Экстракциялау процесінің сірінділеу
жылдамдығына әсер ететін факторлар:
▪
Селективтігі (таңдау қасиеті) мен
сиымдылығы жоғары, ұшқыш, арзан, қол
жеткілікті, химиялық индифферентті, белгілі полярлікке ие және т.б. (қойылатын
талаптарға сай болатын) опгтимальді экстрагентті дұрыс таңдауы;
Экстракциялау процесінің сірінділеу
жылдамдығына әсер ететін факторлар:
▪
Экстрагенттің тұтқырлығы. Тұтқырлығы төмен
сұйықтықтардың диффузияға
ұшырау қабілеті жоғары. Мысалы, тұтқырлығы өте
жоғары экстргенттерге
глицерин жатады, сондықтан оны өзін қолданбайды. Оны белгілі селективті қасиет
беру үшін суға қосады. Өсімдік майларды, әдетте, олардың тұтқырлығын
төмендету үшін, жылытылған түрде қолданады. Сулы –спиртті қоспаларда
тұтқырлығы спирттің концентрациясына пропорциональды емес:
ең жоғары
тұтқырлық 40-50%-тік спиртті-сулы ерітінділерде болады.
▪
Шикізаттың ұнтақтау дәрежесі. Осы мән неғұрлым жоғары болса, солғұрлым
шикізат бөлшектер мен экстрагенттің арасында қатынасу беттік ауданы жоғары
болады. Бірақ тәжірибеде көрсетілген шикізатты өте ұсақ ұнтақтауға болмайды,
себебі клеткалардың бұзылу нәтижесінде экстракциялаудың орнына клетканың
ішіндегі заттардың толық (әсер етуші заттармен бірге балластыда заттардың)
шайылып экстрагентке шығу өтеді. Сонда сірінділер мөлдір емес, қиын
тазартылатын және жақсы сүзілмейтін болады. Процесстің
өзі шикізаттың
тығыздану және шырыштану нәтижесінде баяулайды, себебі экстрагенттің
тығыздылған шикізаттан өту жылдамдығы төмендейді.
▪
Дегенмен, шикізаттың әр түріне ұнтақтау дәрежесі оның морфологиялық
құрылысына және құрамындағы заттардың химиялық табиғатына байланысты
тәжірибелік жолымен анықталатыны белгілі болады.
Достарыңызбен бөлісу: