практикалық сабақ. (9 сағат). Атом және атом ядросының физикасы.
Бор атомы. Кванттық механика элементтері. Бөлшектердің толқындық қасиеті. Атом құрылысы. Радиоактивтілік. Ядролық реакциялар. Элементар бөлшектер.
Әдеб.[3]: №1707-1721 /158-165б/;
Әдеб.[8]: №5.1-5.336 /250-292б/;
Әдеб.[10]: №42.1-42.23 /208-211б/.
2.2.1Физика есептерін шығарудың әдістемелік негіздері пәні бойынша есептер 1 Пән бойынша практикалық есептер
№1 (21). Сымтемірдің диаметрін анықтау үшін оқушы қарындаштың өн бойына тығыздап 30 орам орады. Оның ұзындығы 30 мм болды. Сымтемірдің диаметрін анықтаңдар.
Жауабы: Сымтемірдің диаметрін анықтау үшін орам санын оның ұзындығына бөлеміз, сонда 1мм болады.
№2 (91). Қандай зат сұйық күйден қатты күйге көшкенде басқа атауға ие болады?
Жауабы: су.
№3 (99). Велосипедтің қозғалысы кезінде оның қай бөлігі жолға қатысты түзусызықты, қайсысы қисық сызықты траектория сызады?
Жауабы: велосипед дөңгелегінің центрі жолға қатысты түзу сызықты, шабақтары жолға қатысты қисық сызықты қозғалады.
№4 (112). Трактор 2,5м/с жылдамдықпен қозғалады. Осы жылдамдықты 1 секундтағы сантиметрмен (см/с), 1 сағаттағы километрмен (км/сағ) өрнектеңдер.
Жауабы: 2,5*100=250 см/с; 2,5*0.001*1/3600=9км/сағ.
№5 (114).Бірінші, екінші және үшінші ғарыштық жылдамдықтар сәйкес 7,8; 11,2; 16,5 км/с-қа тең. Осы жылдамдықтарды 1 секундтағы метрмен (м/с) және 1 сағаттағы километрмен (км/сағ) өрнектеңдер.
Жауабы: 7800м/с; 11200м/с; 16500м/с; 28080км/сағ; 40320км/сағ; 59400км/сағ.
№6 (115). А пунктінен в пунктіне дейінгі 2700 км-ге тең жолды реактивті ұшақ 1 сағаттыа ұшып өтті. Қайтарында ол 715 м/с жылдамдықпен ұшты. Қай бағытта ұшақтың жылдамдығы үлкен болады?
Жауабы: А пунктінен в пунктіне.
№7 (125). Трактор алғашқы 5 минутта 600 м жүрді. Осы жылдамдықпен қозғала отырып, ол 0,5 сағ ішінде қандай жол жүреді?