Жауынгерлер арасында тәрбие жұмысын жүргізу, ұлт тілдерінде майдандық газеттер, журналдар шығару, ұлттық әскери бөлімдер құру ұлттық қатынастарды нығайтуға көмектесті. Халықтарды күшпен көшіру (депортация), зорлық элементтері бар еңбек колонияларын құру әрекеттері іске асырылды.
1945 жылғы мәлімет бойынша зорлықпен жер аударылғандар 2 млн 464 мыңға жуық болды.
Соғыс жылдарындағы ұлтаралық қатынастар
Соғыс қарсаңында Қазақстанға 102 мың поляк айдап әкелінді.
Еділ бойынан 360 мыңнан астам неміс әкімшілік жолымен Қазақстанға көшірілді.
Немістерді соғысушы армиядан шығару туралы бұйрық берілді.
Соғыс жылдарында қалмақтар, қарашайлар, ингуштар, шешендер, балқарлар, Қырым татарлары, месхеті түріктері қудаланып, депортацияға ұшырады.