Экстракциялаудың теориялық негіздері. Экстракциялаудың толықтығы мен жылдамдығына әсер ететін факторлар. Экстракциялау әдістері



Pdf көрінісі
бет7/8
Дата18.10.2022
өлшемі0,89 Mb.
#43952
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
6 дарис

Чулковтың реперколяциялық тәсілі. Бұл тәсілді 1943 жылы Н.А. Чулков 
ұсынған болатын және ол ірі өндіріс орындарында қолданылады. Экстракциялау 
4-
5 және одан да көп перколяторлар батареясында қарсы ағым принципі 
бойынша жүргізіледі. Экстракциялаудың екі кезеңі болады: іске қосу және жұмыс 
кезеңдері. Іске қосу кезеңінде күнделікті бір перколяторды шикізатпен толтырады. 
Шикізатты тең бөліктерге бөледі. Шикізатты суландыру және жібіту үшін өсімдік 
шикізаты салмағына қарасты экстрагенттің үш бөлігі қабылданған. 



Қарсы ағымды экстракция. Бұл тәсілдің мәнісі – экстрагенттің толықтау 
сығындалған шикізаттан аздау сығындалған шикізатқа экстрактивті заттармен 
қаныққанға дейін көп сатылы қозғалуында.



Циркуляциялық экстракция. Бұл 
тәсілдiң мәнi өсiмдiк шикiзатын 
ұшқыш экстрагенттiң бiр бөлiгiмен көп 
қайтара экстракциялауда (мысалы, 
эфир, хлороформ, хлорлы метилен 
және т.б.). Экстракция «Сокслет» 
типтi аппаратта тұйық циклде 
жүргiзіледi. 



Экстракциялау процессiн қарқындату. 

Экстракциялық препараттар өндiрiсiнің жетiлуiне байланысты дәрiлiк өсiмдiк 
шикiзатын өңдеудiң тиiмдi тәсілдерi жасалынып, жетiлдiрiлуде. 

Экстракциялау тәсiлдерiн қарқындату қатты дене - сұйықтық системасында 
дыбыстық немесе ультрадыбыстық диапазондарда тербелмелi қозғалыстар тудыру 
арқылы iске асырылады. Бұл гидродинамикалық жағдайларды өзгертедi. Ортаның 
бөлшектерi қатты механикалық және гидродинамикалық соқтығуларға 
ұшыратылады, бұл капиллярлық әсердiң, iшкi және сыртқы диффузиялардың 
күшеюiне себеп болады, сөйтiп, масса алмасу процессiнiң жылдамдығы көтерiледi. 

Әсер етушi заттардың шикiзаттан сығындалу дәрежесiн жоғарылату үшiн 
экстракциялауды экстрагенттiң турбуленттi ағымында жүргiзуге болады. 
Сұйықтықтың шикiзат қабаты арқылы вибрациясы, пульсациясы, ультрадыбыс, 
материалды электрлiк өңдеу және т.б. әдiстер қолданылады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет