Эксперименттік есептерді шығару әдістемесі


– дәріс. Механика есептерін шығару әдістемесі. (5-сағат)



бет4/19
Дата12.02.2023
өлшемі0,92 Mb.
#67211
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
СРСП.Іргелі ұғымдар (1) (копия)

5 – дәріс. Механика есептерін шығару әдістемесі. (5-сағат)

Кинематика тарауында механика есептерінің бірінші деңгейі қарастырылады, - дененің кез – келген уақыт мезетіндегі кеңістіктегі орнын анықтау. Мұнда нақты механикалық қозғалысқа байланысты: бірқалыпты түзу сызықты қозғалыс, теңүдемелі қозғалыс, бірқалыпты шеңбер бойымен қозғалысқа орай есептер шығарылады. Оқу есептері негізгі түсініктер мен заңдарды меңгеруге арналған.


«Кинематика» тарауынан есептерді шешу тәртібі:

  1. есептің берілгенін оқып, қозғалыс түрін анықтау.

  2. Есептің шартын жазып, қозғалыстың графигін сызу.

  3. Денелердің қозғалыс теңдеуін әрбір дене үшін жеке – жеке жазу.

  4. Дененің санақ жүйесін және осьтерінің бағытын таңдау.

Түзу сызықты қозғалыста бағыты оң.
Айналмалы қозғалыста бағыты оң.

  1. берілген координаталарды көрсетіп, сызбаны толықтыру керек.

  2. Таңдалған осьтерге теңдеулердің проекцияларын жазып, оларды бір жүйеге келтіру.

  3. Алынған теңдеулер жүйесін жалпы түрде шешу керек.

  4. Табылған шешімнің дұрыстығын шамалардың өлшеу бірліктерін тексеру арқылы анықтауға болады.

  5. Алынған нәтижені тексеру және анализ жасау арқылы анықтауға болады.

  6. Тексеріп, жауапты беру керек.

Есепті шешу алгоритмі.


Мысал келтірейік.
1-есеп
Велосипедші қозғалысын тыныштық күйден 4 с бойы 1 м/с2 үдеумен қозғалды. 0,1 мин бойы бірқалыпты қозғалып, соңғы 20 м тоқтағанша бірқалыпты кемімелі қозғалды. Барлық қозғалыс уақытындағы орташа жылдамдығын табу керек. тәуелділік графигін құрыңдар.




= 4 с
= 1 м/с2
= 6 с

= 20 м
= 0

- ?
Оқушыларға иллюстративті суретін көрсетеміз:
Велосипедшінің барлық жол бөлігіндегі қозғалысы түзу сызықты болғандықтан, координаталық әдісті қолданудың қажеттігі жоқ. Жер санақ денесі болады. Жалғыз координаталық ось велосипедшінің қозғалыс бағытымен сәйкес келеді. Велосипедшінің бірінші бөлікте жүрген жолы:
(1)
Осы бөліктегі соңғы жылдамдық , екінші бөліктегі жылдамдыққа тең, себебі бұл бөлікте ол бірқалыпты қозғалды:
. (2)
Велосипедшінің екінші бөлікте жүрген жолы:
. (3)
Үшінші бөліктегі бастапқы жылдамдық екінші бөліктегі жылдамдыққа тең:
. (4)
Осы бөліктегі соңғы жылдамдық (ол тоқтады):
, (5)
бұдан: . (6)
, немесе
. (7)
(7)-ден: . (8)
Орташа жылдамдықты табамыз:
. (9)
есептегенде: .
ХБ жүйесіне сәйкес барлық бірліктер ауыстырылды.
Тәуелділік графигін саламыз , себебі, .
Уақыт осінде велосипедшінің қозғалысын сипаттайтын сәттер көрсетілген.
Жауабы: .




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет