Экстракциялаудың теориялық негіздері. Экстракциялаудың толықтығы мен жылдамдығына әсер ететін факторлар. Экстракциялау әдістері


Экстракциялау процесінің сірінділеу



Pdf көрінісі
бет3/8
Дата18.10.2022
өлшемі0,89 Mb.
#43952
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
6 дарис

Экстракциялау процесінің сірінділеу 
жылдамдығына әсер ететін факторлар:



Концентрациялардың айырмашылығы ең маңызды фактор болады, себебі ол 
диффузия процессінің қозғалыс күші болып саналады. Әрине, егер макро-жүйе 
тыныштық жағдайда болса, яғни экстрагент қозғалыссыз болса, клетка ішіндегі 
ерітіндідегі және шикізат бөлшектерінің сыртындағы ерітіндідегі заттардың 
концентрациялар айырмашылығы тез төмендейді. Макро тыныштық жағдайда 
сірінділеу жылдамдығы молекулалық диффузияның жылдамдығына байланысты 
болғанын ескерту керек. Сол себептен концентрациялардың айырмашылығын 
жоғары деңгейде ұстау үшін сұйықтық жылжу керек, яғни оны шикізаттың 
қабатынан өткізу қажет. Осы жағдайды келесі фактор ретінде санайды:
Экстракциялау процесінің сірінділеу 
жылдамдығына әсер ететін факторлар:



Гидродинамикалық жағдайлар. Экстрагентті үздіксіз алмастырғанда, яғни 
сұйықтықты шикізат қабатынан тіке немесе кері ағында өткізгенде, концентрация 
айырмашылығы шикізат толық сығындалғанға дейін жеткілікті жоғары деңгейде 
болады. Экстрагентті үздікті алмастырғанда оның әр порциясында диффузия 
процессі бірте-бірте баяулап, концентрациялар теңеседі, себебі экстрагенттің әр 
порциясы экстрактивті заттары азайған. Ол толық сығындалғанша шикізатпен 
қатысады.
Экстракциялау процесінің сірінділеу 
жылдамдығына әсер ететін факторлар:



Температура. Молекулалардың ретсіз қозғалысының кинетикалық энергиясына 
температураның әсері туралы жоғарыда айтылған. Температураның жоғарылау 
сірінділеу процессті жылдамдатады. Бірақ осы факторды термиялық тұрақты 
экстрактивті заттардың сулы және майлы сірінділерін алу үшін қолдануға болады, 
яғни ұшқыш емес экстрагентті пайдаланғанда. Осы жағдайда да шикізаттың кейбір 
түрлерінде ыстық су қолданғанда крахмалдың клейстеризациясы, кейбір заттардың 
(ақуыздар, пектиндер және т.б.) пектизациясы өту мүмкін. Соның нәтижесінде процесс 
едәуір баяулайды, ал алынған сірінділер шырышты және мөлдір емес болады. 
Сондықтан, әдетте, кейбір жағдайда шикізатты алдын –ала ферменттерді 
инактивациялау үшін (активтілігін жою үшін) ыстық (қайнап тұрған) сумен өндегенімен
сірінділеуді бөлме температурада өткізеді. Негізінде ыстық су дәріханалық іс-
тәжірибеде- қайнатпалар мен тұнбалар технологиясында, өндірісте – қою және құрғақ 
экстрактардың технологиясында тамырларды, ағаштардың қабықтарын, қатты көң 
тәрізді (кожистый) жапырақтарды экстракциялау үшін жиірек қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет