▪
Шикізаттың ұнтақтау дәрежесі. Осы мән неғұрлым жоғары болса, солғұрлым
шикізат бөлшектер мен экстрагенттің арасында қатынасу беттік ауданы жоғары
болады. Бірақ тәжірибеде көрсетілген шикізатты өте ұсақ ұнтақтауға болмайды,
себебі клеткалардың бұзылу нәтижесінде экстракциялаудың орнына клетканың
ішіндегі заттардың толық (әсер етуші заттармен бірге балластыда заттардың)
шайылып экстрагентке шығу өтеді. Сонда сірінділер мөлдір емес, қиын
тазартылатын және жақсы сүзілмейтін болады. Процесстің өзі шикізаттың
тығыздану және шырыштану нәтижесінде баяулайды, себебі экстрагенттің
тығыздылған шикізаттан өту жылдамдығы төмендейді.
▪
Дегенмен, шикізаттың әр түріне ұнтақтау дәрежесі оның морфологиялық
құрылысына және құрамындағы заттардың химиялық табиғатына байланысты
тәжірибелік жолымен анықталатыны белгілі болады.
Достарыңызбен бөлісу: