Экзаменационные тесты по дисциплине «детские болезни» для студентов 6 курса 2010-2011 уч



бет3/9
Дата26.10.2022
өлшемі2,24 Mb.
#45566
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
каз

Кардиология (320)

996. Эритема пайда болуымен, периорбитальды ісінумен, бұлшықет гипотрофиясы түрінде көрінетін көлденең жолақты бұлшықет зақымдануымен, жайылған сіңірлік-бұлшықетті контрактурамен, көптеген беткей кальцинаттар түзілуімен жүретін дәнекер тінінің жүйелі ауруы:


а. ЖҚЖ
б. ЮРА
в. дерматополимиозит
г. түйінді периартериит
д. жүйелі склеродермия
998. Ырғақ пен өткізгіштік бұзылысының қай түрі жасқа сай қалып вариантына жатады:
а) синустық аритмия
б) сирек қарыншалық экстрасистола
в) Гис шоғырының оң аяқшасының толық емес бөгеті
г) атриовентрикулярлық өткізгіштік блокадасының I-дәрежесі
д)тыныстық аритмия

999. Балалар аритмиясына тән, БІРЕУІНЕН БАСҚА:


а) тұқымқуалаушылық мәнді
б) анықталады, мысалы диспансерлік байқауда
В) шағымдары: жүрек қағуы, соғуы жиілеуі
г) негізінен функционалдық
д) олардың дамуында вегетативтік ығысулар мәні зор

1000. ЭКГ-да синустық тахикардия байқалуы тән БІРЕУІНЕН БАСҚА:


а) миокардит
б) жабысқақ перикардит
в) миокард дистрофиясы
г) экссудативті перикардит
д) артериалдық гипотензия

1001. Пароксизмалдық тахикардия диагнозын қоюда ең алдымен жүргізілетін тексеру түрі:


а) рентгенография
б) ЭКГ
в) ФКГ
г) қандағы калий деңгейін анықтау
д) ЭхоКГ


1002. Пароксизмальды тахикардияға тән симптом болып табылады:
а) жүрек жиырылу жиілігі 120 рет минутына
б) жүрек жиырылу жиілігі минутына 160-180 ретте жоғары
в) жүрек жиырылу жиілігі 140 рет минутына
г) жүрек жиырылуының түсіп қалып отыруы
д) жүрек жиырылу ырғағы дұрыс емес

1003. Синустық брадикардия тән БІРЕУІНЕН БАСҚА :


а) вирустық гепатит
б) грипп
в) жүрек жетіспеушілігі
г) артериалдық гипотензия
д) гипотиреоз

1005. Экстрасистолия дамуына қатысы бар жүрек функциясы бұзылысы:


а) автоматизм
б) қозғыштық
в) өткізгіштік
г) жиырылу
д) рефрактерлік

1006. Жүрекше дірілі мен жыбыры жүрек функциясы бұзылысын көрсетеді:


а) автоматизм
б) қозғыштық
в) өткізгіштік
г) жиырылу
д) рефрактерлік


1007.Пароксизмальды тахикардияға тән бұзылыс:
а) автоматизм
б) қозғыштық
в) өткізгіштік
г) жиырылу
д) рефрактерлік


1008. Миокардта метаболизді жақсартатын препараттар БІРЕУІНЕН БАСҚА:
а) рибоксин
б) оротат калия
в) гепадиф
г) актовегин
д) эуфиллин

1009. Синустық тахикардия байқалады БІРЕУІНЕН БАСҚА:


а) физикалық жүктеме
б) психикалық жүктеме
в) токсикоз
г) анемия
д) гипотермия

1010. Әсер ету механизміне қарай антиаритмиялық дәрілердің бөлінуі БІРЕУІНЕН БАСҚА:


а) мембрана тұрақтандырушылар
б) β-адреноблокаторлар
в) антиадренергиялық
г) кальций каналының антагонистері
д) калий антагонистері


1011.Жүректің өткізгіштік қызметі бұзылған кезде анықталады:
а) экстрасистолия
б) пароксизмальды тахикардия
в) АВ - блокада
г) синустық брадикардия
д) альтернирлеуші пульс


1012.Жүректің жиырылғыштық қызметі бұзылған кезде анықталады:
а) АВ - блокада
б) парадоксальды пульс
в) синусты тахикардия
г) синусты брадикардия
д) пароксизмалды тахикардия


1013.Ауруханаға дейінгі сатыда пароксизмальды тахикардия ұстамасы кезінде қажет БІРЕУІНЕН БАСҚА :
а) Ашнер-Данини сынамасын жүргізу
б) құсу шақыру
в) каротидті синусты басу
г) «күн сәулесі өрімін» басу
д) су беру


1014.Пароксизмальды тахикардия ұстамасында тиімді болып табылады БІРЕУІНЕН БАСҚА:
а) изоптин
б) новокаинамид
в) атропин
г) верапамил
д) обзидан


1015. Инфекциялық эндокардит кезіндегі тиімді препараттар кешені:
а) пенициллин, метотрексат, аспаркам
б) гепарин, курантил, фуросемид
в) ровамицин, иммуноглобулин, гепарин
г) ортофен, спленин, рибоксин
д) преднизолон, гепарин, нимесид


1017.8 жасар балада жүрек шекарасының көлденеңінен ұл,аюы, жүрек тондары тұйықталған. Жүрек ұшында жұмсақ систолалық шу, ретсіз экстрасистолиялар. Екі апта бұрын ауыр дәрежелі ЖРВИ ауырған. Диагнозыңыз:
а) ревматикалық қызба
б) жедел миокардит
в) туа біткен жүрек ақауы
г) митральды қақпақша пролапсы
д) инфекциялық эндокардит


1018. 10 жасар баланы емханада қарап, жедел миокардит анықталды. Диагнозды негіздеу үшін қажет аса тиімді зерттеу болып табылады:
а) ЭКГ
б) жүрек рентгенографиясы
в) велоэргометрия
г) ЭхоКГ
д) эховазография

1020. 11 жасар ұлдың анамнезінен: ауруханаға түсерден 2 апта бұрын фолликулярлық баспадан соң оң тізесі, сосын сол тізесі ісінді. Жүрек шекарасы солға және жоғары жылжыған, І-үн әлсіз, p.max. жүрек ұшында дөрекі систолалық шу. Болжам диагноз:


а) бактериалдық эндокардит
б) ревматикалық емес кардит
в) ревмокардит, артрит
г) ІБЖА
д) инфекциялық эндокардит

1021. Анасы 1 жасар баласымен үчаскелік педиатрға қаралды. Өкпе жағынан патологияны шектеу үшін R-грамма жасалды, онда жүректің барлық жағына кеңейгені анықталды. Жүрек үндері өте көмескі, митралдық клапан жетіспеушілігіне тән систолалық шу. Болжам диагноз:


а) миокардит
б) туа біткен жүрек ақауы
в) іштен болған кардит (фиброэластоз)
г) митральды қақпақша пролапсы
д) кардиомиопатия

1022. 4 айлық баланың R-граммасында жүрек үлкен шар тәрізді. Жүрек үндері көмескі, ритмді, шу жоқ. Туғаннан баланың салмақ қосуы нашар, емізген кезде шаршайды, жиі суықтанады. Сіздің диагнозыңыз:


а) инфекциялық эндокардит
б) перикардит
в)туа біткен кеш кардит
г) фиброэластоз (туа біткен ерте кардит)
д) кардиомиопатия

1023. 5 айлық балаға қойылған диагноз: Туа біткен кеш кардит. Ауруды емдеуге қажет дәрілер:


а) индометацин, преднизолон
б) димедрол, коргликон
в) пенициллин, лазикс
г) эритромицин, рибоксин
д) аспаркам, пенициллин

1024. Гипертрофиялық кардиомиопатия кезінде жиі шағымданады:


а) жүрек аймағындағы ауру сезіміне
б) жөтелге
в) жүрек демігу ұстамаларына
г) жүрек соғысы өзгерісін сезінуіне
д) бас айналуына
1027. Кадиомиопатия диагнозын растайтыны:
а) ЭКГ
б)ЭхоКГ
в) кеуде рентгенографиясы
г) ФКГ
д) жүрек тамырларының ангиографиясы
1029. Сепсис фонында 6 жасар балада кенет жағдайы нашарлады: t-39,8°С, қалпы мәжбүрлі. Жүрек шекаралары кеңіген, тахикардия, перикард үйкеліс шуы естіледі, кейіннен жоғалады. ЖҚА: гиперлейкоцитоз нейтрофильді солға жылжумен, ЭТЖ 62 мм/сағ. Болжам диагноз:
а) инфекциялық эндокардит
б) серозды перикардит
в) іріңді перикардит
г) жедел миокардит
д) кардиомиопатия

1030. 5 жасар қыз балада ЖРВИ-дан соң жағдайы күрт нашарлады, ентігу пайда болды, жүрек аймағында тұйық ауру сезімі; мәжбүрлі қалыпта жүресінен отыр. Жүрек шекарасы барлық жаққа кеңейген. Жүрек үндері керең. Артериялық қысымы төмендеген, мойын көктамырларының ісінуі:


а) миокардит, созылмалы ағым
б) экссудативті перикардит
в) бронхопневмония
г) экссудативті плеврит
д) инфекциялық эндокардит

1031. Перикард үйкелісінің белгілері БІРЕУІНЕН БАСҚА:


а) жақсы естілуі тек шектелген көлемде, жүрелей жатқанда, демді ішке алғанда, шалқайғанда
б) тұрақсыз, бірер сағаттан соң жоғалады
в) шуылдың қолтық астына берілуі
г) жүрек үндерімен байланысы жоқ
д) тізе-шынтақ қалпында жақсы естіледі

1032. Перикард қуысына сұйық жиналу белгілері БІРЕУІНЕН БАСҚА:


а) қабырғааралықтарының тегістелуі
б) төстік «бұлтиуы»
в) жүрек шекарасының жатқанда ұлғайып, отырғанда кішіреюі
г) жүрек шекарасының жылдам ұлғаюы
д) «тамшы» тәрізді жүрек

1033. Жедел перикардит салыстырмалы диагностикасы жүргізіледі БІРЕУІНЕН БАСҚА:


а) пневмония
б) пневмоторакс
в) жедел холецистит
г) жедел миокардит
д) жедел аппендицит

1034. Жедел экссудативті перикардиттегі рентгенограмма сипатталады, БІРЕУІНЕН БАСҚА:


а) жүрек көлеңкесі шар тәрізді
б) жүрек көлеңкесінің науқас қозғалысына қарай өзгерісі
в) төменгі сол бөлік ателектазы (Эверт с-мы)
г) пульсация төмендеуі
д) плевраға сұйық жиналуы

1035. Перикард бұзылысының нақты белгілері, БІРЕУІНЕН БАСҚА:


а) үндер кереңдігі («алыстан естіледі»)
б) тахикардия
в) перикард үйкеліс шуы
г) перикардиальды тоны
д) анық үндер

1036. Экссудативті перикардиттегі жедел көмек бастамасы (1):


а) преднизолон
б) жүрек гликозиді
в) маннитол, лазикс
г) перикард пункциясы
д) ӨЖЖ (ИВЛ)

1037. 12 жасар ұлда баспадан соң анықталғаны: енжарлық, субфебрилитет, жүрек шекарасының кеңеюі, жүрек ұшында І-үн әлсіреуі, осы жерде үрлеген тәрізді систолалық шу; тізе буынының артриті. Анамнезінде жиі баспамен ауырады.Болжам диагноз:


а) инфекциялық эндокардит
б) қарынша аралық перде ақауы
в) ревматикалық қызба
г) митральдық қақпақша стенозы
д) ювенильді ревматоидты артрит

1038. 8 жасар бала физикалық жүктемеден соңғы ентігуге шағымданады. Жоғары қызумен жүретін баспамен жиі ауырады. Бозғылт. Жүрек шекарасы солға жылжыған. Жүрек ұшында І үн әлсіз, осы жерде І үнмен байланысты дөрекі систолалық шу естіледі. Болжам диагноз:


а) ревматикалық қызба
б) ревматикалық қызба, белсенді кезең; екіншілік ревмокардит, митралдық қақпаөша жетіспеушілігі
в) ревматикалық қызба, белсенді кезең, біріншілік ревмокардит
г) ревматикалық қызба, екіншілік ревмокардит, митралдық қақпақша стенозы
д) ТЖА: өкпе артериясының стенозы

1039. 8 жасар қыз баланың оң тізесі ауырады, физикалық жүктемеден соң ентігу, t-37,8оС. 3 апта бұрын – лакунарлық баспа. Жүрек шекарасы солға жылжыған, І-үн көмескі, жүрек ұшында систолалық шу. Оң тізе буыны ісінген, басып қарағанда ауырады. Анамнезінде жиі баспамен ауырады. Болжам диагноз:


а) реактивті артрит
б) ювенильді ревматоидты артрит
в) миокардит жедел
г) ревматикалық қызба, біріншілік ревмокардит, моноартрит;
д) инфекциялық эндокардит


1040. 10 жасар созылмалы тонзиллитпен науқас ұл балада әлсіздік, жүрек шекарасының солға және жоғары ұлғайғандығы, І тон тұйықталуы, жүрек ұшында р.mах. бірге үрлеген қолтықастына берілетін систолалық шу естілетіндігі анықталды. Болжам диагнозы:
а) инфекциялық эндокардит
б) ҚАПА
в) митральды қақпақша жетіспеушілігі
г) митральды қақпақша стенозы
д) жедел миокардит

1041. 8 жасар ұлдың жүрегінде дөрекі, ұзақ мерзімді систолалық шу, p.max. – жүрек ұшы, жүректен тыс аймаққа беріледі. Мұндай шу қандай ақауға тән?


а)митралдық қақпақша стенозы
б) аорта қақпақша жетіспеушілігі
в) аорта сағасының стенозы
г) митралдық қақпақша жетіспеушілігі
д) ашық артериалдық өзек (Боталл)
1043. Кіші хорея симптомдарына жатады, БІРЕУІНЕН БАСҚА:
а) Гордон симптомы
б) Черни симптомы
в) Филатов симптомы
г) «сылбыр иық» симптомы
д) Мюссе симптомы

1044. Митралдық қақпақша жетіспеушілігіне тән БІРЕУІНЕН БАСҚА:


а) жүрек шекарасының солға кеңеюі
б) ЭКГ жүрек электр өсінің солға жылжуы
в) І-үнмен байланысты систолалық шу
г) систолалық шу, p.max. жүрек ұшында
д) ІІ-үн әлсіреуі

1045. Таза митралдық қақпақша стенозына тән БІРЕУІНЕН БАСҚА:


а) І-үн күшеюі
б) диастолалық шу пресистолалық күшеюмен
в) ІІ-үн акценті
г) митралдық қақпақшаның «шартылдап» ашылуы
д) систолалық шу

1046. Аорта клапаны жетіспеушілігіне тән, БІРЕУІНЕН БАСҚА:


а) жүрек ұшы түрткісінің солға ығысуы
б) систолалық шу
в) протодиастолалық шу
г) «каротидтер биі»
д) жүрек пішіні етік тәрізді


1047.10 жасар қыз бала 1 айдан бері ауырады. Әлсіздік, шаршағыштық, артралгия, арықтауға, шашының түсуіне шағымданады. Мұрнының үстінде және ұртттарында эритема анықталады, қышымайды. t­ 38,5С°. Тізе, балтыр-табан буындары ісінген, ауру сезімімен. ЖҚА: ЭТЖ жоғары, гиперпротеинемия, гипергаммаглобулинемия, лейкопения. Болжам диагнозы (1):
а) ревматизм
б) ЮРА
в) жүйелі қызыл жегі
г) дерматополимиозит
д) аллергиялық дерматит


1049. Жүйелі қызыл жегіге тән лабораториялық өзгерістер , БІРЕУІНЕН БАСҚА :
а) гипохромды анемия
б) тромбоцитопения
в) лейкопения
г) СРБ оң
д)диспротеинемия


1050. 13 жасар қыз бала бұлшықет атрофиясымен майда буындарының деформациясы көрінеді, қатты таңдайында энантема, стоматит белгілері, шашының қатты түсуі, ентігу, тұрақты құрғақ жөтел. Өкпесінде тынысы әлсіреген, төменгі бөлімінде дыбыссыз ылғалды сырылдар. Жүрек үндері тұйықталған, тахикардия. ЖҚА: ЭТЖ өте жоғары, лейкопения. Болжам диагнозы:
а) ЖҚЖ
б) ЮРА
в) түйінді полиартериит
г) ревматизм, кардит, артрит
д) дерматомиозит

1052. Люпус-нефритке тән БІРЕУІНЕН БАСҚА:


а) жекеленген зәрлік синдром
б) нефротикалық синдром
в) жылдамүдемелі нефрит
г) бүйрек жетіспеушілігі
д) нефриттік синдром

1053. 12 жасар баланың екі қабағында қызғылт эритема. Басып қарағанда иық, балтыр еттерінің ісіңкі қаттылығы. Әлсіздік, төсектен тұру, жүруге қиналады. Болжам диагноз:


а) дерматополимиозит (ДМ)
б) ЖҚЖ
в) жүйелі склероз (ЖС)
г) түйінді полиартериит
д) аллергиялық дерматит

1054. 8 жасар балада бұлшық еті ауырып, әлсіздік, артралгиялар, білінді. АҚҚ - 160/120 мм.с.б. Көз көруі күрт төмендеп, дистрофия байқалды. Диагнозын қойыңыз:


а) ЖҚН
б) дерматополимиозит
в) түйінді полиартериит
г) ревматикалық қызба
д) жүйелі склеродермия
д) миокардит
1056. 12 жасар баланың қаралғандағы шағымдары: тері қатаюы және оның атрофиясы, қол тоңғақтығы, қолдың кіші буындарының тұрақты деформациясы мен анкилозы. Байқап қарағанда: беті «маска» тәрізді, ауызы толық ашылмайды; шырыштар субатрофиясы, саусақтары көрнекті бүгу контрактурасы жағдайында; тырнақтары бүгулі, «құс тырнақтарына» ұқсас.
Болжам диагноз:
а) ЮРА
б) дерматополимиозит
в) жүйелі склеродермия
г) жүйелі қызыл ноқта
д) түйінді полиартериит

1057. 12 жасар баланың қаралғандағы шағымдары: тері қатаюы және оның атрофиясы, қол тоңғақтығы, қолдың кіші буындарының тұрақты деформациясы мен анкилозы. Байқап қарағанда: беті «маска» тәрізді, ауызы толық ашылмайды; шырыштар субатрофиясы, саусақтары көрнекті бүгу контрактурасы жағдайында; тырнақтары бүгулі, «құс тырнақтарына» ұқсас. Бұл ауру емінің қажет дәрісі:


а) делагил
б) индометацин
в) имуран
г) аспирин
д) преднизолон


1058.“Құс беті” тән:
а) түйінді полиартериитке
б) жүйелі склеродермияға
в) ЖҚЖ
г) дерматополимиозит
д) ЮРА


1059. Түйінді полиартериит диагнозын қоюда мына негізгі симптомдар үлкен роль алады , БІРЕУІНЕН БАСҚА:
а) терілік, тромбангиялар
б) бұлшықеттік
в) кардиальды
г) неврологиялық
д) буындық


1060.Бронх демікпесі синдромы тән:
а) ЮРА
б) ЖҚЖ
в) ревматикалық қызба
г) түйінді полиартериит
д) дерматополиомиозит
1061.Кенет бұлшықет әлісздігі тән:
а) ЖҚЖ
б) дерматополимиозит
в) жүйелі склеродермия
г) ревматизм
д) ЮРА


1062.Қамыр тәрізді консистенциялы бұлшықеттердің ошақты тығыздануы:
а) жүйелі склеродермияда
б) ЮРА
в) ЖҚЖ
г) дерматополимиозитте
д) түйінді полиартериитте


1063.Бұлшықет кальцинозы тән:
а) ревматизмге
б) түйінді полиартериитке
в) дерматополимиозитке
г) ЖҚЖ
д) ЮРА


1064. Жүрек жетіспеушілігі дамуының себептері болып табылады , БІРЕУІНЕН БАСҚА:
а) кардиомиопатия
б) ритмі мен өткізгіштігінің бұзылысы
в) өкпе созылмалы аурулары
г) жүрек ақаулары
д) аллергия


1065. Қантамырлық жетіспеушілік себептері , БІРЕУІНЕН БАСҚА :
а) улану
б) инфекция
в) аллергия
г) нейрогенді себептер
д) миокардит


1066. 3 жасқа дейінгі балаларда жүрек жетіспеушілігінің себептері болып табылады , БІРЕУІНЕН БАСҚА:
а) аорта коарктациясы
б) ҚАПА
в) фиброэластоз
г) пароксизмальды тахикардия
д) ревматикалық қызба


1067. Ересек жастағы балаларда жүрек жетіспеушілігінің себептері , БІРЕУІНЕН БАСҚА:
а) ревматикалық қызба
б) созылмалы кардит
в) инфекциялық эндокардит
г) ҚАПА
д) митралды қақпақшаның стенозы


1068. Сол қарыншалық жетіспеушілікке алып келеді , БІРЕУІНЕН БАСҚА :
а) миокардит
б) инфекциялық эндокардит (сол жақ қақпақшалардың зақымдануымен жүретін)
в) аорта коарктациясы не стенозы
г)артериялық гипертензия
д) +пневмония


1069. Оң қарынша жетіспеушілігіне алып келетін себептер , БІРЕУІНЕН БАСҚА:
а) өкпе артериясының стенозы
б) перикардит
в) пневмония
г) бронх демікпесі
д) миокардит


1070. Жедел сол қарыншалық жүрек жетісепеушілігіне тән , БІРЕУІНЕН БАСҚА:
а) тахикардия
б) тахипноэ
в) “ат шабысы ритмі”
г)өкпеде ылғылды сырылдар
д) бауыр ұлғаюы


1071. Оң қарыншалық жүрек жетіспеушілігіне тән симптом:
а) өкпедегі ылғалды сырылдар
б) бауыр ұлғаюы
в) ентігу
г) брадикардия
д) «ат шабысы ритмі»


1074.Калийұстап қалушы диуретиктерге жатады :
а) верошпирон
б) гипотиазид
в) фуросемид
г) диакарб
д) маннит


1075. Жедел жүрек жетіспеушілігіндегі стартты препарат:
а) кофеин
б) камфора
в) кордиамин
г) мезатон
д) строфантин

1077. 10 жасар ұл бала, соңғы жылы буындардың таңертеңгі құрысуы байқалады, төсектен тұрып, киіну қинайды. Байқап қарағанда: саусақ фалангааралық буындарының деформациясы, қозғалысы шектелуі. Ішкі ағзаларда өзгеріс жоқ. Болжам диагноз:


а) рематизм
б) Рейтер с-мы
в) реактивті артрит
г) ЮРА
д) бруцеллез

1078. 10 жасар бала клиникаға түсті: t- 40 0С, уртикарлы бөртпе, қол-аяғының кіші буындарының ісінуі мен ауыруы, кейін басқа да буындар, оның ішінде омыртқа бағанының мойын бөлігі. Микрополиадения. Жүрек шекарасы кеңейген, үндері көмескі, жүрек ұшы мен бесінші нүктеде систолалық шу. Өкпесінде везикулярлық тыныс. Іші жұмсақ, гепато-лиеналдық синдром. ЖҚА: қабынулық өзгерістер. ЖЗА: нефрит белгілері. Клиникалық диагнозы:


а) ЖҚЖ (СКВ)
б) ЮРА (Стилл синдромы)
в) ревматизм
г) бруцеллез
д)ЮРА (буындық түрі)


1079. ЮРА қолайсыз болжамының белгілері (1):
а) тізе буындарының зақымдануы
б) омыртқа мойын бөлімінің зақымдануы
в) балтыртабан буындарының зақымдануы
г) аяқ-қол майда буындарының зақымдануы
д) иық буындарының зақымдануы
1084. Бала 5 жасар. Анасы жүкті кезінде 2 рет пневмониямен ауырған. Объективті: парастерналды «өркеш», жүрек ұшы түрткісі жоғары, төмен жылжыған, р.мах.-ІІ-қабырғааралық пен төстің сол қырында систола-диастолалық шу арқаға беріледі; жүрек ұшында митралдық клапан жетіспеушілігінің систолалық шуы; а.рulm. үстінде ІІ-үн акценті. АҚҚ-80/20 мм.с.б. Пульс-жоғары, жылдам. Болжам диагноз:
а) ашық артериалдық өзек (ААӨ-Боталл)
б) өкпе артериясының стенозы
в) қарыншааралық перде ақауы
г) ЖАПА
д) Фалло ауруы
1085. Бала 1 жасар. Жүрек шекарасы солға және жоғары жылжыған. Төс пен сол ІІ-қабырғааралағы арасында систоло-диастолалық «машина» шуы, жүрек ұшы мен мойын тамырларына беріледі. Сіздің диагнозыңыз:
а) қарыншааралық перде кемістігі
б) ЖАПА
в) Фалло тетрадасы
г) ашық артериалдық өзек (Боталл)
д) аорта коарктациясы
1086. 10 айлық бала. Тыныштықта ентігу. Периодты түрде ентігу-көгеру ұстамалары бар. Есінен танумен екі рет тырысу болды. Тері жабындылары цианотикалық. ІІІ-ІҮ қабырғааралықтарында p.max. бірге дөрекі систолалық шу. Гемограммада – полицитемия. Болжам диагнозы :
а) Фалло тетрадасы, ентігу-көгері ұстамасы
б) эпилепсия
в) ҚАПА
г) ашық артериялық өзек
д) Картагенер синдромы


1089. Кеуде қуысы мүшелерінің рентгенограммасында жүрек көлеңкесі «бүйіріне жатқан жұмыртқа» тәрізді, ол тән:
а) ҚАПА
б) магистральды қантамырларының транспозициясы
в) ашық артериялық өзек
г) Фалло ауруы
д) өкпе артериясының стенозы


1090.Эйзенменгер синдромы, бұл , БІРЕУІНЕН БАСҚА :
а) ҚАПА субаортальды орналасуы
б) өкпе қантамырларындағы склеротикалық өзгерістер
в) өкпе артериясы бағанының дилатациясы
г) оң қарынша миокардының гипертрофиясы
д) ЖАПА


1091. Толочинов-Роже ауруы – бұл:
а) қарыншааралық перде бұлшықетті бөлімінің ақауы
б) аорта қақпақшасы стенозы
в) митральды қақпақша стенозы
г) жалғыз қарынша
д) магистральды қантамырларының траспозициясы


1092.Ентігу – көгеру ұстамалары – негізгі симптомы :
а) Фалло тетрадысының
б) митральды қақпақша жетіспеушілігінің
в) ҚАПА
г)ашық артериялық өзектің
д) аорта коарктациясының


1093. Кубитальды артерияда кернелген пульс не сан артериясында пульстің әлсіреуі анықталады:
а) аорта коарктациясында
б) өкпе артериясының стенозында
в) митральды қақпақша жетіспеушілігінде
г) үш жармалы қақпақша жетіспеуішлігінде
д) ЖАПА

1096. Фалло тетрадасы кезінде ентігу-көгеру ұстамасын жою үшін қолданылады:


а). промедол, немесе кордиамин
б). дигоксин, немесе коргликон
в). лазикс немесе фуросемид
г). рибоксин немесе милдронат
д).аспаркам немесе строфантин

1097. Қарыншааралық перде ақауы кезінде шу естіледі:


а). жүрек ұшында
б). сол жақ екінші қабырғааралықта
в). Оң жақ екінші қабырғааралықта
г). төстен сол жақ үшінші-төртінші қабырғааралығында
д). оң жақ төртінші-бесінші қабырғааралығында

1099. Қайталамалы ревмокардит сипатталады , БІРЕУІНЕН БАСҚА:


а). субфебрилитетпен
б).таңертенгілік құрысу
в). Буындық синдроммен
г). жүрек салыстырмалы шекарасы тұйықтығының солға жылжуы
д). жүректе жаңа органикалық шудың пайда болуы

1100. Ревмокардитттің клиникалық көріністеріне жатады , БІРЕУІНЕН БАСҚА:


а). тахикардия
б). жүрек салыстырмалы шекарасы тұйықтығының солға жылжуы
в). функционалды систолалық шу
г). жүрек ұндері тұйықталған
д). қатаң сықырлаған систолалық шу


1105. Ювенильді созылмалы артрит дигностикалық критерийлері , БІРЕУІНЕН БАСҚА:
а) кардит
б) симметриялық ірі буындардың зақымдануы
в) таңертеңгілік құрысу
г) аннулярлы эритема
д) бұлшық ет атрофиясы
1107. Түйінді полиартериитке тән клиникалық симптомдар , БІРЕУІНЕН БАСҚА:
а) көбелек симптомы
б) зәрлік синдром
в) артериялық қысым жоғары
г) құрғақ гангрена
д) ливедо

1108. 13 жасар бала. Бас айналуына, психоэмоциональды жүктемеден кейін жүрек қағуына шағымданады. Қарап тексергенде: терісі боз, қызғылт дермографизм, алақандарының гипергидрозы. АҚ 130/80 мм с.б.б. Жүрек тондары анық, ұшында функционалды шу. Болжам диагнозыңыз:


а) тапшылықты анемия
б) вегетоқантамырлық дистония
в) жедел миокардит
г) симптоматикалық гипертензия
д) бактериялық эндокардит

1110. Автоматизм бұзылыстарымен шақырылған аритмияға жатады:


а) синусты тахикардия
б) экстрасистолия
в) пароксизмалды тахикардия
г) АВ-блокада
д) қарыншалар фибрилляциясы

1111. Жүрекшеішілік өткізгіштік бұзылысына жатады:


а) синусты брадикардия
б) жүрекше дірілі
в) атриовентрикулярлы блокада
г) пароксизмальды тахикардия
д) жыпылықтағыш аритмия

1112. Жүрек ритмі бұзылысын анықтау үшін жүргізіледі:


а) кеуде қуысы мүшелерінің рентгенограммасы
б) электрокардиография
в) электроэнцефалография
г) эхокардиография
д) электромиография

1113. 7 жасар ұл бала. Шағымы кенет пайда болатын және кенет аяқталатын жүрек қағуының жиілеуімен жүретін ұстамалар. Болжам диагноз:


а) синусты тахикардия
б) экстрасистолия
в) пароксизмальды тахикардия
г) жүрекшеішілік блокада
д) синусты брадикардия

1114. Ұл бала 14 жаста. Физикалық жүктемеден кейін ентігуге, жүрек қағуына, жүрек аймағында ауру сезіміне шағымданады. Аускультативті: жүрек тондары ретсіз пайда болуы анықталады, ырғағы дұрыс емес. І тон әртүрлі естіледі. ЭКГ: Р тісі жоқ, г-толқындар тіркеледі. Жүрек ырғағы бұзылысының қай түрі:


а) синусты тахикардия
б) пароксизмальды тахикардия
в) жүрекшелер жыбыры
г) синусты түйін әлсіреуі синдромы
д) ырғақ жетекшісі көзінің миграциясы

1115. 13 жасар қыз бала. Жүрек аймағында жағымсыз сезімдерге, кеудесінде «қатып қалу» сезіміне шағымданады. Аускультативті: алдын ала тон естіледі одан кейінгі паузамен. Шынтақ артериясында пульсі әлсіз. Жүрек ырғағы бұзылысының қай түрі:


а) синусты аритмия
б) экстрасистолия
в) пароксизмальды емес тахикардия
г) синусты брадикардия
д) пароксизмальды тахикардия

1117. Бала 7 жаста. Әлсіздік, тез шаршағыштыққа шағымданады. Қарап тексергенде: жүрек шекарасы көлденеңінен ұлғайған. ІІ-ІІІ қабырғааралығында төстен солға қарай дөрекі емес систолалық шу естіледі, өкпе артериясында ІІ тон акценті. Рентгенде: жүрек оң жақ бөлімі және өкпе артериясы есебінен ұлғайған. Болжам диагноз:


а) ҚАПА
б) ААӨ
в) аорта стенозы
г) аорты коарктациясы
д) Эйзенменгер синдромы

1118. Нәресте 4 жаста. Қарап тексергенде: жүрек шекарасы шамалы солға кеңіген. Аускультативті: ІІ қабырға аралығында оң жақта дөрекі систолалық шу. Осы жерде систолалық діріл. АҚ жасына сәйкес сандардың төменгі шегінде. Рентгенде: жүрек солға ұлғайған. Жүрек ұшы көтерілген және домалақ, белі айқын. Қандай жүрек ақауы


а) ҚАПА
б) ЖАПА
в) аорта стенозы
г) ААӨ
д) магистральды қантамырларының транспозициясы
1119. Қыз бала 5 жаста. Вирустық инфекция кезінде жалпы жағдайы нашарлады. Ентігу және жүрек тұсында тұйық ауру сезімі пайда болды. Бала алға қарай еңкейіп, мәжбүрлі қалыпта отыр. Жүрек шекаралары барлық жақта айқын кеңейген. Жүрек үндері әлсіз, керең. Болжам диагноз:
а) жедел миокардит
б) экссудативті перикардит
в) жедел бронхопневмония
г) экссудативті плеврит
д) бронх демікпесі


1121. Созылмалы жүрек жетіспеушілігінің экстракардиальды белгісіне жатады:
а) ҚАПА
б) өкпе созылмалы аурулары
в) ревматикалық эндомиокардит
г) жедел миокардит
д) перикардит


1124. Дәнекер тінінің диффузды ауруларына жатады , БІРЕУІНЕН БАСҚА:
а) жүйелі қызыл жегі
б) жүйелі склероз
в) Рейтер ауруы
г) дерматополимиозит
д) түйінді полиартериит


1125. Жедел миокардит негізгі симптомдарына жатады , БІРЕУІНЕН БАСҚА:
а) бауыр мен көкбауыр ұлғаюы
б) тондарының тұйықталуы
в) әлсіздік, шаршағыштық
г) жүрек шекарасының көлденеңінен ұлғаюы
д) жүрек ұшында систолалық шу
1127. Түйінді полиартериит сыртқы белгілерін көрсетіңіз , БІРЕУІНЕН БАСҚА:
1) теріасты түйіндері
2) саусақтардың құрғақ гангренасы
3) геморрагиялық пурпура
4) ливедо
5) артериалдық гипертензия
1129. Туа біткен кардитке тән , БІРЕУІНЕН БАСҚА:
1) кардиомегалия
2) тондар қатаң
3) жүрек ұшында систолалық шу
4) тондар тұйық
5) физикалық дамуының артта қалуы
1131. Ревматикалық қызба базисті емін көрсетіңіз:
1) преднизолон, хлорбутин
2) гепарин, курантил
3) пенициллин, бруфен
4) гентамицин, супрастин
5) аспиран, рибоксин
1133. Бала 4 жаста. Жүрек шекаралары кеңіген, солға және жоғары. ІІ қабырғааралығында систолалық шу естіледі, кейін систола-диастолалық («машина тәрізді») шу жүрек ұшына өтіп, мойын тамырларына беріледі. Қай ақау болуы мүмкін?
1) ҚАПА
2) ЖАПА
3) Фалло тетрадасы
4) ашық артериялық өзек
5) аорта коарктациясы

1134. Бала 3 жаста. Физикалық дамуы артта қалған. Терісі бозғылт. Жүрек шекарасы көлденеңінен және жоғары кеңіген. Жүрек ұшының тқрткісі жайылмалы, жоғары көтерілген, төмен жылжыған. Төстен солға қарай ІІІ-ІҮ қабырға аралығында систолалық діріл және ұзақ систолалық шу естіледі. Болжам диагнозы:


1) ашық артериялық өзек
2) ЖАПА
3) оқшауланған өкпе артериясының стенозы
4) аорта коарктациясы
5) ҚАПА

1135. Фалло тетрадасының құрамдас бөлшектері , БІРЕУІНЕН БАСҚА:


1) оң қарынша гипертрофиясы
2) аортаның оңға транспозициясы
3) өкпе артериясының стенозы
4) сол қарынша гипертрофиясы
5) ҚАПА

1136. Қозу, тахипноэ, цианоз күшеюі, есінен тану және науқас мәжбүрлі қалпы сияқты гипоксиялық ұстамалар қай ТЖА тән:


1) аорта коарктацисы
2) ҚАПА
3) Фалло тетрадасы
4) ЖАПА
5) ААӨ

1137. Рентгенде жүрек суреті «етік» формасында белі айқыгдалған және жүрек ұшы көтеріңкі қай ТЖА тән:


1) аорта коарктациясына
2) ҚАПА
3) Фалло тетрадасына
4) ЖАПА
5) ААӨ

1140. 10 жастағы баланы қарағанда аузы толық ашылмайды, қастары, беті маска тәрізді. Кірпіктері жоқ. Басында шаштары сирек, қол саусақтары «құстың қолы» тәрізді, айқын жиырылған контрактура. Тері атрофиялық, тығыз. Диагнозыңыз:



  1. ревматоидты артрит

2) жүйелі қызыл жегі
3) Рейтер ауруы
4) жүйелі склероз
5) дерматополимиозит

1141. Науқас 12 жаста, «Жүйелі склероз» диагнозы қойылды. Қандай зерттеу жүргізілу керек:


1) ЭхоКГ
2) ФГДС

  1. Lе-клеткаларын анықтау

4) стрептококкты антиденелер титрі
5) буын рентгенографиясы

1142. 8 жасар балада ауыр ЖРВИ фонында жүрек аймағында ауру сезімі пайда болды. Жүрек тондары тұйықталған, ретсіз экстрасистолалар, жүрек шекарасы көлденеңінен кеңіген. Болжам диагнозы:


1) рематикалық кардит
2) кардиомиопатия
3) жедел миокардит

  1. септикалық эндокардит

  2. перикардит

1143. 4 айлық бала рентгенограммасында шар тәрізді жүрек анықталды. Жүрек тондары тұйық, ырғақты, шу жоқ. Туылғаннан бері ЖРВИ жиі ауырады. Болжам диагноз:


1) эндокардит
2) перикардит
3) ҚАПА
4) фиброэластоз

  1. кардиомиопатия

1145. 7 жасар қыздың мұрын аймағында және беттерінде эритрематозды «көбелек» тәрізді бөртпелер, қышымайды, дене қызуы 39,20С, артралгия мазалайды. ЖҚА: ЭТЖ 56 мм/сағ. Науқас тез салмағын жоғалтуда, әлсіздік, өзін өзі сезінуі нашар, қанында Lе клеткаларының жоғары титрі анықталды. Болжам диагнозыңыз:
а) дерматомиозит
б) ревматизм
в) ювенильді ревматоидты артрит
г) атопиялық дерматит
д)жүйелі қызыл жегі

1146.8 жасар балада лакунарлы баспадан 10-12 күннен кейін ұшпалы сипаттағы тізе буындарының ісінуі пайда болды. Жүрек жағынан кардит белгілері. Санының ішкі бетінде және иықтарында сақинатәрізді эритема анықталады. ЭТЖ 25 мм/сағ. Болжам диагноз:



  1. дерматомиозит

  2. жүйелі қызыл жегі

  3. ревматоидты артрит

  4. жедел миокардит

5) ревматикалық қызба
1148. 13 жасар қыз бала қатты бас ауруына, бас айналуына шағымданады. Тез шаршағыш. Ұйқысы бұзылған. Алақаны мен табаны суық, ылғалды. Тері жабындылары бозғылт, тұрақты қызыл дермографизм. АҚ 90/60 мм с.б.б. Болжам диагноз:
1) артериялық гипотензия
2) артериялық гипертернзия
3) гипоталамикалық синдром
4) бас миының ісінуі
5) гипертензиялық синдром

1149. 12 жасар ұл балада оң жақ тізе буыны ісініп кетті, қозғалысы шектелген, ауру сезімімен. Осыдан бір апта бұрын кіші дәретке отыру кезінде ауру сезімі, конъюктивит белгілері анықталған. Болжам диагноз:


1) рематикалық қызба
2) Бехчет ауруы
3) Рейтер ауруы
4) рематоидты артрит
5) Рейтер синдромы

1150.Ревматикалық емес кардиттің болуы мүмкін асқынулары мен болжамы , БІРЕУІНЕН БАСҚА :


1) кардиосклероз
2) миокард гипертрофиясы
3) жүрек ритмінің бұзылысы
4) тромбоэмболия
5) интеллект төмендеуі

1151. 14 жасар қыз балада нашар желдендірілетін кеңістікте әлсіздік, бас айналуы, құлағында шу пайда болды. Қарап тексергенде: қарашықтары кеңіген, тахикардия, пульсі жіп тәрізді. АҚ 80/40 мм с.б.б., аяқ-қолдары суық. Болжам диагноз:


1) гипертензиялық криз
2) есінен тану
3) ІІА дәрежелі қанайналым бұзылысы
4) кома
5) ІІБ дәрежелі қанайналым бұзылысы

1152. 12 жасар ер бала. Ентігу жүктеме кезінде, жүрек аймағында шаншып ауру сезіміне, әлсіздікке шағымданады. Бұл шағымдары ЖРВИ кейін пайда болды. Жүрек шекарасы ұлғайған, тондары тұйықталған, тахикардия, бірлі-жарым экстрасистолалар. ЖҚА ерекшеліксіз. ЭКГ: бірлі-жарым экстрасистолалар, тістерінің вольтажы төмендеген. Болжам диагноз:


1) ревматизм, біріншілік кардит, белсенді фазасы
2) жедел миокардит
3) астеноневротикалық синдром
4) артериялық гипертензия
5) артериялық гипотензия

1153. Жедел диффузды миокардиттегі жүрек шекарасының ұлғаю сипаты:


1) жоғары және солға
2) жоғары және оңға
3) солға
4) оңға
5) барлық жаққа

1154. ЮСА диагностикалық критерийлері , БІРЕУІНЕН БАСҚА:


1) симметриялық майда буындарының зақымдануы
2) таңертеңгілік құрысу
3) буындық синдром ұшпалылығы
4) артрит, 3 ай және одан аса
5) омыртқа мойын бөлімінің қозғалысының шектелуі

1156. 8 жасар қыз балада – дисфагия, жалпы айқын бұлшықеттерінің әлсіздігі, периорбитальды ісінулер, гиперемия, фалангааралық буындарының эритемасы, проксимальды бұлшықеттер тығыздануы және ауру сезімі, дауысы қарлыққан, шашалады, кардиомегалия, тахикардия, гепатомегалия, ЭТЖ жоғары. Болжам диагноз:


1) миозит
2) жүйелі қызыл жегі
3) жүйелі склероз
4) дерматополимиозит
5) псевдобульбарлы паралич
1159. 4 айлық бала. Тамақтандырғанда ентігеді, дене салмағы 5100 г. Тері жабындылары бозғылт, «мәрмәр түстес». Жүрек ұшы солға, төмен ығысқан. Пальпацияда сол жақ ІІІ-ІҮ қабырға аралығында систолалық діріл. Аускультацияда – сол жақ ІІІ-ІҮ қабырға аралығында қатаң систолалық шу. Балада болуы мүкін:
1) митральды қақпақша жетіспеушілігі
2) митральды қақпақша пролапсы
3) ҚАПА.
4) ААӨ.
5) жүрек хордалы аппаратының ақауы

1160. Ревматизм базисті емінде тағайындалады:


1) делагил+пенициллин
2) циклофосфамид+преднизолон
3) вольтарен+пенициллин
4) преднизолон+гентамицин
5) преднизолон+ортофен
1166. Қыз бала, 7 жаста. Әлсіздік, тез шаршағыштыққа шағымданады. Қарап тексергенде: жүрек шекарасы солға кеңіген. Аускультативті: дөрекі емес ІІ-ІІІ қабырғааралығында төстен солға қарай систолалық шу, өкпе артериясында ІІ тон акценті. Рентгенограммада: жүрек шекарасы тоң жақ бөлімі және өкпе артериясы есебінен ұлғайған. Болжам диагноз:
1) ЖАПА
2) ашық артериялық өзек
3) аорта стенозы
4) аорта коарктациясы
5) Эйзенменгер синдромы

1167. Бактериялық эндокардит диагнозын нақтылау үшін ең қажет :


1) ЖҚА
2) қан егуі
3) НБТ-тест
4) ЭхоКГ

  1. ЭКГ



1171. Ревматизм лабораториялық көрсеткіштері сипатталады , БІРЕУІНЕН БАСҚА:
а) лейкоцитоз
б) лейкопения
в) нейтрофилез
г) оң СРБ
д) ЭТЖ жоғары


1172. ДДҰ бойынша «Ревматикалық қызбаны» диагностикалау үшін анықтау міндетті болып табылады:
а) антистрептолизин деңгейі
б) билирубинемия
в) гипопротеинемия
г) азотемия
д) гиперкалиемия

1175. Ауру типті көрінісіне тері мен теріасты май қабатының зақымдануы «маска тәрізді» бет өзгерісімен жүретін, трофикалық бұзылыстар, ошақты және диффузды гиперпигментация жатады. Сонымен қатар патологиялық үрдіске буын мен бұлшықет қатысады:


а) ЖҚЖ
б) ЮРА
в) дерматополимиозит
г) түйінді периартериит
д) жүйелі склеродермия

1176. Эритема және периорбитальды ісінумен және көлденең жолақ бұлшықет зақымдануымен сипатталатын дәнекер тінінің жүйелі ауруы.


а) ЖҚЖ
б)ЮРА
в) дерматополимиозит
г) түйінді периартериит
д) жүйелі склеродермия

1177. Эритема және периорбитальды ісінумен және бұлшықет гипотрофиясы, жайылған сіңірлік-бұлшықеттік контрактура, көптеген беткей кальцинаттар түрінде көлденең жолақ бұлшықет зақымдануымен сипатталатын дәнекер тінінің жүйелі ауруы:


а) ЖҚЖ
б) ЮРА
в) дерматополимиозит
г) түйінді периартериит
д) жүйелі склеродермия
1182. Жедел миокардит патогенетикалық емі ретінде дәрілік заттар:
а) диуретик, глюкокортикоидтар
б) антибиотик, СЕҚҚП
в) мембраностабилизаторлар, сульфаниламидттер
г) глюкокортикостероидтар, СЕҚҚП
д) вирусқа қарсы препараттар, антиоксиданттар

1183. Вирусты миокардитте жиі байқалады:


а) систолодиастолалық шу
б) мезодиастолалық шу
в) тондар тұйық, жұмсақ, қысқа, систолалық шу
г) кеш систолалық шу
д) қатаң систолалық шу

1184. Ерте туа біткен кардит көрінеді:


а) кардиомиопатиямен
б) эндомиокард фиброэластозбен
в) туа біткен жүрек ақауымен
г) жедел кардитпен
д) миокард абсцессімен
1185.Фиброэластозға тән рентген суретін көрсетіңіз:
а) шар тәрізді жүрек
б) жүрек көлеңкесінің митральды конфигурациясы
в) жүрек трапеция тәрізді
г) өкпе суретінің күшеюі
д) тамшы тәрізді жүрек

1186. Ағзадағы үрдіс белсенділігі мен жеделдігінің көрсеткіші болып табылады , БІРЕУІНЕН БАСҚА:


а) қандағы фибриноген мөлшері
б) С-реактивті белок
в) креатинин
г) сиал қышқылдары
д) тимол сынамасы

1189. Бактериялық эндокардитке келесі клиникалық симптомдар тән , БІРЕУІНЕН БАСҚА:


а) жүрек қақпақшалары мен структурасының инфекциялық зақымдануы
б) тромбоэмболиялық асқыну
в) бактериемия инфекция метастазымен бірге
г) иммунопатологиялық реакция
д) бала өсуі мен дамуының бұзылысы
1192. Экссудативті перикардитке тән типті белгі , БІРЕУІНЕН БАСҚА :
а) интоксикация симптомы
б) тахикардия, парадоксальды пульс
в) жүректің салыстырмалы және абсолютті шекарасының жақындауы
г) сол қарыншалық жетіспеушіліктің дамуы
д) жүрек үндерінің кереңдігі

1193. Экссудативті перикардитке рентгенологиялық тән емес:


а) жүрек көлеңкесінің екі жаққа ұлғаюы
б) контурының тегістелуі
в) жүрек пульсациясы амплитудсы контурының тегістелуі
г) өкпе суреті өзгермеген
д) жүрек шар тәрізді

1194. Перикард қуысына пункция жүргізуге көрсеткіш болып табылады :


а) перикардитке күмандану
б) ауру сезімінің айқын болуы
в) жүрек томпонадасы құбылысымен көп сұйықтықтың болуы
г) ЭКГ өзгерістер айқын
д) перикардит барлық түрінде пункция жасау міндетті
1196. Инфекциялық эндокардит емінде бірінші сатысында міндетті түрде тағайындалады , БІРЕУІНЕН БАСҚА :
а) антибактериялық ем
б) қатаң төмектік тәртіп
в) созылмалы инфекция ошақтарының санациясы
г) иммунотерапия
д) стероидты емес қабынуға қарсы препараттар және глюкокортикостероид

1197. Вегетативті-қантамырлық дистония ваготониялық түрінің клиникалық симптомдарына жатады , БІРЕУІНЕН БАСҚА :


а) гипергидроз
б) ақ дермографизм
в) жиі «күрсіну»
г) көліктерде жүргенді көтере алмау
д) есінен тануға бейімділік

1200. ВҚД күманданғанда жүргізілуі керек зерттеулер, БІРЕУІНЕН БАСҚА :


а) ЭКГ
б) ЭхоКГ
в) биохимиялық қан анализі
г) ЭЭГ
д) РЭГ

1201. Митральды қақпақша пролапсі диагностикасының ақпаратты зерттеу әдісі болып табылады:


а) ЭКГ
б) ФКГ
в) реограмма г) ЭхоКГ
д) рентгенограмма

1202. Митральды қақпақша жетіспеушілігін митральды қақпақша прилапсымен ажырату үшін тиімді әдіс деп саналады:


а) рентгенограмма
б) ЭКГ
в) векторокардиография
г) эхокардиография
д) ФКГ

1205. Гипертрофиялық кардиомиопатия диагностикасында ақпаратты әдіс болып табылады:


а) ЭКГ
б) ЭхоКГ
в) ФКГ
г) рентгенограмма
д) кардиоинтервалография

1206. Өмірінің алғашқы жылдарында оперативті жолмен емделетін туа біткен жүрек ақауларына жатпайды:


а)ААӨ
б)аорты коарктациясы
в)ірі қантамырларының транспозициясы
г)Фалло тетрадасы
д) ҚАПА өлшемі кіші бұлшықетті бөлімінің дефекті
1208. Жүрек жетіспеушілігі мына көрсеткіштер өзгерісімен нақтыланады, біреуінен басқасы:
а) ЭхоКГ лақтырым фракциясының төмендеуі (40% төмен)
б) жүрек қуыстарының дилатациясы
в) миокард жиырылғыштығының төмендеуі
г) рентгенограммада веналық іркіліс белгілері болмайды
д) кардиоторакальды индекс 0,6 жоғары

1209. Жүрек жетіспеушілігі емделеді , БІРЕУІНЕН БАСҚА :


а) диуретиктер
б) жүрек гликозидтері
в) аминохинолин
г) кардиотоникалық заттар
д) альдостерон антагонистері

1211. Ревматизмнің негізгі критерийлерінің бірі болып табылады:


а) ошақты инфекция
б) кардит
в) жалпы әлсіздік
г) артралгия
д) қызба

1213. Оқшауланған митральды стеноз сипатталады , БІРЕУІНЕН БАСҚА:


а) кіші қан айналым шеңберінде іркіліс
б) III тон естіледі
в) гүрілдеген пресистолалық шум
г) тарсылдаған I тон
д) пресистолалық діріл («мысық пырылы»)

1215. ЖҚЖ клиникалық көріністеріне жатады , БІРЕУІНЕН БАСҚА:


а) тері зақымдануы
б) көк бауыр зақымдануы
в) буын мен бұлшықет зақымдануы
г) жүрек зақымдануы
д) бүйрек зақымдануы

1216. Ревматоидты артрит және туберкулез кезіндегі тізе буынының зақымдануы салыстырмалы диагностикасында аса ақпаратты әдіс:


а) Манту реакциясы оң
б) иммуноглобулин анықтау
в) рентген мәліметтер
г) лимфаденопатия
д) костальды плевра қалыңдауы

1218. ЖҚЖ кезінде ЖҚА өзгерістер , БІРЕУІНЕН БАСҚА :


а) ЭТЖ жоғары
б) лейкопения
в) нейтропения
г) лимфопения
д) анемия
1221. CREST-синдром ретінде белгілі жүйелі склеродермия лимитирленген түріне кіреді , БІРЕУІНЕН БАСҚА:
а) тері асты кальцинаты, склеродактилия
б) Рейно феномені
в) өңеш моторикасының бұзылысы
г) псевдоартрит
д) телеангиэктазия
1223. Түйінді периартериитте клиникалық анықталады , БІРЕУІНЕН БАСҚА:
а) терінің әртүрлі зақымдануы (геморрагиямен бірге бөртпелер),кейін некроз, атрофия
б) артериялыққысым төмен
в) қызба
г) көптеген мононевропатия
д) абдоминальды синдром
1225. Дерматополимиозит негізгі критерийлеріне жатады, басқасы:
а) «дерматомиозитті көзілдірік»
б) проксимальды бұлшықет топтарының симметриялық зақымдануы
в) тыныс және жұтқыншақ бұлшықеттерінің зақымдануы
г) әлсіздік, анорексия
д) лимфаденопатия, гепатомегалия, спленомегалия

1226. Қалыпты жағдайда ырғақ жетекшісі:


а) АВ-түйін клеткалары
б) жүрекше кардиомиоциттері
в) Гис шоғырының және Пуркинье талшықтарының клеткалары
г) синоатриалдық түйні
д) қарыншалар кардиомиоциттері

1227. Қарыншалық экстрасистолия ЭКГ белгілері , БІРЕУІНЕН БАСҚА:


а) Р тісінің болмауы
б) өзгерген QRS комплексінің кезектен тыс уақытынан ерте пайда болуы
в) толық компенсаторлы пауза
г) Р тісі экстрасистолиялық қарыншалық комплекс алдында орналасуы
д) дискордантті Т тісі
1229. Вольф-Паркинсон-Уайтт (WPW) синдромына тән емес:
а. PQ интервалы қысқа
б) QRS комплекс деформацияланған және кеңіген
в) Р тісі теріс
г) R жоғарылаушы тізесінде дельта-толқындардың болуы
д) дискордантты Т тісі
1231.Перикард үйкеліс шуының белгісі , БІРЕУІНЕН БАСҚА :
а) шектелген аймақта, тізе-шынтақ қалпында, тыныс алғанда жақсы естіледі
б) тұрақсыз, бірнеше сағаттан кейін жоғалады
в) 2 не 3 бөлімнен тұрады
г) шу жүрек үндерімен байланысы жоқ
д) жүрек ұшында систолалық шу

1232. Жедел экксудативті перикардитке тін рентген белгісі , БІРЕУІНЕН БАСҚА :


а) жүрек көлеңкесі шар тәрізді
б) жүрек көлеңкесі науқас қалпына байланысты өзгереді
в) өкпе сол және оң бөлімінің ателектазы (Эверта с-мы)
г) пульсациясы төмен
д) «тамшы тәрізді» жүрек

1233. ТЖА кезіндегі кіші қанайналым шеңберінің қанмен баюының басты себебі: а) артерия-веноздық шунт


б) венозды-артериялық шунт
в) өкпе артериясының стенозы
г) оң қарынша гипертрофиясы
д) сол қарынша гипертрофиясы

1234. Оңнан сол жаққа қарай бағытпен қан жүруімен құйылысы көп ТБЖА жатады , БІРЕУІНЕН БАСҚА:


а) Фалло тетрадасы
б) ірі қантамырларының транспозициясы
в) сол қарынша гипоплазиясы синдромы
г) ААӨ
д) Фалло пентадасы

1235. Анасы 1 жасар баласымен үчаскелік педиатрға қаралды. Өкпе жағынан патологияны шектеу үшін R-грамма жасалды, онда жүректің барлық жағына кеңейгені анықталды. Жүрек үндері өте көмескі, митралдық клапан жетіспеушілігіне тән систолалық шу. Болжам диагноз:


а) миокардит
б) ТЖА (туа біткен жүрек ақауы)
в) туа біткен фиброэластоз
г) митралдық қақпақша пролапсы (МКП)
д) кардиомиопатия (КМП)
1237. Қантамырлық жетіспеушілігі даму механизмі , БІРЕУІНЕН БАСҚА:
а) нервтік реттелу бұзылысы
б) гумаральды реттелу бұзылысы
в) рецепторлар сезімталдығының өзгерісі
г) тромбоз
д) қантамырының басылуы


1238.Жедел қантамырлар жетіспеушілігінің клиникалық варианттары , БІРЕУІНЕН БАСҚА:
а) есінен тану
б) коллапс
в) шок
г) әртүрлі қантамырлық дистониялар
д) инсульт


1239.Созылмалы қанайналым жетіспеушілігінің негізгі емі , БІРЕУІНЕН БАСҚА:
а) негізгі ауруды емдеу
б) миокард қызметін жақсартатын препараттар
в) гемодинамиканы жақсартатын препараттар
г) инфекция ошақтарының санациясы
д) режим, диета

1241. Созылмалы жүрек жетіспеушілігі сипатталады , БІРЕУІНЕН БАСҚА:


а) физикалық дамуының артта қалуы
б) аритмия
в) цианоз, ентігу
г) ісіну (асцит)
д) ЭТЖ жоғары

1242. ЮРА кезіндегі буындардағы патоморфологиялық өзгерістер негізінде жатыр , БІРЕУІНЕН БАСҚА:


а) пролиферативті және фибропластикалық үрдіс
б) буын капсуласының және периартикулярлы тін склерозы
в) грануляциялық тін дамуы (паннус)
г) экссудативті қабыну
д) буынға қан құйылу (гемартроз)

1244.ЮРА аллергосептиклық вариантының негізгі симптомдары , БІРЕУІНЕН БАСҚА:


а) гектикалық қызба
б) артрит, миалгия
в) теріде бөртпелер, микрополиадения
г) көкбауыр ұлғаюы
д) конъюктивит
1246. Түйінді периартериит диагностикасында мына синдромдар негізгі роль алады , БІРЕУІНЕН БАСҚА:
а) терілік, тромботикалық
б) бұлшықетті
в) кардиальды
г) неврологиялық
д) полиартрит

1251. Артериялық қысым деңгейін ұстап тұратын факторлар , БІРЕУІНЕН БАСҚА:


а) жалпы перифериялық қарсыласу
б) жүрек насостық қызметі
в) айналымдағы қан көлемі
г) артериялық қантамырлар созылғыштығы
д) веналық қантамырлар созылғыштығы

1252.Вагоинсулярлы кризге тән , БІРЕУІНЕН БАСҚА:


а) жүрек қағу
б) құсу
в) ішінде ауру сезімі
г) бас ауруы
д) «ентігу»

1256. Ревматикалық қызба өршуі (екінші рет шабуылдауы) туралы мәлімет береді , БІРЕУІНЕН БАСҚА:


а) субфебрилитет
б) лимфа түйіндерінің ұлғаюы
в) буындық синдром
г) жүрек шекарасының кеңеюі
д) жаңа органикалық шулардың пайда болуы

1261. Жедел миокардитпен науқаста қандағы ақпаратты көрсеткіш:


а) креатинфосфокиназа, лактатдегидрогеназа белсенділігі
б) антистрептолизин-О, антистрептокиназа, антигиалуронидаза титрі
в) белок-тұнба сынамасы
г) калий, натрий
д) жалпы белок және оның фракциялары

1262. Инфекциялық эндокардит диагнозын қоюда жүргізілетін мәнді зерттеу әдісі , БІРЕУІНЕН БАСҚА:


а) гемокультура
б) НБТ - тест
в) айналымдағы иммунды комплекстерді анықтау
г) ЭхоКГ
д) мониторинг
1264. Жүрек жетіспеушілігінің даму механизмі , БІРЕУІНЕН БАСҚА:
а) қысым жоғары
б) айналымдағы қан көлемі жоғары
в) миокардиалды
г) аритмия
д) тромбоз

1269.Рестриктивті кардиомиопатиямен науқастарды зерттеуде ақпаратты әдіс:


а) ЖҚА
б) биохимиялық қан анализі
в) ЭКГ
г) ЭхоКГ
д) кеуде қуысының рентгенографиясы


1270. 1 жасар бала физикалық дамудан артта, бозғылт,ауыз үшбұрышының цианозы жүктемеде күшейді, ентігу, тахикардия, жүрек ұшында систолалық шу естіледі. Диагнозды растайтын рентен көрінісі(сурет):
а) жіті миокардит
б) Фалло тетрадасы
в)ерте туа пайда болған кардит
г) кеш туа пайда болған кардит
д) ашық артериалды өзек


1271.Рентгенограмма суреттеңіз: 1 жастағы бала кеуде қуысы мүшелері (сурет):
а) жүрек шекаралары жасқа байланысты қалыпты
б) брохөкпелік сүрет өзгермеген
в) жүрек көлеңкесі шар тәрізді
г) бронх-қантамыр суретінің күшеюі
д) өкпеде ошақты көлеңкелер


1272. Науқас 10 жаста, 2,5 жастан бері ауырады. Негізгі клиникалық симптомы – буындық синдром. Науқас сыртқы келбеті суретте ( сурет). Бұл тән....
а) реактивті артритке
б) ЖҚЖ
в) ЮРА
г) Рейтер ауруына
д) бруцеллезға


1273. Суретте көрсетілген науқастағы сүйек-буын жүйесіндегі өзгерістерді анықтаңыз , БІРЕУІНЕН БАСҚА:
а) моноартрит
б) полиартрит
в) контрактура
г) шар тәрізді буын
д) буын қызметі бұзылған
1274. 8 жастағы бала аяғының терісінде берілген өзгерістер мына ауру клиникалық симптомы болуы мүмкін , БІРЕУІНЕН БАСҚА:
а) жүйелі васкулит
б) ЖҚЖ
в) түйінді полиартерит
г) Рейно синдромы
д) склеродермия


1275. Қыз бала 14 жаста – ІІІ дәрежелі қан айналым бұзылысы. Кеуде қуысының рентгенограммасы суретте көрсетілген. Бұл өзгерістер тән , БІРЕУІНЕН БАСҚА:
а) дилатациялық кардиомиопатияға
б) жүректің жүре пайда болған ақау
в) туа біткен жүрек ақауына
г) жедел миокардитке
д) рестриктивті кардиомиопатияға


1276. Гиперкератоз, «лас дақ» синдромы, трофикалық өзгерістер тән:
а) жүйелі склеродермия
б) ЮРА
в) түйінді полиартериит
г) Рейтер ауруы
д) дерматополимиозит


1277. Готтрон синдромы: эритема және білезік-фалангалық және фалангааралық буын арасындағы саусақтардағы бөртпелер (9 суретті қара) тән...
а) жүйелі склеродермия
б) түйінді периартериит
в) ЖҚЖ
г)дерматополимиозит
д) ЮРА


1278. 13 жасар қыз бала, 3 жасынан бастап ауырады. Аурудың бастамасында оң тізе буынының артриті, 3 айдан соң сол тізе, шыбық-білезік буынының артриті қосылды; ЭТЖ 40мм/сағ. Клиникалық диагнозы қойыңыз:
а) ревматикалық қызба
б) Рейтер ауруы
в)ювенильді ревматоидты артрит
г) ювенильді анкилозды спондилоартрит
д) остеохондропатия
1279. 13 жасар қыз бала, 3 жасынан бастап ауырады. Суреттегі қаңқа өзгерістерін сипаттаңыз, БІРЕУІНЕН БАСҚА:
а) бел лордозы
б) бел кифозы
в)шынтақ, тізе буындарының контрактурасы
г)жамбас-сан буындарының контрактурасы
д)микрогнатия


1280. 13 жасар қыз бала, 3 жасынан ауру. Аурудың бастамасында оң тізе буынының артриті, 3 айдан соң сол тізе, шыбық, білезік буындарының артриті қосылды; таңертеңгілік бойкүйездік байқалады, ЭТЖ 40мм/сағ. Қажет ем , БІРЕУІНЕН БАСҚА:
а)преднизолон
б) метотрексат
в) азатиоприн
г) массаж
д) ЕДШ


1281.11 жастағы өыз баладағы көрсетілген кеуде қуысы мүшелерінің рентген суретін сипаттап беріңіз , БІРЕУІНЕН БАСҚА:
а) кардиоторакальды индекс - 0,75
б)жүрек шекарасы көлденең кеңіген
в) жүрек белі тегістелген
г)кардиоторакальды индекс - 0,45
д) кардиодиафрагмальды бұрыш кең


1282. Тізе буыны рентгенограммасындағы өзгерістерді анықта , БІРЕУІНЕН БАСҚА (сурет):
а)буын саңылауларының тарылуы
б)остеопороз
в)сүйек тінінің деструкциясы
г) буын саңылауларының кеңуі
д)буын деформациясы


1283. Бала 9 жаста. Бір жылдан бері ауырады. Буындарында таңертеңгілік құрысу мазалайды. status localis суреттеңіз. Басты синдром атаңыз :
а)оң тізе буынының дефигурациясы
б) сол тізе буынының дефигурациясы
в)жергілікті бұлшықеттер атрофиясы
г) буын маңы терісінің гиперемиясы
д) сол тізе ісіңкілігі


1284. Бала 9 жаста. 1 жылдан бері ауырады. Тізе буынында ауру сезімі, теңертеңгілік құрысу, субфебрилитет мазалайды. ЭТЖ 53 мм/сағ. status localis ескере отырып, алдын ала диагноз қойыңыз:
а) оң тізе буынының реактивті артриті
б) ЮРА
в) Рейтер ауруы
г) бруцеллез
д) ревматизм


1285. Бала 9 жаста. 1 жылдан бері ауырады. Тізе буынында ауру сезімі, теңертеңгілік құрысу, субфебрилитет мазалайды. ЭТЖ 53 мм/сағ. status localis суретте берілген. Диагнозды нақтылау үшін қажет зерттеуді көрсетіңіз:
а) LE-клеткаларына қан тапсыру
б) ревматоидты факторға қан тапсыру
в) Райт, Хедельсон реакциялары
г) хламидияға ИФА
д) белок- тұнбалық сынамалары


1286. Қыз бала 14 жаста. 5 жасынан бері ауырады. Терісіндегі өзгерістер суретте көрсетілген. Өзгерістерді сипаттаңыз , БІРЕУІНЕН БАСҚА:
а) тері қалыңдаған
б) геморрагиялық бөртпелер
в) гиперпигментация ошақтары
г) депигментация ошақтары
д) тері перламутр жылтырауымен


1287. Қыз бала 14 жаста. 5 жасынан бастап терісінде тығызданулар түрінде өзгерістер пайда болды, өршуде, суретте көрсетілгендей. Бұл мына ауруға тән:
а) дерматополимиозит
б) ЖҚЖ
в) атопиялық дерматит
г) нейродермит
д)жүйелі склеродермия


1288. 14 жасар қыз бала. 3 жасынан бері ауырады. Негізгі симптом буындық. Суретте көрсетілген өзгерістер мына ауруға тән:
а) Рейтер ауруы
б) ЖҚЖ
в) бруцеллез
г)ревматоид
ты артрит
д) ревматизм


1289.Ұл бала 9 жаста. 2 жасынан ауырады. Суретте көрсетілген өзгерістер мына ауруларда кездесуі мүмкін , БІРЕУІНЕН БАСҚА:
а) геморрагиялық васкулит
б) гемофилия
в) ЮРА
г) бруцеллез
д) ЮСА



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет