Экономиканы соғысқа бейімдеп қайта құру


Соғыс жылдары пайда болған машина жасау өнеркәсібі



бет6/8
Дата16.12.2022
өлшемі2,29 Mb.
#57716
1   2   3   4   5   6   7   8

Соғыс жылдары пайда болған машина жасау өнеркәсібі

КСРО төңірегінен жұмыс күшін тарту

  • Республика жұмысшы табының қатарына одақтас республикардан мамандар келіп қосылды:
  • 1) 3200 кенші мен 2000 құрылысшы – Донбасс шахталарынан;
  • 2) 2000 машина жасаушы Воронеж бен Луганскіден;
  • 3) Тоқымашылар, тамақ өнеркәсібі қызметкерлері, мыңдаған теміржолшылар, 7 мыңдай инженер-техниктер: Мәскеуден, Киевтен, Харьковтен.
  • Мұнайлы аудандарға көмек көрсетілді:
  • 1) Атырау мұнай өңдеу зауытын, Каспий-Орск мұнай құбырын салу үшін қуатты құрылыс ұжымы ұйымдастырылды.
  • 2) Ембіге Әзірбайжаннан 400 маман мен жұмысшылар келді.

Ел ішіне жұмыс күшін тарту

  • 1942 жылғы 21 тамызда кеншілер еңбегіне үдемелі-кесімді ақы төлеудің жаңа жүйесі енгізілді.
  • 1942 жылғы 24 тамызда Мемлекеттік Қорғаныс Комитетінің “Қарағанды көмір алабында көмір өндіруді арттыру жөніндегі шұғыл шаралар туралы” Қаулысы шықты.
  • Облыстың және ауданның еңбеккерлері Қарағанды шахталарын қамқорлыққа алу жөнінде патриоттық қозғалыс бастады.

Қарағанды шахталарының бірі

Өндіріс қарқыны

  • Қазақстан – КСРО-ның негізгі әскери-өнеркәсіп базасына айналды. 1942 жылы Одақта өндірілген:
  • 1) Қорғасынның 85%-ын;
  • 2) Көмірдің 1/8 бөлігін;
  • 3) Молибденнің 60%-ын;
  • 4) Октанды мұнайдың 1 млн тоннаға жуығын берді.

Жүк тасымалдау

  • 1942 жылы Түркістан-Сібір темір жолымен жүк тасымалдау 1941 жылмен салыстырғанда 2,5 есе көбейді
  • 1944 жылы темір жол арқылы 20 мыңнан астам жүрдек пойыз жөнелтілді.

Түркістан-Сібір темір жолы (Ә.Қастеев)

Соғыс жылдары салынған құрылыстар

  • 1943 жылғы ақпанда Ақтөбе ферроқорытпа зауыты іске қосылды.
  • 1943 жылы сәуірде қайта өңдейтін Қарағанды металлургия зауытын салу туралы шешім қабылданып, “Қазметаллургстрой” тресі ұйымдастырылды.
  • 1943 жылы сәуірде Жезқазған комбинаты құрылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет