Пассивті тасымалдану



бет1/3
Дата29.12.2023
өлшемі19,28 Kb.
#144970
  1   2   3
Байланысты:
биофизика ответы


1.Мембрананың маңызды қызметінің бірі – бұл заттар тасымалдануын реттеу. Мембрана арқылы зат тасымалдануының 2 тәсілі кездеседі: пассивті және активті тасымалдану.Пассивті тасымалдану. Егер зат мембрана арқылы жоғары концентрациялы аймақтан төмен концентрациялы аймаққа өтетін болса (немесе концентрация градиенті бойынша, энергия жұмсамай жүретін болса), онда бұл тасымалдану түрі пассивті тасымалдану немесе диффузия деп аталады. Диффузия 2 типке: қарапайым және жеңілдетілген диффузияға бөлінеді.
Қарапайым диффузия кіші бейтарап молекулалар (Н2О, СО2, О2) мен кіші молекулалы органикалық гидрофобтық заттарға тән. Қарапайым диффузия процессі - молекулаларды концентрациясы жоғары аймақтан концентрациясы төмен басқа аймаққа тасымалдау әдісі. Ол концентрация градиентінде болады. Ол энергияны қажет етпейді. Бұл процессті қарапайым түрде түсіндіруге болады. Егер біз ерекше иіссу құйылған ыдысты ашсақ,хош иіс диффузия арқылы сол жерге тез таралады.Бұған ұқсас тағы бір мысал ретінде су құйылған стаканға бір тамшы бояу тамызсақ ол сумен тез араласып кетеді. Осыған қарап қарапайым диффузияны түсіндіруге болады. Диффузия процессі тек осы мысалдармен ғана шектеле қоймайтыны сөзсіз және бұл процесс жасушаларда да болады. Бірақ, кейбір жағдайларда үлкенірек молекулалар арқылы диффузияға қабілетті жасуша мембраналар, мембранамен байланысқан белоктар диффузия процесіне қатысады.
Жеңілдетілген диффузия деп мембрана арқылы молекулалардың әртүрлі қозғалысын жеңілдету үшін ақуыздарды пайдалануды қамтиды. Кейбір жағдайларда молекулалар белок ішіндегі арналардан өтеді. Басқа жағдайларда ақуыз пішінін өзгертіп, молекулалардың өтуіне мүмкіндік береді.
Жеңілдетілген диффузияның қарапайым диффузиядан айырмашылығы – бұл оның жоғары таңдамалылығы. Өйткені, тасымалдаушы ақуыз тасымалданушы заттарға комплементарлы болуы керек екені шарт. Тасымалдану белок конформациясының өзгерісі арқылы атқарылады.Глюкоза, натрий иондары және хлорид иондары сияқты кейбір молекулалар мен иондар жасушалық мембраналардан фосфолипидті мембрананың екі қабатынан өтпейді.Жеңілдетілген диффузияның мүмкін механизмінің біреуіне транслоказаның әсері жатқызылады.Жалпы транслоказалар интегралды нәруыздарға жатады. Транслоказалар берілген затты байланыстырады. Кейін конформациясын өзгертіп, мембрананың қарсы жағына жақындайды. Затты босатады. Бұрынғы қалпына қайта келеді. Кейін тасымалдаушылық қызметке дайын болады. Белоктың өзінің қалай қозғалатыны әлі белгісіз болып табылады. Мысалы басқа механизмдерге бірнеше белоктардың тасымалдаушылардың қатысуы жатқызылады.Ал біздің қарастырып отырған жағдайда байланысқан заттың өзі 1 белоктың келесі белокқа,кейін келесі белоктарға ауысуы арқылы мембрана сыртына өтеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет