тапсырма. Оқушыларды 3-4 адамнан топтасып, қолда бар ресурстарды пайдалана отырып, жекелеген елдердегі (Катар, Біріккен Араб Әмірліктері, Швейцария және т.б.) қылмыс көрсеткішінің төмен болу себептерін талдауға шақырыңыз. Әр топ бір елді таңдап, қылмыстың аз болуының себептерін талдайды (әлеуметтік себептер, заңнама, мемлекеттік шаралар, т.б.). Топтар талдау нәтижелерін постер немесе презентация түрінде рәсімдеп, сыныптастарына көрсетеді.
тапсырма. Криминогендік жағдайларға психологиялық дайындық. Криминогендік жағдайдағы мінез-құлықтың қорқынышты басқару, күйзеліс жағдайында шешім қабылдау және сабырлы болу сияқты психологиялық аспектілерін талқылаңыз. Оқушылардың психологиялық тұрақтылығын және осындай жағдайларға дайындығын дамытуға арналған практикалық кеңестерді өз бетінше тұжырымдауға шақырыңыз.
Ықтималқауіптергеқарсыіс-әрекетжоспарларынәзірлеңіз.Әртүрліжағдайларда қалай әрекет ететініңізді және тәуекелдерді азайту үшін неістейтініңіздіойлаңыз.
Түйсігіңізге және алдын ала ойларыңызға сеніңіз. Егер бірдеңе оғаш немесеқауіптіболыпкөрінсе,оғанерекшеназараударып,сәйкесіншеәрекететіңіз.