4.5 Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі және өзара әрекеттесудің басқа түрлері Антацидтер: антацидтерді азитромицинмен бір мезгілде қолдану жалпы биожетімділікке ықпал етпейді, бірақ қан сарысуындағы азитромициннің жоғары шекті концентрациялары шамамен 24% төмендеді. Азитромицинді де, антацидтерді де алып жүрген пациенттерге оларды бір мезгілде қабылдауға болмайды.
Цетиризин: дені сау еріктілерде азитромицинді 20 мг цетиризинмен 5 күн бойы бірге қолдану фармакокинетикалық өзара әрекеттесуге және QT аралығының елеулі өзгеруіне әкелмеді.
Диданозин (дидезоксинозин): АИТВ-оң пациенттерде 1200 мг/тәулік азитромицин мен 400 мг/тәулік диданозинді бірге қолдану, плацебомен салыстырғанда, диданозин фармакокинетикасына айқын ықпалын тигізбеді.
Дигоксин және колхицин: азитромицинді қоса, макролидті антибиотиктерді дигоксин мен колхицин сияқты P-гликопротеин субстраттарымен бірге қолдану қан сарысуындағы P-гликопротеин субстраттары деңгейлерінің жоғарылауына әкеледі. Сондықтан, егер азитромицин мен дигоксин сияқты P-гликопротеин субстраттары бір мезгілде қолданылса, қан сарысуындағы дигоксин концентрациясының жоғарылау мүмкіндігін ескеру керек. Клиникалық мониторингті қамтамасыз ету және азитромицинмен емдеу кезінде және оны тоқтатудан кейін қан сарысуындағы дигоксин деңгейлерін бақылау қажет болуы мүмкін.
Зидовудин: бірге қолданғанда азитромицин шеткері қан мононуклеарларында фосфорланған зидовудин (клиникалық белсенді метаболит) концентрациясын жоғарылатады.
Азитромицин бауырдағы Р450 цитохромы жүйесіне елеулі ықпалын тиігзбейді. Эритромицин мен басқа макролидтер үшін оның байқалғанындай, ол фармакокинетикалық дәрілік өзара әрекеттесулерге ұшырамайды деп саналады. Азитромицинді қолданғанда метаболиттер-цитохром кешені арқылы бауырдағы Р450 цитохромының индукциялануы немесе белсенділігінен айрылуы болмайды.
Эрготамин туындылары: эрготизмнің теориялық даму мүмкіндігіне орай, азитромицинді қастауыш алкалоидтарының туындыларымен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.
Қастауыш алкалоидтарының туындылары: эрготизмнің теориялық мүмкіндігіне орай, азитромицинді қастауыш алкалоидтары туындыларымен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.
Аторвастатин: аторвастатин (күнделікті 10 мг) мен азитромицинді (тәулігіне 500 мг) бірге қолдану қан плазмасында аторвастатин концентрациясын өзгертпейді (HMG CoA-редуктаза талдауы негізінде). Дегенмен де, азитромицинді статиндермен қабылдап жүрген пациенттерде маркетингтен кейінгі рабдомиолиз жағдайлары тіркелген.
Карбамазепин: азитромицин плазмада карбамазепин мен оның белсенді метаболиттерінің деңгейлеріне елеулі әсер етпейді.
Циметидин: азитромицин енгізуге дейін 2 сағат бұрын циметидиннің бір реттік дозасының фармакокинетикасын зерттеуде азитромицин фармакокинетикасының өзгерістері анықталмады.
Кумариндік пероральді антикоагулянттар: фармакокинетикалық өзара әрекеттесуін зерттегенде азитромицин дені сау еріктілерге енгізілген варфариннің 15 мг бір реттік дозасының антикоагулянттық әсерін өзгертпеді. Тіркеуден кейінгі кезеңде азитромицин мен кумарин типті пероральді антикоагулянттарды бірге енгізуден кейін күшейіп кеткен антикоагуляцияға қатысты алынған хабарламалар бар. Себеп-салдарлы байланысы анықталмаса да, кумарин типті пероральді антикоагулянттар қабылдап жүрген пациенттерде азитромицин қолданылғанда протромбин уақытын жиі мониторингтеу қажеттілігін қарастыру керек.
Циклоспорин: азитромицинді 3 күн бойы 500 мг/тәулік дозада пероральді қабылдағанда, одан кейін циклоспоринді 10 мг/кг дозада пероральді қабылдағанда циклоспорин Cmax және AUC0-5 едәуір ұлғаюы анықталды (тиісінше, 24 және 21%). Бұл ретте AUC параметрі бойынша ешқандай елеулі өзгерістер байқалмады. Сондықтан осы препараттарды бір мезгілде қолдануды шешпес бұрын сақтық таныту керек. Егер циклоспорин мен азитромицинді бірге қолдану қажет болса, циклоспорин деңгейін бақылап отыру және соңғысының дозасын тиісті үлгіде түзету керек.
Эфавиренз: 7 күн бойы күніне 600 мг азитромицин мен 400 мг эфавиренздің бір реттік дозасын бірге қабылдау клиникалық мәнді фармакокинетикалық өзара әрекеттесулеріне әкелмейді.
Флуконазол: азитромициннің 1200 мг бір реттік дозасын бірге қолдану флуконазолдың 800 мг бір реттік дозасының фармакокинетикасын өзгертпеді. Азитромициннің жиынтық әсері мен жартылай шығарылу кезеңі флуконазолмен бір мезгілде қолданғанда өзгермеді, алайда азитромициннің C max клиникалық мәнсіз (18%) төмендеуі байқалды.
Индинавир: азитромициннің 1200 мг бір реттік дозасын бірге қолдану 5 күн бойы күніне үш рет 800 мг дозада енгізілген индинавир фармакокинетикасына статистикалық мәнді ықпал етпеді.
Метилпреднизолон: дені сау еріктілердегі зерттеулерде азитромицин метилпреднизолон фармакокинетикасына елеулі ықпал етпеді.
Мидазолам: 500 мг/тәулік азитромицинмен мидазоламның 15 мг бір реттік дозасын 3 күн бойы бірге қолдану фармакокинетикасында және фармакодинамикасында клиникалық мәнді өзгерістер тудырмайды.
Нельфинавир: азитромицин (1200 мг) мен нелфинавирді (тәулігіне үш рет 750 мг) бірге қолдану азитромицин концентрациясының артуына алып келді. Қандай да бір клиникалық мәнді жағымсыз әсерлер байқалмады және дозаны түзету талап етілмеді.
Рифабутин: азитромицин мен рифабутинді бірге қолдану қан сарысуында препараттардың кез келгенінің концентрациясына ықпал етпеді. Нейтропения азитромицинмен және рифабутинмен қатарлас ем қабылдаған пациенттерде байқалды. Нейтропения рифабутинді пайдаланумен байланысты болса да, біріктірілімнің азитромицинмен себеп-салдарды байланысы анықталмады.
Силденафил: силденафилдің немесе оның айналымдағы негізгі метаболитініңAUC және C max мәндеріне азитромициннің (3 күн бойы күніне 500 мг) ықпал ету дәлелдері анықталмады.
Терфенадин: азитромицин мен терфенадиннің өзара әрекеттесу дәлелдері анықталмады. Осындай өзара әрекеттесу мүмкіндігін толығымен жоққа шығару мүмкін болмаған сирек жағдайлар тіркелді; алайда, осындай өзара әрекеттесудің орын алғаны туралы қандай да бір нақты дәлелдер алынбады.
Триазолам: 1-ші күні 500 мг және 2-ші күні 250 мг азитромицин мен 2-ші күні 0,125 мг дозада триазоламмен бірге қолдану триазоламның қандай да бір фармакокинетикалық ауыспалы мәндеріне елеулі ықпал етпеді.
Триметоприм/сульфаметоксазол: триметоприм/сульфаметоксазол DS (160 мг/800 мг) және 1200 мг азитромицинді 7 күн бойы бірге қолдану триметопримнің де, сульфаметоксазолдың да жоғары шекті концентрацияларына, жиынтық әсеріне немесе несеппен шығарылуына елеулі ықпал етпеді. Қан сарысуындағы азитромицин концентрациялары басқа зерттеулерде байқалған концентрацияларына ұқсас болды.