Қазақ халқы бейнелеу өнерінің мәдениет танулық негіздерін, рәміздік ерекшеліктерін , өзектілігін көп зерттеген. Барынша зерттеу мен қайта қалпына келтіру, сақтауға, зерттеуге мән беріп, өткен тарихымызды ұрпаққа жеткізуіміз керек. Өзінің тарихи, мәдени тамырларына қайта оралу – бұл әрине жақсы. Қазақстанда ұлттық өнерді, мәдениетті дамытуға барынша қолдау жасалып отыр. Соның бірі - бейнелеу өнері.
Қазақстанның бүгінгі күнгі өнері туралы сөз қозғағанда, қазақ бейнелеу өнеріндегі тұрмыстың мазмұндық мәселелері мен тартымдылық тәрізді көріністерін атап өтуге болады. Кәсіби өнердің дамуының осы сәті суретшілердің осы заманғы тұтынушыға жеткізуге ұмтылатын идеяларынан тұрады. Қазақ мәдениетіндегі заманауи бейнелеу өнері бүгінгі күннің тұрмысымен тығыз байланыста қарастырылады.