Әл-ауқат және қауіпсіздік



бет40/43
Дата27.09.2024
өлшемі1,14 Mb.
#145943
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43
Байланысты:
10-synyp d399l-aud29bat-zhd399ne-d29bauipsizdik

Қызықты ақпарат


Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы ДДСҰ қолдауымен 2005 жылғы 26 қазандағы 60/5 қарарында Дүниежүзілік жол-көлік оқиғалары құрбандарын еске алу күнін (әр жылдың қараша айының үшінші жексенбісі) жариялады. Бұл күн көптеген елдерде 1995 жылдан бастап Еуропалық жол-көлік құрбандары федерациясының қолдауымен және «жолдағы бейбітшілік» ұйымының басшылығымен атап өтіледі (дереккөз https://www.un.org/ru/147731).


Рефлексия. Қорытынды жасаңыз. Оқушылармен велосипедпен жүру ережелерін талқылаңыз. Сұрақ қойыңыз:


    • Жүк көліктерін айналып өткенде қандай ережелерді сақтау керек?



Ірі көлемді және жүк көліктерінің «соқыр аймақтары» болады. Соқыр аймақ – бұл жүк көлігінің жүргізушісіне көрінбейтін жол бөлігі. Басқа жол қозғалысына қатысушылардың бұл аймақта түсуі қауіпті, өйткені ірі көліктер мен жүк көліктері ауыр, олардың инерциясы үлкен және тежеу жолы ұзын. Жүргізушінің айналары мен перифериялық көруі соқыр аймақтарды қамтуға көмектеспейді, сондықтан көліктердің соқыр аймақтарын ескеріп жүру қажет.





  1. сабақ. Криминогендік жағдайлардың алдын алу

Оқушылар:

    • криминогендік сипаттағы жағдайлардың туындау мүмкіндігін бағалайды;

    • криминогендік жағдайдағы мінез-құлық ережелерін тұжырымдайды.



Сабақ барысы

Оқушылармен «криминогендік жағдай» ұғымын талқылаңыз. Сұрақ қойыңыз.


  • Криминогендік жағдай қай жерлерде және қай уақытта пайда болуы мүмкін?

  • Жеке тұлғаға қарсы қылмыстың қандай түрлерін білесіз?

  • Криминогендік жағдайларды болдырмау мүмкін бе?

Оқушыларды https://ranking.kz/digest/world-digest/samye-prestupnye-strany-na-kakom- meste-kazahstan.html сайтында Қазақстандағы қылмыс деңгейі туралы ақпаратпен таныстырыңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет