|
Соғыс жылдары пайда болған машина жасау өнеркәсібі
|
бет | 6/8 | Дата | 16.12.2022 | өлшемі | 2,29 Mb. | | #57716 |
| Байланысты: RJR7NywcFBOSFGBaTFSRwQ КСРО төңірегінен жұмыс күшін тарту - Республика жұмысшы табының қатарына одақтас республикардан мамандар келіп қосылды:
- 1) 3200 кенші мен 2000 құрылысшы – Донбасс шахталарынан;
- 2) 2000 машина жасаушы Воронеж бен Луганскіден;
- 3) Тоқымашылар, тамақ өнеркәсібі қызметкерлері, мыңдаған теміржолшылар, 7 мыңдай инженер-техниктер: Мәскеуден, Киевтен, Харьковтен.
- Мұнайлы аудандарға көмек көрсетілді:
- 1) Атырау мұнай өңдеу зауытын, Каспий-Орск мұнай құбырын салу үшін қуатты құрылыс ұжымы ұйымдастырылды.
- 2) Ембіге Әзірбайжаннан 400 маман мен жұмысшылар келді.
Ел ішіне жұмыс күшін тарту - 1942 жылғы 21 тамызда кеншілер еңбегіне үдемелі-кесімді ақы төлеудің жаңа жүйесі енгізілді.
- 1942 жылғы 24 тамызда Мемлекеттік Қорғаныс Комитетінің “Қарағанды көмір алабында көмір өндіруді арттыру жөніндегі шұғыл шаралар туралы” Қаулысы шықты.
- Облыстың және ауданның еңбеккерлері Қарағанды шахталарын қамқорлыққа алу жөнінде патриоттық қозғалыс бастады.
Қарағанды шахталарының бірі Өндіріс қарқыны - Қазақстан – КСРО-ның негізгі әскери-өнеркәсіп базасына айналды. 1942 жылы Одақта өндірілген:
- 1) Қорғасынның 85%-ын;
- 2) Көмірдің 1/8 бөлігін;
- 3) Молибденнің 60%-ын;
- 4) Октанды мұнайдың 1 млн тоннаға жуығын берді.
- 1942 жылы Түркістан-Сібір темір жолымен жүк тасымалдау 1941 жылмен салыстырғанда 2,5 есе көбейді
- 1944 жылы темір жол арқылы 20 мыңнан астам жүрдек пойыз жөнелтілді.
Түркістан-Сібір темір жолы (Ә.Қастеев) - 1943 жылғы ақпанда Ақтөбе ферроқорытпа зауыты іске қосылды.
- 1943 жылы сәуірде қайта өңдейтін Қарағанды металлургия зауытын салу туралы шешім қабылданып, “Қазметаллургстрой” тресі ұйымдастырылды.
- 1943 жылы сәуірде Жезқазған комбинаты құрылды.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|