Қазақстанның 700 мыңнан астам еңбекшілері (200 мыңы қазақтар) еңбек колонияларына шақырылып, Орал мен Сібірдің қорғаныстық маңызы бар объектілерінде еңбек етті.
Еңбек армиясы лагерьлерінің аумағы – Коми АКСР-інен Қиыр Шығыстағы Ванино қолтығы аралығы.
Ембі кәсіпшіліктерінде, Кенді Алтай кеніштерінде Қоңырат, Текелі кеніштерінде жүздеген шешен мен ингуштар еңбек етті.
Соғыс жылдарындағы ұлтаралық қатынастар
Көшіп келушілер тасқыны тоқтамай, қазақстандықтар 532 мыңнан астам адамды, 149 балалар үйлерінің, мәскеулік 16 интернат тәрбиеленушілерін қабылдады.
Тылда ынтымақты шаруашылық құру ісінде туысқан республикалар арасындағы мамандар алмасудың зор маңызы болды.
1944 жылы Қазақ қайта өңдеу зауытының 2000 металлургі Сібір мен Оралдың металлургия зауыттарында тәжірибе жинақтады.
Еңбек армиясында каторгалық еңбек және казармалық режим қатал сақталды.