында да бар. Қазір өз тағдырын Қазақстанмен 

байланыстыратын  адамның  бəрі  баласына  қазақ  тілін 

үйретіп  жатыр.  Ал  енді  тарихын,  болашағын  қазақпен 

бірге  деп  санамайтындар  бəрібір  кетеді.  Оған  біз  тыйым 

сала  алмаймыз,  салып  та  отырған  жоқпыз.  Сондықтан 

өз  халқымыздың  сана-сезімін  үйретіп,  өз  тілімізді  өзіміз 

бағалауымыз керек. Мен қазақтың тілін ғана білемін, басқасы 

құрысын деп жүргендердің кім екенін алып қарайықшы. Ол – 

не орыс тілін жөнді білмейтін адам, не ағылшын тілін мүлде 

білмейтін адам. Оқуға мойынсұнбайды, сөйлегісі келмейді. 

Солар: «Қазақтың тілі ғана жақсы, қазақтың тілінен басқа сөз 

жоқ» дейді. Сонда біз мына өркениетпен қалай жалғасамыз, 

айтыңдаршы? Орыс тілін алайық. Ол да белгілі. Бізге орыс 

елінің  тізесін  батырып  жіберген  кезі  болды.  Сол  орыстың 

тілін  үйренеміз  деп  қазақ  тілінің  қолданысы  азайды  деген 

мəселеге  тіреледі  ғой.  Кейбір  ұғымдарды  орыс  тілінен 

енген  деген  желеумен  біржақты  аударуда.  Дүние  жүзіне 

ортақ  сөздердің  қазақша  баламасын  тауып  жатыр.  Мен 

талай жазушылармен, композиторлармен сөйлесіп жүрмін. 

«Пианино», «пиано»  деген  халықаралық  термин.  Оны 

біз  «күйсандық»  дедік.  Ешқандай  жанаспайды.  Сандық 

пен  күйдің  арасына  пианиноны  қосуға  бола  ма?  Мысалы, 

композиторды дүние жүзінде композитор дейді. Біз «сазгер» 

деп  жүрміз. «Саз»  деген  басқа  мағынаны  береді.  Мұның 

бəрі  неден  шығып  жатыр?  Өйткені  орыстың  тілінен  арылу 

керек деп ойлаймыз. Біресе түріктен, біресе арабтан, біресе 

парсыдан аламыз. Сөйтіп, бұзып жүрміз.

Тілді  байыту  керек!  Оған  халықаралық  ұғымдарды 

енгізсек,  тіліміз  дамиды.  Онда  тұрған  ештеңе  жоқ.  Бұдан 

қорқып,  шошудың  қажеті  жоқ.  Тіліміз  өркендеп,  өсіп  келе 

жатыр дей аламын. Қазір ешқандай қауіп жоқ. Қазақстанда 

мемлекеттік  тілдің  болашағы  зор.  Дүниеде 6 мың  тіл  бар. 

Жыл  сайын  оның 10 пайызы  жойылып  отырады.  Қажет 

еместері…  Оны  қолданатын  адамдар  аз,  ауқымы  тар. 

Солай  болып  жатыр.  Ал  мына  ағылшын  тілін  дүние  жүзі 

халқының 70 пайызы қолданады. Неге оны қолданады? Ол 

– ғылым мен білімнің, ақпарат құралдарының, интернеттің, 

медицина  мен  мəдениеттің  тілі.  Ағылшын  тілін  білмей-

ақ  өмір  сүреміз  деуге  болады.  Əрине,  болады!  Бірақ  онда 

ағылшын  тілі  арқылы  тарап  жатқан  ілімді  білмейсің.  Оны 

білмесең,  өркендеп  өсуіңе  жол  ашпайсың,  болашағыңа 

балта  шабасың.  Сондықтан  біз  мемлекетімізді  алға 

сүйреп,  экономикасын  көтеріп,  өркендеп-өсіп,  озық  отыз 

елдің  қатарына  қосыламыз  деп  отырғанда,  халқымыз, 

жастарымыз  ағылшын  тілін  білмесе,  қалай  болады? 

Мысалы, 1 жарым миллиард халқы бар қытай елі қытай тілін 

құрметтеп отыр ғой. Бірақ барлық элитасы, бизнесі ағылшын 

тілінде де сөйлейді. Жапондардың бизнес элитасы, ғылым-

білімі  ағылшын  тілінде.  Бір  миллиард  халқы  бар  Үндістан 

тəуелсіздігін  алған  кезде  ағылшын  тілін  доғарып  тастады 

да, 5-6 жылдан  кейін  қайта  оралды.  Сингапурда  да, 

Малайзияда  да  солай  болды.  Мына  бізді  отарлаған  елдің 

тілі  құрысын  деп  қолданыстан  алып  тастап,  керек  болған 

соң  қайтып  келді.  Сондықтан  үш  тілді – мемлекеттік  тіл, 

орыс тілі жəне ағылшын тілін игергеніміз өте дұрыс. Соның 

ішінде  біздің  мемлекеттік  тіл  қатар  келе  жатыр.  Біз  соны 

неге ойламаймыз? Біз осылай үштұғырлы тілді қолдансақ, 

түбінде біздің жолымыз ашық болады. Осыны түсіну керек. 

Бұл  жерде  асығыстық  жасамау  керек.  Сабырлы  болған 

жөн.  Біздің  көпұлтты  болып  отырғанымызға  ешкім  кінəлі 

емес. Тағдыр солай болды. Өзге халықтардың да ешқандай 

жазығы  жоқ.  Орыстардың,  украиндардың,  белорустардың, 

ұйғыр,  шешен  секілді  халықтардың  не  кінəсі  бар? 

Осылай  болды,  тарих  бізді  көпұлтты  етті.  Бəрінің  басын 

қосып,  Қазақстанның  бірлігін  сақтап,  төзімділік  танытып, 

экономикамызды  өркендетіп,  өсе  беретін  болсақ,  келешек 

қазақтың қолында болады.



– Құрметті Президент мырза, Сіздің бастамаңызбен 

құрылған  Еуразиялық  экономикалық  одақ  келесі 

жылдың  басынан  толыққанды  жұмысына  кіріседі. 

Бірақ  əлі  де  болса,  оған  үрке  қарайтындардың  бар 

екенін байқап жүрміз. Осы ретте не айтасыз?

–  Мен  мұны  үнемі  айтып  келе  жатырмын.  Түсінгісі 

келмейтін  адам  бəрібір  ұқпайды.  Картаға  қарайық, 

Қазақстан  құрлықтың  дəл  ортасында  орналасқан.  Теңізге 

шығатын  жолымыз  жоқ.  Қазақстанда  екі  қабатты  бір  үй 

салу  бағасы  Малайзияда  сондай 10 үй  салу  құнымен 

бірдей.  Неге?  Біздің  елдегі  суық 40 градусқа  дейін  жетеді. 

Ыстығымыз  да  солай.  Ал  Малайзияда  да,  Сингапурда  да 

ауа райы біркелкі. Бізде зауыт, фабрика салу Малайзиядан 

5-6 есе қымбат. Ал енді олар теңіздің, мұхиттың жағасында 

отырған соң тауарын кемеге тиейді де, арзан жолмен жібере 

салады.  Біз  мына  Қарағандыдан,  Жезқазғаннан  мысты 

пойызға тиеп, анау Қара теңіздің жағасына жеткізгенше əр 

шақырымына  ақша  төлейміз.  Қытайға,  Ресейге  жеткенше 

ақы  береміз.  Анау  Еуропаға  барғанша  қыруар  ақша 

жұмсаймыз.  Сонда  біздің  «теңізіміз»  не  болды?  Біздің 

«теңізіміз» – Ресей территориясы. Біздің «теңізіміз» – Қытай 

территориясы.  Осы  екі  мемлекетті  теңіз  деп  санасақ,  біз 

солардың  жағасында  тұрмыз.  Енді  біз  осылармен  сауда-

саттық  жасамасақ,  онда  экономикамыз  қалай  өседі? 17 

миллион  ғана  халқымыз  бар. 250 миллиардқа  жақын 

өндіріс  өніміміз  бар. 17 миллион  халықты  қамтамасыз 

етіп  болғаннан  кейін  ары  қарай  қалай  өсеміз?  Егер  біздің 

шығарған тауарларымызды біреу сатып алмаса, ол қоймада 

тұрып  қалады.  Ол  сатылмағаннан  кейін  зауыт  тоқтайды. 

Зауытта  істейтін  жұмысшының  бəрі  жұмыстан  босайды. 

Жалақысынан  айырылады.  Бала-шағасын  асырай  алмай, 

босып кетеді. Сондықтан жақын көршілермен экономикалық 

қарым-қатынас  жасау  маңдайымызға  жазылған  нəрсе. 

Мұны  ешкім  шекесі  қызғаннан  жасамайды.  Мүмкіндігіміз 

осындай,  басқа  амалымыз  жоқ.  Сондықтан,  экономикалық 

одақ құрдық. Саяси емес, экономикалық одақ. Бұл – дұрыс. 

Мен  бұған  зерттеп-біліп,  шын  көңілмен  барып  отырмын. 

Бізде  басқа  жол  жоқ.  Ресеймен,  Қытаймен  сауда-саттық 

жасамасақ  болмайды.  Беларусьпен,  Украинамен  қатынас 

жасағанымыз  жөн.  Мына  оңтүстіктегі  ағайындармен  де 

сауда-саттығымыз болғаны дұрыс. Бірақ олардың кейбірінің 

бізбен  сауда-саттық  жасауға  еш  жағдайы  жоқ  екенін  де 

біліп отырсыздар. Тауарды сатып алуға шамасы келмейді. 

Кейбірі  жабық  экономиканы  қолданып  отыр.  Олармен 

де  сауда-саттық  жасай  алмаймыз.  Сондықтан  біз  осыған 

баруымыз  керек.  Біреулер  «Ресей  бізді  қайтадан  басып 

алатын  болды»  деп  қорқақтайды.  Олай  емес.  Қазақстан, 

Ресей  жəне  Беларусь  елдері  жиналып,  үш  Президент 

мəселе қараған кезде, біреуі қарсы болса, ешқандай шешім 

қабылданбайды. Консенсус деген сол. Егер екеуінің шешімі 

жақпайтын  болса,  мен  қарсы  болам,  мəселе  шешілмейді. 

Сондықтан  бəрінің  құқығы  бірдей.  Əдейі  сөйттік.  Оның 

бер  жағында  экономикалық  комиссия  бар.  Комиссияның 

ішінде  əр  елден  үш-үштен – тоғыз  адамнан  тұратын 

алқа  құрылған.  Ол  жерде  де  консенсус  бар.  Оның  үстіне 

Премьер-Министрлердің  үш  орынбасары  жұмыс  істейді. 

Оларда  да  солай  шешеді.  Үкімет  басшылары  кездескенде 

де сөйтеді. Ал айтыңдаршы, қай жерде бізді кемсіте алады? 

Егер де бұл жағдаймен келіспейтін болса, Қазақстанның ол 

экономикалық одақтан шығып кетуге құқы бар. Мен бір рет 

айттым, тағы қайталап айтам, тəуелсіздікке нұқсан келтіретін 

болса,  ондай  ұйымдарда  Қазақстан  ешуақытта  болмайды. 

Біздің  ең  жоғары  бағалайтын  байлығымыз – Тəуелсіздік. 

Ата-бабамыздың  қанымен,  терімен  келген  тəуелсіздікті  біз 

ешкімге  бере  алмаймыз.  Оны  қасық  қанымыз  қалғанша 

қорғауымыз  керек.  Сондықтан  бұл  жөнінен  ешқандай  күдік 

болмасын.  Үйде  отырып  алып,  дастарқан  үстінде  «ойбай, 

сөйтіп  кетті,  бүйтіп  кетті,  анау  сөйтті»  дейтін  түк  білмейтін 

дилетант  адамдардың  сөздеріне  құлақ  қоюдың  жөні  жоқ. 

Қандай  аргумент  бар,  мысалға  келтіріңдерші  маған?  Қай 

жерде не болып жатыр екен? Қазақ болсын, орыс болсын, 

барлық іскер адамдармен сөйлессең, бəрі мұның пайдалы 

екенін айтады.

Кеден одағына кірдік. Ресей шекарасында біздің пойыз 

келе  жатыр  делік.  Бұрын  бір  тоннаға  жүз  теңге  төлейтін 

болсақ,  Ресей  шекарасына  кіргеннен  кейін  үш  жүз  теңге 

төлейтінбіз.  Қазір  ондай  жоқ.  Мен  жай  ғана  мысалмен 

айтып  отырмын.  Шындығында  мыңдаған,  миллиондаған 

теңге  төлейтін  едік.  Сонда  біздің  тауардың  бағасы  жаңағы 

ақшадан  бірден  өсіп  кететін.  Ондай  бағамен  шетелге 

барған кезде бəсекеге түсе аламыз ба? Түсе алмаймыз. Біз 

мұнайды,  темірді,  көмірді  тасымалдап  жатқан  елміз.  Біздің 

мемлекетіміз  бұдан  қаншама  пайда  тауып  жатыр.  Бұл  бір. 

Екіншіден,  қоян-қолтық  сауда  жасайтын  екі  ел  бір-бірінің 

тыныштығын  қолдайды.  Бір-бірінің  бейбітшілігіне  мүдделі 

болады.  Бір-біріне  қол  сұқпайды,  саясатына  араласпайды. 

Бір-бірімен  жанжалдаспайды.  Ол  жағы  да  белгілі. 

Сондықтан  бұл  жерде  ешқандай  қорқатын,  жасқанатын 

нəрсе  жоқ.  Оның  бəрін  мен  қадағалап  отырмын.  Егер 

Қазақстанның  тəуелсіздігін  өз  қолымен  жасап,  қызғыштай 

қорғап  келе  жатқан  қазақ  болса,  соның  бірі  менмін.  Мен 

істеп отырған ісіме, алды-артыма, елдің болашағына қарап 

отырған адаммын. Экономика өсіп-өнбесе, басқа шаруаның 

бəрі шешілмейді. Тіл де, дін де жайына қалады. Қазақтың да 

жағдайы жақсармайды. Сондықтан, бұған түсіністікпен қарау 

керек. Құр сөзді қою керек. Егер күмəн болса, мемлекеттен 

«неге бұлай?» деп жауап алған жөн. Соны түсінгеннен кейін, 

біліп  сөйлеген  адам  жақсы  ғой.  Беталды  сөйлеп,  қойдың 

құмалағымен  бал  ашып  отырған  адамның  сөзін  айтпау 

керек.


–  Соңғы  уақытта  Украина  төңірегінде  қалыптасып 

отырған  ахуал,  көршіміз  Ресейге  салынып  жатқан 

санкциялар  біздің  экономикамызға  қаншалықты  кері 

əсерін тигізуі мүмкін? Жалпы, біздің елдің экономикасы 

ықтимал қауіп-қатерлерге дайын ба?

– Шынын айтқанда, бұл енді ойламаған жерден шыққан 

қиыншылық  болды.  Ресей  мен  Украинаның  арасында 

осындай ахуал орнығады деп кім ойлаған? Ойлап қарасаң, 

екеуі бір дінді, бір тілді, бір жерде бірге өсіп-өнген ел. Мұның 

экономикалық одаққа қолайсыз салдары тиеді, əрине. Оны 

айтпауға  болмайды.  Неге?  Себебі  Батыстың  бəрі  Ресейге 

санкция  салып  жатыр.  Санкциясын  жеке  адамдарға 

жасаса  бір  жөн,  қаржы  жүйесіне  де,  экономиканың  кейбір 

секторларына  да  салынуда.  Бұл  Ресейдің  экономикасын 

төмендетеді.  Зауыттары  нашар  жұмыс  істей  бастайды. 

Сосын біздің тауарларды алатын жағдайы болмайды. Біздің 

шикізатты қабылдау мүмкіндігі азаяды. Міне, осы тұрғыдан 

қиыншылық көруіміз мүмкін. Екіншіден, Ресейдің де қарсы 

санкциялары бар. Тұтынатын тағам өнімдерін алмаймыз деп 

жатыр. Біз осыны пайдаланып, Ресейге азық-түлік өнімдерін 

көбірек  шығаруымыз  керек.  Фермерлеріміз  көкөністі,  ет-

сүтті, басқа да тамақ түрлерін көбірек əзірлеп, көптеп сатып, 

пайда таба алады. Мұның да қауіпті жағдайлары бар. Бірақ 

пайдалы жағын қолдануға болады.

Ал  олардың  жасап  жатқан  кедергілерінің  Қазақстанға 

тікелей қатысы жоқ. Біз Дүниежүзілік сауда ұйымына биыл 

кіреміз деп отырмыз. Бұл мəселені шешеміз. Еуроодақпен 

бұрынғы келіссөздерімізді жалғастырып, жаңа келісімге қол 

қоймақпыз. Оны да шешеміз. Демек, о жақтан да, бұ жақтан 

да  тосқауыл  жоқ.  Қазір  Ресейдің  өзін  түріктер  қолдаймыз 

деп жатыр. Иран да қолдаймыз дейді. Тауарларын жібергісі 

келеді.  Біз  де  сөйтеміз.  Бұл  бір  жағынан  пайдалы.  Бірақ 

мұндай  санкциялар  өмір-бақи  болады  екен  деп  алданып 

та қалмау керек. Қазір егіннің бəрін егіп, Ресейге апарамыз 

делік. Ертең Ресей санкцияны алып тастап, бұрынғы үрдіске 

қайта келетін болса ше… Сондықтан қиын жағдайға қалмау 

үшін  алды-артымызды  ойлап  қадам  жасау  керек.  Мұның 

ақырын  күтуіміз  керек.  Дүниеде  қандай  соғыс  болса  да, 

ылғи келіссөзбен бітеді. Ылғи бейбітшілікпен бітеді. Мынау 

да бітеді. Уақыт деген керемет күш. Уақыт өзі бəрін орнына 

келтіреді.

Сондықтан,  Қазақстанның  болашағы  жарқын  деп 

санаймын.  Себебі,  біз  ешбір  елге  тиісіп  көрген  халық 

емеспіз. Ешбір елге жау емеспіз. Төңірегіміздің ешқайсысы 

да  бізге  жау  емес.  Бізге  сырттан  келіп  тиісейін  деп  тұрған 

ешкім жоқ. Дегенмен қандай жағдайда да өз қауіпсіздігімізді 

ойлап, Қарулы Күштерімізді сайлап, іші-сыртымызды, етек-

жеңімізді  жиып,  сақ  отыруымыз  керек.  Осылай  төңірегіміз 

бейбіт,  өзіміз  бейбіт,  ішіміз  бүтін,  бірлігіміз  берік  болса, 

ұтылмаймыз.  Қазақтың  бірлігі – мына  көпұлтты  халықтың 

бірлігі.  Біз  бірте-бірте  жарқын  болашаққа  жетеміз  деп 

санаймын.

Менің  арманым,  ойым – Қазақстанның  мəңгілік 

болуы.  Сондықтан  Мəңгілік  Ел  деген  идеяны  ұсындым. 

Мəңгілік  ел  болу  үшін  бəрін  жасап  жатырмыз.  Əнеукүні 

Үкіметте  біраз  өзгерістер  жасаған  себебіміз  мынау:  Үкімет 

билігінде  отырған  шенеуніктер  саны  шағын  болуы  керек. 

Ал  олардың  істеген  жұмысы  ауқымды  болуы  қажет.  Жаңа 

министрліктердің  басына  келген  басшылардың  жасы 40 

пен 50-дің аралығында. Көпшілігі ағылшын тілін меңгерген, 

өз  саласының  маманы.  Олар  Ресеймен  де,  басқа 

шетелдермен  де  еркін  сөйлесіп,  келіссөз  жүргізе  алады. 

«Болашақ»  арқылы  оқыған,  өз  елімізде  тəрбиеленген 

сондай  жастарымыз  қаулап  өсіп  келе  жатыр.  Бəрі  де 

мемлекет жұмысымен айналысуда. Қазақстанның ең үлкен 

патриоты  да,  елді  алға  сүйрейтін  де  солар  болады  деп 

сенемін. Менің арманым, ойым осы. Лайым солай болсын! 

Қазақстанның  болашағы  өте  жарқын!  Біздің  балаларымыз 

бен немерелеріміз бұдан да керемет елде өмір сүреді деп 

ойлаймын.



– 

Құрметті 

Нұрсұлтан 

Əбішұлы! 

Еліміздің 

осындай  киелі  де  ең  сұлу  жерлерінің  бірі – қасиетті 

Ұлытау  баурайында  ерекше  сұхбат  бергеніңіз  үшін 

ризашылығымызды білдіреміз. 

–  Жаңа  өзің  айтып  кеткендей,  мына  жердің  аурасы 

жақсы.  Қазір  далада  күннің  ыстығы  қырық  градусқа  жуық 

болып  тұрса  да,  осы  Əулиебұлақтың  жағасы  қандай 

көркем.  Мына  тұрған  қайыңдар,  мынау  жер  сонау  Жошы 

ханның  да,  Алаша  ханның  да,  Тоқтамыстың  да,  Едіге 

батырдың да – бəрінің көзін көрген шығар. Мінекей, дүние 

деген  осылай  ылғи  тұра  береді.  Заман  өтеді,  уақыт  алға 

жылжиды.  Ұрпақтар  бірінің  жолын  бірі  жалғайды.  Бірақ 

ата-бабамыздың  жері  осылай  керемет  болып  қала  береді. 

Осындай əулиелі жерден қуат алған халқымыз ата-бабалар 

жолымен жүреді деп санаймын. Ол жол – сара жол, Мəңгілік 

Елдің жолы!

(Егемен Қазақстан, 26 тамыз, 2014 жыл.)


7

28 тамыз,

№35 (463)

АЙБЫН

АЛАШ ЖАЗҒАН АТА ЗАҢ

Серік ЖОЛДАСБАЙ

Тарих пен тағылым



БАС ҚҰЖАТТЫҢ ҚҰНДЫЛЫҒЫН 

БАС ҚҰЖАТТЫҢ ҚҰНДЫЛЫҒЫН 

ҚАЛАЙ ТҮСІНЕСІЗ?

ҚАЛАЙ ТҮСІНЕСІЗ?

Мұратхан ƏЛІМХАН

Жалқы сауал



ЖАСАМПАЗДЫҚТЫҢ ЖАҢЫЛМАС ЖАРҒЫСЫ

ЖАСАМПАЗДЫҚТЫҢ ЖАҢЫЛМАС ЖАРҒЫСЫ

Оқу ордасында



Талғат НҰРХАНОВ

Мəселен, «Қазақ  елінің  уставының»  кіріспесінде 

«Қазақ  елі  көне  ұлттардың  бірі.  Оның  тарихының 

тамыры  тереңге  жайылған.  Жеке  ел  болып  өмір 

сүрді, елін, жерін  қорғады. Ұрпақ  жалғастырудан  жеті 

миллионға жетті. Санымен Россияда үшінші орында» 

деп жазылуы тегін емес. Өйткені, тап сол кезде патшалы 

Ресей  Қазақ  елі  құдды  бір  жеке  мемлекет  болып 

көрмегендей  əрекет  ете  бастаған  болатын.  Алайда, 

Барлыбек  Сырттанов  Қазақ  елі  «тарихының  тамыры 

тым  тереңде»  жатқанын,  мысалы  батырларымыз 

«жеке  ел  болып,  елін,  жерін  қорғағанын»  тілге  тиек 

етеді.  Сонымен  қатар,  аталған  Ата  заңда  «Қазақ  елі 

республикасында  жоғарғы  билік  жүргізуді  бүкіл  қазақ 

жəне  басқа  нəсілдердің  өкілдері  дауыс  беру  арқылы 

іске асырады. Сайланатындар елдің ең сүйікті, білімді, 

ел  үшін  жан  беретін  адамдар» – деп  жазылған.  Осы 

арада мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Ел атауын 

«Қазақ елі» деп өзгерту керек» – деген сөзі еріксіз еске 

түседі.  Өйткені,  Атырау  облысына  жасаған  жұмыс 

сапарында  президент  «Біздің  еліміздің  атауында 

Орталық Азияның басқа да елдеріндегі сияқты «стан» 

деген жалғау бар. Сонымен бір мезгілде, шетелдіктер 

халқының  саны  небəрі  екі  миллионды  құрайтын 

Моңғолияға  қызығушылық  танытады,  бірақ  оның 

атауында «стан» жалғауы жоқ. Сірə, еліміздің атауын 

уақыт  өте  келе  «Қазақ  елі»  деп  өзгерту  мəселесін 

қарастыру керек шығар, бірақ алдымен міндетті түрде 

халықтың  талқысына  салған  жөн» – деп  мəлімдеген 

болатын.  Мемлекет  басшысының  осы  мəлімдемесі 

Барлыбек  Сырттановтың  Қазақ  елі  республикасы 

деген атауына сəйкес келіп тұр.

Жалпы  Барлыбек  Сырттановтың  «Қазақ  елінің 

уставы»  төрт  бөлімнен  тұрады.  Айталық  «Қазақ  елі 

республикасының  жеке  болуы  турасында»  деген 

бөлімде мемлекеттік туымыздың қандай болуы керек 

екендігі  туралы  айтылған.  Мысалы,  бірінші  бөлімнің 

екінші тармағында «Қазақ елінің жеке туы бар. Ту жасыл, 

қызыл  һəм  сары  көлденең  жолақтардан  жасалады. 

Басындағы  бұрышта  ай  һəм  жұлдыздың  суреті  бар. 

Жасыл  түс – елдің  исламға  берілгендігінің  белгісі, 

қызыл – ел қорғауда төгілген қан, сары – қазақтың кең 

даласы, еркіндіктің белгісі» – деп жазылған. Бір қызығы 

сары түс қазіргі мемлекеттік туымызда «қазақтың кең 

даласы, еркіндіктің белгісі» – болып басты рөл атқарып 

тұр.  Сондықтан  да  біз  мұны  кездейсоқтық  деп  айта 

алмаймыз.  Əрі  беріден  соң  қазіргі  таңда  ғалымдар 

арасында  «Алаш  автономиясының  мемлекеттік  туы 

болды  ма,  болған  жоқ  па?» – деген  сұрақ  көлденең 

шығып  жүр.  Біздің  пайымдауымызша  еліміздің  тулар 

тарихы туралы айтылғанда «жасыл, қызыл һəм сары 

көлденең  жолақты»  байрақ  естен  шықпауы  керек. 

Өйткені,  аталған  Ата  заңда  Қазақ  елінің  мемлекеттік 

туы тайға таңба басқандай болып сипатталған.

Сондай-ақ Барлыбек Сырттановтың «Қазақ елінің 

уставында» «Бұдан  былай  Қазақ  елі  Россиямен 

достастық,  яғни  доминион  дəрежесіндегі  қарым-

қатынаста  болып  тұрады» – деп  жазылған.  Шын 

мəнісінде  Абылай  хан  заманынан  кейін  Ресеймен 

«доминион  дəрежесінде    қарым-қатынаста» – болу 

мүмкін болмай қалған болатын. Тіпті, Кенесары ханның 

өзі бұл ұлы мұратқа жете алмай кетті. Əйтсе де арада 

бір  жарым  ғасыр  өтсе  де  Алаш  арыстары  азаттық 

алуға  ұмтылды.  Оған  Барлыбек  Сырттановтың  Қазақ 

елінің Ата заңын жазуы дəлел болса керек. 

Иə,  шын  мəнісінде  «Қазақ  елінің  уставы»  жаңа 

заманға  сай  жазылған  бірден  бір  құнды  құжат 

болатын.  Оған  аталған  Ата  заңда  президенттік 

басқару туралы тың ұсыныстың енгізілуі негіз болса 

керек.  Мысалы, «Қазақ  елінің  уставында» «Қазақ 

елінде ең басшы орыны – Ұлт мəжілісі. Оған дауыспен 

өткендер  Қазақ  елінің  басшысы  Президентті  төрт 

жылға  сайлайды», «Бір  Президент  екі  реттен  асып 

ел  билеуге  хұқы  жоқ» – деп  жазылған.  Сондай-ақ, 

осы  құжатта  «Президент  Қазақ  елін  министрлер 

арқылы  басқарады.  Министрлерді  Президент  өзі 

таңдайды,  бірақ  Ұлт  мəжілісі  дауыспен  шешеді» 

–  деп  көрсетілген.  Негізі  Барлыбек  Сырттановтың 

жазған  «Қазақ  елінің  уставының»  ерекше  тұсы  осы 

болса керек. Демек алаш арыстары демократиялық 

құндылықтарды ұлықтауға əу бастан мəн берген. 

Жалпы құрылымы 4 бөлім, 28 тармақтан (баптан) 

тұратын Жарғының «Бəрекелді» дейтін тұстары көп. 

Сондықтан  да  Алаш  арысы  Барлыбек  Сырттанов 

жазған  Ата  заңды  назардан  тыс  қалдыруға  əсте 

болмайды.  Өйткені,  автор  «Қазақ  елінің  уствын» 

жазғанда  Еуропа  елдерінің  озық  тəжіриесін  үлгі 

еткен. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет