Экстракциялаудың теориялық негіздері. Экстракциялаудың толықтығы мен жылдамдығына әсер ететін факторлар. Экстракциялау әдістері



Pdf көрінісі
бет6/8
Дата18.10.2022
өлшемі0,89 Mb.
#43952
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
6 дарис

Мацерация немесе жібіту (лат. maceratio) –
экстракциялаудың статикалық тәсілдеріне жатады. Көп 
жылдар бойы ол тұндырмалар мен экстрактар алу үшін 
негізгі тәсіл болып келді және МФ VIII басылымына 
енгізілген болатын. Тәсілдің мәнісі мынада: ұнтақталған 
шикізатты экстрагенттің есептелген қажетті мөлшерімен 
мацерациялық баққа салып, бөлме температурасында 
(15-
20ºC) 7 тәулік бойына жібітіп қояды, әлсін-әлсін 
араластырып отырады. Сонан соң, сығындыны құйып 
алады, қалған қалдықты сығымдап, өңделген шикізатты 
таза экстрагентпен шайып алады да, сығындыларды 
біріктіріп, көлемін өлшейді. Егер алынған сығындының 
көлемі берілген көлемге тең болмаса, онда тиісті 
көлемге дейін таза экстрагент қосады.
Негізгі қондырғы ретінде мацерациялық бактар немесе ағаш бөшкелер 
қолданылады. Әр сығындының түріне арнайы бактар немесе ағаш 
бөшкелер пайдаланылады. Өйткені, ағаш бөшкелерге дәрі шөптің иісі 
мен дәмі сіңіп қалады



Ремацерация немесе бөлшекті мацерация
Бұл – экстрагентті немесе шикізат пен 
экстрагентті бөлшекке бөле жүргізілетін 
мацерация тәсілінің бір түрі.



Перколяция – (лат. percolatio - сүзу) динамикалық тәсілдерге жатады. Бұл тәсіл 
бойынша шикізат арқылы экстрагенттің үздіксіз ағымы өткізіледі, яғни, оның 
өсімдік материалының қабаты арқылы сүзілу процессі жүреді.



Реперколяция немесе көп қайтара перколяциялау. Бұл тәсіл алғаш рет АҚШ-та 
ұсынылған болатын. Тәсілдің мәнісі мынада: шикізатты бірнеше бөліктерге бөліп, әрбір 
келесі шикізат бөлігін алдыңғы шикізаттан алынған сығындымен перколяциялайды. 
Бұл әдіс бойынша 3-5 немесе одан да көп перколяторлар батареясы қолданылады. Бір 
перколятордан алынған сығынды келесі перколятордағы шикізатты сығындауға 
қолданылады.

Бұл тәсіл әрі қарай қойылтуды жүргізбей-ақ, концентрлі сығындылар алуға мүмкіндік 
береді. Реперколяцияның 20-ға жуық әртүрлі варианттары бар. Біздің елде Н.А. 
Чулковтың реперколяция тәсілі белгілі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет